Үнді-будда мәдениетінің қалыптасуы

Жер шарындағы қасиетті де, құдіретті мәдениеттердің бірі – Үнді мемлекетінде қалыптасып өркендеген үнді-будда мәдениеті.
Үнді жеріне келген арийлер өздерімен бірге б.з.б.2000 жылы шыға бастаған көне мәдени мұралардың бірі – Ведаларды ала келіп, оны жергілікті халықтың арасына кеңіне тарата бастады. Ведалар дегеніміз – діни сарындағы дұғалардың, құрандардың, құрбандық шалу кезінде айтылатын суреттемелердің, табиғаттың поэтикалық бейнесінен хабардар ететін өлеңдердің жиынтығы. Үндінің атақты жасушысы Рабиндранат Тагор ведалық гимндерді «Халықтың қуаныш-шаттығы мен оның өмірге деген сүйіспеншілігі мен қорқынышының поэтикалық куәгері».
Шамамен б.з.б. 800 жылында қалыптасқан упанишадтар үнді – арийлердің діни көзқарастарының дамуындағы басты қадам болып саналады. Өйткені, упанищадтар адамның ішкі жан дүниесі, оның өмірінің мән – мағынасы, адамды ақиқат пен шындыққа апарар жолдар мен олардың бұл өмірдегі маңызы, өлім мен мәңгілік ғұмыр жайындағы діни-философиялық толғауларға толы болып келеді. Ең бастысы – упанишадтарда Брахман мен Атман идеялары кеңінен көрініс тапты. Брахман – абсолютті шындық, абсолютті руханилылық, бұл дүниеде одан тысқары еш нәрсе де жоқ, олай болса бізді қоршаған ортаның мәні де осы Брахманда.
Бір-бірімен өзара тығыз байланыста, ірі табиғи бірлікте болуына қарамастан үнді философиясының алты классикалық мектебі де адамның әлемге дүниетанымдық қарым-қатнастарының сан саласын қамтып, танып-білудің түрлі әдістерін қарастырады. Құрбандық шалу – адамның құдай алдындағы өз парызын (дхарма) өтеуі болып саналады, онсыз «карманың» құрсуынан адам еш уақытта да шыға алмайды. Кең мағынада алғанда карма дегеніміз - әрбір адамның тіршілікте жасаған іс-әрекеттері мен оның салдарының жиынтығы, осы арқылы оның болашақтағы тағдыры анықталады.
Кей жағдайларда, жоғарыда атап көрсеткен «мимансаны» атеистік ілімге де жатқызады, өйткені ол дүниенің атомдардан тұратындығын мойындайды. Сөйтіп дүниені материалистік тұрғыдан сипаттаудың арқасында құдайды мойындаудың мәні жойылады.
«Веданта» брахманизмде ерекше орын алады, тіпті қаншама ғасыр өтсе де оның бүгінгі таңда да көптеген жақтаушылары бар. Х1Х ғасырда Веданта мәселелерімен үндінің атақты ғалымы Вивеканада, ал ХХғ.Р.Тагор, тіпті мемлекет қайреткері Д.Нерудің өзі де айналысқан. Веданта дүниенің жаратылуын Брахманмен байланыстиырады. Бұл күйде Атман деп атайды, ол адамды ажалдан құтқарады. Сөйтіп өліп бара жатқан тіршілік иесі қайтадан жаңғарады. ....
Рефераттар
Толық

СОПЫЛЫҚ

Сопылық (арабша суф - жүн, ірі қылшықты жүннен жасалған киім.) - исламдағы мистикалық - аскеттік бағыт. Алғашқы сопылық қауымдар сегіз жүз жылдың шамасында пайда болып, өмір сүріп отырған әлеуметтік теңсіздікке феодалдық ақсүйектермен ауыз біріктірген жоғары дін басыларының дүние қоңыздығына наразы төменгі топтағы мұсылман дінбасыларын біріктірді.
Тақуалық өмірді аскетизімді уағыздау үстем таптардың өмір салтын сынап, халықтың ең кедей топтарын марапаттап көтермеледі.
Алайда сопылық қанаушы қоғамға белсенді түрде қарсы шықпауға бітімге келуге құдайдан қорқуға дүниеден бас кешуге шақырды, шектелді. Кедейлік жанды құтқарудың басты ең таңдаулы құралы ретінде дәріптелді, діни сенім дәрежесіне жетті. Сопылық халық бұқарасының ерік жігерін тұншықтырды. Оларды таптық күрестен бұрып әкетті. Жалпы алғанда сопылыққа дұшпандық көз қарастағы ортодок салды. Дін басылары оның ілімінің мұсылман дінін нығайтатын жақтарын қалт жібермей пайдаланып отырды.
Алғашқы кезде сопылардың жүйелі жасалған көзқарастары болмағандықтан олар да аскетизімді өмірдегі бар қызықтан безіп о дүниедегі жұмақты уағыздады, олар сан рет қайталап дұға оқу, зікір салу арқылы жаратушыға табыну адамның алдына қойған ең жоғарғы білімге құдайды тануына жеткізеді деп сендірді.
Сопылардың алғашқы ұстаздары ретінде дәріптелген мистиктер өздерінің құдайшылдығымен діни тәртіпті бұлжытпай орындауларымен белгілі еді. Олардың арасында Аль Хасан және басқалар бар.
Сопылық ілімі VIII - IX ғасырларда қазіргі Ирак пен Сирия аумағында пайда болды. Мезопатамия хорасан Мағрипте таралды Мұхаммед пайғамбардың ілімі тәрізді сопылық ілімі де мұсылман қоғамының сан алуан жіктері өкілдерінің жүректерін жаулап алды.....
Рефераттар
Толық

Пайғамбарлардың саны

Алғашқы пайғамбар - Хз. Адам, соңғы пайғамбар Хз. Мұхаммед. Бұл екеуінің арасыннда көптеген пайғамбарлар жіберілген. Ұлы Алла әрбір үмбетке бір пайғамбар жіберген. Бірақ жіберілген пайғамбарлардың саны белгісіз. Бұрынғы қасиетті кітаптарда және соңғы илаһи кітап Құран Кәрімде бұл туралы анықтама берілмеген. Пайғамбарлардың бір бөлігі Құранда атымен аталған, ал біразы аталмаған.
Құран Кәрімде аттары аталған 25 пайғамбар бар. Аталған пайғамбарлар мыналар: Адам, Идрис, Нұх, Хұд, Салих, Лұг, Ибраһим, Исмаил, Ысхақ, Яқұп, Юсуф, Шұғайып, Харун, Мұса, Дауыт, Сүлеймен, Әйуп, Зүлкәфил, Юнус, Ілияс, Елясе, Зикрия, Яхя, Иса және Мұхаммед.
Мұсылман адам осы пайғайбарлардың бәріне, әкелген діндерінің хақ екеніне иман етеді. Бірақ олардың арасында дәреже айырмашьшығы бар екенін қабылдайды. Өйткені олардың бір бөлігі — хабарлаушы. Бұларды "небилер" (енбкя) деп атайды. Оларға бет немесе кітап берілмеген. Алдыңғы пайғамбарларға уахи етілген дінді адамдарға баяндаған. Ал, небилердің бір бөлігіне бет немесе кітап берілген. Бұларды "неби-ресул" деп аталды. Әрбір расул - неби, бірақ әрбір неби расул емес.
Пайғамбарлардың бесеуі жаңа шариғатты уағыздағандықтан "үлкен пайғамбарлар" (улу'л-азм) деп аталған. Бұлар Нұх, Ибраһим, Мұса, Иса және Мұхаммед пайғамбар ....
Рефераттар
Толық

