Құқық | Азаматтық қоғам

Құқық | Азаматтық қоғам

Азаматтық қоғам

Антикалық дәуірдің адамзат мәдениетіне берген мұрасы ұшан-теңіз. Біріншіден, антикалық өркениет заңдылық пен мемлекеттіліктің толық жүйесін қалыптастырды. Екіншіден, адамның жеке басының еркіндігі қоғамның дамуы мен өзгеруінің қажетті алғышарты екендігіне көз жеткізді. Адамның жеке басының ерік-бостандығын антикалық қоғам тікелей полиспен байланысты қарастырады.
Полис (гректің «роlis» — қала) — антикалық әлемдегі қоғамның өзіндік әлеуметтік-экономикалық және саяси ұйымдастырылуының формасы. Полисті мағыналық тұрғыдан қала — мемлекет, яғни езі бір қала бола тұра жеке мемлекет болу мүмкіншілігі бар ерекше феномен ретінде де қарастыруға болады.
Бастапқыда полис деп ауылшаруашылық бірлестігін айтатын болса, кейінірек қалаға жалғасып жатқан территорияларды бірге қоса қаланың өзін де айтатын болған. Қала маңындағы жерлердің бәрі сол қаланың ерікті азаматтарының иелігі болып табылады да, жер иеленуші азаматтар қолөнершілермен, құлдармен қатар сол қаланың тұрғындарын қалыптастырды.
Полис — қолөнердің ауыл шаруашылығынан бөлініп, сауда-тауар қарым-қатынастарының қарқынды даму барысында пайда болған азаматтардың кішігірім бірлестігі. Экономикалық даму сипатына қарай полистер: аграрлы (мысалы, Спарта), аграрлы-қолөнерлі (Афины) және сауда-қолөнерлі (Коринф) болып бөлінеді.
Көнегрек қаласының өзіндік заңдары, мемлекет органдары және толық егемендігі болды. Әрбір қала басқа қалалармен терезесі тепе-тең, бірдей жағдайда өмір сүрді.
Полистің біртуарлығы және оның тарихи мәні полистің адамзаттың жалпы тарихы барысында қол жеткізген азаматтық қоғам үлгісі болып табылатындығында, яғни полистің бойынан азаматтық қоғамға тән материалдық және рухани құндылықтардың бар жиынтығын кездестіретіндігімізде.
Ендеше, кенегрек полисі феноменін толық қарастыруымызға себеп болып отырған нәрсе сол полистің азаматтық қоғам үшін бай эксперименталды негіз болғандығы. Сондықтан да «полис» ұғымын семантикалык тұрғыдан «азаматтық қоғам» деуге де болады.
Аристотельдің аты әйгілі «Политика» шығармасы полисті еркін және тең құқықты азаматтардың араласуы деп түсіңдірудің теоретикалық негізін қалаған шығарма. Аристотельдің анықтауы бойынша адам табиғатынан «саяси жануар» жене сондықтан да ол өзін шынайы түрде саяси қарым-қатынаста ғана жүзеге асыра алады. Адамзаттың алғашқы ұстазының айтуы бойынша кез келген адам (мысалы, құлдар) және кез келген халықтар (мысалы, варварлар) саяси даму деңгейіне жете қойған жоқ. Саяси даму деңгейі адами дамудың бірден бір шыңы ретінде қарастырылады. Полистен тысқары өмір сүретін адам бірден заң мен құқықтан тысқары деп танылды да, екінші сортты, жарамсыз адам қатарына итеріліп тасталды. Мүмкін сондықтан болар. Сократ дананың полистен қуылудан гері, яғни ерікті азаматтылық игіліктерінен шеттетілуден гөрі өлімді өзіне дұрыс деп таңдап алу себебі.
Антикалық әлемнің азаматтық қауымдастығының саяси өмірі әрбір азаматтың полистің маңызды-маңызды мәселелерімен тікелей айналысуын талап етті, яғни өзін-өзі басқарумен айналысты. Қала-мемлекет өкімет органдарының сайланбалы құрылымын қалыптастырған болатын.
Антикалық полисте азамат, азаматтық қоғам деалдары толығымен жүзеге асты деуге болады. Азамат идеясы өз бойына төмендегідей қасиеттерді сыйдырады: өзін азаматтық қоғам мүшесі ретінде сезіну және содан туыңдап жатқан кұқықтар мен міндеттерді түйсіну; азаматтық борышты ұғыну, өзін әлеуметтік біртұтастыққа қатысты деп білу; азамат үшін оның бойындағы азаматтық игіліктерді қауымдастарының толық мойындауы; азаматтық ізгіліктерді тұлғаның ең жоғары өмірлік мәні бар құндылықтар деп тануы.
Платон мен мың аристотельдің ізденістерінен кейін азаматтық қоғам мәселесі философиялық мәтіндерден екі мың жылға жуық уақыт шамасында көрінбей кетеді. Тек қана Реформация дәуірінен бастап тұлғаның еркі мен құқықтары туралы, азамат туралы сұрақ қайтадан әлеуметтік-философиялық трактаттардан орын ала бастайды. Ол тұлғаны қайта танып, адамды діни біртұтастық ырқынан босату (эмансилациялау) негізінде мүмкін бола бастады. Жаңа заман ойшылдары жеке тұлға идеясын ашып, сонымен қатар жеке адам мен қоғам, азаматтық қоғам мен мемлекет арасындағы мәңгілік антиномияны көрсете білді. Расында да XVIII ғасырға дейін азаматтық қоғам мемлекетке қарсы қойылмақ тұрмақ сол мемлекеттің өзінің аясында ғана қарастырылып келген болатын.
XVII ғасырдың екінші жартысынан бастап каиталистік жүйенің танымал атрибуттері: жекеменшік, нарықтық экономика, демократия, құқықтық мемлекет қалыптасты. Өз ретінде бұл факторлардың бәрі де адам социумының өзіндік бір бөлшегі ретіңдегі азаматтық қоғам туралы жаңа идеяның дамуына игі ықпал етті.
Азаматтық қоғамның концептуализациялануы үшін мемлекет пен оған қарсы қойылған индивидтердің өзін өзі құрастыруының ерекшеліктерін пайымдау қажеттілігі туды. Бұл мәселелер көбінде табиғи құқық мектебінің дәстүрі арқылы — Гуго Гроций, Томас Гоббс, Джон Локк, Жан-Жак Руссо еңбектері арқылы нақтыланған болатын. Нәтижесінде қарастырып отырған концептіміз, ұғымымыз («азаматтық қоғам») тарихи даму барысында байытылды.
Азаматтық қоғамды сараптаудың бұл дәстүрі бойынша қоғам адамзаттың табиғи күй кешкен уақытында да кездеседі деп табылады. Мемлекет деп қоғамның табиғи, азаматтық күйге дейінгі жағдайынан қоғамдық келісім-шарт жасасу нәтижесінде пайда болған құрылымды айтады. Осы айтылған арнада өз концепцияларын жасағандар қатарына Ж.Ж. Руссо, Т. Гоббс, Дж. Локкты жатқызуға болады.
Қоғамдық келісім-шарт теориясы кез-келген қоғамның пайда болуын тілге тиек етпейді, нақты алғанда, құқықтық мемлекет ретінде саяси тұрғыдан құрылымдық тұр өзгешелікке ие болған азаматтық қоғамды анықтаудың мазмұны парадигмасын көлденең тартады. Қоғамдық келісім-шарт мемлекетпен салыстырғанда алғашқырақ, ертерек пайда болатын дүние, өйткені ол билеушілер мен бағыныштылар арасында емес, тепе-тең, ерікті азаматтар арасында жасалады. Мұнда қоғамдық келісім-шарттың негізі ретінде тек жеке тұлғаның табиғи құқыктары ғана ескеріледі. Осы мәселе төңірегінде маңызды еңбектер жариялағандар Т. Гоббс, Дж. Локк, Ж.-Ж. Руссо еді.
Одан кейінгі кезеңде батыстық қоғамтануда азаматтық қоғам мәселесіне ден қойған шама XX ғасырдың 70-ші — 80-ші жылдары. Оған себепкершілік еткен әлемдік тарихтағы күрт өзгерістердің орын алуы болды. Шығысеуропалық елдерде, КСРО-да тоталитарлық жүйенің күйреуі азаматтық қоғам мәселесін өзекті етті. Ол түсінікті де, өйткені азаматтық қоғам либералды демократия аймағын кеңейтудің құралы болып табылады.
Азаматтық қоғам құқықтық мемлекетпен тығыз байланысты, өйткені азаматтық қоғамның мемлекетке қояр бірден бір талабы да сол — мемлекеттің өрбір жеке тұлғасының заң арқылы қорғалуы, әлеуметтік шындықтың, әділеттіліктің қамтамасыз етілуін кұқықтық тәсілдермен даярлау.
Азаматтық коғам мен құқықтық мемлекет бірінің бірі болуын мүмкін ететін құрылымдар, себебі олардың екеуі де жеке меншікке және еркін нарыққа негізделген айрықша экономика типіне тиесілі. Олардың анықтауыш қасиеттерінің негізгісі ол екеуінің де — азаматтық қоғамның да, құқықтық мемлекеттің де зайырлылық, заңдылық принциптеріне сүйенетіндігінде.
Азаматтық қоғамның негізгі белгілеріне, айрықша сипаттамаларына мыналарды жатқызуға болады:
• 1. Азаматтық қоғам ірі көсіпорындары қарқынды дамыған, ғылыми-техникалық негізі және әлеуметтік инфраструктурасы қалыптасқан индустриалды қоғам.
• 2. Азаматтық қоғамның экономикалық сүйемелі ретінде жеке меншік пен басы бос, тәуелсіз субъектілердің еркін іскерлік шығармашылығын алуға болады.
• 3. Азаматтық қоғам өзінің саяси көрсеткіштері бойынша демократиялық жүйе болып табылады. Онда билікті бөлісу, көппартиялық, құқық приматы қалыптасуы тиіс.
• 4. Азаматтық қоғамның рухани-идеологиялық негізінде идеялар мен көзқарастардың плюрализмі, төзімділік (толеранттық), рационалдылық және гуманизм жатыр.
• 5. Күрделі жіктелінген және стратификацияланған азаматтық қоғамның әлеуметтік базасын орташа тап құрайды.
Демократия
XX ғасырдағы өркениеттілік ізденістердің бір сабағына мәдениет пен демократияның ішкі қисындылығы туралы идея жатады. Кейбір қазіргі либерализмнің өкілдерінің демократия өзіне өзі мақсат емес, ол адамдық ынтымақтастық пен бірге өмір сүрудің тиімді түрлерін нығайтуға бағытталған утилитарлық құрал болып табылады, кейде «тарихта мәдениет пен руханилықтың өрлеу дәуірі демократиялық емес, керісінше авторитарлық басқару кезендеріне сәйкес келеді» (Хайек Ф. Пагубная самонадеянность. — М., 1992. — С. 45) десе де, шынтуайтқа келгенде, демократия мен мәдениет іштей байланысты болады. Мәдениет адамның болмыстық тәсілі болса, осы болмыстың мәнді сипаттамасына бостандық жатады. Демократия — осы бостандыктың жүзеге асу тәсілі. Демократияға деген ұмтылыс тек батыстық мәдениеттің феноменіне жатпайды, ол әмбебапты құбылыс және бүкіл адамзатгың еріктілік пен өзін өзі басқаруына апаратын сара жолға жатады.
Демократияның мәнісін А. Линкольн мынадай бір әсерлі формада түсіндіріп өтті: «Демократия дегеніміз халық үшін халықтың өзі іске асыратын халық басқаруы». Демократия, басқа жағынан алғанда, полиархия түрінде қарастырылады, яғни ол саяси процестерге азаматтардың толыққанды араласуына мүмкіндік беретін, қоғамның неғұрлым көп бөлігіне азаматтық құқықтарды барынша мол беретін билік жүйесі ретінде анықталады.
Демократиялық саяси үлгіні орнатуға бағытталған саяси белсенділік, өзінің өту жағдайлары (экономикалық, саяси, әлеуметтік, рухани) бойынша да, қойылған мақсаттарының ауқымдылығы жағынан да саяси қатынастың күрделі түріне жатады. Демократиялық қоғамға бағытталған қозғалыс барысында кейбір елдер бірден тоталитарлық дағдылардан арыла алмай «рационалды авторитаризм» сатысынан да өтуі мүмкін, бұл демократиялық режим қалыптасуының күрделілігін көрсетеді.
Қазақстан сияқты көп құрылымды мемлекетте полиархияны орнықтықтыру күрделі болғанымен, өз шешімін таба алады. Осындай қоғамда қалыптасып келе жатқан демократия мынадай негізгі алғышарттарын назардан шығармауы тиіс:
— мемлекеттік басқарудағы «үлкен коалициялар»;
— өзара вето салу мүмкіндігі;
— саяси топтардың мемлекет билігіндегі үлесін сақтау;
— жергілікті құрылымдардың автономиясы.
Өз мәнісі бойынша осындай демократияны «либералдық демократияның» баламасы ретінде қарастыруға болады. Ортега-и-Гассет мынадай түйін айтады: «Бірге өмір сүруге барынша икемділік танытатын, әлеуметтік пен қоғамдылықты сақтайтын саяси формаға либералдық демократия жатады. Ол басқа адамдардың пікірмен есептесуге негізделген және «тікелей емес әрекеттің» түпкі үлгісі болып табылады» (Ортега-и-Гассет. Восстание масс//Вопросы философии. — М., 1989. - № 3).
Сонымен, қазақстандық қоғамда «бірлескен-әлеуметтік демократияны» («полиархияны», «либералдық демократияны») орнатуға ұмтылу, мемлекеттіліктің «этнократиялық үлгісінен» бас тарту, өркениеттілік пен гуманизмге қадам жасаудың кепілі болып табылады. Ол бұрынғыдан келе жатқан тоталитарлық қалдықтардан әлі толық арылмағанымен және неше түрлі күрделі соқпақтардан ететіндігімен, өзінің түпкі бағытында саяси процестердің өркениетгі жолымен дамуына негіз бола алады.
«Демократиялық мемлекет» моделі тек саяси билік пен азаматтық қоғам арасындағы кері байланыстардың жүйесін талап етпейді (осындай жүйе билік пен демостың бір-бірінен әлеуметтік жатсынған жағдайындағы құрылымда да әрекет етуі мүмкін), ол сонымен бірге саяси билік институттарының әрекет етуінде барлық әлеуметтік топтар мүдделерінің ескерілуін де қажет етеді жөне олардың билік ұжымдарының өкілеттілігін қорғап отырады. Осындай өкілеттілік халықтың сайлаған адамдарының міндетті түрде теориялық арнаулы дайындалған сарапшылар немесе мамандар болғанымен шектелмей, билік құрылымдарын қалыптастыруды демократиялық жолмен өткізу арқылы жүзеге асады. Азаматтар мүдделерін білдіру және қорғау құқығы, депутаттарда арнаулы білімдер жүйесінің барлығымен ғана немесе олардың әкімшілдік-бюрократиялық элита жасаған формалды талаптарға сәйкес келетіндігімен емес, репрезентативті демократияның саяси-ұйымдастыру принциптерімен негізделуі қажет.
Нарық
Демократиялық қоғам тарихи жағынан нарықтық қатынастардың енуімен жалпылама сипатқа ие бола бастады. Мәдениеттін, демократияның, нарықтың арақатынастарын қарастырайық.
Мәдениет пен нарықтың арақатынасы туралы әртүрлі, кей-де бір-біріне қарама-қарсы көзқарастар бар. Алайда бір нәрсені анық айта аламыз: адамзат әлі күнге дейін адамдық әрекетті ынталандыру мен қоғамдық байлықты бөлудің нарықтан жетілген тәсілін ойлап тапқан жоқ.
Нарықтық шаруашылыққа негізделген үлгілердің бір артықшылдыын қоғамдағы экономикалық әрекеттерді, бір жағынан, тұтынушылардың сұраныстарына сәйкес бағыттап, екінші жағынан, тауар дефицитін барған сайын өрістететін бәсекелестік пен еңбек өнімділігін арттыру арқылы жүзеге тиімді және рационалды шаруашылық процестері нәтижесінде қысқарту деп пайымдауға болады. «Әлеуметгік нарық экономикасы» атты кітабыңда X. Ламперт нарықтың төмендегідей приоритеттерін атап өтеді:
— еркін баға жүйесі ең төмен шығындарға негізделген және осы арқылы өңдіріс құралдарын тиімді түрде қолданатын осыған дейін белгілі өндірістік қатынастардың арасындағы нағыз ұтымдысы болып табылады;
— өз шешімін қабылдауда автономды және ерікті болып табылатын кәсіпкерлер шығынды аз жұмсайтын өндіріс тәсілдерін қолданып, өзгермелі сұраныс жағдайында жылдам әрекет ете алады және өз әрекеттерінің тиімділігін қашан да естен шығармаңды, керісінше, мемлекеттік экономикалық басқаруды жүзеге асыратын құрылымдар көптеген жағдайда динамикасыз, бюрократиялық машиналардың тетігіне айналып, дұрыс әрі тиімді шешімдер қабылдай алмайды және олар өндірістің жағдайымен кәсіпкерлерге қарағанда формалды түрде ғана таныс болып келеді;
— әкімшілік экономикасының үлгісіне қарағанда нарықтық шаруашылық моделі жеке белсенділік пен іскерліктің толыққанды, шығармашыл және еркін жүзеге асуына көбірек мүмкіндік береді;
Нарық — бұл демократиялық құрал, онда әрбір тұтынушының дауыс құқығы бар. Мемлекеттік артықшылықтар, жеңілдіктер, коррупция және тыйымдармен шектелмеген нарық жүйесінде байлыққа жетудің бірден бір жолы бар. Ол — тұтынушылардың талап-мұқтаждарын дер кезінде аңғарып, оларды етеу мақсатында тынбай еңбек ету.
Мәдениет нарықтық қоғамда оның әрекеттік принциптерінен тыс тұра алмайды, тіпті мәдениеттің өзі тауарға айналып кетуі мүмкін. Құндылықтың нарықтық ұғымы, айырбас құндылығының тұтынушы құндылықтан жоғары болуы, құндылықтың осыған ұқсас адамға қатысты, айталық адамның өзін өзі бағалауына байланысты қғымының пайда болуына әкеліп соқты. Өзін әзі тауар, ал өзіндік құндылық айырбасқа қатысты есептейтін мінез-құлық бағдарын нарықтық адам бағдары деп сараптайды. Соңғы жылдары «тұлғалық базар» деп аталатын әлеуметтік құбылыс қалыптасқан. ....


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру