Міржақып Дулатұлы (Көңіліме)

 Міржақып Дулатұлы (Көңіліме)

Күлімсіреп сілкін, көңілім, жабықпай,
Шыда көніп ауырлыққа, талықпай.
Еркін ойлап ерігетін күн болар,
Сыр көрсетпей, шық өткелден тарықпай.
Үміт кесіп қамығудан пайда жоқ,
Сендей мұңлы іздесе елден, қайда жоқ,
Талпынсаң да сағаты соқпай, сырласым,
Тағдыр соққан шынжырды үзер хайла жоқ.
Кез келгенде кімдер тізе бүкпеген?
Келешектен таудай үміт күтпеген?
Ұрлама, боларсың күлкі құрбыға,
Деп жүрмесін: «Несін тәуір-ай жүктеген?»

Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру