Байрағымыздағы күніміз сөнбесін

Еліңнің ұлы болсаң, еліңе жаның ашыса, адамзаттық намысың
болса, қазақтың ұлттық жалғыз мемлекетінің
нығайып - көркеюі жолында жан теріңді сығып жүріп,
еңбек ет. Жердің де, елдің де иесі өзің екеніңді ұмытпа!
Нұрсұлтан Назарбаев

Қазақстан Республикасы - өзінің тәуелсіз мемлекет екендігін бүкіл әлемге дәлелдеді.
Енді басты міндет – осы мемлекеттің өркендеп өсуі, халықтың әлеуметтік, экономикалық
жағдайын көтеру. Қазақстанды – Отаным деп таныған әрбір азаматтың осыған өз
мүмкіндігінше үлес қосуы тиіс.....
Шығармалар
Толық

Бақытым - Отаным

Елім!
Саған ғашықпын.
Ғашықпын саған:
Құмарымды қандырмап едім.
Батыр болып ,бақ қонып,асып тұрса адам,
Қаруы жоқ құлың ғой алдыңда сенің.
М.Мақатаев

Қазақстан, әскер, отаншылдық..... Бұл сөздер - мен үшін өте қымбат, менің өмірім
үшін өте маңызды. Бұл сөздердің аясында халқымыздың басынан өткерген қиын да
тартысты тарихы жатыр. Сонау жаугершілік заманда жоңғар-қалмақтарының тепкісінде
қалып, елінен, жерінен айырылған ата-бабаларымыз еркіндікті аңсады. Шамасы
келгенінше күресті, тартысты......
Шығармалар
Толық

Отан – ұрпақтың күліп атар ертеңі

Қазақстанның болашағы – қоғамның
идеялық, саяси бірлігінде.
Елімізді сақтасақ, қорғай білсек,
кез келген сынақтар мен
кедергілерден сүрінбей өтеміз.
Н. Ә. Назарбаев.

Құрметті менің шетелдік досым! Мен бұл хатымда саған менің елімнің Қарулы
Күштері жайлы айтпақпын. Менің елім қанаты қатайып, кемелденіп келе жатқан
«Қазақстан» атты жас мемлекет. Өз алдына отау тігіп, көк туымыз асқақ желбіреп,
Тәуелсіздігіміз салтанат құрғанына, міне, биыл 20 жыл!....
Шығармалар
Толық

Отан – қазағымның қара шаңырағы

Қазақстан тәуелсіздік табалдырығын аттағалы, міне жиырма бес жылдың жүзі болды.
Қазақстан жиырма бес жылда – әлемдік қауымдастықтың белді мүшелерінің қатарынан
табылды. ТМД елдері ішінен бірінші болып ЕҚЫҰ-на төрағалық ету абыройына ие
болды. Еуропалық және Азиялық саяси оқиғалардың түйіткіл мәселелерін шешуге белсене
араласып, биік белестерден көріне білді. Сонау 1991 жылдан бері, біз Елтаңбамызды
бекітіп, арғы-бергімізді түгендеп түйіп, Алтай мен Атырау арасын тұтастырған
шекарамызды шегендеп, Сарыарқа төсінен айбарлы Елордамыздың іргесін көтеріп,
еңсесін тіктедік. Осы жиырма жыл қазақ әскері мен Қазақстан Республикасы Қарулы
Күштеріне де ықпалын тигізгені анық. Себебі қазір Қазақстан Республикасы Қарулы
Күштеріне үлкен жауапкершілік міндеттелуде. Менің ойымша Отанымызды қорғау ісі –
Қазақстан Республикасының бүкіл халқының ісі. Отан Қорғау әрбір азаматтың міндеті.
Себебі Отан бәрімізге ортақ.....
Шығармалар
Толық

Мамырбек Үкірдайды жоқтау (Қазақ ауыз әдебиеті)

Жер жарған атың Мамырбек,
Ханымың қалды бәйшешек.
Еженнен алдың Қызылтас,
Тұқымың дегдар қаракөк.
Арғы атаң сенің Көгедай,
Тараған ұрқың көп еді-ай.
Алты арыс, төрт төңірек,
Бір мамаң білсін деп еді-ай.
Билеген мамаң талайды,
Жол ашып көрдің талайды.
Сізге өлшем қылсам, жетер ме,
Сүлеймен мен Малайды?!
Өз әкеңіз—Жанымқан,
Ордаңа келген мың мен сан.
Қайраны тиіп халыққа,
Жалған ба сөзім, анық па?
Ханымын қажыға апарған....
Өлеңдер
Толық

«Бейбітшілік» - қастерлі ұғым

«Бейбітшілік» деген - нұрлы сөз. Жанымызға жылылық сыйлап, көңілімізге бақыт ұялататын қастерлі ұғым. Бейбіт өмірге бұл дүниеде еш нәрсе тең келмейді. Бір кезде еліне шұрайлы қоныс, жерұйық іздеген Асанқайғы бабамыз да қой үстіне бозторғай жұмыртқалайтын бейбіт күнді аңсаған еді. Атамыздың бұл арманы орындалып, халқымыз бірлігі жарасқан, тату-тәтті мемлекетте, тәуелсіз Қазақстан Республикасында, бейбіт өмір кешіп жатыр. Қазақстандықтар бейбіт күннің қадірін жақсы түсінеді. Себебі өшпестей із қалдырған Ұлы Отан Соғысы әлі де еліміздің жүрегінде әрі есінде. Дүниені жаулап алмақ болған «фашизм» деген зұлымдыққа қарсы тұрған 61қаһарман мемлекет, сан миллиондаған адамдардың тілегі бір болатын. Ең ауыр да қаһарлы төрт жыл бойы абыроймен ел қорғаған батырлар, тылда қызмет еткен аталар мен әжелер, аналар мен балалар әр минут, әр сағат сайын жеңісті аңсаған еді. Жеңіс оңайлықпен келген жоқ. Жеңіске жету жолындамиллиондағаназаматтар қаза болды. Жаумен шайқасып ерліктің ерен үлгілерін көрсетті. Ана баласын,жарын жоғалтып,бала әкесінен, анасынан айырылып, жетім атанды. Фашистердің тұтқынында қаншама ана мен бесіктен белі шықпаған балалар соғыстың қасіретін арқалады.Бірақ ешкімнің сағы сынбады.
Бұл халық рухының, ел жігерінің мықтылығын білдіреді. Биыл Ұлы Отан Соғысы басталуының 75 жылдығы болса, Ұлы Жеңістің 71 жылдығы. Жеңіс үшін барлық халықтар біріге, жұмыла отырып әрекет етті. Бұл соғысты қайсар жүректер, батыл білектер, шыдамды әрі төзімді мінездер жеңді. Бір мақсат, бір мүдде үшін күрескен азаматтар жеңді. Отанын қорғау ең негізгі парызы деп білген, жанын аямаған қазақстандық қаһармандарымыздың ерлігі де барлық дүниеге аян.....
Шығармалар
Толық

Ерлікке – тағзым!

