Соғыс балалары

 Соғыс балалары

Умарова Карина
6 сынып, Железин № 3 мектеп, Железин ауданы
Жетекшісі: Умарова Ә.Е.

Аңыздардан тере жүріп масақты,
Рас, рас көзімізден жас ақты.
Бірақ со бір дауыл жылдар, от жылдар,
Бірімізден бір-бір батыр жасапты...
Өмір біреу. Әр адамның басынан сәбилік кез бен жасөспірімдік, жастық шақ пен ересек шақ өтеді. Бұл өте қызықты жылдар. Өмірдің бұл кезеңдерінде адам баласы көп нәрсені жаңа танып, өмір жолын таңдап, еңбекпен айналысады. Ал... ХХ ғасырдың басында туылған адам өмірі өлім аузында болды ғой...
Менің жасы бірге жаңа толған және үштен төртке аяқ басқан сіңлім бар. Олардың қылығына отбасымызбен сүйсіне күлеміз. Біз бақыттымыз...олар бақытты. Әкем, анам, мен және жасы тоғыздағы сіңлім қосылып дәмді –тәттіні оларға төрт жақтан тасимыз. Біз де баламыз. Біз де, әрине, бақыттымыз. Отбасымды мен қатты жақсы көремін. Енді айтайын дегенім –осы нәзік сүйіспеншілік сезімі, отбасылық сүйіспеншілік әр уақытта болды ғой. Бір мен сияқты қыз өз сіңлі інілерін дәл мен секілді қатты сүйді. Дәл мен сияқты мектептен келе сала құшақтап көтерді. Ойнады. Анасын құшақтап, әке мейірімін көрді. Дәл мен секілді....Дәл менің кішкентакй сіңлім секілді бала ойнақтап, еркеледі. Тәтті тілімен алғашқы сөздерді былдырлап сөйледі... Осы мейірімге толы бақытты күндер күрт үзіледі деп сонда кім ойлаған?! Жауыз заман! Таңғы алтыда тәтті ұйқыда жатқан баланың ұйқысын солай үзуге қалай ғана қол барды?! Қалай ?! Атып жатқан адам да адам емес пе?! Бала кінәсі нешік? Ана кінәсі нешік?
Соғыста бәріне қиын...ауыр. «Лучше худой мир,чем хорошая война» деп орыс халқы бекер айтпаған. Ұлы Отан Соғысы жайында фильм көрсем де, кітап оқысам да бәрінен аянышты күй- сәби күйі.
Ертеңге жетпек түгел,
Армандап үлгермеген.
Сұм өмір төкпепті нұр,
Күн көзі күлгенменен.
Дұғасын айтатындай,
Тілі де шықпайды оның.
Кәрі емес қайтатындай,
Соны да үқпады өлім.
Қиын- ау ұрыс көрген
Буыны қатпай жатып,
Қуыпты тыныш төрден
Бақытын қақпайлатып.
Бала боп ойнамапты,
Алаңда жауыздық бар.
Мейірімді ойран атты,
Ешкім жоқ ауыздықтар.
Дүние зырылдады -ай,
Ұқсап тұр дөй ұршыққа.
Бейкүнә ғұмырлар –ай
Айналған ойыншыққа!
Асылбек Жаңбырбай
Қай кезде болсын балалар-қоғамның ең әлсіз қабаты. Бірақ соғыс балалары жылауды ұмытқан. Соғыс ардагерінің сөзінен "Біздің эшелонды екінші рет бомбалап кеткенде, біз немістердің қолына түстік. Фашистер балаларды жеке, ересекетрді жеке құрып қойды. Қорыққандықтан ішкім жылаған жоқ, барлығына шыны көзбен қарап тұрдық. Егерде жыласаң-атып тастайтытын біз білдік. Біздің алдымызда тоқтамай жылаған кішкентай қызды атып тастады. Осылай жай ғана өмірлер сөніп жатты. Фашисттер балаларға ойнап ататын, Бала жұмыс істей алмайды, сондықтан ол қажет емес. Бірақ та легерьлерде балаға да жұмыс табылатын. Мысалы, адам денелерінен қалған қоқымды пакеттерге тігу, ол қоқымды немістер жердің құнарлығын арттыру үшін жерге көмеді екен. Лагерьдегі балалар немістер үшін қан донорлары да болды.
Ата-аналарынан, інілерінен, сіңлілерінен айырылып жатты. Мен соғыс балалары жайында оқыған кейбір кітаптарда менің есімде қалғаны –баланың ата-анасының өлі дененсінің басында бірнеше күн отырғандары. Өте аянышты жай. Миға симайтын жай... Қираған үйлер, оқтың зуылдыағаны, фронттан келетін «қара қағаздар», ауыр жұмыс... осының бәрін біз елестете де алмаймыз. Бұндайды ештеңемен салыстыруға болмайды. Балалар өлеңдерінің орнына соғыс балалары бомба жарылысын, ашық аспан орнына болмбалайтын ұшақт арды көрді. Балалар ойыншық не екенін білмеді. Қыздар қолы аяғы жоқ қуыршақпен ойнап, ұлдар жарылмаған гранат пен ойнаған. Соғыс баласы 11-13 жастан ересек болып саналды. Анасының көмекшісі, отбасының иесі болып саналды. Оларды кім бақты? Тамағынңды іштің бе, жоқ па деп кім сұрады?.. 14-15 жастан бастап балалар заводтарды, госпитальда немесе далада ауыр еңбекпен айнасты. Олар бізден қарағанда күшті болды. Осы балалар соғыста сынған қалалармен ауылдарды қайта көтерді. Қазір олардың алды сексеннің сеңгіріне жақындап қалса да, ол кезде небәрі жетіден он бес жасқа дейінгі балалар болатын. Осы балалар әкелерін, ағаларын майданға аттандырып салып, елдегі шаруашылық тұтқасын ұстап қалған еді. ...Соғыс кезіндегі аштық кезеңде бала көтеріп, бала көріп, шамасы келгенше асырап-әлдилеген аналарға мың да бір алғысымды білдіремін! Ал қазіргі тоқ уақытта өз әлдиін өлімге қиған «аналарға» не көрінді?! Бұл , әрине, басқа шығарманың тақырыбы.


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру