Экономика | Қазақстан Республикасының бюджет жүйесі.

Кіріспе
Республикалық бюджеттің түсім көздері - салықтар мен басқа да міндетгі төлемдерді құқықтық реттеу — республикалық деңгейдегі салық салу аясында салық механизмдерін қолдану, тұрақты бекітілген салыктық түсімдерді — салықтар мен өзге де міндетті төлемдерді алу, сондай-ақ олардың белгіленген тәртіппен республикалық бюджеттің кірісіне уақтылы және толығымен түсуіне тексеру жүргізу барысында туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейтін салықтық құқықтың ерекше бөлімінің институты. Республикалық бюджеттің салықтық түсімдері аясындағы материалдық салыктық қатынастарды құқықтық реттеудін мақсатты бағдары мемлекеттік, сондай-ақ корпораииялық (және жеке меншік) шаруашылық жүргізу ауқымында туындайтын мемлекеттік қаржылық қатынастардың тиімді қалыптасуына қол жеткізуге бағытталады. Мемлекет меншігіндегі республикалық бюджеттін ресурстары Қазақстан Республикасындағы саяси құрылыстың тұрақтылығын, әлеуметтік мүдделерді және елдің экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз етеді, сондай-ақ орын алуы мүмкін келеңсіз ішкі және сыртқы экономикалық факторларды болдырмауға септігін тигізеді.....
Курстық жұмыстар
Толық

Экономика | Қазақстан Республикасының бюджет жүйесі және бюджет құрылысы

Кіріспе
Кез келген мемлекетте елдің бюджет! маңызды рөлді атқарады ол арқылы: таза үлттық табысты белуге және қайта белуге, жалпы үлттық өнімнің қүрылымына, қоғамның әлеуметтік қамсыздандыруына әсер етеді.
Елдің мемлекеттік бюджеті қаржы жүйесінің басты буыны болып табылады. Мемлекеттік бюджет елдің орталықтандырылған ақша қоры. Бюджет арқылы барлық меншік нысандарының шаруашылық жүргізуші субъектілерінің қаражаттары және ішінара халықтың табысы жүмылдырады. Олар экономиканы әлеуметтік-мәдени шараларды қаржыландыруға, елдің қорғаныс қабілетін нығайтуға, мемлекеттік басқару органдарын үстауға, жергілікті бюджеттерді қаржылық жағынан қорғауга, үкіметтік борышты өтеуге, мемлекеттің материалдық және қаржы резервтерін жасауға және басқаларға бағытталады. Курстық жүмыс үш бөлімнен түрады: бірінші бөлімінде мемлекеттік бюджеттің экономикалық мазмүны, бюджеттің функциялары, бюджеттің юіассификациялары, мемлекеттік бюджет экономиканы басқару қүралы ретінде осы аталғандар бірінші бөлімде қарастырылды.....
Курстық жұмыстар
Толық

Банк ісі | ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БАНК ЖҮЙЕСІНІҢ ҚЫЗМЕТІ

КІРІСПЕ
"Коммерциялық банк" термині, банкілер басымды жағдайда саудаға (commerce), тауар айырбасы операцияларына және төлемдерге қызмет көрсетуі кезіндегі банкі ісінің ерте кезеңінде пайда болды. Оның негізгі тапсырыскері сатармандар еді. Банкілер тауар айырбасымен байланысты тасымалдау, сақтау және басқада операцияларды несиелендірді. Өнеркәсіптік өндірістің өркендеуімен өндірістік циклді қысқа мерзімді несиелендіру бойынша операциялар пайда болды: айналым капиталын толықтыру, шикізаттар мен дайын бұйым қорларын құру, жалақы төлеу және т.б. несиесі.
Несиелер мерзімі біртіндеп өсе бастады, банк ресурстарының бір бөлігі негізгі капитал мен бағалы қағаздарға жұмсалым үшін қолданыла бастады. Соңғы уақытта Қазақстанның банкілік жүйесінің қалыптасуында маңызды өзгерістер болды. Банк-жетекшілер анықталды, банкілік мамандандырудың негізгі бағыттары қалыптасты, қаржы институттары арасында тапсырыскерлер қорын бөлу аяқталды.....
Курстық жұмыстар
Толық

Банк ісі | Қазақстан Республикасының банк жүйесі

КІРІСПЕ
Банктік жүйе  нарықтық экономиканың құрылымының ең маңызды және айырылмайтын бөлігі. Банктердің және тауарлы өндіріспен айырбастың дамуы тарихи пераллельді жүрді және бір-бірімен тығыз байланыста болды. Банктер, ақшалай есеп айырысу жүргізе отырып, шаруашылықты несиелеп, капиталдарды қайта бөлудегі делдалдар болып, өндірістің жалпы тиімділігін көтереді, қоғамдық еңбектің өнімділігінің өсуіне себеп болады.
Банк ісінің пайда болуы және дамуы капиталмен байланысты. Капиталдың басты формасы, проценттер әкелетін  ссудалық (қарыз капиталы). Жеке меншіктің пайда болуымен, тауар-ақша қатынастарының дамуымен қоғамның меншіктік теңсіздігі күшейді. Ауқатты топтардың өкілдері кедейлерге қарызға ақша беру мүмкіндігін алды. Банк ісінің пайда болуы өсімқорлық капиталдың дамуымен өте тығыз байланысты.....
Курстық жұмыстар
Толық

Экономика | Қазақстан Республикасының ақша жүйесі

Кіріспе.
Бұл курстық жұмыстың негізгі мақсаты ақшаның пайда болуына, құрылымына, маңыздылығына теориялық аспектілер беріп, ақшаны жан-жағынан - бұрынғы, қазіргі және болашақтағы позицияларынан қарастыру.
Менің ойымша, ақшаның экономикалық мәнін бағалау өте қиын. Оның маңыздылығы мен функциясын түсінбей, нарықтық экономиканың механизмін және де оған ақшаның әсерін танып білу мүмкін емес. Егер де сіздер «экономиканың» не екенін және онда болып жатқан процестердің қоғам өміріне әсерін білгіңіз келсе, ең алдымен ақшаның мазмұнын және функциясын танып біліңіз. Бұл сұрақтардың білуі, біздің қоғамда кездесетін экономикалық проблемаларға басқаша көзқараспен қарауға мүмкіндік береді.
Ал енді, ақша дегеніміз не деген сұраққа келетін болсақ, ақша - ол тауарлардың тауары, оның өз бойында жасырын түрде барлық басқа тауарлар болады, егер керек болса, қызығарлық және тілеген заттың қандайына болса да айнала алатын сиқырлы құрал. Құнның ақшалай нысанының бекуімен байланысты баға пайда болады. Баға құнның ақшалай көрінісі. Оның құннан жоғары да, төмен де, тең де болуы мүмкін.....
Курстық жұмыстар
Толық

Банк ісі | Қазақстан Республикасының банк жүйесінің дамуы

К І Р І С П Е
Кез келген мемлекеттің экономикасында ірі кәсіпорындар,шағын және орта кәсіпкерлікпен қатар мемлекеттің дамуының негізі – банк жүйесінің қалыпты жұмыс істеуі екенін әлемдік практика көрсетуде.
Нарық экономикасы, шаруашылық жүйесі интеграциялану кезеңінде қаражат құрау мен оны пайдалану үрдісі әртүрлі экономикалық тұлғалар арасындағы әр-қилы қарым-қатынастарға сәйкес дамиды.Ондай тұлғалар – халықтың өзі,одан кейінгісі: мемлекет және банк,басқа қаржылық делдалдар.
Банктің мазмұны мен атқарылымы оның экономикадаы маңызын көрсетеді. Банктің маңызы оған жүктелген міндеттермен айқындалады. Банкке жүктелген міндеттер мыналарды қамтамасыз етеді:
- өндірістің үздіксіздігін және оны жеделдетуін қамтамасыз етуге керекті, бос ақша капиталды, ресурстарды шоғырландыру;....
Курстық жұмыстар
Толық

Экономика | Қазақстан Республикасының баға жүйесі

Кіріспе
Қазақстан Республикасы өз тәуелсіздігін алғалы бері өзі қатарлы ТМД мемлекеттері арасында экономикалық, әлеуметтік, саяси және мәдени салаларында көш басшы атанып келеді. Бұл еліміздің қай саласын алып қарасақ та халықтың әлеуметтік жағдайын жақсарту мақсатында жасалынып жатқан игі істер мен экономикалық жағдайды көтеруде алдыңғы қатарлы озық ойлар мен пайдалы қадамдар жасалынып жатқандығын көрсетеді.
Мемлекет өзінің ішкі экономикасын біршама тұрақтылықта дамытуда. Бағаны тұрақтандыру әр қашаан алдын ала өз жоспарлары арқылы есептелінетін елдің экономика саласындағы ұтымды қадамдарымен қамтамасыз етіледі. Осы орайда баға мен елдегі инфлиясия шараларының арасындағы байланыстарды жүйелі түрде шешу мен мемлекеттің игілігіне қызмет жасауын қадағалау негізгі бағыттардың біріне саналады.
Бұл курстық жұмыстың мақсаты – Қазақстан Республикасының экономика саласындағы ерекшеліктер мен бағаны тұрақтандырудың математикалық модельдеу әдістерін талқылау, ондағы тиімді модельдеу әдістерін таңдап алу, мемлекеттің баға тұрақтылығын қалыптастырудағы, оны реттеудегі өзіндік ұстанымдарына тоқталу табылады.....
Курстық жұмыстар
Толық

Ұлттық валюта | Қазақстан Республикасындағы ұлттық валюта жүйесі

Кіріспе
Ақша – тарихи дамыған экономикалық категория. Ақша адамдарға ежелден таныс. Бiрақ оның пайда болғандығы туралы құпия сыры және өмiрiндегi мәнi көп уақытқа дейiн беймәлiм болды. Бұл сұрақтарға қоғам өмiрiн зеттей келiп, оқымыстылар ақшаның тауар айналымында атқаратын қызметтерiн, маңызын жан – жақты ашып, жауап бердi.
Ақша – тауар өндiрiстiң өнiмi. Ол қоғам дамуының әрбiр сатысында өндiрiс және айырбас процесiнде адамдар арасында қалыптасатын экономикалық қатынастарды көрсетедi. Қоғам экономикалық әр түрлi үлгiсiне өткенде ақшаның маңызы арта түседi. Орталықтанған – жоспарлы экономикалық ақшаның мәнi шектеулi болды. Ақша, негiзiнен есеп жүргiзу және бақылау құралы ретiнде қосалқы қызмет атқарды. Жоғарғы басқару органдары әрбiр кәсiпорынның шығаратын өнiмiне натуралды және құн көрсеткiштерi түрiнде өнiмнiң көлемiне және түрiне жоспар бекiттi. Сол сияқты өнiм бағасын да орталық органдар бекiттi. Өндiрiлген өнiм тұтынушыларға келiсiм – шарт бойынша натуралыды өлшеммен бөлiндi.....
Курстық жұмыстар
Толық

Экономика | Қазақстан Республикасындағы сапа менеджменті жүйесін жетілдіру

КІРІСПЕ
Зерттеу жұмысының өзектілігі. ХІХ – ғасырдың француз экономисті Жан Батист Сәй (1767 -1832 жылдар) жылдар кәсіпорыннның шаруашылық қызметінің негізгі ережесін қалыптастырды. «Пайданы көбейту үшін өндіріс шығындарын азайту керек».
Осы классикалық ереже еркін, жетілген нарықтық бәсеке жағдайында бас тартпай жұмыс істеді. Бұл жағдай сол кездегі өнеркәсіп фирмаларының шаруашылық қызметтері, шығарылған өнім ассортименті және өткізу рыноктары салыстырмалы түрде тұрақты болуымен түсіндіріледі. Тұрақты рынокта фирмалар осы нарықта өздерінің белгілі бір үлесі үшін күресті. Фирманың стратегиялық мақсаты сатуда бағаларды және өндіріс шығындарын азайту арқылы өзінің үлесін көбейту болды.....
Курстық жұмыстар
Толық

Экономика | Қазақстан Республикасындағы салық жүйесінің даму бағытта

Кіріспе
Салық мәселесі мен салық салудың бай тарихы бар. Салыққа ғылыми көзқарас XVIII-XIX ғасырларда пайда болды. Оған дәлеледі теориялық экономия классикалық мектебі ағылшын өкілдері еңбегінен табамыз: В.Петти «Салық пен жиынтық трактаты» -(1662 ж.), Д. Рикардо «Салық салу және саяси экономияның басталуы» - (1817ж.), А. Смит «Халықтар байлықтарының себептері мен табиғатын зерттеу» - (1776 ж.).
А. Смиттің айтуы бойынша, салықты төлеушілер үшін, бұл құлдық емес, еркіндіктің белгісі. Ф. Аквинский (1226-1274 жж.) салықтарды рұқсат етілген тонау нышаны ретінде анықтады. К. Маркс «Салық – бұл меншік, жанұя, тәртіп және дінмен қатар жүретін бесінші құдай» деп анықтады. АҚШ-ның мемлекеттік қайраткері және ғалымы Б. Франклин (1706-1790 жж.) . «Өмірде салық пен өлімнен құтылатын ештеңе жоқ» деп айтты.....
Курстық жұмыстар
Толық