Айқын Төлепберген (1982 жылы 10 ақпан)

 Айқын Төлепберген (1982 жылы 10 ақпан)

Айқын Төлепберген 1982 жылы 10 ақпанда Алматы қаласында дүниеге келген. Оның музыкалық білімі жоқ, Алматыдағы Қ.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетін «баспагер-инженер» мамандығы бойынша бітірген.
Айқын алғаш тыңдарманға «Superstar kz» жобасы арқылы танылды. Әнші бұл жобаға қатыспай тұрғанда, Алматыдағы мейрамханаларда ән салған. Ал, «Суперстарға» ол досының кеңесімен қатысқан. Сондай-ақ, оның жобаға баруына қазылар алқасының құрамында танымал әнші Батырхан Шүкеновтің болғандығы да қатты әсер етіпті.
Айқынды «Superstar kz» жобасынан шыққан әншілердің ішінде сахнада жарқырай көрініп жүрген әртіс деуге болады. Өйткені, ол бүгінге дейін өзінің аудиториясын тауып үлгерді. Айқынның тыңдармандарының арасында кішкентай бүлдіршіннен егде қартқа дейін бар. Эстрадаға келген он жылдан астам уақыт ішінде «Асылым», «Ерке қыз», «Пах, пах!», «Жалаң аяқ қыз», «Үмітің үзілмесін!», «Жалғыз сен», «Корабли» және тағы басқа хит әндерді жарыққа шығарды. Әншінің бұл жетістіктерге жетуіне оның бойындағы талантын тани білген алғашқы продюсері Ерік Тастамбеков те үлкен үлес қосты.
Айқын кез-келген концертте, кез-келген сахнада, тіпті тойда тек жанды дауыста ән салады. Қазіргідей фонограмманың дәурені жүріп тұрған кезеңде әншінің бұл бастамасы мақтауға тұрарлықтай. Әншінің тыңдарманды тез-ақ баурап алатын ерекше қасиеті бар. Ол – шынайылық. Айқын көбінесе концерт барысында тыңдарманмен тікелей байланыс жасап, интерактивті шоу жасауға тырысады. Сондықтан болар, әншінің жанкүйерлері әрбір концертте оған алабөтен ықылас танытып, зор қошемет көрсетеді. Қазақ әншілерінің арасында сахнада емін-еркін билеп, сөйлеп, көрерменге айрықша көңіл бөлетін әншілер некен-саяқ болғандықтан, Айқын өзгелерден осындай тамаша қырымен озып тұр.
Айқын «SuperStar KZ» жобасынан кейін халықаралық «Новая волна» байқауына қатысып, лауреат атанды. Ол – «Алматы жүрегімде» фестивалінің бас жүлдегері, «EMA Muzzone Awards» марапатының «Үздік әнші» аталымының жеңімпазы, «Саз әлемі» музыкалық байқауының «Үздік орындаушысы».
Әнші бүгінде Алматы қаласында тұрады. Отбасылы, екі баласы бар.
Айқынның сүйікті әншілері – India Arie және Boyz II Men;
Сүйікті кітабы: «Жестокий век», авторы – И. Калашников;
Сүйікті фильмі: «Крестный отец».


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру