Пайғамбарлардың саны

Пайғамбарлардың саны

Соңғы пайғамбар Хз. Мұхаммед (с. ғ. с.) ба. Өмірі
Хз. Мұхаммед Ислам пайғамбары болып табылады. Ибраһим пайғамбардың тегінен шыққан. Үлкен атасы Хз. Исмаил-Ибраһим пайғамбардың баласы. Шежіресі Аднанұлдарынан Құрайыш тайпасының Хашимұлдарына дейін келеді. Ал Құрайыш болса, Исмаил пайғамбардың Қайдар деген ұрпағы уақыт өте келе көбейіп, көптеген ұрпақтарға бөлінген.
Хз. Мұхаммедтің атасы Абдулмүттәліп пен ағасы Әбу Тәліп Мекке қаласын басқарады. Абдулмүттәліптің кіші баласы Абдуллах еді. Хз. Мұхаммедтің әкесі Абдуллах үйленгеннен соң бір жылдан кейін қайтыс болды. Әйелі Әмина жастай жесір қалып, Абдулмүттәліптің үйінде өмір сүрді.
Абдуллах пен Әминаның баласы Хз. Мұхаммед Піл оқиғасынан 50-55 күннен кейін, 571 жылы рабиул-әууел айының 12-сінде, дүйсенбі күні кешке Меккеде туылды. Оның дүниеге келуімен бірге адамзат жаңа бір кезеңге кірді.
Бір күн артық, бір күн кеш емес, бұдан дәл 100 жыл бұрын, кейін ол қара шаңырақ мешітке айналды.
Мұхаммедтің туғанына 7 күн толғанда Әбді әл – Мүтәліп дәулетті құрайыштарды шақырып, шілдехана жасады. Осы той үстінде азан шақырып, нәрестеге Мұхаммед деп ат қойды. Қонақтар сәбиге көлденеңнің тілінен, сұғанақтың көзінен қағыс бол, әке – шешеңе жасында жұбаныш, есейгенде сүйеніш бол, құрайыш тайпасының бетке ұстар мақтанышы бол, алдыңнан әрдайым ақ күн тусын деп, бет сипасып баталарын берді.
Хз. Мұхаммед жетім болғандықтан, оны анасы мен Меккенің басшысы болған атасы Абдулмүттәліп бағып қақты.
Жылына екі мәрте – көктем мен күзде жақын маңдағы көшпелі 25 тайпаның әйелдері Меккенің жас балаларын уақытша тәрбиеге алатын. Меккенің аптап қапырығы, шаң мен маса – шыбын сәбилердің денсаулығына зиян екеніне көздері жеткен дәулетті адамдар балаларын қарақұлақтанып, қабырғасы қатып, бұғанасы бекігенше таза ауада, табиғат аясында көшіп – қонып жүретін көшпенді тайпаларға тәрбиеге беру дәстүрі бар-ды.
Немересіне Мұхаммед атын қойған Абдулмүттәліп, оны біраз уақыт Халима деген әйелге сүт бала етіп береді. Сүт – анасы Халиманың, өкіл әкесі әл – Харистің екі қызы, бір баласы бар екен. Мұхаммед солармен бірге көшпенді тайпаның бір мүшесіне айнаоып, ен далада өмір кешті. Мұхаммед үшін шешесінен азды – көпті қаражат алған өкіл шешесінің жағдайлары жаман емес-ті, шаруалары оңға басып асыра тоқтық көрмегенмен, аш – жалаңаштыққа ұшырамады.
Алты жасында үйіне қайтқан кішкентай Мұхаммед 8 жасына дейін атасының қасында болды. Атасы қайтыс болғаннан кейін Мұхаммедті ағасы Әбу Тәліп қолына алды, Үйленгенге дейін ағасымен бірге тұрған Хз. Мұхаммедті осы жанұяның мүшелері өте жақсы көрді.
Балалық және жастық шақтарында түрлі жұмыстар істеген және көбінесе саудамен айналысқан Хз. Мұхаммед Араб түбегінен тысқары жерлерге сапар шекті. Бүгінгі Палестина мен Сирия аймақтарына баратын сауда керуендеріне басшылық етті. Міне осы сауда сапарлары оның Меккенің ең бай және атақты адамдарының бірі Хадишамен танысып, үйленуіне себеп болды.
Хз. Мұхаммед 25 жасында Хадишаға үйленді. 25 жылға созылған осы жанұя өмірінде Қасым, Зейнеп. Үммү Күлсім, Руқия және Фатима деген балалар дүниеге келді. Ол Хз. Хадишаның өлімінен кейін басқа әйелдерге үйленсе де, олардан балалары болған жок, Хз. Мұхаммедтің жанұясына "Ехл-и Бейт" деген ат берілген.
Хз. Мұхаммед қайтыс болғаннан кейін тірі қалғаны — тек қызы Фатима ғана. Оның ұлдары Хасан мен Хүсейін Пайғамбардың немерелері болып, мұсылмандар арасында сейид немесе шериф деп аталған.
Хз. Мұхаммедтің жастық шағы бірқалыпты және тыныштықта өтті. Жақындары мен Меккеліктердің жақсы көрген және құрметтеген адамы еді. Ешкім одан зияндық көрмеді, ешкімге қолы да тілі де тиген жоқ. Жастығына қарамастан үлкен адамдармен бірге бірқатар маңызды мәселелерді шешуге қатысты. Мысалы, тайпа басшылары қатысатын "Һилфу'л-фудулда". (беделділер жиналысы) өз тайпасының өкілі болды. қағбаны қалпына келтіру кезінде Хажеру'л-Есуедтің орнына қойылуы мәселесінде* төреші болды. Төрелігі жақсы болды және тайпалар арасындағы түсінбеушілікті бейбіт жолмен шешті.
Хз. Мұхаммедтің мінезі жақсы, еңбекқор және сенімді адам еді Барлық адамның сенімінен шығып, "Мұхаммеду'л-Емин" (Сенімді Мұхаммед) лақабын алды. Меккенің бай іс адамдарының және саудагерлерінің бірі болған Хадиша деген әйел оны сауда керуенінің басшысы етті. Ол оның сауда жасаған кезде көрсеткен мінез-құлқы мен туралығын ұнатты. Өзіне үйленуді ұсынды. Хз. Мұхаммед те оның үйлену ұсынысын қабылдап, Хадиша өлгенге дейін сонымен бірге жанұяда бақытты өмір сүрді.
Хз. Мұхаммед тек материалды қажеттіліктерін қамтамасыз етіп, дүниеге қызығып, рухының қажеттіліктерін ұмытқан адам емес. Бір жағынан дүниелік жұмыстармен айналысса, екінші жағынан рухани қажеттіліктерін өтеді. Алланы есіне алды және Хира үңгіріне барып, ғибадат етумен шұғылданды. Осылайша, денесі мен рухын теңдей қанағаттандырды, толысқан кісі болып жетілді.

Хз. Мұхамедтің (с. ғ. с.) пайғамбар болуы
Хз. Мұхаммед 40 жасқа келгенде Үлы Алла тарапынаң пайғамбар болып таңдалды. Хира үңгіріне ғибадат жасап отырғанда Жәбірейіл атты періште келіп, пайғамбар болғандығын сүйіншіледі. 610 жылы алғашқы уахиді алып, пайғамбар болған Хз. Мұхаммед 632 жылы 8 маусымда Мәдинада қайтыс болды Равза-и Мутаххара атымен белгілі қабірі Мәдинада, мұсылмандар оны зиярат етеді. Хз. Мұхаммед мұсылмандарға Кітап пен Сүннетті мирас етіп қалдырды.
Мұхаммедтің пайғамбарлығының он екі жылы Меккеде, қалған он жылдан астам бөлігі Мәдинада өтті. Мекке кезеңінде көптеген қиыншылықтарға кездесті. Меккеліктер Исламға және оның пайғамбарлығына қарсы шықты. Өзіне және асхабына азап көрсетіп, зұлымдық жасады. Кейін Хз. Мұхаммед пен Меккелік мұсылмандарға қысымшылық көрсетіп, қалаларынан зорлап шығарды және оларды хижрет жасауға мәжбүр етті. Хз. Мұхаммед пен Меккелік мұсылмандар 622 жылы жасырын түрде Меккеден Иесрибке (Мәдина) көшті, Бұл оқиғаны Ислам тарихында "Хижрет" деп атайды. Хз. Мұхаммед Исламды Мәдиналықтар арасында уағыздады, халық топтасқан түрде жаңа дінге кіре бастады. Қысқа уақытта қоғам болып, мемлекет құрды. Мектеп және мешітгер салды, дін мен ождан еркіндігіне қауыштырды. Үлгі болатындай қоғам мен мәдениетті жаратты. Хз. Мұхаммед қайтыс болмай тұрып, Араб түбегінің барлық халқы мұсылман болды.
Хз. Мұхаммед илаһи уахидің жарығымен адамдарға дінді уағыздады. Әрбір адамға түсінікті тілде сөйлеп, оларды ислам дініне шақырды. Оңайластырды, қиындатпады; сүйіншіледі, қорқытпады. Адамдармен сүйіспеншілік және кешірімділік қарым-қатынаста болды. Әрбір әрекеті мен ісінде құрмет және мейірімділік пайғамбары екендігін көрсетті. Исламның сенім, ғибадат және ахлақ (мораль) негіздерін біртұтас етіп баяндады. Исламды жүзеге асырудағы жақсы ахлақпен адамдарға үлгі болды. Хз. Мұхаммед уағыздаған ислам діні дүние жүзінде үлкен төңкеріс жасаған. Хз. Мұхаммед жаңалық енгізуші еді. Адамдардың өміріне жаңа бір тәртіп енгізді. Дін, ғибадат, экономика, сауда және мәдениет салаларында жасаған жаңалыктарымен бірге жаңа бір өмір сүру тәсілін әкелді. Құран үкімдері турасында жаңа тәртіп орнатты. Хз. Мұхаммед әрбір мәселеде әділ болуды көздеді. Адамдарды әйел-ер, бай-кедей, араб-ажем деп бөлмеді. Жоғарылықтың тақуалықпен болатынын айтты. Міндеттендіруде және жұмысты бөліп беруде әділет, ептілік және теңдік принциптеріне сүйенді. Хз. Мұхаммед жақсы адам еді және барлығын жақсы көретін. Кедейлерді, ешкімі жоқтарды және жетімдерді қорғады. "Қайырымдылық жасамағанға Алла да қайырымдылық жасамайды"-деп бұйырды. Ол әлемдерге жіберілген пайғамбар еді. Балаларды өте жақсы көретін және оларға мейірімділікпен қарауды ұсынды. Жарқын жүзді және жақсы сөйлейтін еді. Ешкімге жамандық ойламайтын, зиянды іс жасамайтын. Қатал және дөрекі емес еді. Адамның көңілін қалдырмайтын. Бір адамды ренжіту - қағбаны қиратудан да жаман әрекет деп есептейтін. Ол халықгың досы және Хақтың ғашығы болатын. Әдепті және ұятты, кішіпейіл және қадірлі еді. Сөйлеген адамды тыңдап, ешкімнің сөзін бөлмейтін. Адамгершілік пен ғылым иелеріне құрмет көрсететін. Жанұя мүшелеріне және қонақтарға жақсылық жасауды ұнататын. Туыстарын ойлап, көршілерін қорғайтын.
Хз. Мұхаммед жаны ашығыш және жомарт еді. Бәріне жәрдем беруді қалайтын. Сөзінде тұратын және аманатты орындайтын. Нәпсісіне ие еді және келісімді бұзуды үлкен күнә деп есептейтін. Аз жеп, аз ұйықтайтын, аз сөйлеп, көп тыңдайтын. Таза еді және тазалыққа үлкен мән беретін. Ешкімнің айыбын тауып, кемшілігін бетіне баспайтын еді, өсек айтпайтын. Ғибадатқа, тақуалыққа және дұғаға берілген еді. Хз. Мұхаммед қоғамдық әділет орнатуға тырысты. Еңбек пен жұмысшыға, өркениет мен мәдениетке, ғылым мен ғалымға үлкен мән беріп, құрмет көрсететін. ....


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру