Әлия Әнуарбек (1993 жылы 30 сәуір)
Әлия Әнуарбек (Телебарисова) 1993 жылы 30 сәуірде Тараз қаласында дүниеге келген. Бойы 178 см. Жас актриса 2012 жылы түсірілген "Жаужүрек мың бала" фильмінде Зере ролін ойнағаннан кейін әйгілі болды. Ең алғашқы ролі - Ақан Сатаевтың «Ағайынды» телехикаясындағы кіші келін. Сондай-ақ, "Жас ұлан", "Балкон" фильмдеріне және "Сыныптастар" мен "Ағайындылар-2", «Жаным» телехикаяларына, бірнеше қысқа метражды киноленталарға түскен. Лос-Анжелесте Нью-Йорк киноакадемиясының актерлік өнер бөлімінде оқыған.
Мен 2014 жылдың 14 маусымында шаңырақ көтердім. Жолдасымның есімі – Азамат. Мамандығы – заңгер. Осындай парасатты, өзіме қамқор әрі тірек болатын жанды кездестіргеніме Аллаға сансыз шүкірлік айтамын.
– Ата-енем, күйеуім маған қашанда қолдау көрсетіп отырады. Сол үшін де ол кісілерге алғысым шексіз. Жаныңда сенің өнеріңді түсінетін, құрметтейтін адамдар жүрсе, жұмысың да өнімді болады.
Өздеріңіз білесіздер, актердің мамандығы басқа қызметтерден бөлектеу. Үлкен жауапкершілікті талап етеді. Себебі, мұнда сенің жұмысыңды өз ұжымың ғана емес, көпшілік бағалайды. Бірақ қандай қиындықтары болмасын, мен өз мамандығымды жақсы көремін. Өзінің сүйікті ісімен айналысқан жан – бақытты. Сол себепті де жолдасым менің шығармашылықпен айналысқанымды қалайды. Бүгінде киноға түсемін, сценарий жазамын, монтажбен айналысамын. Үйде жүрген кездің өзінде, демалыста жүргенде қолымнан камера түспейді. Түсірген дүниемді дереу монтаждаймын. Нәтижесінде, әдемі отбасылық деректі фильм болып шығады. Сүйікті ісіммен айналысқанның арқасында керемет естеліктер қалады.
Ерін күтіп-баптай білген нағыз инабатты қазақ қызының отбасы жайындағы қағидасы: «жұмысым ол – хоббиім, ал отбасым – менің карьерам». Осы қағидаға сай, Әлия үй жұмыстарының барлығын өзі істейтіндігін, тамақ жасау, кір жуу, жалпы айтқанда нағыз келіннің жұмысын жасайтындығын айтады.
Актриса болу – бала кезден арманым. «Ағайындылар» сериалына мені сол арман жетелеп әкелген болатын. Неге екенін білмеймін, маған сахнада өнер көрсеткен ұнайтын. 11 жастан бастап түрлі өнер байқауларына қатыса бастадым. Ән айтумен, би билеумен де айналыстым. Яғни шығармашылыққа о бастан-ақ жақын едім.
Әлі есімде, теледидардан «Очаровашка» байқауы өтетіндігі жарияланды. Байқауға қатысу үшін жарна төлеу керек екен. Содан өзім жинап жүрген азмаз ақшамды алып, бастапқы жарнасын төледім. Ата-анам менің бұл байқауға шындап кіріскенімді көріп, сахналық әдемі киім тіктіріп берді. Осылайша, бетімнен қақпай, керісінше, бастамама барынша қолдау көрсетіп отырды. Міне, менің шығармашылық жолым осылай басталған болатын. «Ағайындылар» сериалының кастинг жарияланғанын естіген соң, бұл жолы да бағымды сынап көрмек болдым. Содан іріктеудің қашан және қайда өтетінін анықтап алып аға, әпкеммен келіп, қатыстым. Бағым жанып өттім.
Байқасам, бала кезден осындай түрлі байқауларға жүрексінбей қатыса беріппін. Негізі, адам өз арманына жетер жолда қандайда қиындықтан, мамандықтың ауырлығынан қорықпауы керек. Егер шын еңбектеніп, маңдай теріңді төксең, алға қойған мақсатыңа міндетті түрде жетерің анық.
Қазақ киносында айы оңынан туып, көрерменге мейлінше танылып келе жатқан жас жұлдыздардың бірі – Әлия Телебарисова ханым актерліктен бөлек өмірде де жан-жақты екендігін дәлелдеді. Жұмысынан тыс уақытында аттың жалынан тартып мініп, ән айту, би билеу, тігін тігу, коньки тебу, тоқумен айналысады. Одан бөлек бүкіл үй жұмысын да тап-тұйнақтай етіп атқарады.
Әлия Телебарисованың негізгі өмірлік қағидасы: өзің жан-тәніңмен жақсы көретін жұмыспен айналысқаннан бөлек, жан-жақты дами білу де қажет. Сол себепті, актер бола тұра тоқтап қалмай, одан әрі білімін жетілдіру үшін Қазақ-Американ университетіндегі халықаралық қатынастар бөліміне оқуға түскендігін айтады.
«Мүмкін болашақта бұл мамандық бойынша жұмыс істемейтін шығармын, бірақ жоқ дегенде бір тіл үйреніп шығамын» дейді актриса бұл туралы.
Әлияның аз уақыт ішінде өте үлкен жетістікке жетіп, биік белестерді бағындырып үлгергеніне таңғаласыз. Жасы 21-де болса да, оның 2011 жылы «Мисс Алматы» атағын жеңіп алғандығын көп кісі біле бермейді. Одан бөлек, жапондық компанияның таңдауына ілініп, ұзақ уақытқа дейін Әлия бейнеленген жарнама бүкіл жапон қалалаларында ілулі тұрған. 2013 жылы талантты қыз актерлік өнерін шыңдау үшін мұхит асып, АҚШ-тағы Нью-Йорк кино-өнері академиясына барып дәріс алып қайтқандығы да белгілі болды.
Әлияның алғаш толықметражды фильмі ретінде «Жаужүрек мың бала» фильмінің түсірілімі Әлияға үлкен тәжірибе әкелген секілді. 50-ден астам қыздардың арасынан кастингтен таңдауға іліккен Әлия, фильм түсірілімі басталғанға дейін бірнеше ай бойы атқа шабуды, садақ атуды, тіпті қылыштасуды да үйреніпті. Актриса қыздың айтуынша, дайындық кезінде сырқаттанбаған актер қалмапты, ауа райының кенет өзгеруі актерлердің денсаулығына өте ауыр салмақ салған екен. Ал өзі аттан құлай жаздап, тек Жайдок есімді каскадерлердің басшысы арқасында ғана аман қалыпты.

Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Ілмектер: өмірбаян Әлия Әнуарбек туралы омирбаян биография ақпарат мәлімет, тұлға Әлия Әнуарбек өмірі мен шығармашылығы, Алия Ануарбек биография омирбаяны акпарат малимет, Алия Ануарбек биография на казахском языке, Әлия Әнуарбек