Айқын Төлепберген (1982 жылы 10 ақпан)

Айқын Төлепберген 1982 жылы 10 ақпанда Алматы қаласында дүниеге келген. Оның музыкалық білімі жоқ, Алматыдағы Қ.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетін «баспагер-инженер» мамандығы бойынша бітірген.
Айқын алғаш тыңдарманға «Superstar kz» жобасы арқылы танылды. Әнші бұл жобаға қатыспай тұрғанда, Алматыдағы мейрамханаларда ән салған. Ал, «Суперстарға» ол досының кеңесімен қатысқан. Сондай-ақ, оның жобаға баруына қазылар алқасының құрамында танымал әнші Батырхан Шүкеновтің болғандығы да қатты әсер етіпті.
Айқынды «Superstar kz» жобасынан шыққан әншілердің ішінде сахнада жарқырай көрініп жүрген әртіс деуге болады. Өйткені, ол бүгінге дейін өзінің аудиториясын тауып үлгерді. Айқынның тыңдармандарының арасында кішкентай бүлдіршіннен егде қартқа дейін бар. Эстрадаға келген он жылдан астам уақыт ішінде «Асылым», «Ерке қыз», «Пах, пах!», «Жалаң аяқ қыз», «Үмітің үзілмесін!», «Жалғыз сен», «Корабли» және тағы басқа хит әндерді жарыққа шығарды. Әншінің бұл жетістіктерге жетуіне оның бойындағы талантын тани білген алғашқы продюсері Ерік Тастамбеков те үлкен үлес қосты....
Өмірбаяндар (биография)
Толық

Айгерім Қалаубаева (1985 жылы)

Әйгерім Қалаубаева 1985 жылы Оңтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген. Ол Алматыдағы А.В.Селезнев атындағы хореография училищесін үздік бітірген. Кішкентайынан сахнаға биші ретінде шыққанымен, Әйгерім әнші болуды армандапты. Ол хореографиялық училищені бітірген соң, анасының ақылымен өнерден алыстау мамандықты таңдаған. Сөйтіп, Алматыдағы Т.Рысқұлов атындағы ҚазЭУ-ді тәмәмдады.
Экономика саласының маманы болғанымен, Әйгерім мамандығы бойынша жұмыс істеген жоқ. Еңбек жолын «Хабар» телеарнасындағы «Ұят болмасын», «Біздің көшенің тұрғындары» бағдарламаларында бастап, көрерменге ерке қыздың рөлі арқылы танылды....
Өмірбаяндар (биография)
Толық

Ернар (Әміре) Садырбаев

Ернар Садырбаев (Әміре) Қостанай қаласында дүниеге келген. Ернардың бойындағы талантын мектебіндегі музыка пәнінің мұғалімі байқап, оны қалалық жарыстарға қатыстырған. Сондай-ақ, кішкентай өнерпаз 7 жыл бойы музыка мектебінде оқып, ҚР еңбек сіңірген әртісі Александр Калугиннен тәлім алған. Содан ба екен, Ернар өзінің болашақта кім болатынын мектеп қабырғасында жүргенде-ақ шешіп қойыпты. Мектепті бітірген соң, Алматыдағы Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясын тәмәмдады.
Ернар R&B, Bossanova-Latino, Pop-classic, Pop жанрларында ән салады. Ол қатысқан байқауларды санағанда тіпті есептен жаңылысуға болады. Әміре бұрынырақта «Алтын микрофон», «Бозторғай», «Дельфи ойындары» байқауларының лауреаты атанған. Сонымен қатар, 2015 жылы Италияның Милан қаласында өткен «EXPO-2015» халықаралық көрмесінде ән шырқау құрметіне ие болды. Продюсер Брендон Стоунмен бірге жұмыс істеген шағында халықаралық «Новая волна» байқауының жүлдегері атанды. Сондай-ақ, Германияда өткен «Berliner Perle» байқауында да үздіктер қатарынан көрінді.....
Өмірбаяндар (биография)
Толық

Гауһар Әлімбекова (1971 жылы)

Әнші- сазгер Гауһар Әлімбекова 1971 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы, Жетісай өңірінде көпбалалы отбасында дүниеге келген. Ол гитарада ойнауды 9-сыныпта оқып жүргенде үйренген. Ең алғаш шығарған әні «Сағыныш сазы» деп аталады. Алғаш рет Гауһар жас сазгерлердің «Үкілі үміт» байқауында жарқ етіп көрініп, Исраил Сапарбай, Секен Тұрысбеков, Мұрат Құсайынов ағаларының батасын алды.
Гауһар Әлімбекова өзге әріптестері сияқты сахнаға орынды-орынсыз шыға бергенді ұнатпайды. Журналистерге де жиі сұхбат беруден бас тартады. Мұның себебін әнші бір сұхбатында былай түсіндіреді: «Ауыз толтырып, ел-жұртқа айтатындай тың жаңалықтар болмағаннан кейін, журналистерге қайта-қайта не айта бермекпін?! Бас тартатыным – сол. «Өнер жолы – ауыр жол» дегенді қайта-қайта қайталап, газет-журналға орынсыз жылтыңдап шыға бергенді жақтырмаймын».....
Өмірбаяндар (биография)
Толық

Қуандық Рахым (1992 жылы)

Тыңдарманға «МузАрт лайв» жобасы арқылы танылған жас әнші Қуандық Рахым 1992 жылы Қарағанды облысы, Сәтбаев қаласында дүниеге келген. Қуандықтың анасы кезінде Жезқазған өңіріне танымал әнші болған екен. Баласын өнерге баулыған да – өзі.
Қуандық Қарағандыдағы Тәттімбет атындағы өнер колледжінің дәстүрлі ән бөлімін бітірген. Қазір Алматыдағы Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясында білім алады. Қуандық дәстүрлі әнші болғанымен, эстрадалық бағыттағы әндерді орындап, халыққа кеңінен танылды. Бұл туралы әнші бір сұхбатында былай депті: «дәстүрлі әннен эстрадаға ауысқанымның өзіндік себебі бар. Өйткені, біз жастарға бірден дәстүрлі әнді тыңдатып кете алмаймыз. Эстраданы айтып, кейін арасында дәстүрлі әнді тыңдатсақ, олар жақсы қабылдайды».
Қуандық домбырадан бөлек, күйсандық пен қылқобызда ойнайды. Өзін сазгермін деп есептемесе де, ара-тұра ән жазатыны бар. Авторлық әндерінің ішінен іріктеп, «Уайымдама», «Кейіпкерімсің» мен «Мақта қызды» өз репертуарына қосқан екен. ....
Өмірбаяндар (биография)
Толық

Мақпал Исабекова (1984 жылы 21 ақпан)

Мақпал Исабекова 1984 жылы 21 ақпанда Жаркент қаласында дүниеге келген. Әншінің әкесі оның есімін ҚР Халық әртісі Мақпал Жүнісоваға ұқсасын деп қойған екен. Мақпал қалың көрерменге 2003-2004 жылдары ұйымдастырылған «SupersStar kz» жобасы арқылы танылды. Ол финалға шыққан 12 қатысушының бірі болғанымен, жетінші кезеңде жобадан шығып қалды. Бұдан кейін Мақпал продюсер Эрик Тастамбековтің қолдауымен өзінің жеке карьерасына кірісті.
Мақпал үлкен сахнаға шыққан алғашқы жылдары көрерменге «Аяла мені», «Кто остановит дождь?», «Мен жайлы», «О тебе», «Холода», «Была ли любовь» әндері арқылы кеңірек танылды. Ал, оның 2005 жылы Юрмалада өткен «Новая волна» фестивалінде «Көрермендер көзайымы» атануы ТМД елдеріне де жақсы танылуына себеп болды. Әнші одан кейінгі жылдарда өткізілген «Новая волна» фестивальдеріне құрметті қонақ ретінде шақырылып, Доминик Джокер, Нюша, Ирина Дубцова, Тимати және тағы басқа ресейлік әншілермен бірге ән шырқады....
Өмірбаяндар (биография)
Толық

Нұрболат Абдуллин

Нұрболат Абдуллин Ақтөбе облысы, Байғанин ауданы, Жарқамыс ауылында дүниеге келген. Ол Ақтөбе қаласындағы А.Жұбанов атындағы университетті бітірген. Соңғы жылдар бедерінде Нұрболаттың есімі халық арасында жиі аталатын болды. Оған әртістің “Шалғайдағы оқиға” фильмінде және “Қазақстан” ұлттық арнасынан көрсетілген танымал “Көзайым” телехикаясында ойнауы себеп болды. Телехикаяның екі бірдей маусымында жағымсыз кейіпкер Сұлтанның рөлін ойнаған Нұрболатты көрермендер актерлік қырынан таныды.
Ал, әншілігіне келер болсақ, Нұрболат 2014 жылы Алматыда “Майра” продюсерлік орталығы ұйымдастырған “Күміс көмей, жезтаңдай” байқауында халық әні “Екі жиренді” орындап, бас жүлдені жеңіп алды. 1 миллион теңге оның өнер жолында жеңіп алған алғашқы қомақты жүлдесі болатын. Бір жылдан кейін әнші Бішкек қаласында өткен «Дельбарим» конкурсында «Джип» автокөлігіне ие болды. Абдуллин алдағы уақытта халықаралық дәрежедегі үлкен байқауларда бақ сынағысы келетінін де жасырмайды.....
Өмірбаяндар (биография)
Толық

Әлия Әнуарбек (1993 жылы 30 сәуір)

Әлия Әнуарбек (Телебарисова) 1993 жылы 30 сәуірде Тараз қаласында дүниеге келген. Бойы 178 см. Жас актриса 2012 жылы түсірілген "Жаужүрек мың бала" фильмінде Зере ролін ойнағаннан кейін әйгілі болды. Ең алғашқы ролі - Ақан Сатаевтың «Ағайынды» телехикаясындағы кіші келін. Сондай-ақ, "Жас ұлан", "Балкон" фильмдеріне және "Сыныптастар" мен "Ағайындылар-2", «Жаным» телехикаяларына, бірнеше қысқа метражды киноленталарға түскен. Лос-Анжелесте Нью-Йорк киноакадемиясының актерлік өнер бөлімінде оқыған.

Мен 2014 жылдың 14 маусымында шаңырақ көтердім. Жолдасымның есімі – Азамат. Мамандығы – заңгер. Осындай парасатты, өзіме қамқор әрі тірек болатын жанды кездестіргеніме Аллаға сансыз шүкірлік айтамын.
– Ата-енем, күйеуім маған қашанда қолдау көрсетіп отырады. Сол үшін де ол кісілерге алғысым шексіз. Жаныңда сенің өнеріңді түсінетін, құрметтейтін адамдар жүрсе, жұмысың да өнімді болады.
Өздеріңіз білесіздер, актердің мамандығы басқа қызметтерден бөлектеу. Үлкен жауапкершілікті талап етеді. Себебі, мұнда сенің жұмысыңды өз ұжымың ғана емес, көпшілік бағалайды. Бірақ қандай қиындықтары болмасын, мен өз мамандығымды жақсы көремін. Өзінің сүйікті ісімен айналысқан жан – бақытты. Сол себепті де жолдасым менің шығармашылықпен айналысқанымды қалайды. Бүгінде киноға түсемін, сценарий жазамын, монтажбен айналысамын. Үйде жүрген кездің өзінде, демалыста жүргенде қолымнан камера түспейді. Түсірген дүниемді дереу монтаждаймын. Нәтижесінде, әдемі отбасылық деректі фильм болып шығады. Сүйікті ісіммен айналысқанның арқасында керемет естеліктер қалады.
Ерін күтіп-баптай білген нағыз инабатты қазақ қызының отбасы жайындағы қағидасы: «жұмысым ол – хоббиім, ал отбасым – менің карьерам». Осы қағидаға сай, Әлия үй жұмыстарының барлығын өзі істейтіндігін, тамақ жасау, кір жуу, жалпы айтқанда нағыз келіннің жұмысын жасайтындығын айтады. ....
Өмірбаяндар (биография)
Толық

Әйгерім Рақыш (Ayree)

Жас әнші (шын есімі – Әйгерім Рақыш) Ayree 1992 жылы музыканттар отбасында дүниеге келген. Әйгерімнің әкесі саксофонда ойнайды, анасы вокалдан сабақ береді. Бауырларының бәрі де музыкаға жақын. Әйгерімнің өзі музыкалық мектепте 10 жыл бойы домбыра сыныбында сабақ алған. Одан кейін Ж.Елебеков атындағы эстрада-цирк колледжін, Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясын тәмамдады.
Ayree-ді көрермендер 2013 жылы өткен «Қазақстан даусы» жобасы арқылы таныды. Ол кезде Әйгерім финалға дейін жетіп, жоба соңында 2-орынға ие болған еді. Ал жеке әнші ретінде үлкен сахнаға 2016 жылы 1 наурызда «Шоу» әнімен (авторы – Бауыржан Бимахан) шықты. Сол аралықта жас әншінің алғашқы бейнебаяны да түсірілді. 2016 жылды жас орындаушы үшін толассыз ізденістер жылы болды деуге болады. Дәл осы жылы ол «ABU» телевизиялық әндер фестиваліне қатысып, Франция мен Қытайға гастрольдік сапармен барып келді. ....
Өмірбаяндар (биография)
Толық

Ғалымжан Молданазар (1988 жылы)

Ғалымжан Молданазар 1988 жылы Қызылорда облысында дүниеге келген. Ол қазақ эстрадасының тыңдармандарына таңсықтау синти-поп, брит-поп, рок, инди-поп жанрларында ән салады. Көрермендер алғаш рет Ғалымжанды 2011 жылы «Хит тв» телеарнасынан көрді. Ол кезде Ғалымжан рок-әнші Әсеммен дуэт айтып шыққан болатын.
Ғалымжан өзі орындаушы болғанға дейін «Орда» тобына, Қайрат Түнтеков, Әсем, Асыл Беделхан және тағы басқа әншілерге ән жазған. 2013 жылдан бастап жеке әнші ретінде эстрадаға келген ол бұл ортадан тез жалыққанын былайша түсіндіреді: «оқушы кезімде жұлдыз болғым келді. Кейін Алматыға келіп, композитор ретінде әншілерге ән жазып, осы салада жұмыс істеп көргеннен кейін ойымнан айнып қалдым. Шыны керек, эстрада маған ұнаған жоқ. Бәрі жалған, фонограмма, барлығы өтірік... Менің ойымша, өнерде алдамшы нәрселер болмауы керек. Мысалы, фонограммаға адал ақша емес, фальш ақша төлеңіз. Дұрыс қой?..»
Әнші дәл осы себептермен 2013 жылы эстрададан кетті. Оған көп жерде фонограмма талап етілетіні ұнамады. ....
Өмірбаяндар (биография)
Толық