Дінтану | ДІН ЖӘНЕ МӘДЕНИЕТ

Дін және мәдениеттің арақатынасы жөнінде қыруар пікірлер айтылуда. Соңғы кездері діни экспансия алаңына айналған елімізде «дініміз өзгерсе өзгерсін, мәдениетіміз өзгермесін» (Дулат Исабеков, ҚӘ, №14, 18.04.2003 ж.) дейтіндей, ора шолақ пікірлер де айтылуда. Осы мәселеге байланысты ғылыми қорытынды жасау үшін алдымен қоғам өмірінің ең маңызды ұстыны саналатын дін мен мәдениеттің арақатынасын анықтайық.
Бүгінгі мәдениеттану, антропология және социология саласының теоретиктері дінді мәдениеттің ең маңызды құрамдас бөлігі деп санайды (мысалға Э.Б. Тайлор, Леслие Уайт, Радклифф Броун, Рут Бенедикт, Франц Боаз, Бронислав Малиновский, Уиллиам Хавиланд қатарлы ғалымдардың еңбектерін айтуға болады – М.Б.). Дінсіз қоғам болмайтындықтан, дінсіз мәдениет те болмайды. Дін әлеуметтік құбылыс һәм қоғамды қалыптастыратын ұйытқы ретінде адамзат өмірінде аса маңызды рөл атқарады. Кейбір идеологиялар мен саяси ағымдар діннің осы рөлін пайдаланғысы келеді. Бүгінгі күні дүниежүзінде орын алып жатқан саяси, әлеуметтік, мәдени һәм экономикалық уақиғалардың негізінде діни факторлардың бар екенін айту жаңсақтық болмас. Әсілі, дін осы салаларға бағыт-бағдар беретін күштің бірі, тіпті ең бастысы. Қоғам құрылымының анатомиясында діннің алатын орны ерекше. Қоғамдарды басқа қоғамдардан ажырататын ең негізгі қасиеттің бірі осы діннің өзі болып табылады.
Заманауи әлеуметтану ғылымдарынан социология, психология, антропология, мәдениеттану, философия, филология, саясаттану, өнертану дінді зерттеумен шұғылданады. Бұлар дінге әлеуметтік феномен, қоғамдық уақиға және қоғамға пішін беретін құдірет ретінде қарайды. Халық арасында кең таралған хұрафи сенімдер мен ырым-секемдердің өзі қаншалықты әсерлі екені баршаға белгілі. Діннің мәдениетті қалыптастырушы басты күш екеніне дау жоқ. Әсіресе, бүгінгі өтпелі кезеңде азаматтардың өзін-өзі танып-білуі, ортақ ұлттық мұраны қалыптастыруы және ХХІ-ғасырдағы халқымыздың өсіп-өркендеуінің басты құралы дініміз.
Маркс еңбектерінде идеология мәселесіне өзін жетектеген күштің дін болғанын жазған. Мұндай жағдайды Людвиг Фейербахтың (Ludwig Feuerbach, 1804-1872) еңбектерінен де табуға болады. Мысалы, Фейербахтың ой жүйесі сезім арқылы білінетін нәрселердің ғана бар екендігіне негізделуші еді. Сол себепті Құдайдың барлығын растайтын нақтылы дәлел болмайынша Оның барлығын дәлелдеуге болмайды деген философ. Фейербах дін әкелген дәлелдерді ғылыми айғақтарға жатқызбай, жай қараңғы сенім қатарына қосқан. Сөйтіп, ол Карл Маркс пен Фридрих Энгелске (Friedrich Engels, 1820-1895) қатты ықпал жасаған. Осы материалист-атеист Фейербах философиясының әсеріне шалдыққан адамдар бізде де жеткілікті. Маркстің дінді «халықтың апиынына» теңеуі және Гегельдің «құқық философиясына сын» атты мақаласы осы сарында жазылғаны белгілі. Маркстің пікірінше дін адамды белгілі қағидалардың құлына айналдырады, діннен ада болған адам осы алданыштан да азат болады. Мұнымен, Маркс дін мен идеологияның арақатынасын мойындайды ....
Рефераттар
Толық

Дінтану | Дін тарихы республика жерінде таралған негізгі діндер

Діннің тоқтық табиғаты мен әлеуметтік мәнін ашу – марксизмнің дін саласындағы өзекті мәселесі Совет үкіметі адамзат тарихында бірінші болып ұлттық тамаға - тұйықтылықты , діни алауыздықты жойып шын мәнінде ұждан бостандығын іс жүзінде асырады. Совет өкіметінің деген көзқарасы жалкамсовтың 1918 ж 28 февральда қабылдаған. Шіркеуді мемлекеттен және мектепте шіркеуден бөлу туралы декретінде берілген. Өзінің мазмұны мен мәні жағынан бұл декрет жұмысшы табы мен оның партиясының дін жөніндегі программасы. Бұл деректің мазмұны СССР конституциясының 52 – ет – нда бекітілген. Біздің конституциямыз шын мәніндегі ұждан бостандығын қамтамасыз етумен бірге барлық азаматтардың атенстік насихат жүргізу провасын да мойындады. Алайда бұл діни қауымдардың ішкі өміріне араласу деген сөз емес. Шіркеу мен мешіт өздерінің ішкі өмірін ұйымдастыруда мемлкетке тәуелсіз болып қала береді.
Қазақстандағы илслам діні VIII – дың бас кезінде Батыс Түрік қағанатындағы құлдырау арабтардың орта Азия мен Қазақстанда өз үстемдігін күшейтуіне жол ашты. Осы кезде Оңтүстік Қазақстанда мекендеген тайпалардың арасында ислам діні тарай бастады. ХІІІ – ІХ ғасырларда құрлық ақсүйектері ислам діні Қарахан әулеті (ХІ – ХІІ ғ.) тұсында едәуір тарады. Бұл дәуірде діни фонатизм үстемдікті ете бастайды. Беркехан (1255 – 66) тұсында Алтын орда хандарының арасында ислам дінің ықпалы күшті болды. 1285 жылы Туда - Мөке хан, ал одан Өзбек хан ислам дінін қабылдайды. Ақсақ Темір тұсында ислам дінінің ықпалы күшейді. Ислам дінін насихаттауда мұсылман миссионерлерінің , яғни ислам дінін басқа дінді уағыздаушылардың арасында таратушылардың ролі артты. Қазақ сахарасында араб елдерінен келген иман, молдалар көбейді. Олар қазақ ауылдарын аралап, Құран уағыздары мен шариғат заңдарын насихаттады , діни кітаптарын таратты. Қазақстанда ислам дінінің тауына Әлім хан (1800 – 09 ж.) биік өткен тұсында күшейген Қоқан қандығы едәуір ықпалын тигізеді. Осы хандыққа қарайтын халықтың көпшілігі ислам дінін қабылдаған өзбектер болатын. Солармен тығыз экономик байланыс жоспар, егін шаруашылығымен шұғылданған отырықшы және жартылай отырықшы қазақ тайпаларына ислам дінінің ықпалы, күшті бтиді. Қазақстанның Түркістан, Жаркент, Сайрам қалалары Мұсылман дін иелерін даярлайтын ислам дінін рухани орталығына айналады. Түркістан екінші мекке аталады. Мұнда ХІ – ХІІІ ғасырларда мешіттер салына бастайды. Қазақ арасынан мекке мен Медине қалаларына қажыға барушылар көбейді. Орта ғасырлық дін ілімімен , философия және логика ғылымдарымен араб тілін зерттеуінен шұғылданған Әбу – насыр Әл – Фараби, Исхақ – Отырари, Жамал Түркістани, Қыдырғали Жалайри сияқты ғалымдар шықты. Ислам дінінің қазақ халқының эконмик, қоғамдық – саяси және рухани өмірінде болған тарихи өзгерстермен байланысты. ....
Рефераттар
Толық

Дінтану | Дін

Дін-өмір азығы. Дін адамды таза жолға жетелейді. Дінсіз әлем болмайды. Дін –адам рухының азығы. Дін адаммен тікелей байланысты. Дүние жүзінде әлемдік үш дін бар олар: Ислам, Христиан, Буддизм. Жалпы мұсылмандардың діні-Ислам.
Дін адаммен байланысып, соның пайдасын көздейді. Ислам дінінде «Әшһәду әл ләә иләәһә иллаллоһ уә әшһәду рәссуулуһ». Яғни қазақша баламасы «Алла жалғыз, Мұһаммед оның елшісі. Жалпы дін «Аллаһ» тарапынан пайғамбарлар арқылы адамдардың бұл дүниеде және ақыретте бақытты өмір сүруін үшін жіберілген заңдар. ....
Рефераттар
Толық

Дінтану | Дін және қоғам

Әрбір отбасының асыл арманы мен мақсаты - бала өсіріп, жақсы тәрбие беру. Баланы тәрбиелі азамат етіп өсіру - әке-шешенің ең басты міндеті. Өйткені бала әке-шеше үшін бір аманат. Бұл аманатты Алла Тағала оларға сый ретінде берген, сол үшін кейін сауап береді. Ата-ана балаларына жақсы тәлім-тәрбие және білім берсе, Алланың ризалығына бөленеді, ал бала тәрбиесіне көңіл бөлмеген, немқұрайлы қараған ата-ана азапқа душар болады. Өйткені Алла қасиетті Құраңда былай бұйырады:
"Әй, мүминдер! Өздеріңді әрі үй - іштеріңді отыны адамдар мен тастардан болған оттан қорғаңдар ".
Олай болса, бала тәрбиесіне тиісті көңіл бөлмеу кісінің әрі өзіне, әрі балаларына, тіпті әлеуметтік ортаға да зиян. Дүниеге шыр етіп келген әр баланың жүрегі тап-таза, еш сызық түспеген қағазға ұқсайды. Оның пәк жүрегі нені болса да қабылдайды. Не үйретсең соны қағып алады. Жақсы әдет пен әдепке кішкентайынан дағдыландырылған бала тәртіпті де, тәрбиелі болып өседі. Ол үшін ата-анасына сауап жалылады. Ал егер балаға көңіл бөлінбей ол жамандыққа бейім болып өссе, онда оның өмірі қор болып өтеді. Күнәсін оны тәрбиелеген адам көтереді. Сондықтан баланы бұл дүниенің бәле-жаласынан және қияметтің қиындығынан қорғау керек. Мұның мәні - балаға алдымен имандылықты, әдептілікті, көркем мінезділікті, жақсы істерді үйрету, жаман қылықтан, өткінші өмірдің рахаты мен қызығын қуудан, дүниенің құлы болудан сақтандыру. Өйткені Ислам бала тәрбисін ата-анаға парыз еткен. Сондай-ақ бала тәрбиесіне қоғаммен мемлекет те жауапты.
Уқба ибн Амирдеи (р.а.) Имам Бухари (р.а.) риуаят еткен хадисте айтылғандай, ата-ананың бала алдындағы міндетіне байланысты Пайғамбарымыз (с.а.у.) былай деген: "Кімнің үш қызы болып, оларға дұрыс тәрбие берсе, маңдай терімен тапқанымен киіндіріп, бақса, олар (яғни, қыздары) үшін тозақ отынан қалқан болады". Ата-ананың келесі міндеті - балаға жақсы ат қою. Бұл жайында да Пайғамбарымыз (с.а.у.) былай деген: "Әкенің бала алдындағы міндеті -жақсы ат қою және жақсы тәрбие беру". (хадисті Ибн Аббастан (р.а.) Имам Бухари (р.а.) риуаят еткен). Бұдан кейінгі ең маңызды міндеті – балаға ислами тәрбие беру. Бұл туралы Пайғамбарымыз (с.а.у.) былай дейді: "Ұл-кыздарыңа жеті жасынан бастап намаз оқуды үйретіңдер. Он жастан бастап әрқайсысының жататын жерлерін бөлек етіңдер".45
Бірде сахаба Әбу Рафиғ (р.а.) Расулуллаһтан (с.а.у.) "Баланың біздің алдымызда міндеті болғандай, біздің де олардың алдында тиісті міндетіміз бар ма?" - деп сұрағанда, Расулуллаһ (с.а.у.): "Әрине, ата-ананың баласына қатысты міндеті - оған Құранды үйрету(яғни Құранда айтылғанды орындауды), оқ ату мен жүзуді және тек адал еңбекпен тапқанды мирас ету", - деп жауап берді. ....
Рефераттар
Толық

Дінтану | Араб халифаты

Араб халифатының тарихын шартты түрде 3 кезеңге бөлуге болады: Мұхаммед пайғамбар (570-632 ж.ж.) мен алғашқы төрт халифтің (Әбу Бәкір (632-634 ж.ж.), Омар (634-644 ж.ж.), Осман (644-656 ж.ж.), Әли (656-661 ж.ж.)) билігі; Омейядтар династиясының билігі (661-750 ж.ж.); Аббасидтер династиясының билігі (750-1258 ж.ж.).
VIІ ғасырда араб тайпаларында рулық-тайпалық қатынастардың ыдырауы басталды. Араб тайпаларының негізгі бөлігін малшы-көшпенділер (бәдеуиндер) мен сулы жерлерде, қалаларда өмір сүрген жер өңдеушілердің аз бөлігі құрады. Аталған уақыттан бастап әлеуметтік теңсіздікке алып келген мүліктік теңсіздік басталды. Шейхтар (тайпа басшылары) мен саидтар (тайпа ақсақалдары) жақсы сулы жерлер мен малдың көптеген бөлігін өздеріне иемденіп алды. Рулық-тайпалық ыдыраушылықты жеңу мен біртұтас араб мемлекетін құру талпынысы әртүрлі уағыздаушылардың көбеюіне алып келді. Олардың ішіндегі аса әйгілісі — ислам дінінің негізін қалаушы Мұхаммед пайғамбар болды. Мұхаммед барлық арабтарды бір дінге және пайғамбары — "жер бетіндегі жалғыз құдайдың жердегі елшісі басында тұрған теократиялық мемлекетке (діни қауым түріндегі) бірігуге шақырды.
VII ғасырдың ортасында Аравияның бір исламдық мемлекетке — халифатқа бірігуі аяқталды.
Омейядтардың баскару жылдарында халифаттың қуатты әрі гүлдену кезеңі болды, көптеген елдер жауланып, ислам дініне тартылды.
640 жылы арабтар Сирияны, Палестинаны, Египетті, ал 649 жылы бүкіл Солтүстік Африканы жаулап алды. 651 жылы Иранды бағындырды. 658 жылы Арменияны, Грузияның бір бөлігін, Азербайжанды, ал Кавказдың арғы жағынан Хазар жерлеріне де, қол жеткізді. 715 жылы Хорезмді толығымен және Мауераннахрдың (Сырдария мен Амудария өзендерінің аралығы) басым көпшілік аумағын жаулап алды. ....
Рефераттар
Толық

Дінтану | Араб халифаты құқығы

Араб халифатының тарихын шартты түрде 3 кезеңге бөлуге болады: Мұхаммед пайғамбар (570-632 ж.ж.) мен алғашқы төрт халифтің (Әбу Бәкір (632-634 ж.ж.), Омар (634-644 ж.ж.), Осман (644-656 ж.ж.), Әли (656-661 ж.ж.)) билігі; Омейядтар династиясының билігі (661-750 ж.ж.); Аббасидтер династиясының билігі (750-1258 ж.ж.).
VI! ғасырда араб тайпаларында рулық-тайпалық қатынастардың ыдырауы басталды. Араб тайпаларының негізгі бөлігін малшы-көшпенділер (бәдеуиндер) мен сулы жерлерде, қалаларда өмір сүрген жер өндеушілердің аз бөлігі құрады. Аталған уақыттан бастап әлеуметтік теңсіздікке алып келген мүліктік теңсіздік басталды. Шейхтар (тайпа басшылары) мен саидтар (тайпа ақсақалдары) жақсы сулы жерлер мен малдың көптеген бөлігін өздеріне иемденіп алды. Рулық-тайпалық ыдыраушылықты жеңу мен біртұтас араб мемлекетін құру талпынысы әртүрлі уағыздаушылардың көбеюіне алып келді. Олардың ішіндегі аса әйгілісі — ислам дінінің негізін қалаушы Мұхаммед пайғамбар болды. Мұхаммед барлық арабтарды бір дінге және пайғамбары — "жер бетіндегі жалғыз құдайдың жердегі елшісі" басында тұрған теократиялық мемлекетке (діни қауым түріндегі) бірігуге шақырды.
VII ғасырдың ортасында Аравияның бір исламдық мемлекетке — халифатқа бірігуі аяқталды.
Омейядтардың басқару жылдарында халифаттың қуатты әрі гүлдену кезеңі болды, көптеген елдер жауланып, ислам дініне тартылды.
640 жылы арабтар Сирияны, Палестинаны, Египетті, ал 649 жылы бүкіл Сол.түстік Африканы жаулап алды. 651 жылы Иранды бағындырды. 658 жылы Арменияны, Грузияның бір бөлігін, Азербайжанды, ал Кавказдың арғы жағынан Хазар жерлеріне де қол жеткізді. 715 жылы Хорезмді толығымен және Мауераннахрдың (Сырдария мен Амудария өзендерінің аралығы) басым көпшілік аумағын жаулап алды. 751 жылы бүкіл Орта Азияны өздеріне бағындырды. 712 жылы Үндістанға басып кіріп, Синд қаласын жаулап алды. 711 жылы Испанияны өздеріне бағындырды. Арабтармен жаулап алынған ұланғайыр аумақта халықаралық тіл болып араб тілі танылды. Ислам құқығы — шариғат жергілікті әдет-ғұрып нормалары мен институттарына еніп, оларды да өзінің бойына сіңіре бастады. Ислам халифаттың бүкіл аумағында үстемдік құрушы дінге айналды.
Халифаттың мемлекеттік құрылымы. Мемлекеттік билік орталықтандырылған сипатта болатын. Мемлекет басында жоғарғы діни (имамат) және мемлекеттік (эмират) билікті жүзеге асыратын халиф тұрды. Мемлекеттік басқарудың орталық органдары ретінде диуандар (ведомстволар) қызмет етті:....
Рефераттар
Толық

Дінтану | АДАСТЫРУШЫ ДІНИ АҒЫМДАР

Бүгінгі археология, антропология ғылымдары діни сенім-наным жолдары мен жүйелерінің тым ерте дәуірлерден бері адамзаттың даму, өркендеу және кемелдену барысымен біте қайнаса жалғасып келе жатқанын дәлелдейді. Кейбір биохимия және генетика саласы ғалымдары (Rebecca Cann, Mark Stoneking, Douglas Wallace) дүниежүзінің көптеген аймақтарындағы адам нәсілдерінің генетикалық ерекшеліктерін салыстыра отырып, бүгінгі адамзаттың түр-тұқиянында бір атадан тарағаны туралы қорытынды жасаған. АҚШ-тағы Станфорд университеті профессорларынан Луиги Лука Кавалли-Сфорза (Luigi Luca Cavalli-Sforza) және әріптестері 40 жыл бойы дүниежүзіндегі 5 мыңдай тілді зерттей келе, оларды ірілі-ұсақты 17 топқа бөліп, түп негізінде барлық тілдер бір көне тілден тараған деген тұжырымға келген. АҚШ Коломбия университетінен Ральф Солеки (Ralph Solecki) Солтүстік Ирақтағы Шанидар (Shanidar) үңгірінде 1957 жылы жүргізген қазба жұмыстарында табылған заттар осыдан 60 мың жыл бұрын өмір сүрген неандерталь адамдарының діни нанымының болғандығын дәлелдеген (көбірек мәлімет үшін мына еңбекті оқыңыз: Roger Lewin, The Origin of Modern Humans, W.H. Freeman and Co., New York, 1993).
Адамзаттың ойлау деңгейі биіктеген сайын, ғылым-білім саласындағы табыстар көбейіп, өркениет сатысы өрлеген сайын, діннің қоғам өміріндегі рөлі мен маңыздылығы да күшейе берген. Адам баласының дамуы мен діни сана-сезім және қатынастардың да дамуы бірге жүрген десек қате болмас. Көне Мысырдағы перғауындардың ел мен дінді қатар билеуі, Рим императорларының ең биік діни мәнсапқа ие болуы, Үндістанды билеген Ашоканың (м.б. ІІІ ғ.) буддизмді тарату жолындағы қанды жорықтары, христиандардың шармық (крест) жорықтары, пайғамбарлардың ғибратты өмірі зерттелгенде тарихтағы ең елеулі уақиғалардың басы қасында діннің жүргендігі байқалады. Алып мемлекеттердің күйреуі яки пайда болуы, төңкерістер, соғыстар, көштер көбінде не белгілі бір дінді жою үшін немесе белгілі бір дінді орнату яки тарату үшін жасалған. Осы соқтықпалы-соқпақты жолды бастан кешкен адам баласы діннің ең кәміл формасы ретінде исламға қол жеткізді. Миладтан кейінгі VII-ғасырда әз елші Мұхаммед Абдұллаһұлы (569-632) арқылы күллі адамзатқа жіберілген ислам діні Жаратушының жаратылғандарға жіберген ең соңғы һәм ең кәміл өмір сүру, ойлау, сезіну, ұйымдасу және даму жолын ұсынды...
Адам баласы жаратылысындағы оң және теріс қабілеттері, күшті һәм әлсіз жақтары бойынша Жаратушының саф дініне қол сұға отырып, көпшілік жағдайларда дінді бұрмалап, дінге өзгерістер енгізіп, діннің бақилық сипатын фәнилендіріп, ізгілік пен бақытқа жеткізуші арнасын ауыстыруға талпынумен болды. Тарихта болған күрделі уақиғаларды терең зерттегенімізде есі сау адамға қорқынышты яки жиіркенішті көрінуге тиісті көптеген іс-амалдардың «дін үшін» немесе «діншіл» атанған топтың бастамасымен болғандығын көреміз....
Рефераттар
Толық