Білім күні - бақшада

Сабақтың тақырыбы: Білім күні-бақшада

Мақсаты: 1 қыркүйек - Білім күнін, 30 тамыз - Ата Заң күнін атап өту, маңызын түсіндіру. Мерекені сезіндіру. арнайы әндер, тақпақтар үйрету. Отаншылдыққа тәрбиелеу.
Сахна мәдениетіне баулу. Көңілді орта қалыптастыру.

Би «Мереке»

1 - бала: Ерекше бүгінгі күн, салтанат сән
Тербетер жүректерді бір әсем ән
Шат - шадыман барша ел, барша халық
Құлпырып тұр гүлдермен айнала, маң
Қымбатты балалар, құрметті ата - аналар, балабақша қызметкерлері!
Баршаңызды бүгінгі 1 қыркүйек - білім күнімен, жаңа 2016 - 2017 оқу жылының басталуымен құттықтаймыз!
Мерекемізге қош келдіңіздер!......
Тәрбие сағаттар
Толық

Ақылбек Шаяхметов «Білімің - бұлағың»

Сабақтың тақырыбы: Ақылбек Шаяхметов «Білімің - бұлағың»

Мақсаты:
Білімділік: Балаларды білімге деген ынтасын арттырып, сөздік қорын көбейту, тақпақтарды мәнерлеп нақышына келтіріп айта білуге үйрету.
Тәрбиелік: Балаларды бір - бірін құрметтеуге, оқу құралдарын ұқыпты ұстауға, өз Отанын сүюге тәрбиелеу.
Дамытушылық: Балалардың ақыл - ойын қиялын, өз Отанына деген сүйіспеншілігін дамыту.
Керекті құрал - жабдықтар: бильборд, слайд, суреттер, тақта, оқу құралдары

Мотивациялық қозғаушылық
Шаттық шеңбері
Достарды біз қолдаймыз
Қиын шақта қорғаймыз
Біздің топта ұл - қыздар
Тату - тәтті ойнаймыз
Балалар бүгінгі оқу іс - әрекетін бастамас бұрын бір ойын ойнағым келіп тұр. Ойынның аты «Кім білгір». Ойынның шарты: допты балаларға лақтыру арқылы сұрақ - жауап алу......
Тәрбие сағаттар
Толық

Тәрбие сағаты: 1 Қыркүйек – Білім күні (Менің Отаным - Қазақстан)

Сабақтың тақырыбы: 1 - қыркүйек – білім күні (Менің Отаным - Қазақстан)

Сабақтың мақсаты: Балаларға 1 - қыркүйек күні – білім күні жайында түсінік беру. Өз туған елдеріне, жерлеріне, балабақшасына сүйіспеншілікке тәрбиелеу. Байланыстырып сөйлеуге, сөйлем құра білуге үйрету.
Көрнекі - құралдар: Қазақстан Республикасының рәміздері, суреттер.
Әдіс - тәсілдер: көрнекілік, сөздік, сұрақ - жауап.

Барысы:
І. Кіріспе бөлім.
Мемлекеттік әнұранды орындау.
Тәрбиеші: Балалар, бүгін бізде ерекше күн, бүгінгі сабағымыз біздің білім күніне, бірінші қыркүйек күніне арналған. 1 - ші қыркүйек күні барлық балабақшаларда, мектептерде басқа да білім беру мекемелерде сабақтар басталады. Бұл күн сендер үшін, яғни оқушылар үшін және біздер үшін, ұстаздар үшін үлкен мереке күні болып саналады. Әр бір мектептерде, балабақшаларда, басқа да білім беру мекемелерде тұңғыш қоңырау соғылады (тәрбиеші қоңырау соққан баланың суретін көрсетеді)......
Тәрбие сағаттар
Толық

Функция және оның қасиеттері (Алгебра, 10 сынып, IV тоқсан)

Пән: Алгебра
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Функция
Сабақ тақырыбы: Функция және оның қасиеттері
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: 10.4.1.4 функцияның берілген графигі бойынша оның қасиеттерін:
1) функцияның анықталу облысы;
2) функцияның мәндер жиыны;
3) функцияның нөлдері;
4) функцияның периодтылығы;
5) функцияның бірсарындылық аралықтары;
6) функцияның таңбатұрақтылық аралықтары;
7) функцияның ең үлкен және ең кіші мәндері;
8) функцияның жұптылығы,тақтылығы;
9) функцияның шектелгендігі;
10) функция үзіліссіздігі;
11) функцияның экстремумдары сипаттай алу;
10.4.1.6 кері функцияның анықтамасын білу және берілген функцияға кері функцияны табу және өзара кері функциялар графиктерінің орналасу қасиетін білу;
10.4.1.7 f(g(x)) күрделі функциясын ажырата білу және функциялар композициясын құру;
Сабақ мақсаттары: Оқушылар график бойынша функцияның қасиеттерін сипаттай алады, графигін сала алады, кері функцияны таба алады, функциялардың композицияларын құра алады. .....
ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ - Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар
Толық

Тригонометриялық функциялар, олардың қасиеттері мен графиктері. Тригонометриялық теңдеулер мен теңсіздіктер. (Алгебра, 10 сынып, IV тоқсан)

Пән: Алгебра
Ұзақ мерзімді жоспар: Тригонометрия
Сабақ тақырыбы: Тригонометриялық функциялар, олардың қасиеттері мен графиктері. Тригонометриялық теңдеулер мен теңсіздіктер.
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: 10.2.3.1 тригонометриялық функциялар анықтамаларын, қасиеттерін білу және олардың графиктерін сала білу;
10.2.3.5 кері тригонометриялық функциялардың графиктерін салу;
10.2.3.8 қарапайым тригонометриялық теңдеулерді шеше алу;
10.2.3.9 тригонометриялық теңдеулерді көбейткіштерге жіктеу арқылы шешу;
10.2.3.10 квадрат теңдеуге келтірілетін тригонометриялық теңдеулерді шеше алу;
10.2.3.11 тригонометриялық теңдеулерді тригонометриялық өрнектерді түрлендіру формулаларын қолдану арқылы шеше алу;
10.2.3.16 тригонометриялық теңдеулер жүйелерін шеше алу;
10.2.3.18 тригонометриялық теңсіздіктерді шеше алу;
Сабақ мақсаттары: Оқушылар тригонометриялық функциялардың графиктерін сала алады, тригонометриялық теңдеулер мен теңсіздіктер және олардың жүйелерін шеше алады......
ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ - Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар
Толық

Тригонометриялық функциялардың графигі және оның қасиеттері 2-сабақ (Алгебра, 10 сынып, IV тоқсан)

Пән: Алгебра
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Тригонометриялық функциялар
Сабақтың тақырыбы: Тригонометриялық функциялардың графигі және оның қасиеттері 2-сабақ
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 10.2.3.1 тригонометриялық функциялардың қасиеттерін білу және графигтерін салу
Сабақтың мақсаты: Тригонометриялық функциялардың графигін салу.....
ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ - Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар
Толық

Тригонометриялық функциялардың графигі және оның қасиеттері 1-сабақ (Алгебра, 10 сынып, IV тоқсан)

Пән: Алгебра
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Тригонометриялық функциялар
Сабақ тақырыбы: Тригонометриялық функциялардың графигі және оның қасиеттері 1-сабақ
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаты: 10.2.3.1 Тригонометриялық функциялардың анықтамасын, қасиеттерін біледі және олардың графигін салады;
Сабақ мақсаттары: Оқушылар:
- y=sinx және y=cosx функцияларының графиктерін салады және олардың қасиеттерін сипаттайды;
- y=tgx және y=сtgx функцияларының графиктерін салады және олардың қасиеттерін сипаттайды;.....
ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ - Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар
Толық