Адам қоғамы қалай қалыптасты, оның себептері қандай – бұл туралы бір қорытынды пікір жоқ. Бірақ бұл түсінікті ең бірінші ғылымға енгізген Адам Смит, Давид Рикардо, оған саяси сипаттама берген Гегель. Дүниежүзілік ғылыми, саяси қайраткерлердің, ойшылдардың айтуынша - қоғам саналы адамдардың ерікті түрде бірігіп өмір сүруі. Бұл бірігудің негізгі себебі адамдардың бір мүдделігі, бір тілектестігі. Мұнсыз бірігу мүмкін емес. Мүдде екі түрлі болады: жеке адамның мүддесі және қоғамның мүддесі. Қоғам осы екі мүдде-мақсатты біріктіріп, дамытып отырады. Осы объективтік даму процесінде адамдардың өзара ынтымақтастығы қалыптасты. Сол арқылы жеке адамның қолынан келмейтін, әлі жетпейтін істерді атқаруға мүмкіншілік туды. К.Маркс қысқаша: «Қоғам – адамдардың өзара еңбек жасауының одағы», - дейді. ....
Қандай да болмасын қоғамдық мәні бар идеяларды қабылдау қашанда сұхбатты, яғни сұхбаттасушы жақтардың түрлі көзқарастарын және маңызды тепе-тендігін білдіреді. Ешкім ешкімге өз түсінігін мойындатуды да, ешкім ешкімді дәлме-дәл қайталауды да мақсат етпейді. Идеялар белгілі қоғамның, әлеуметтік дамудың талаптарына сәйкес келетіндіктен қабыл алынады. Сондай идеялардың қатарына азаматтық қоғам идеясы жатады. Азаматтық қоғам туралы әр түрлі көзқарастар, әр түрлі бағдарлар бар. Қазірде азаматтық қоғамның жалпыға бірдей ортақ анықтамасы жоқ. Дегенмен әлемдік әлеуметтік-философиялық ғылымда бұл феноменді зерттеудің екі түрлі бабы бар. Біріншісі азаматтық қоғамды әлеуметтік әмбебап категория ретінде қарастырады. Бұл ұғынға олар мемлекетке, өкімет құрылымдарына қарама-қарсы қойылған қоғамдық қарым-қатынастардың бүкіл жиынтығын сыйғызады. Екіншілері азаматтық қоғам ұғымының мағынасына шынайы батыстық феноменді жатқызады да, оны буржуазиялық (нарықтық-демократиялық) қарым-қатынастардың қалыптасуымен байланыстырады. Азаматтық қоғам деп адамның жеке тұлғасының және бейресми, мемлекеттік емес қоғамдық ұйымдардың дамуына қолайлы жағдай туғызатын әлеуметтік тәртіп түрін айтады. Аталған мемлекеттік емес ұйымдардың іс-әрекеті арқылы ғана жеке адам социумның, әлеуметтің даму жолына әсерін тигізе алады. Сондықтан да азаматтық қоғамды коммуникациянын, қарым-қатынастың өзіндік ерекше формасы деп қарастырса да болғандай, себебі азаматтық қоғам арқылы мемлекет пен азамат арасындағы сұхбат жүзеге асады. Азаматтық қоғам өкімет, билік құрылымдарынан тысқары жатқан әлеуметтік байланысты танытады. Азаматтық қоғам аса дамыған экономикалык, мәдени, саяси, құқықтық қарым-қатынастар болуын талап етеді. Егер біз мемлекетті билік институты, бақылау және жазалау көзі ретінде қарастыратын болсақ, онда азаматтық қоғамды оған қарама-қарсы құрылым ретінде абсолютті еркіңдік — анархия деп түсіну дұрыс емес. Шындығында әлеуметтік біртұтастықты қалыптастыратын осы екі белік бірін-бірі толықтыра отырып емір сүреді. Мемлекетсіз азаматтық қоғам жоқ. Онсыз ретсіздік, тәртіпсіздік, хаос, ұйымдаспағандық, ыдырау ғана мүмкін. Және де, керісінше, дамымаған азаматтық қоғамсыз демократиялық, құқықтық мемлекет те жоқ, тек зорлық-зомбылық, басыбайлық, тирания ғана бар. Азаматтық қоғамның пайда болуын іс-әрекеттің субъектісі ретіндегі азаматтың пайда болуымен байланыстыратын көзқа-растар да жоқ емес. Азамат белгілі құқықтар мен міндеттерге ие болған іс-әрекет субъектісі. Азаматтық қоғамды осы түрғыдан түсіндірудің бастамасы антикалық полис феноменімен байланысты. Өзінің бастауын тану — адамзат болмысының маңызды құбылысы болып табылады. Бәрімізге белгілі, әрбір ұрпақ тарихты өзіне жаңаша ашады. Антика мәдениетіне байланысты жоғарыда айтқанымыздың туралығын дәлелдей аламыз. Ол үшін Ренессанс (Қайта өрлеу) дәуірін еске алсак жеткілікті. Грек-римдік көне антикалық мәдениеттің жетістіктеріне арқа сүйеген Ренессанс мәдениеті бүкіл Еуропаның болашағына тірек болған ұлы мәдени кезеңдердің біріне айналды.....
Азаматтық қоғам және құқықтық мемлекет туралы толып жатқан ой-пікірлер, әр түрлі теориялар бар. Бұл ой-пікірлердің, теориялардың көп болатын себептері тек қана мемлекеттің, қоғамның мазмұнының өте күрделі болуынан немесе олардың нысанының сан қырлы өзгеруінен емес, сонымен бірге азаматтық қоғам мен мемлекеттің саяси билікті жүргізуі және олардың іс әрекеті барлық таптардың, топтардың мүдде-мақсатына қатысты болуы. Тағы да бұл мәселе қоғамдағы әр түрлі идеологиямен, саяси партиялармен байланысты болуы. Құқықтық мемлекетті қалыптастыру, дамыту адам қоғамының көне заманнан негізгі мақсаты болды. Көне дәуірдің ойшылдары: Сократ, Демокрит, Платон, Аристотель, Цицерон құқық пен мемлекеттің өзара қатынасын инабаттылық, парасаттылық, әділеттілік жолмен дамуын армандады. Аристотель: «Заң үстемдігі болмаса демократия жоқ», – деді. Феодалдық дәуірде Н.Макиавелли, Ж.Боден т.б. саяси қайраткерлер құқықтық мемлекет орнату төңірегінде көп қиялданып, біраз пікірлер айтып кетті.....
ҚОЛХАТ, СЕНІМХАТ, КЕПІЛХАТ – белгілі бір құндылықтардың (құжат, мүлік, зат, ақша) алыс-берісін куәландыратын, азаматтық қарым-қатынастарды реттейтін ресми құжат түрі. Құжаттың бұл түрлері міндетті түрде мөрмен бекітіліп, құқықтық сипатқа ие болады.
ҚОЛХАТ - белгілі бір құндылықтардың (құжат, мүлік, зат, ақша) алынғанын куәландыратын және оны белгілі бір мерзімде қайтарып беретіндігін міндеттеп, азаматтық қарым-қатынастарды реттейтін ресми құжат түрі. Бұл бағасы төмен құндылықтарды уақытша пайдалану жағдайында рәсімделеді. Сондықтан қолхат негізінен мекемеішілік қатынастарда жиі қолданылады.
Қолхаттың мазмұндық-құрылымдық жүйесі: - құжаттың аты; - қолхат беруші туралы толық мәлімет (аты-жөні, мекен-жайы, жеке куәлік нөмірі); - қолхат алушы туралы толық мәлімет (аты-жөні, мекен-жайы, жеке куәлік нөмірі); - алынғат заттың атауы (егер ақша болса, көлемі санмен де, жазбаша да көрсетіледі); - қайтарылатын нақты уақыты; - қайтара алмаған жағдайдағы шарты; - қолхат жазылған күн; - тараптардың қолы; - мекеме мөрі.
Үлгі: Қолхат Мен ИИТ-02-17 тобының студенті Мәлік Нұршаұлы, университеттің қазақ тілінде оқу залынан уақытша пайдалану ушін «Қазақстан» энциклопедиясын (бағасы 1000 теңге) алдым. Кітапты бір аптада қайтарып беремін деп міндеттенемін. Жеке куәлік нөмірі ... 15 ақпан ,2003ж. (қолы)
Расписка Я, студент группы ИИТ-02-17 Малик Нуршаулы, взял в читальном зале «Қазак тілі» для временного пользования энциклопедию «Казахстан» (стоимостью 1000 теңге). Обязуюсь вернуть книгу в течении недели. Номер удостоверения личности. 15 февраля, 2003 г. (подпись)....
Азаматтық іс жүргізудегі тараптар іске қатысушы тұлғалар қатарына жатады. (АІЖК-нің 44-бабы). Жеке тұлға болсын, заңды тұлға болсын (кәсіпорын, мекеме, ұйымдар) өздеріне келтірілген зиянды сот арқылы өндіріп алуға хақысы бар.
Тараптар – сотта субьективтік құқықтары немесе заңмен қорғалатын жеке мүддесі туралы даулары қаралып және шешілуге тиіс іске қатысушы тұлғалар.
Тараптар деп талап қоюшы мен жауапкерді атайды. Талап қоюшы мен жауапкер ретінде жеке тұлғалар (ҚР-ның азаматы, шетел азаматы және азаматтығы жоқ адам) мен заңды тұлғалар (мекемелер, ұйымдар және кәсіпорындар) болып табылады.
Талап қоюшы – сотқа талап арыз беру арқылы өзінің субьективтік құқықтары мен заңмен қорғалатын мүддесін қорғаушы тұлға.Қазіргі азаматтық іс жүргізу заңында талап қоюшының азаматтық процеске қатысуының 2 негізі көрсетіледі:1-ден, талап қоюшы өз мүдделері және құқықтарын көздеп талап қою арқылы қатысады;2-ден, басқа тұлғалардың құқықтарын, бостандықтарын және заңмен қорғалатын мүдделерін қорғау үшін сотқа жүгінеді. Бірінші жағдайда талап қоюшы іс жүргізуін өзі бастайды, ал екінші жағдайда ол іске қатысуға соттан рұқсат сұрайды.
Жауапкер – талап қоюшының талабы бойынша сот алдында жауап беретін тұлға. Талап қоюшының айтуынша жауапкер оның субьективтік құқығын немесе заңмен қорғалатын мүддесін бұзып не дауға салып отыр. Талап қоюшы мен жауапкер – сотта қаралуға жататын даулы құқық қатынасының немесе заңмен қорғалатын мүдденің субьектілері.
Азаматтық іс жүргізуде тараптар ретінде қатысушы үшін азаматтық іс жүргізу құқық қабілеттілігі (АІЖК-нің 45-бабы) болуы тиіс, ал сотта өзінің іс жүргізу құқықтарын жүзеге асыру үшін азаматтық іс жүргізу құқықтарын жүзеге асыру үшін азаматтық іс жүргізу әрекет қабілеттілігі (АІЖК-нің 46-бабы) қажет.
Азаматтық іс жүргізу құқық қабілеттігі – азаматтық іс жүргізу құқықтары мен міндеттеріне ие болу қабілеттілігі, материалдық құқық субьектілері болып табылатын барлық азаматтар мен ұйымдар үшін бірдей дәрежеде танылады. Азаматтарға азаматтық іс жүргізу құқық қабілеттері туғаннан беріліп, өлгенде ғана тоқтатылады.
Азаматтық іс жүргізу әрекет қабілеттілігі – сотта құқықтарын өз іс-әрекетімен жүзеге асыру және міндеттерін орындау, іс жүргізуді өкілге тапсыру қабілеттігі. Заңды тұлғаның азаматтықіс жүргізу құқық қабілеттігі мен әрекет қабілеттігі мемлекеттік тіркеуден өткен кезде және оны куәландыратын сәйкесті құжат болғанда басталады. Азаматтардың іс жүргізу әрекет қабілеттілігі толық көлемде 18 жасқа толғаннан кейін ғана басталады. 16 жасқа толған ата-анасының рұқсатымен үйленген немесе шарт бойынша кәсіпкерлік іс-әрекетпен айналысатын болса оны толық ааматтық іс жүргізу әрекет қабілеті бар деп танимыз. 14-18 жасқа дейінгі кәмелетке толмағандардың, сондай-ақ әрекет қабілеті шектеулі деп танылған азаматтардың құқықтарын, бостандықтарын және заңмен қорғалатын мүдделерін сотта олардың ата-аналары немесе өзге де заңды өкілдері қорғайды, алайда, сот мұндай істерге кәмелетке толмағандардың немесе әркет қаббілеті шектеулі деп танылған азаматтардың өздерін тартуға міндетті. ....
Құқықтық қатынас - құқық нормаларымен реттелген, құрамында өзара алмасылып отыратын құқықтар және міндеттермен айшықталған құқық субъектілері арасында заңдық байланысы бар қоғамдық қатынастар. Азаматтық іс жүргізу қатынасы құқық қорғау қатынастарына жатады. Олардың пайда болуы, өзгертілуі және тоқтатылуы заңдық жағдаяттармен, заңдық маңызы бар нақтылы мән-жайлармен байланысты, олармен құқық нормасы азаматтық іс жүргізу құқық субъектілерінің іс жүргізу құқықтары мен іс жүргізу міндеттерінің пайда болуы, өзгертілуі және тоқтатылуын байланыстырады.Бұл қатынастардың ерекшеліктері мыналар:
- олар азаматтық іс жүргізу құқықтық нормаларымен тікелей белгіленген;
- ерекше субъективтік құрамы, яғни іске қатысушылардың құрамы;
- бірлігі мен біріктік;
- арақатынасында.
Азаматтық іс жүргізу қатынастары сотқа талап арыз, арыз және шағым берген кезде пайда боладьі. Азаматтық іс жүргізу құқықтары мен азаматтық іс жүргізу міндеттері азаматтық іс жүргізу қатынастарының мазмұнын құрайды. Азаматтық істерді қарап шешуде азаматтың іс жүргізу құқық қатынастарының мынандай түрлерін байқауға болады: негізгі, қосымша жэне қызметтік-көмек көр-сетушілік.
Негізгі іс жүргізу құқық қатынастары талап қоюмен іс жүргізу, ерекше талап қоюмен іс жүргізуде сот пен тараптар (талап қоюшы және жауапкер) арасында және ерекше іс жүргізуде сот пен арыз беруші арасында болады.
Қосымша іс жүргізу құқық қатынастары- іс бойынша қорытынды беру үшін прокурордың, мемлекеттік органның немесе жергілікті өзін-өзі басқару органның қатысуымен өткенде (АІЖК-тің 55, 57-баптары), сондай-ақ үшінші тұлғалардың қатысуымен өткенде (АІЖК-тің 52, 53-баптары) туындайды.
Қызметтік-көмек көрсетушілік іс жүргізу құқық қатынастары іс бойынша өз қызмет бабы бойынша көмек көрсету үшін аудармашының, сарапшының, куәлардың, қоғамдың өкілдердің қатысуымен өткенде туындайды.
Азаматтық іс жүргізу құқық қатынастарының ерекшелігі оның биліктік сипатында, яғни биліктік қатынастылығында. Азаматтық іс жүргізу құқық қатынастарының субъектілері - сот және өзге сот ісін жүргізуге қатысушысы билік және бағынушылық қатынаста болады. Оған дәлел ҚР Конституциясының сот билігін бекітуі.
Жоғарыда айтылғанның бәрі азаматтық іс жүргізу құқық қатынасының түсінігіне анықтама беруге болатынын білдіре. Сонымен азаматтық іс жүргізу құқық қатынасы - бұл субъективтік құқықтармен заңмен қорғалатын мүддені қорғау үшін сот пен өзге азаматтық процестің қатысушылары арасындағы азаматтық іс жүргізу құқық нормаларымен реттелген қоғамдық қатынастар ....
Азаматтық іс жүргізу бұл сот және басқа субьектілер арасындағы азаматтық іс қарау мен шешу кезіндегі құрылатын азаматтық іс жүргізу құқығының нормаларымен реттелген азаматтық іс жүргізу құқықтық қатынастар және процессуалдық әрекеттер жиынтығы. Іс жүргізудің басты мақсаты – бұзылған құқықты қалпына келтіру немесе заңмен қорғалатын мүддені қорғау болып табылады. Азаматтық іс жүргізу соттың, тараптардың (талап қоюшы мен жауапкер), басқа да процеске қатысушылардың (прокурор, өкілдер, сот хатшысы және т.б.) процессуалдық әрекеттерін, олардың іс жүргізу құқықтары мен міндеттерін жинақтайды. Сотқа басқа да қатысушыларға процеске қатысу мақсатына жету үшін заңмен белгіленген іс жүргізу құқықтары беріліп, соған сәйкес іс жүргізу міндеттері жүктеледі. Іс жүргізу құқықтар мен іс жүргізу міндеттер процесі барысында жүзеге асырылады.
Азаматтық іс жүргізудің нысанына тән белгілері
а) сот істерін қарау мен шешу тәртібі алдын ала азаматтық іс жүргізу құқықтық нормаларымен белгіленген;
б) істің аяқталуына мүдделі тұлғалардың сот мәжілісінде іс қарауына қатысуға құқығы бар және өз құқықтары мен мүдделерін қорғай алады;
в) сот шешімі іс бойынша сот отырысында дәлелдемелер арқылы анықталған деректерге сүйенуі қажет және ол заңға сәйкес болуы керек.
ҚР АІЖК-сі соттың қарауына жататын барлық азаматтық істерді төрт түрге бөледі
1) бұйрық бойынша іс жүргізу істері;
2) талап қоюмен іс жүргізу істері;
3) ерекше талап қобмен іс жүргізу істері;
4) ерекше іс жүргізу істері.
Азаматтық процестің сатылары мынадай мақсаттарға жетуге бағытталған процессуалдық әрекеттердің жиынтығы талап арызды(арызды, шағымды) қабылдау, сот қарауына істерді әзірлеу, сотта іс қарау, сот актілерін шығару және т.б....
Немістің ғұлама педагогі Адольф Дистервег ХІХ ғасырдың орта кезіндегі герман буржуазиялық-демократиялық педагогикасының көрнекті прогрессивті өкілі болып табылады. Ол шағын келген өндірістік қала Зиген Вестералияда чиновник-заңгердің жанұясында дүниеге келді. Дистервег оқыған орта мектепте догматикалық оқыту жүйесіне жеккөрушілікпен қарады. 1808 жылы ол Гербон университетіне оқуға түседі, онда математика, философия және история ғылымдарын оқып, одан кейін Тюбинген университетіне ауысып, 1811 жылы толық курсын бітірді және кейінірек философия докторы ғылыми дәрежесін алды. Студенттік кезінде Дистерверг Руссоның және Песталоццидің педагогикалық идеяларымен танысты, оның прогрессивтік педагогикалық көзқарасының қалыптасуына шешуші әсер еткен Франкфург-Майнадағы үлгілі мектепте 1813-1818 ж.ж. жұмыс еткен жылдары болды. Онда Песталоццидің шәкірттері мен ізбасарлары жұмыс істеді. Песталоццидің демократиялық көзқарасына қалай болса, солай қараған Гербарттан Дистервегтің айырмашылығы алдыңғы қатарлы швейцар педагогінің алдыңғы қатарлы әлеуметтік-педагогикалық көзқарасын өте қызу жақтаушылардың бірі болды. Бірнеше жылдан кейін мұғалімдер семинарларының біріне директор болып тағайындалған. Дистервег өзінің тәжірибесінің негізінде қайта қарай отырып, Песталоциидің дидактикалық қағидаларын бірізді насизаттай бастады. 1827 жылы Дистервег “Тәрбие және білім беру үшін Рейн бетшелері” атты демократиялық журнал шығара бастады. Онда 400 ден аса мақалалар жариялады. 1832 жылы Дистервег мұғалімдер семинариясының директоры болып, Берлинге ауыстырылды. Онда “Педагогикалық қоғамды” негіздеді. Дистервегтің неміс мұғалімдерін біріктірудегі қызметі осылай басталды. Оның осы қызметі, сонымен қатар оның дін мәселесіндегі еркіндігі (бірақ ол атеист болмады), қарапайым халықты қолдады пруссия өкіметі тарапынан Дистервегті қуғындауға себепші болды. Өзінің мақалаларында сол қоғамдағы байлармен кедейлердің қарама-қайшылығын көрсете білді және еңбекшілерді ізгіліктің және адамдарға деген сүйіспеншіліктің негізінде өзара көмектесу үшін бірігуге шақырды. Өзінің қызметі және “чиновниктерге сүйкімсіз” танылған мақалалары үшін Дистервегке сөгіс берілді. 1835 жылы өз тәжірибесін жинақтаған “Неміс мұғалімдерін ұйымдастыруға басшылық” атты көрнекті еңбегін жариялады. Бұл еңбек екі үлкен бөлімнен тұрады. Бірніші бөлімі педагогиканың жалпы мәселелері мен дидактиканың негізгі ережелеріне арналған, екінші бөлімі- жеке пәндерді оқыту әдістемесіне. Бұл бөлім белгілі неміс мұғалімдері әдіскерлерінің қатысуымен жазылды. Дистервегтің белгілі еңбегі көптеген жылдар бойы алдыңғы қатарлы неміс мұғалімдерін халыққа білім беру үшін күресте қаруландырды. Бұл кітаптан оның байқалған Дистервегтің көзқарасы ресми педагогиканың ұстанымымен сәйкес келмеді: ол өзбетімен ойлай білетін, белсенді азаматтарды тәрбиелеуді талап етті. Оның барлық кейінгі жарық көрген еңбектері (мақалалары, әдістемелік басшылықтары, халық мектебі үшін оқулықтары) ....
Бүгінгі археология, антропология ғылымдары діни сенім-наным жолдары мен жүйелерінің тым ерте дәуірлерден бері адамзаттың даму, өркендеу және кемелдену барысымен біте қайнаса жалғасып келе жатқанын дәлелдейді. Кейбір биохимия және генетика саласы ғалымдары (Rebecca Cann, Mark Stoneking, Douglas Wallace) дүниежүзінің көптеген аймақтарындағы адам нәсілдерінің генетикалық ерекшеліктерін салыстыра отырып, бүгінгі адамзаттың түр-тұқиянында бір атадан тарағаны туралы қорытынды жасаған. АҚШ-тағы Станфорд университеті профессорларынан Луиги Лука Кавалли-Сфорза (Luigi Luca Cavalli-Sforza) және әріптестері 40 жыл бойы дүниежүзіндегі 5 мыңдай тілді зерттей келе, оларды ірілі-ұсақты 17 топқа бөліп, түп негізінде барлық тілдер бір көне тілден тараған деген тұжырымға келген. АҚШ Коломбия университетінен Ральф Солеки (Ralph Solecki) Солтүстік Ирақтағы Шанидар (Shanidar) үңгірінде 1957 жылы жүргізген қазба жұмыстарында табылған заттар осыдан 60 мың жыл бұрын өмір сүрген неандерталь адамдарының діни нанымының болғандығын дәлелдеген (көбірек мәлімет үшін мына еңбекті оқыңыз: Roger Lewin, The Origin of Modern Humans, W.H. Freeman and Co., New York, 1993). Адамзаттың ойлау деңгейі биіктеген сайын, ғылым-білім саласындағы табыстар көбейіп, өркениет сатысы өрлеген сайын, діннің қоғам өміріндегі рөлі мен маңыздылығы да күшейе берген. Адам баласының дамуы мен діни сана-сезім және қатынастардың да дамуы бірге жүрген десек қате болмас. Көне Мысырдағы перғауындардың ел мен дінді қатар билеуі, Рим императорларының ең биік діни мәнсапқа ие болуы, Үндістанды билеген Ашоканың (м.б. ІІІ ғ.) буддизмді тарату жолындағы қанды жорықтары, христиандардың шармық (крест) жорықтары, пайғамбарлардың ғибратты өмірі зерттелгенде тарихтағы ең елеулі уақиғалардың басы қасында діннің жүргендігі байқалады. Алып мемлекеттердің күйреуі яки пайда болуы, төңкерістер, соғыстар, көштер көбінде не белгілі бір дінді жою үшін немесе белгілі бір дінді орнату яки тарату үшін жасалған. Осы соқтықпалы-соқпақты жолды бастан кешкен адам баласы діннің ең кәміл формасы ретінде исламға қол жеткізді. Миладтан кейінгі VII-ғасырда әз елші Мұхаммед Абдұллаһұлы (569-632) арқылы күллі адамзатқа жіберілген ислам діні Жаратушының жаратылғандарға жіберген ең соңғы һәм ең кәміл өмір сүру, ойлау, сезіну, ұйымдасу және даму жолын ұсынды... Адам баласы жаратылысындағы оң және теріс қабілеттері, күшті һәм әлсіз жақтары бойынша Жаратушының саф дініне қол сұға отырып, көпшілік жағдайларда дінді бұрмалап, дінге өзгерістер енгізіп, діннің бақилық сипатын фәнилендіріп, ізгілік пен бақытқа жеткізуші арнасын ауыстыруға талпынумен болды. Тарихта болған күрделі уақиғаларды терең зерттегенімізде есі сау адамға қорқынышты яки жиіркенішті көрінуге тиісті көптеген іс-амалдардың «дін үшін» немесе «діншіл» атанған топтың бастамасымен болғандығын көреміз....
Адамның тегі. Эволюциялық теория. Философиялық антропологияның негізгі мәселесі адамның шығуы мен қалыптасуы болып табылады. Антропологияның адамның шығу тегін зерттейтін саласы антропогенез (грек. antropos — адам, genesis — шығуы) деп аталады. Саналы адам (пото sapiens) осыдан 50 мың жылдай бұрын қалыптасты. Ол адамның тарихы Жер бетінде алғашқы тік жүруші адамдар пайда болған осыдан 1,5—2 млн жыл бұрынғы тарихтың койнауына кетеді. Бұл Шығыс Африкада бірнеше себептердің түйісулеріне байланысты орын алған. Бұл туралы ғалымдар арасындағы пікірталас осы уақытқа дейін жалғасып келеді. Бұлардың қатарларына климаттың, планетамыздың радиациялық фонының өзгеруі, жақын ғарыштың Жерге әсері болуы да мүмкін. Эволюциялық теорияның негізін қалаушы Чарльз Дарвин (1809— 1882 жж.) адамның ата-тегі мен жануарлардың дамуын айқындаушы факторлардың ортақтығына, адам мен приматтардың дене тұрпаттарының ұқсастығына баса назар аударған. Бірақ казіргі заманғы ғалымдар адамның дамуы мен қалыптасуына әсер еткен факторлар ретінде әлеуметтік және мәдени-тарихи тұрғыларға Дарвин көбірек маңыз береді. Соның өзінде де тұқым қуалаушылық ерекшелігіндегі биологиялық факторды ешкім жоққа шығармайды. Демек, адам эволюциясында табиғи және әлеуметтік-мәдени факторлар өзара әрекет етеді. Бұл үдеріс, шамасы, ұзаққа созылған болуы керек. Мұнда секірістер де, бір сарынды даму да болған. Адам тәріздес маймылдардың эволюциясында көптеген бағыттар тұйыққа тіреліп, олардың өкілдерінің (мысалы, неандертальдықтардың) жойылуымен аякталған. Философиялық антропология үшін эволюция үдерісінде адамның бас сүйегі мен ми көлемінің ұлғаюы маңызды айғақ болып саналады. Бұл көп жағдайларда жануар ақуызы бар азық-түліктерді тамаққа пайдалану нәтижесінде іске асқан. Ең алдымен, қабығы жаңа байланыстармен байып дамыған. Осылардың нәтижесінде сөйлеу, ойлау және еңбек әрекеттері үшін алғышарттар қалыптасқан. Сөйтіп, табиғи даму адамның аман қалуы мен жетілуінің түбегейлі жаңа, биология мен табиғаттан тыс төсілінің пайда болуы үшін негіз қалады. Бұл тәсілдің аты адам мәдениеті. Мұның мәнісі — ақпарат арналары арқылы адамдардың өзара қарым-қатынастарының тәсілдерін, әдет-ғұрыптарын, дәстүрлерін және сөзбен жететін нәрсенің барлығын беру болып табылады. Сөйтіп, адамда оның өмірі мен әрекетін қамтамасыз ететін екі арна бар: 1) биологияльщ дамудың негізінде жататын генетикалық; 2) адамның ерекшеліктерін білдіретін мәдени-лингвистикалық. Адамның еңбекке, өндіруге қабілеттілігі сияқты маңызды ерекшелік сипатына осы екіншісі себепкер болып, адам қоғамының шығуына тікелей әсер етеді. Бұл «еңбек теориясында» кеңінен түсіндіріледі. ....