Ешкім де, ешнәрсе де ұмытылмақ емес! Соғыс – күйретуші күш! Дәл солай! Барды жоқ ететін, тауды жер ететін. Жер бетіндегі тіршілік атаулының бәрін жалмап, жұтатын тажал. Сол қанды кезеңді еске түсіріп, елестететін газет – журнал материалдары немесе радио, телехабарлар, кинолар, аталар ерлігін мақтаныш тұта, бізге жеткізді. Иә, содан бері жарты ғасырдан астам уақыт өтсе де, ешнәрсе де ұмытылған жоқ. Ұлы Отан соғысы... Бұл сол кездегі кеңес халқының ержүректілігі мен төзімділігін паш ететін, тарихта мәңгі қалатын күн. Бұл күнді соғыстың алғы шептерінде қайсарлықпен шайқас жүргізіп, ерліктің сан үлгісін көрсеткен ардагерлер тойлайды.
Неменеңе жетістің бала батыр,
Қариялар азайып бара жатыр.
Бірі мініп келместің кемесіне,
Бірі күтіп, әнеки, жағада тұр, - деп тебіренген Мұқағали мұңында жұмырбасты пенде үшін теңдессіз құндылық ұрпақаралық қимастық, сыйластық сезімдері мөлдіреп тұр.Қариялар азайып бара жатқанын, әсіресе олардың ортасында Ұлы Отан соғысынан аман оралған ақсақалдарымыздың қарасы жыл санап азайып барады емес пе?! Солардың жанымен, қанымен, терімен, көз жасымен, күшімен, ісімен, ерлігімен, еңіреп жүріп жауды жеңіп, тауын шағып, жеңістің таңбасын басқан күн – Жеңіс күні. Бұл күннің толғағы ашшы болса да, туғаны бар халқы үшін қуаныш болған күн. Бұл – ұлы мереке! .....
Шығармалар
Толық

Олар өлді басқалар өлмесін деп

Соғыс айтуға оңай... Ауыр зұлматты басынан кешкен адам ол уақытты ешқашан ұмытпайды! Сол сұрапыл жылдарда қанша азамат жер құшты, қанша бала әкесінен, қанша ана баласынан, қаншама үй тірегінен айырылды. Ауылдан сән, өмірден мән кетіп, сұрықсыз бір дүниеге айналды. Соғыс миллиондаған адамдардың өмірін қиып, жүздеген қала мен елді мекендерді тып - типыл етті. Сөйтіп соғыс әр үйге, әр отбасының өміріне жазылмас жараның ізін қалдырды. Ұлы Отан соғысы Кеңес Одағы халықтарының тарихындағы қасіретті бет қана емес, сонымен қатар ол халықтарымыздың теңдесі жоқ ерлігі мен қажыр - қайратының, бірлігінің дәлелі еді.1941 жылы 22 - маусымда гитлерлік Германия КСРО - ға опасыздық пен шабуыл жасады. Сол күні кеңес үкіметі халықты Отан қорғауға шақырды. Майдан даласына қаншама қазақ азаматтары да белін бекем буып өз ұрпағының келешегі үшін аттанды... Сұрапыл сұм соғысқа менің атам Мухажанов Сыдық Тәліпұлы 1943 жылы аттанған екен. Менің атам Мухажанов Сыдық 1926 жылы шілде айының он бірінші жұлдызында Шығыс Қазақстан облысы, Семей қаласы,Тарбағатай ауданы,Ақсуат ауылында дүниеге келген. Ата - анасы шаруа адамдары болған. 17 жасқа толғанда әскерге алыныпты. Алғашында 3 ай бойы Орынбор қаласында мылтық атуды үйреніп, алғырлығымен көзге түскен. Осы жылы Минск қаласында шайқасқа қатысыпты. Ол кісі көзінің тірісінде балаларына бар білгенін,ақыл сөздерін аямай санасына сіңіруге тырысатын. Бізге ертегі боп көрінетін соғыс жайында сұрағанымда жанарына бір мұң ұялап, терең күрсініспен сөзін іркіп - іркіп бастайтын. «Балам - ау, соғыс жақсы емес қой, әскерге 1943 жылы аттандым....
Шығармалар
Толық

Соғыс балалары

Аңыздардан тере жүріп масақты,
Рас, рас көзімізден жас ақты.
Бірақ со бір дауыл жылдар, от жылдар,
Бірімізден бір-бір батыр жасапты...
Өмір біреу. Әр адамның басынан сәбилік кез бен жасөспірімдік, жастық шақ пен ересек шақ өтеді. Бұл өте қызықты жылдар. Өмірдің бұл кезеңдерінде адам баласы көп нәрсені жаңа танып, өмір жолын таңдап, еңбекпен айналысады. Ал... ХХ ғасырдың басында туылған адам өмірі өлім аузында болды ғой...
Менің жасы бірге жаңа толған және үштен төртке аяқ басқан сіңлім бар. Олардың қылығына отбасымызбен сүйсіне күлеміз. Біз бақыттымыз...олар бақытты. Әкем, анам, мен және жасы тоғыздағы сіңлім қосылып дәмді –тәттіні оларға төрт жақтан тасимыз. Біз де баламыз. Біз де, әрине, бақыттымыз. Отбасымды мен қатты жақсы көремін. Енді айтайын дегенім –осы нәзік сүйіспеншілік сезімі, отбасылық сүйіспеншілік әр уақытта болды ғой. Бір мен сияқты қыз өз сіңлі інілерін дәл мен секілді қатты сүйді. Дәл мен сияқты мектептен келе сала құшақтап көтерді. Ойнады. Анасын құшақтап, әке мейірімін көрді. Дәл мен секілді....Дәл менің кішкентакй сіңлім секілді бала ойнақтап, еркеледі. Тәтті тілімен алғашқы сөздерді былдырлап сөйледі... Осы мейірімге толы бақытты күндер күрт үзіледі деп сонда кім ойлаған?! Жауыз заман! Таңғы алтыда тәтті ұйқыда жатқан баланың ұйқысын солай үзуге қалай ғана қол барды?! Қалай ?! Атып жатқан адам да адам емес пе?! Бала кінәсі нешік? Ана кінәсі нешік?....
Шығармалар
Толық

Ерлер есімі - мәңгі ел есінде

Ежелден ел тілегі – ер тілегі,
Адал ұл ер боп туса –ел тірегі.
Бауыржан Момышұлы
«Жер - елсіз болмайды,ел - ерсіз болмайды» -дейді дана халқымыз. Ерлер халықтан туады.Ер –дегеніміз халықтың қамқоры, тірегі,қорғаны.Ерлік –ердің ісі ,бірақ оның көрінісі тоқсан түрлі Біреулер даналығымен елінің ынтымағын біріктірсе,біреулер табандылықпен елін жаудан қорғайды,біреулер табандылықпен жерін зерттейді .Осы тұрғыдан қарасам, біздің батыр аталарымыздың елін ,жерін қорғау үшін қосқан ерлігі ұшан теңіз.Ер жігіт етігімен су кешіп,от басқан, ат ауыздығымен су ішкен сұр шинельді төсек етіп,қасық қаны қалғанша жаулармен шайқасып, біздерге бейбіт өмірді орнатып берді. Уақыт өткен сайын батыр аталарымыз қажырлылықпен сыйлаған Ұлы Жеңістің маңызы артып келеді. Олар көрсеткен ерліктері бүгінгі ұрпақ бізге өшпес үлгі өнеге. Бұл мереке – бейбітшілік қайырымдылықтың мәңгі жасампаздығын, Отанын қорғаған жауынгер-солдаттар мен офицерлердің айбыны, тылдағы Жеңісті жақындатқан жұмысшылардың ерлік еңбектерінің мәңгі өшпейтіндігін дәлелдейтін белгі болып қалмақ.Бізге жеңіс оңайлықпен келген жоқ. Жеңіс күні – абыройымыз даңқымыздың мерекесі. Сол бір сұрапыл жылдары Қазақ халқы өзінің Отанына, жеріне деген патриоттық сезімін, ұлттық мақтанышын дәлелдеді. 500-ден аса жерлестеріміз, оның ішінде 96 Қазақ Кеңес Одағының батыры атағын алды. Бауыржан Момышұлы, Талғат Бегельдинов, Сергей Луганский, Иван Павлов, Мәншүк Мәметова, Әлия Молдағұлова сияқты есімдері аңызға айналған ағаларымызды,аталарымызды,әпкелерімізді тарих беттерінде «Батыр» деп алтын әріппен жазды....
Шығармалар
Толық