Өлкеміздің Ұлы Жеңісті жақындатуға қосқан үлесі

 Өлкеміздің  Ұлы Жеңісті жақындатуға қосқан үлесі

Бекежанова Сымбат
9-сынып,Жалпы білім беретін Новобогат орта мектебі
Атырау болысы Исатай ауданы
Жетекшісі: Агисова Шынар Габбасовна

Туған жер! Бұл осы өңірде туып-өскен ұрпақтың мәңгі есінде қалар сурет екені даусыз. Туған жердің жұпар ауасы кеудеңді керіп, алыс кетсең сағындырады. Туған жерін сүймейтін тіршілік иесі жоқ. Біздің өлкенің жерін сүймейтін тіршілік иесі жоқ. Біздің өлкенің жері бай, тарихы терең. Сол тарихта Атырау облысы, Исатай ауданы, Хамит Ерғалиев (Новобогат, Қамысқала) ауылының алатын орны ерекше. Оның өткеніне көз жіберіп, арғы шежіреге үңілсек, қалың қыпшақ даласы болған, кейін Ноғай ордасы құрамына кірген қалмақтар жайлап, олар Қытайға көшкенде, отыз жылдай жүгірген аң мен ұшқан құстан өзге жан иесі мекендемеген бос жатқан өңір ойға оралады. Еділ мен Жайық аралығындағы осынау кең далаға қоныстануға 1801 жылы орыс патшасынан рұқсат алған Бөкей сұлтан бес мың шаңырақпен көшіп, Жайық өзенінен өтіп, ат басын осы Қазіргі Хамит Ерғалиев ,бұрынғы Новобогат жеріне тіреген Новобогат ауданы еңбекшілерінің ұйымшылдығы мен тамаша патриоттық бастамалары ел басына қатер төнген Ұлы Отан соғысы жылдарында ерекше көрінді. Фашист басқыншыларының айуандық, жауыздық әрекеттеріне ыза болған новобогаттықтар алғашқы күндері-ақ митингілер-жиналыстар өткізіп, берік топтасып, Отанымыздың күш-қуаты мен қорғаныс қабілетін нығайту үшін жан аямай еңбек ететіндіктерін білдірді.
1941 жылы басталған Ұлы Отан соғысы бүкіл елдегі сияқты Новобогат ауданында да қауырт жағдай туғызды. Ер-азаматтар әскери комисариаттың алдында лек-лек болып майданға аттанып жатты. Елдің бүкіл қам-қарекеті соғыс жағдайына бейімделді. Ауданда 4 балықшы ұжымшарының балықшылары Каспий флотилиясы қарамағына беріліп, дивизион құрамында әскери тәртіппен жұмысқа көшті. Олар қыста мұз астынан (арқан тартып), ал жазда теңіз тереңінен балық аулады.Балықшыларды соғысқа жібермеді. Сол 1941-1945 жылдары ауылдағы тыл еңбеккерлерінің ерлігін көзімен көрген бозбала, кейін кеңес, комсомол, кәсіподақ мекеме жұмыстарында басшылық қызметтер атқарған, бұл күндері ардагер-ұстаз атанған Әнуарбек Зайдуллин ағамыз былайша еске алады: -Ол кез ел басына қатер төнген жыл еді. 1941 жылғы сұмдық соғыс басталды. Аңыраған ана, зар илеген жар, шырылдап жылаған сәбилердің үндері жалпақ Нарынды күңірентіп кетті. Қолына қару алуға жарайтын азаматтардың барлығы соғысқа аттанды. Менің әкем – Заһидолланы «үстінде жұқпалы жара бар», Үйшіктегі дәрігерлер соғысқа жарамайды деп емдеуге алып қалды. 4-5 ай емделгеннен кейін соғысқа тамақ керек деген қатаң шешім шыққан соң, балық аулауға теңіз үстіне шығарып жіберді.
Содан соғыс аяқталған соң 1945 жылдың күзінде бір-ақ келді. Келген соң «біздің аулаған әрбір шабағымыз неміске атқан оқ» деп отыратын-ды» Ер азаматтар соғысқа кетіп, артта қалған кемпір-шал, әйел, бала-шаға қиыншылықта өмір сүрді. Қаншалықты қиын болса да ағайын-туыс ,ауылдас адамдар бір-біріне қол ұшын берді, жәрдемдесті, қолтығынан демеп, сүйеу болды. Халық қиналды, қатты күйзелді. Ішерге тамақ, киерге киім жетіспеді. Теріден шалбар, аяқтарына шарық тігіп киді. Өлген малдың терісін үйтіп жеді.Бір үйде кем дегенде 3-4 отбасы мүшелері тұрды. Астарына төсегені көк қияқ, басына ақселеу шөпті түйіп салады. Бір аяқ сүтті (айранды) түгел үй ішіндегі адамдар бір-бір ұрттап ішеді. Бір кесек нанды бәрі бөліп жейді. Жазда сұлы, (қияқтың басы) құмаршық қағып, қысқа дайындайды. Балалар болса желкек, шырмауық (жерге шығатын табиғи шөптер) жеп күнелтті. Сиырды сауып, майын, сүтін 3 майданға жіберді. Есеп өте қатты, бақылау өте күшті. Дайындаған сүттен, майдан пайдалануға, малды сойып жеуге болмайды. Міне, осындай жан түршігерлік азаппен жетімдер өмір сүріп, соғыс жүріп жатты,-дейді.
Мал шаруашылығымен айналысатын ұжымшарларға мал басын көбейту, ет, сүт, жүн өнімдерін мол өндіру міндеттелді. Қызыл армия қажеттілігіне іріктелген аттар үздіксіз жіберіліп жатты. Осыған байланысты жылқы малына соғыс көлігі ретінде ерекше маңыз берілді. Жылқыны шығынға ұшыратқандар былай тұрсын, жауыр еткен, мініске тай, құнан,биені пайдаланғандар да жауапқа тартылды. Ұжымшардың көбі Нарын құмында орналасқандықтан, пішен дайындау мүмкіндігі шектеулі болып, мал жыл бойы өрісте жайылып, бағылды. Сол тұста малды алыс жайылымдарда жайып, бағу әдісін облыста алдымен новобогаттықтар қолға алды. Ауданның батыс Қазақстан облысымен шектесетін Қара түйе, Бәсібек, 12-ауыл, 24ауыл, Ақбалық,Үштаған жайылымдарына үйір-үйір жылқы, табын-табын ірі қара, отар-отар қой айдап апарылды. Шалғай жайылымдарды игеру жөнінде аудандық партия, атқару комитеттері үлкен ұйымдастыру жұмыстарын жүргізді. Шалғай жайылымдарға мал айдап апарып, орналастыру үшін көшетін малшылардың жолы белгіленіп, құдықтар әзірлеу, киіз үйлер бөлу, жайылым орталығында қызыл отау, бастауыш мектеп, дәрігерлік пункт, дүкен ашу, т.б ұйымдастырылды. 1941 жылы 5 ақпанда баспасөзде Новобогат ауданы малшыларының мал шаруашылығын өркендету жөнінде республикалық социалистік жарысты өрістету туралы үндеуі және оны мақұлдаған Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің қаулысы жарияланды. Бұл бүкіл елді елең еткізген ерекше оқиға болды.
-Соғыс кезеңінің аса қиын жағдайында,- делінді Үндеуде,-өткен 1943 жылы біз ірі қараны -4 200 басқа, қой мен ешкіні – 13 мыңға, жылқыны – 1350-ге, түйені 210 басқа жоспардан артық өсірдік. Мемлекетке мал өнімдерін түгел тапсырып, алдағы жылдың есебіне өнім өткіздік... «Үндеуде ауданның 30 колхозы түгелдей міндеттемесін орындағаны, әсіресе, «Қызыл балық», «Бірлік ту», «Алғашық» колхоздарының табысы атап көретілген.«Қызыл балық» ұжымшарының жылқы фермасы меңгерушісі Хансұлтан Теміров шалғай жайылымда мал бағуды ұйымдастыруда үлкен шеберлік танытты. 1355 жылқыны шығынсыз сақтап, 357 құлын алды, майданға 450 сәйгүлік жөнелтті, соңғы жеті жыл қатарынан балық аулау жоспарын асыра орындады...» Бұл үндеу жер-жерде қолдау тапты, ал бастама иелері уәделеріне сай жұмыс істеп, бұрынғыдан да үрдіс қимыл танытты. «Жаңа талап» (Жанбай ауылдық Кеңесі), «Алғашық» (Мыңтөбе ауылдық Кеңесі), «Қорық» (Орпа ауылдық Кеңесі), Карл Маркс атындағы (Тұщықұдық ауылдық Кеңесі), «Жаңа тұрмыс» (Айбас ауылдық Кеңесі) ұжымшарларының мал өнімін өндіру, мал басын көбейтіп, шығынсыз сақтауда айтарлықтай табысқа жетті. «Жаңа талап» ұжымшарының аға жылқышысы Шипа Шұғайыпова майданға кеткен әкесінің орнына мал бағып, мал басын сақтау тапсырмасын асыра орындады. Карл Маркс атындағы ұжымшардың ферма меңгерушісі Мақтым Оспанова ұйымдастырушылық қабілетімен көзге түсті. «Қызыл балық» колхозының белгілі малбегілері – Айталы Ғабдуллин («Забурын» совхозында атақты шопан болған Ғилаж Айталиевтің әкесі), Ерғазы Еркәлиев , Құбаш Мақаев, Ыбраш Мұқанбетов, Қарабала Ержанов, Байдолла Зинуллин, Сәли Заханов және басқалары мал басын шығынсыз сақтай отырып, төл алу міндеттемесін де артығымен орындады, колхоздың жылқы фермасын басқарған Хансұлтан Теміров ақсақал ат үстінен түспей, шалғайдағы жылқышылар ауылын аралап, олардың зәру қажеттерін өтеу үшін мігірсіз қызмет еткенін білеміз.


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру