Міржақып Дулатұлы (Айтыс)

Бір кезде әлде қалай бір нәсілдес
Алдында көп таулардың болып кеңес.
Қазыбек Шат тауымен екеуінің
Бір үлкен арасында шықты егес.
Кәрі Шат деді: «Сақтан» Қазыбекке,
Адамға бағынбадың тіпті текке.
Үй салып, түтіндетіп етегіңе
Қиратса ағашың да бармас көпке.
Уатып тас кеудеңді темір күрек
Алтын, жез хазнаңды алар керек.....
Өлеңдер
Толық

Міржақып Дулатұлы (Бүркіт кегі (баллада))

Қыран бүркіт бір күні
Алып қызыл түлкіні,
Масаттанып қайтып ед,
Иесі бастап әңгіме
Жиналған жұрттын, бәріне
Жыр ғып кешке айтып ед.
Қасына кімдер ергенін,
Түлкіні қалай көргенін,
Өзекпен сұмның зытқанын,
Томағасын сыпырып,
Алғанда қыран құлпырып,
Шарықтап көкке шыққаңың.....
Өлеңдер
Толық

Міржақып Дулатұлы (Қазақ халқының бұрынғы һәм бүгінгі халі)

Міржақып, неге отырсың қалам тартпай,
Бәйге алмас болғанменен жүйрік шаппай.
Шамаңды кәдәри хал* көрсетсеңші,
Байғұс-ау, оянсаңшы қарап жатпай.
He файда бір орыннан қозғалмайтын,
Тазармас қарасу да жатқан.....
Өлеңдер
Толық

Міржақып Дулатұлы (Алашқа)

Көк майса бетегелі жерің қайда?
Күмістей толқындаған көлің қайда?
Ың-жың боп жер қайысқан төрт түлікпен,
Жөңкіліп, көшіп қонған елің қайда?
Көтерген ақ киізге ханың қайда?
Қиғаш қас, бидай өңді ханым қайда?
Түнерген сыртқа.....
Өлеңдер
Толық

Міржақып Дулатұлы (Көңіліме)

Күлімсіреп сілкін, көңілім, жабықпай,
ІІІыда көніп ауырлыққа, талықпай.
Еркін ойлап ерігетін күн болар,
Сыр көрсетпей, шық өткелден тарықпай.
Үміт кесіп қамығудан.....
Өлеңдер
Толық

Міржақып Дулатұлы (Арманым)

Зор арманым - жиһанды жүрмін кезе алмай,.
He бар, не жоқ - дүние халін сезе алмай.
Зейінім - ауыр, қолым - қысқа, жолым - тар.
Іздеген мұрат қолға тиіп тез алмай.
Көзім көріп, айтуға тілім бата алмай,
Ішім қайнап тағы да шыдап жата алмай,
Мендей міскін бар ма екен.....
Өлеңдер
Толық