Ғалымжан Молданазар (1988 жылы)

 Ғалымжан Молданазар (1988 жылы)

Ғалымжан Молданазар 1988 жылы Қызылорда облысында дүниеге келген. Ол қазақ эстрадасының тыңдармандарына таңсықтау синти-поп, брит-поп, рок, инди-поп жанрларында ән салады. Көрермендер алғаш рет Ғалымжанды 2011 жылы «Хит тв» телеарнасынан көрді. Ол кезде Ғалымжан рок-әнші Әсеммен дуэт айтып шыққан болатын.
Ғалымжан өзі орындаушы болғанға дейін «Орда» тобына, Қайрат Түнтеков, Әсем, Асыл Беделхан және тағы басқа әншілерге ән жазған. 2013 жылдан бастап жеке әнші ретінде эстрадаға келген ол бұл ортадан тез жалыққанын былайша түсіндіреді: «оқушы кезімде жұлдыз болғым келді. Кейін Алматыға келіп, композитор ретінде әншілерге ән жазып, осы салада жұмыс істеп көргеннен кейін ойымнан айнып қалдым. Шыны керек, эстрада маған ұнаған жоқ. Бәрі жалған, фонограмма, барлығы өтірік... Менің ойымша, өнерде алдамшы нәрселер болмауы керек. Мысалы, фонограммаға адал ақша емес, фальш ақша төлеңіз. Дұрыс қой?..»
Әнші дәл осы себептермен 2013 жылы эстрададан кетті. Оған көп жерде фонограмма талап етілетіні ұнамады. Ол тойда ән салмайды, әрқашан тек жанды дауыста шырқайды. Өзінің «Молданазар» атты вокалды тобы бар. Мінезі томаға-тұйық, ұялшақ әнші көпшіліктен алыс жүргенді ұнатады. Тіпті, тілшілерге де сирек сұхбат береді.
Әнші репертуарындағы әндердің әуені мен сөзін бастан-аяқ өзі жазады. Ән мәтіндері жеңіл болғандықтан, тез жатталады. Оның әндерінде жиі кездесетін сөз – «бол». Репертуарында «Мейірімді бол», «Қош бол», «Берік бол», «Өзіңмен бол» деген әндер бар. Ғалымжан «қазақ тілін бүкіл әлем естісе екен» деп армандайды. Оның негізгі мақсаты – қазақ тілімен әлемдік нарыққа шығу.
Осыдан үш жыл бұрын ресейлік сайттар Ғалымжан туралы «бұл – болашақта халықаралық брендке айналатын жас музыкант» деп жазды. Әнші қазір электронды синти-поп бағытындағы әнжинақ дайындап жатыр. Альбомның тұсаукесері Еуропада өтеді деп жоспарланып отыр.
Ғалымжан өзінің әндерін өткен ғасырдың 70-жылдарында сәнге айналған технопоп стилінде жазады. Бұл стиль – жаңа толқын үшін жаңалық боп көрінсе, ересектер үшін ескіні жаңғыртушы, ностальгия. Музыканттың ғаламторда таралған бейнеклиптері тек Қазақстан ғана емес, ТМД көлемінде де танымал. Әндерінің барлығы қазақ тілінде жазылғанына қарамастан, Ғалымжан Молданазардың Ресей, Қытай, АҚШ және басқа елдерде тыңдармандары жетерлік. Әншінің әндері «Запрещенные танцы», «Ограбление по-казахски», «Осторожно, корова» фильмдерінде және «Вузеры» телехикасында саундтрек ретінде қолданылды. Ал, жақында «Гәкку» арнасында музыканттың «Жауап бар ма?» атты жаңа әніне түсірілген бейнебаянның тұсауы кесілді.
Музыкант Роза Рымбаеваның репертуарындағы «Жаңбырлы түн» және Жеңіс Ысқақова мен Оралхан Алтынбек орындайтын «Мен білмеймін» әндерін ерекше ұнатады. «Көңіл-күйім жақсы кезде ішімде әрдайым осы екі ән ойнап тұрады» дейді өзі.
Ғалымжан осы күнге дейін жазған әндері мен екі ұлын өзінің өмірдегі батыс жетістігі деп есептейді. Ол оқушы кезінде суретші болуды армандапты. Жаны еркіндікті жақсы көретін талантты жігіт «әнші болмасам, қойшы болар едім» дейді. Өмірлік ұстанымы – өзін және өзгелерді алдамау, шынайы болу.


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру