Дінтану | Араб халифаты

Дінтану | Араб халифаты

Араб халифатының тарихын шартты түрде 3 кезеңге бөлуге болады: Мұхаммед пайғамбар (570-632 ж.ж.) мен алғашқы төрт халифтің (Әбу Бәкір (632-634 ж.ж.), Омар (634-644 ж.ж.), Осман (644-656 ж.ж.), Әли (656-661 ж.ж.)) билігі; Омейядтар династиясының билігі (661-750 ж.ж.); Аббасидтер династиясының билігі (750-1258 ж.ж.).
VIІ ғасырда араб тайпаларында рулық-тайпалық қатынастардың ыдырауы басталды. Араб тайпаларының негізгі бөлігін малшы-көшпенділер (бәдеуиндер) мен сулы жерлерде, қалаларда өмір сүрген жер өңдеушілердің аз бөлігі құрады. Аталған уақыттан бастап әлеуметтік теңсіздікке алып келген мүліктік теңсіздік басталды. Шейхтар (тайпа басшылары) мен саидтар (тайпа ақсақалдары) жақсы сулы жерлер мен малдың көптеген бөлігін өздеріне иемденіп алды. Рулық-тайпалық ыдыраушылықты жеңу мен біртұтас араб мемлекетін құру талпынысы әртүрлі уағыздаушылардың көбеюіне алып келді. Олардың ішіндегі аса әйгілісі — ислам дінінің негізін қалаушы Мұхаммед пайғамбар болды. Мұхаммед барлық арабтарды бір дінге және пайғамбары — "жер бетіндегі жалғыз құдайдың жердегі елшісі басында тұрған теократиялық мемлекетке (діни қауым түріндегі) бірігуге шақырды.
VII ғасырдың ортасында Аравияның бір исламдық мемлекетке — халифатқа бірігуі аяқталды.
Омейядтардың баскару жылдарында халифаттың қуатты әрі гүлдену кезеңі болды, көптеген елдер жауланып, ислам дініне тартылды.
640 жылы арабтар Сирияны, Палестинаны, Египетті, ал 649 жылы бүкіл Солтүстік Африканы жаулап алды. 651 жылы Иранды бағындырды. 658 жылы Арменияны, Грузияның бір бөлігін, Азербайжанды, ал Кавказдың арғы жағынан Хазар жерлеріне де, қол жеткізді. 715 жылы Хорезмді толығымен және Мауераннахрдың (Сырдария мен Амудария өзендерінің аралығы) басым көпшілік аумағын жаулап алды. 751 жылы бүкіл Орта Азияны өздеріне бағындырды. 732 жылы Үндістанға басып кіріп, Синд қаласын жаулап алды. 711 жылы Испанияны өздеріне бағындырды. Арабтармен жаулап алынган ұлан-ғайыр аумақта халықаралық тіл болып араб тілі танылды. Ислам құқығы — шариғат жергілікті әдет-ғұрып нормалары мен институттарына еніп, оларды да өзінің бойына сіңіре бастады. Ислам халифаттың бүкіл аумағында үстемдік құрушы дінге айналды.
Халифаттың мемлекеттік құрылымы. Мемлекеттік билік орталықтандырылған сипатта болатын. Мемлекет басында жоғарғы діни (имамат) және мемлекеттік (эмират) билікті жүзеге асыратын халиф тұрды. Мемлекеттік басқарудың орталық органдары ретінде диуандар (ведомстволар) қызмет етті:
1) диуан-әл-джунд — әскерді қаруландыру мен жабдықтау бойынша ведомствосы;
2) диуан-әл-харадж-қаржылық-фискальдық (салықтық) ведомствосы:
3) диуан-әл-барид — жол және пошта бойынша ведомствосы. Жоғарғы шенеунік болып уәзір табылды, ол тек халифтың алдында ғана есеп беретін болған. Провинцияларды әмірлер басқарған. Кез келген империя сияқты халифатқа да бірнеше ұсақ мемлекеттерге бөлінуге тура келді, оған сонымен қатар халифаттың тұрғылықты халықтарының үздіксіз көтерілістері де әсер етті. Жергілікті әмірлер қол астындағы әскери күштерін нығайтып, өздерін дербес басшы ретінде жариялауға тырысты. Мұндай жағдай Хорасандағы (Иранның бір бөлігі) тахиридтарда. Орта Азиядағы саманидтарда, Египеттегі тулунидтарда, Армениядағы және Грузияның бір бөлігіндегі багратидтарда, Ирандағы буидтарда кездесті. X ғасырдың басында Аббасидтердің колында иек Араб Ирагы мен орталығы Багдаттағы Батыс Иран ғана калды, мұның алдында, VIII ғасырдың аяғында Испаниядағы Кордова әмірлігі (астанасы Кордова қаласы) бөлініп шықты. Нәтижесінде Аббасид халифтері саяси биліктен айырылды, оларда тек кана діни билік сақталып қалды.
Халифаттың құқығы. Шариғаттың діни ережелер жиынтығы екенін ескере отырып, шариғатты құқық пен діннің тоғысуы ретінде түсінуге болады. Шариғаттың негізгі қайнар көздері болып мыналар табылған:
Құран — діни-моральдық ережелерден құралған, мұсылмандардың басты қасиетті кітабы;
Сүннет — Мұхаммед пайғамбардың өмірі мен жүріс-тұрысы туралы хадистердің (аңыздардың) жиынтығы, мұнда отбасылық-мұрагерлік және сот құқығының ережелері көрініс тапқан, ол белгілі бір дәрежеде сот прецедентіне ұқсас болып келеді, яғни, Мұхаммед пайғамбардың белгілі бір істерге қатысты шығарған шешімдері кейінгі соған ұқсас істерге үлгі ретінде қолданылатын;
Иджма — беделді ислам заңгерлерінің шығарған шешімдері, ол жоғарыда аталған қайнар көздер қамтымай өткен мәселелерге қатысты шығарылатын, бұл жағдайда судьялардың (иджтихад) дербес қалауы қолданылатын.....


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру