Әдебиет | ХІХ ғасырдың жарқын жұлдыздары Шоқан Ыбырай Абай

ХІХ ғасырдың жарқын жұлдыздары – Шоқан, Ыбырай, Абай салған ағартушылық – демократтық бағытты ілгері жалғастырушы, жаңа буынның төл басы, дарынды ақын, ірі ғалым, әрі журналист Ахмет Байтұрсынов 1873 жылы 28 қаңтарда бұрынғы Торғай облысы, Жангелдин ауданы, Сарытүбек деген жерде дүниеге келген. Әкесі Байтұрсын Шошақұлы еліне беделді , намысқор, қайрат иесі болған. Өз тұсындағы әділетсіз ел билеушілердің зорлығына қарсы тұрған. Ел-жұртына қиянат жасаған Торғай уезі Яковлевті соққыға жыққан. Ақыры, іс насырға шауып, Байтұрсын інісі Ақтаспен Сібірге 15-жылға жер аударылады. Бұл оқиға 13 жасар, Ахметтің жүрегіне үлкен жара салған.
Ауыл молдасынан хат таныған Ахмет 1886-1891 жылдары Торғай қаласындағы екі сыныптық мектепте, 1891-1895 жылдары Орынбордағы мұғалімдер даярлайтын мектепте оқиды. Одан әрі оқуды жалғастыруға мүмкіндігі болмайды, өздігінен оқып, білімін жетілдіреді. 1895-1909 жылдар арасында Ахмет Ақтөбе, Қостанай, Қарқаралы уездеріндегі ауылдық, болыстық және екі сыныптық училищеде бала оқытады.
Осы кезде қазақ жеріне орыс шаруаларының көптеген көшіп келуі жергілікті халықтың тілін, мәдениетін елдігін сақтап қалу мәселесін күн тәртібіне қояды. Тіл құрыса, халық та құриды. Ұлт атымыз өшпесін десек, қазақ әдебиеті мен тілін өркендетуді қолға алу керек деп ойлайды Ахмет.Осы ойын іске асыруға кіріседі. Осы жолдағы ізденістерін ол 1896 жылы А. Алекторовқа жолығудан бастайды. Алекторов бұл кезде Омбыда отырып, Ақмола, Семей болыстарының оқу жүйесін басқарып тұратын болатын. Онымен Ахмет қазақ даласында бала оқыту жайы туралы кеңеседі. Ахмет орыс оқымыстыларының миссионерлік мақсатын , олардың қазақтарды орысша оқыту арқылы орыстандыру саясатын көздейтінін түсінеді. Осыдан секем алады.Қазақты өнер-білімге жетектеу өзгелердің емес, өзі тектес оқығандардың парызы деп түйеді. Алекторовтан алған екінші әсері- Ахметтің білім мен өнер жолындағы ой пікірінің кеңейе түсуі еді. Қазақ тарихы мен фольклорынан аса бағалы материал жинап, зерттеген Алекторов Ахметтің көп көмескі түсініктерің айқындап алуына, алдына жаңа мақсаттар қоюына елеулі әсерін тигізеді.
Ағартушылық жолға түсіп, «қайтсем,халқыма пайдамды тигізем, қалай көзім ашам, ұйқысынан қалай оятам» деген мақсат Ахметті әдебиетке алып келеді. Ол әдебиетті халыққа ықпал етер күш санайды. Осы мақсатпен өлеңдер шығарады, И.А. Крылов мысалдарын аударып, сол үлгіде өзі де мысалдар жазады. Оның 1909 жылы Петербургте «Қырық мысал» деген кітабы, 1911 жылы Орынборда «Маса» деген өлендер жинағы басылады. Ахметтің Орынборға келгеннен кейінгі қызметі өте күрделі, әрі өнімді болған. Оның қоғамдық ой-пікірлері 1913 жылы 2-ші ақпанда шыға бастады, өзі ұйымдастырған «Қазақ» газетінде жариялана бастайды. Ол «Қазақ» газетінде патша үкіметі орындарынын құлағына жақпайтын мақалалар да жариялап отырған. Ол үшін талай рет ақшалай айып салынып, Ахмет түрмеге жабылған.
1925-1931 жылдар ішінде Қазақстанды басқарған Ф.И. Голошекин Қазақстан кеңестік өзгерістерден тыс қалған деп санап, онда «Кіші Октябрь» төнкерісін жүргізу саясаты ұстанды. Елдегі байлық пен малды тәркілеу жұмысын жүргізді. Халықты ашаршылыққа ұшыратты. Қазақ зиялыларының көпшілігі оны қолдаған жоқ. Голошекин өзіне қарсылық білдіргендерді «ұлтшыл» деп жариялап, олардың көзін жоды қолға алды. А. Байтұрсынов қара тізімге ілінген отыз адамның басы болып, 1929 жылы 2 маусымда тұтқынға алынды, жер аударылды. Азапты қуғын-сүргінен 1934 жылы қазанда ғана оралған ол 1937 жылы 8 қазан күні қайта ұсталып, 8 желтоқсанда атылды.
Менің мақсатым алдағы уақытта Ахмет Байтұрсынов туралы оқып, танысып, Ахмет Байтұрсыновты мысалшы деп тану, және оны басқаларға үлгі етіп, оның шығармаларын мұраға қалдыру. ....
Рефераттар
Толық

Педагогика | ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың басындағы Ресейдегі мектеп пен педагогика

Ұлы октябрь социалистік революциясы елді шын мәніндегі мәдени революцияны жүргізудің жағдайларын жасады,үстем таптың білім алудағы артықшылықтарын жойды,мектепті шіркеуден айырды,еңбекшілердің балаларын білім беру ісіне кеңінен қамтудың қажетті шараларын қабылдап,комунистік қоғам орнату мақсаттарына сай келетін жаңа жасауға кірісті.
Совет мемлекеті жаңа мектеп жасау ісінде педагогикалық ғылымның орасан зор роль атқаруға тиіс болатынын түсіне отырып ,оның дамуына қамқорлық жасады.Совет педагогикасының қалыптасып дамуы,лениндік идеялардың ықпалымен В.И.Лениннің тікелей араласып, белсене қатысуымен жүріп отырды. Сондай-ақ Ф.Э. Дзержинский,С.М.Киров,М.И.Калинин еңбектерінің зор маңызы болды.
Совет мектебін құруда, советтік педагогиканың негізін қалаудааса көрнекті роль атқарған А.В. Лунагарский, М.П. Порковский, және Н.К. Крупская сияқты халыққа білім беру ісінің ұйымдастырушылары В.И. Лениннің тікелей басшылығымен жұмыс істеді.
Н.К. Крупская октябрьге дейінгі дәірдің өзінде-ақ өзінің талантты педагог-марксист екенін көрсетті. Оның «халыққа білім беру және демократия » деп аталатын кітабы педагогикалық теориясын тарихи жөніндегі тұңғыш марксистік еңбек болды . Ұлы октябрь социалистік революциясынан кейін-ақ Крупская бірден мектеп жұмысымен, мектептен тыс мекемелер, балалар және жасөспірімдер қозғалысын ұйымдастыру жұмысымен тікелей айналыса бастады.
Совет педагогикасы біршама жас ғылым болып табылады, бірақ ол өзінің алдында өткен педагогикалық жүйелерден түбірінен өзгеше әрі дүниежүзілік педагогикалық ғылымның дамуындағы жаңа кезең болып табылады.
Совет педагогикасы қоғамымыздың даму заңдарын еске ала отырып комунистік тәрбие мәселесін қоғаммының өмірімен тығыз байланыстыра отырып ғылыми нағыз талдау жасауға бағыттайтын жанды, твочествалық ұғымды ілімді, миллиондаған адамдар ілімі – марксизм-ленинизмнің мызғымас берік іргетасы негізінде құралады. Мұның өзі совет педагогикасын комунистік тәрбие перспективаларын нақтырақ белгілеуіне мүмкіндік береді.....
Рефераттар
Толық

Экономика | ХІХ ғ-ХХсоңындағы Батыс Еуропа елдері Әлеуметтік экономикалық дамуы

1815-1848 жылдары герман мемлекеттерінде капиталистік қатынастар қарқынды дамыды. Пруссияда помещиктік шаруашылық буржуазиялық –юнкерлік шаруашылыққа айнала бастады. Батыс және Оңтүстік-батыс Германияда ірі шаруашылықтардың пайда болуы және шаруалардың кедейленуі кең ауқым алды.
Жеке мемлекеттердің экономикалық бірігуінде 1834 жылы Пруссияның ынтасы бойынша құрылған Неміс кеден одағының зор маңызы болды. Неміс мемлекеттерінде өнеркәсіптік төңкеріс кең орын алып, темір-жолдар салынды, тау-кен және металлургиялық өнеркәсіп өсті. Машина жасау және тоқыма өнеркәсібі дамыды.
Германияның бірігуі. Пруссия Сардиния корольдігіне қарағанда, ХІХ ғасырдың ортасына қараай ұлы дәрежесі бойынша соңында болды. ХІХ ғасырдың басындағы әскери реформаның нәтижесінде күшті әскер құрылып, Пруссия ұлы державалар қатарына қосыла алды және басқа герман мемлекеттерінің есебінен өз аумағын ұлғайтты. Пруссияның құрамына табиғи ресурстары бай Германияның дамыған аумақтары кірді. Пруссия аумағына өзге герман мемлекеттері сыналай кіріп жатқандықтан, Пруссия жалпыгермандық істерге араласуға мәжбүр болды.
Пруссия неміс тұрғындары мекен еткен протестанттық мемлекет болды. Неміс ұлттық қозғалысын жақтаушылар Пруссияның Германияны біріктіру әрекеттеріне үлкен үміт артты.
Король ІV Фридрих Вильгельм науқастанып, өз өкілеттігін ағасы І Вильгельмге бергеннен кейін Пруссия ішкі германдық істермен айналыса бастады. Оны толғандырған басты мәселе Австрияны әлсірету және барлық герман мемлекеттерін Пруссия маңына біріктіру болды. 1862 жылы жаңа король өзінің бірінші министрі етіп 47 жастағы Отто фон Бисмаркті тағайындады.
ХІХ ғасыр басындағы реформалар пруссия әскерін жалпыхалықтық әскерге айналдырды. Бисмарк әскерге баса көңіл бөлді. Бисмарктің және оның көмекшілері - әскери министр Альбрехт фон Роонның және Бас штаб басшысы гельмут фон Мольткенің арқасында пруссиялық әскер Еуропадағы ең күшті әскердің біріне айналды.
1864 жылғы Пруссия мен Австрияның Данияға қарсы соғысы Австрияның талқандалуына бастама болды. Дания мемлекетінің құрамында немістер тұратын екі провинция –Шлезвиг және Гольштейн болатын. Дания бұл соғыста жеңіліске ұшырағаннан кейін Пруссия Шлезвигті, ал Австрия Гольштейнді басқару билігін иемденді.
Даниямен соғыс аяқталғаннан кейін, Бисмарк провинцияларды басқару жөніндегі келісімді бұзды деп Австрияны айыптай бастады. Пруссия Герман одағының қарауына Одақты қайта ұйымдастыру жоспарын ұсынды. Жоспарға сәйкес, Австрия одақтан шығарылатын болды. Герман одағының жалпы әскері және жалпы дауыс беру негізінде сайланатын парламент – рехстаг құрылды. Австрия Пруссияның әрекеттерін айыптады. Жауап ретінде Пруссия Герман одағынан өз еркімен шықты және герман мемлекеттерінің өз жағына шығуын талап етті. 1866 жылы сәуірде Пруссия Италиямен австрияға қарсы әскери одақ құру туралы шарт жасасты.....
Рефераттар
Толық

Тарих | ХҮІІІ-ХІХ ғасырдағы Герман мемлекеті

ХІ ғасырда барлық жердегі сияқты Германияда да шаруашылық дами бастады. Қалалар өсті, соның ішіндегі ең ірілері тұтас өлкенің қыстақтары мен шағын қалашықтарын өзіне тарта бастады. Дегенмен Германияның бірде-бір ірі қаласы Франциядағы Париждей немесе Англиядағы Лондондай бүкіл елге орталық бола алмады. Мұнда ірі қалалар өзара емес , көбінесе басқа елдермен сауда жасады. Сондықтан да немістің қала тұрғындары Англияның немесе Францияның қала халқы сияқты біртұтас мемлекет құруға оншалықты ұмтылған жоқ.
Басқа елдерде ұсақ және орташа феодалдар корольдің тірегі болып отырғанда, Германия князьдерге тәуелді болды. Олар бұл жерде орталық үкіметке сенімді тірек бола алмады. Өйткені өте әлсіз еді.
Германияны біріктіру жергілікті орталықтардың айналасында жүріп жатты. Мұнда біртұтас орталықтандырылған мемлекеттің орнына корольге тәуелсіз князьдердің басқаруымен көптеген мемлекеттер пайда болды.
1815-1848 жылдары герман мемлекеттеріде капиталистік қатынастар қарқынды дамыды. Пруссияда шаруашылық буржуазиялық-юнкерлік шаруашылыққа айнала бастады. Батыс және Оңтүстік-батыс Германияда ірі шаруашылықтардың пайда болуы және шаруалардың кедейленуі кең ауқым алды.
Жеке мемлекеттердің экономикалық бірігуіне 1834 жылы Пруссияның ынтасы бойынша құрылған Неміс кеден одағының зор маңызы болда. Неміс мемлекеттерінде өнеркәсіптік төңкеріс кең етек алып, теміржолдар салынды, тау-кен және металлургиялық өнеркәсіп өсті. Машина жасау және тоқыма өнеркәсібі дамыды.
Қалардың өсуімен бірге ауылшаруашылығының табысы артты. Қалаларға апарып нан мен етті, сондай-ақ жүн мен зығырды тиімді сатуға болар еді. Өз шаруашылығында өнімді көбірек алу үшін феодалдар шаруалар иеліктерін қысқартып, мырзалар егістіктерін кеңейте берді. Олар қауымдық жерлерді басып алды, шаруаларға рманнан қу ағаштарды жинауға, өзендер мен тоғандардан балық аулауға , жайылымдарға мал бағуға тыйым салды. Жер иесі қайтыс болған шаруаның қора-қопсысын оның екі-үш ұлына бөліп беріп, содан соң оның әрқайсысынан әкелері төлеп келгендей төлемді талап еткен жағдайлар да болды. ....
Рефераттар
Толық

Тарих | ХХ ғасыр басындағы ұлттық интеллигенция

ХХ ғасырдың басында Қазақстан Россия империясының капитализмге дейінгі өндірістік қатынастар үстем болған аграрлы-отарлық шет аймағы болды.
Отарлаушылар қазақ халқының жері мен оның табиғи байлығының айтарлықтай бөлігіне иелік етіп қана қойған жоқ , олар қазақтарды рухани жағынан да отарлады: халықты тілінен,діннен,ділінен айыру бағытында қатыгездікпен ойластырған шаралар жүйесін жүзеге асырды.Бұл жөнінде Міржақып Дулатов 1907 жылы жазылған «Қазағым менің,елім менің» атты мақаласында былай деп ашына жазған еді.
«... Ең алдымен қазақ халқы – Россияға тәуелді халық оның ешқандай правосы жоқтығы кек тудырады. Халықтан жиналған салық қаражатының көп бөлігі халыққа, тіпті, керек, емеснәрселерге жұмсалды... Енді чиновниктер (патшаның отарлау жүйесінің ресми өкілдері – Қ.Н.) біздің дінімізге,атадан мұра болып келе жатқан әдет-ғұрыптарымызға,біздің моллаларға ғана тиісті неке мәселелеріне араласа бастады,діни кітаптарды тұтқынға алды»
Қазақ ауылының басқаратын әкімшілік жүйе патша үкіметінің отарлау-өміршілдік аппаратымен біте қайнасып кеткен байшонжарлар өкілдерінің қолындаболды.
Қазақ өлкесіндегі әлеуметтік – экономикалық және саяси хал-ахуал,негізінен,аграрлық,ұлттық және белгілі дәрежеде таптық мәселелердің шиеленісуімен ерекшеленеді.Қазақстанда осы шиеліністен туындаған аграрлық және ұлттық-азаттық қозғалыс ең алдымен отаршылыққа қарсы бағытталды.
Басқа сөзбен айтқанда, ұлттық-демократиялық интеллигенция басшылары бірінші орыс ревалюциясы жылдарында империяда,оның ішінде Қазақстанда да, қалыптасқан қоғамдық-саяси хал-ахуал жағдайында орталықтың(центристік) позицияда болуға тырысты. Өз бастамаларын халыққа түсіндіріп,оларды жүзеге асыру үшін әрекет жасау барысында ұлттық интеллигенция жетекшілері екі жақтан – сол және оң бағыттардағы саяси күштерден сынға ұшырап, қарсылыққа кездесті.Солшыл бағыттағы саяси күштер (социал – демократтар мен социалист-революционерлер) қазақ интелигенттердің орталықтық позициялары ревалюциямен халыққа қарсыпозиция депайыптады.Ал,оңшыл бағыттағы саяси күштер(монархистер мен оларды жоқтаушылар) қазақ интеллигенттерін солшылдарды қостаушылар және біртұтас империялық мемлекеттің негізін шайқалтуға бағытталған саясат жүргізушілер деп байбалам салды.....
Рефераттар
Толық

Химия | ХХ ғасыр химиясына тән сипаттар

Периодтық заң ашылғаннан кейін де химиялық элемент туралы білімнің дамуында алуан түрлі қайшылықтар кездесті. Периодтық жүйенің сызықтық бейнесі де үздіксіз өзгеріске ұшырады. Мұның әр түрлі периодтылықты әр қырынан нақтылы көрсеткенімен, заңды тұтасынын сипаттай алмады. Периодтық жүйенің шегі туралы мәселе шешімін таппады. Элементтердің жалпы саны туралы болжам жасауға негіз табылмады. Кейде элемент қасиеті өзгеруінің атомдық массаға тәуелділігі (аргон және калий, теллур және иод, кобальт және никель) бұзылды. Атомдық массалардың бөлшек сандар түрінде кезесуі түсіндірілмеді. Пертожтық заңның физикалық мәні ашылмады. Химиялық элемент жалпы ұғым түрінде қалыптасып, оның атомымен арасындағы байланысы сараланбады.
Сонымен, ХІХ ғасырдан ХХ ғасырға өтетін кезеңінде ғалымдар алдына атом мен молекуланың табиғатта бар екенін тәжірибиеде дәлелдеу міндеті тұрды. Мұның өзі оңай шаруа емес. Ең күшті үлкейтетін микроскоп арқылы да көруге болмайтын майда бөлшектерді тікелей бақылау мүмкін емес еді. Олардың ақиқат барын жанама тәсілдермен ғана айқындауға болады. Ұсақ бөлшектердің Броун қозғалысына негізделген осындай бір тәсілін теориялық жакғынан А. Эйнштейн, франсуз ғалымы Ж. Перрен тәжірбиеде жүзеге асырды. Ж. Перрен заттың бір граммолекуласында 6х1023 бөлшек болатыны анықтады. Бұл теориялық есептелген және басқа әдістермен табылған бөлшек санына толық сәйкес келді. Молекуланың бар екенін айқындайтын осы шама Авогадро тұрақтысы атанды. В. Оствальдтың өзі молекуласы –кинетикалық теорияны мойындауға мәжбүр болды.
Ендігі жерде атомның қасиетін түсіну мәселесі күн тәртібінде қойылды. Олардың молекулаға бірігуіне қандай күш әсер етеді. Бір элементтің бірдей атомдары неліктен жақындасып молекула түзеді? Осыған ұқсас туындайтын сан алуан сауалдарды атомның бөлінбейтіні тұрғысынан түсіну мүмкін емес еді. Сондықтан атом құрлысының күрделілігі туралы жорамал пікір бірінен соң бірі туындай бастады. Ғалымдар Е. Рикке (1888), Д. Максвелл (1873), Г. Вебер (1871), Д. Стоуни (1881), Г. Гельмгольц (1881) атомдық және электрлік көзқарасты ұштастырып, валеттіліктің табиғатын және электролиз құбылысын түсіндіруге тырысты. Д. Стоуни ең қарапайым электр зарядының 0,3х10-10 абсолют элкирлік бірлікке тең екенін есептеп шығарды ....
Рефераттар
Толық

Әдебиет | ХХ ғасырда қазақ мәдениеті

Қазақтың ХХ ғасыр мәдениеті Абайдан басталған қазақ мадениетіндегі тың сарым ХХ ғасырдың бас кезінде ары қарай жалғасты.Қазақ мадениеті ХХ ғасырды әрі үмітпен, әрі түңілумен қарсы алды. Дүниежүзілік техникалық жане демократикалық прогресс Азия орталығына да жете бастады. Ұлттық идея темір тордағы халықты толғандырып, оны азаттық үшін күресуге ұмтылдырды. Әрине, ұлт-азаттық күреске бүкіл Ресей империясын қамтыған революциялық жане реформалық қозғалыстар да әсерін тигізді. Алайда Қазақстандағы толқулар тек орыс революционерлерінің ықпалымен болды деу жаңсақ пікір. Бірде-бір ресейлік саяси ұйым мен белгілі қайраткерлер империяны таратып, басқа ұлттарға азаттық әперу туралы мәселе көтермеді. Социал-демократтардың өздері Шығыс халықтарының оянуына панисламизм, пантюркизм айдарын тағып, күдіктене қарады. Мәселе, сонымен бірге Ресейдің халықтары әр түрлі өркениеттерге жататындығында. Батыс христиандарына жақын эстондар мен араб-парсы әлеміне түбірлес өзбек, қзақтардың арасында ортақ мәдени негіз тым аз еді.....
Рефераттар
Толық

Әдебиет | ХХ ғасырдың І-жартысындағы қазақ мәдениеті

Қазақтың ХХ ғасыр мәдениеті Абайдан басталған қазақ мадениетіндегі тың сарым ХХ ғасырдың бас кезінде ары қарай жалғасты.Қазақ мадениеті ХХ ғасырды әрі үмітпен, әрі түңілумен қарсы алды. Дүниежүзілік техникалық жане демократикалық прогресс Азия орталығына да жете бастады. Ұлттық идея темір тордағы халықты толғандырып, оны азаттық үшін күресуге ұмтылдырды. Әрине, ұлт-азаттық күреске бүкіл Ресей империясын қамтыған революциялық жане реформалық қозғалыстар да әсерін тигізді. Алайда Қазақстандағы толқулар тек орыс революционерлерінің ықпалымен болды деу жаңсақ пікір. Бірде-бір ресейлік саяси ұйым мен белгілі қайраткерлер империяны таратып, басқа ұлттарға азаттық әперу туралы мәселе көтермеді. Социал-демократтардың өздері Шығыс халықтарының оянуына панисламизм, пантюркизм айдарын тағып, күдіктене қарады. Мәселе, сонымен бірге Ресейдің халықтары әр түрлі өркениеттерге жататындығында. Батыс христиандарына жақын эстондар мен араб-парсы әлеміне түбірлес өзбек, қзақтардың арасында ортақ мәдени негіз тым аз еді.....
Рефераттар
Толық

Педагогика | ХХІ ғасырдағы орта білім саласы ізденістер проблемелар даму көкжиектері

Жаңа адамды,болашақ қоғам адамын рухани, интелектуалдық жағынан дамыта тәрбиелеу ісі бүгінгі уақыттың күн тәртібіне айрықша қойылған мәселе.Н. Назарбаевтың «Ғасырлар тоғысында» атты ғылыми- теориялық еңбегінде жаңа қоғамды құрушылар қандай болуы керек, қандай азаматты тәрбиелеу керек деген мәселеге зор көңіл бөліп, оған ғылыми дәйекті жауап іздестірілген.
ХХІ ғасыр есігін ашты. Жас ұрпақ тәрбиесі жөнінде жаңа қадамдар басталды. Ұрпақ тәрбиесінде жіберілген кемшіліктер сараланды. Білім жөнінде жаңа заң қабылданды. Оқу жүйесі өзгерді. Жалпы білім беретін мектептердің басым көпшілігі тереңдетіп оқытылатын немесе орталау арнайы білім алуға даярлайтын гимназияларға, арнаулы және жеке мектептерге айналуда.
ХХІ ғасыр маманының салыстырмалы моделі мынадай болып шыққан:
- қоршаған ортаны, өмірді сақтау мақсатында оны өзгерту;
- бірнеше мүмкін шешімі болады;
- шығармашылық жаңарудың әдіснамасы мен қаруландыру;
- қызметтік іс- әрекет барысында қажетті және мүмкін ;
- ғылым мен техниканың кәсіптік қызметінің заңдылықтарын білу, олардың моральдік адамилық аспектлерін ескере отырып, тәжрибеде қолдана білу;
- ұжым мүшелерінің жеке ерекшеліктерін ескере отырып, «адам- адам» қатнастарын тудыра білу.
Білім беруді екі жақты құбылыс: нақты іс- әрекет және нәтиже ретінде қарастырған дұрыс, яғни мәдениеттің бір ұрпақтан екінші ұрпаққа берілу үрдісі мен жеке тұлғаның мәдениеті меңгеру нәтижесі ретінде. Дамыта оқытуда оқушы оқыту объектісінен субъектіге айналуы тиіс бұл үрдістің нәтижелілігі оқытушының кәсіби және мәдени құзырлылығына, ұйымдастыра білу шеберлігіне, біліктілігіне, берілетін білім мазмұнының өзектілігіне, оқыту мақсатының оқытушы ғана емес, оқушы үшін де анық, айқын, дәл болуына байланысты.
Жаңа формация мұғалімнің портреті.

Даналық білімнен нәр алады.
Даналыққа апаратын жол ұзақ әрі қиын.
Сондықтан да жастарға басты қиындықтарды көре білетін, әлеуметтік
Ақыл-ойға сәтті кіруге көмектесетін жолбасшы қажет.

Ғылымның ісі – Ғалымдағы заңдылықтарды ашып, оны сөз бен формулаларға айналдыру.
Әдіскердің міндеті – ғылымның ашқан жаңалығын білімге айналдырудың құралдарын табу.
Педагогтың міндеті- осы мақсатқа ғылымның да, әдіскердің де жетістіктерін кең көлемде қоса
отырып, оқушының біртұтас ойлау қабілетін қалыптастыру. Білім мен іскерліктің қосындысы-
педагогті өзгелерден ерекшелйтін қасиет міне осы.
Маслова Н.В Ноосферлік білім.
Біртұтас ойлау жөнінде білу үшін мұғалімнің оның не екендігін білуі керек және сол білімді сенімді таратушы болуы керек.....
Рефераттар
Толық

Әдебиет | Ахмет Қуанұлы Жұбанов (1906-1968)

Ахмет Қуанұлы Жұбанов (1906-1968) — қазақ музыкасын зерттеуші көрнекті ғалым, әйгілі композитор, дирижер. Қазақстанның халық артисі (1944), өнертану ғылымының докторы (1943), профессор (1948), академик.
Ол Ақтөбе облысы Темір ауданында 1906 жылы 29 сәуірде өмірге келген.
Жасынан музыка өнеріне бейімділігін байқатып, домбыра, скрипка аспатарында ойнауды меңгереді. Жас кезінде ауылдасы Талым күйшіден, ауыл мұғалімі Қ. Ашғалиевтен, әкесі Қуаннан, ағасы Құдайбергеннен тәлім алып, музыка өнеріне ден қояды. Темірде орыс халық аспаптар әуесқойлары оркестріне жетекшілік ететін (П. Черняктан сольфеджио, скрипка, музыка теориясы бойынша) сабақ алады.
1929 жылы Ленинградтың М.И. Глинка атындағы техникумында (А.А .Этигонның скрипка класы бойынша), консерваторияда (профессор Ф.А. Ниманның гобой класы бойынша, кейіннен музыка тарихы мен теориясы факультетінде) оқыған.
1932 жылы Ленинградтағы Актер шеберлігі мектебінің аспинрантурасына түседі.
1933 жылы Алматыда ашылған музыкалық драма училищесіне ұстаздық қызметке шақырылады.
1930 жылы Ленинградтағы «Рабочий и театр» журналында жарияланған мақаласынан бастап, өмірінің соңына дейін қазақ музыкасының тарихы мен теориясын зерттеумен айналысты. 1936 жылы «Музыка әліппесі» атты тырнақалды кітапшасы жарық көрген.
1934 жылы А. К. Жұбанов алғаш 11 адамнан құралған домбырашылар ансамблі негізінде Қазақ ұлттық халық оркестрін ұйымдастырды. Осы ұжымның тұңғыш дирижері ретінде көптеген халық композиторларының музыка туындыларын оркестрге лайықтап нотаға түсірген.
1945-1951 жылдары Алматы консерваториясының ректоры, 1954-1961 жылдары осы консерваториядағы өзі ашқан халық аспаптар кафедрасының меңгерушісі болып, қазақ халық музыкасының тарихынан, дирижерлік өнер менаспаптанудан сабақ берді.
Жұбановтың қазақ халқының ән-күй шығармаларының табиғаты мен ерекшелігі, ұлы күйшілер Құрманғазы, Дәулеткерей, Сейтек, Тәттімбет, Қазанғап туралы монографиялық ғылыми -зерттеу еңбектері- қазақ музыкасының ғылыми тарихын жасауға қосылған қомақты үлес болды.
А. К. Жұбанов — қазақ халқының қазіргі заманғы кәсіби музыкасының негізін қалаған аға буын композиторлардың бірі. Ол халық күйлерін оркестрге лайықтап, нотаға түсірді және қазақ музыкасын күрделі аспаптық симфониялық шығармалармен байытты. Олар «Тәжік биі», «Қазақ билері», «Төлеген Тоқтаров», «Ария», «Вокальдік сюитасы», «Абай сюитасы», тағы басқалар.....
Рефераттар
Толық