Қой Қойдың пірі - Шопан ата.Қой анасы - оннан,Жылқы анасы - бестен.Қой егіз тапса,Шөптің басы айыр шығады. Мақал-мәтелдер Толық Zharar_4 1 25 514
Түлкі Бір түлкі жеті бөріні алдайды.Түлкіні түн асырайды.Түлкінің қызылдығы - өзінің соры.Түлкінің өз терісі өзіне жау. Мақал-мәтелдер Толық ZHARAR 0 9 891
Төре, ақсүйек, мырза, сұлтан, ұлық, шонжар Төренің тілі тәтті, діні қатты.Жер төбесіз, ел төресіз болмайды.Төренің төлеңгіті,Байдың жалшысы қодаң.Төреге ерген ерін арқалайды. Мақал-мәтелдер Толық ZHARAR 0 6 365
Хайуанаттар, жануарлар Бір жылға қоян терісі де шыдаған.Қоян көлеңкесінен қорқады.Қоянның қарасын көріп, қалжасынан түңіл.Қашқан қоян жатқан қоянды ала кетеді.Көкпар тартқандікі, қоян қаққандікі. Мақал-мәтелдер Толық ZHARAR 0 30 341
Түйе Түйенің пірі - Ойсылқара.Түйе - түлік басы.Түйе - түлік төресі.Түйе - дала кемесі.Түйе - көштің көлігі, қойдың серігі. Мақал-мәтелдер Толық Zharar_4 0 40 661
Жоқшылық, кедейлік Кедейді тер қысса,Керегесін арқалап тауға шығады.Жеті кедей жиналғанмен,Ортасынан бір бай шықпас.Лашығы жоқ орданы аңсайды,Желері жоқ жорғаны аңсайды.Байдың қорасынан,Жарлының жалғызы жоғалады. Мақал-мәтелдер Толық ZHARAR 0 12 913
Жетімдік Жетім көрсең, жебей жүр,Жесір көрсең, демей жүр.Жетім баланың еншісі - қотыр тай.Жетім баланың еншісі - жоғалған тай.Жерде жетім жыласа, әуеде періште тітіркенеді.Жетім бала өз кіндігінен өседі.Жетімді желе, жесірді еле. Мақал-мәтелдер Толық ZHARAR 0 25 209
Ешкі Есі кеткен ешкі жинар,Ешкі жинап есін жияр.Айдағаны - бес ешкі, Ысқырығы жер жарады.Түйені жел шайқаса,Ешкіні көктен ізде. Әркім тапқанын теке қояды.Жылқыны бөгелек,Ешкіні кебенек аздырады. Мақал-мәтелдер Толық ZHARAR 1 13 649
Дүниеқорлық Дүниеқор - дүниенің құлы.Абзал арын ойлайды,Надан дүниеге тоймайды.Өзі тоймастың көзі тоймас.Өзі тоймағанның сарқытын ішпе.Ішіп тоймаған жалап тоймас. Мақал-мәтелдер Толық ZHARAR 0 10 363
Ой, ес, пікір, ақыл Ойлану кейде наркескен,Жүректі сара тіледі.Сынамаған алдырар,Ойламаған ұтқызар. Мақал-мәтелдер Толық ZHARAR 0 23 055