Экономика | Қазақстан Республикасының бюджет жүйесі.

 Экономика | Қазақстан Республикасының бюджет жүйесі.

Мазмұны
Кіріспе………………………………………………………………………….…..5
І Мемлекеттік бюджеттің теориялық негіздері.
1.1. Мемлекеттік бюджеттің экономикалық ролі………………………...6
1.2. Мемлекеттік бюджеттің кірістері мен шығыстарының құрамы…..11
1.3. Бюджет тапшылығы мемлекеттік қарызының ел экономикасының дамуына ықпалы…………….………..16
ІІ Қазақстан Республикасының бюджет жүйесі.
2.1. Қазақстан Республикасының мемлекеттік бюджетінің құрлымы...20
2.2. Қазақстан республикасындағы мемлекеттік бюджет жүйесін жетілдіру………………………………………………………………...….22
Қорытынды………………………………………..…………………………….26
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі…………………………………………28

Кіріспе
Республикалық бюджеттің түсім көздері - салықтар мен басқа да міндетгі төлемдерді құқықтық реттеу — республикалық деңгейдегі салық салу аясында салық механизмдерін қолдану, тұрақты бекітілген салыктық түсімдерді — салықтар мен өзге де міндетті төлемдерді алу, сондай-ақ олардың белгіленген тәртіппен республикалық бюджеттің кірісіне уақтылы және толығымен түсуіне тексеру жүргізу барысында туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейтін салықтық құқықтың ерекше бөлімінің институты. Республикалық бюджеттің салықтық түсімдері аясындағы материалдық салыктық қатынастарды құқықтық реттеудін мақсатты бағдары мемлекеттік, сондай-ақ корпораииялық (және жеке меншік) шаруашылық жүргізу ауқымында туындайтын мемлекеттік қаржылық қатынастардың тиімді қалыптасуына қол жеткізуге бағытталады. Мемлекет меншігіндегі республикалық бюджеттін ресурстары Қазақстан Республикасындағы саяси құрылыстың тұрақтылығын, әлеуметтік мүдделерді және елдің экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз етеді, сондай-ақ орын алуы мүмкін келеңсіз ішкі және сыртқы экономикалық факторларды болдырмауға септігін тигізеді. Сонымен, Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 4б-бабы 1-тармағының 1),2),3),4),5)-тармақшаларына сәйкес мына салықтар: Заңды тұлғалардан алынатын корпорациялық табыс салығы; 2.Қазақстан Республикасы аумағында орындалған жұмыстарға және көрсетілген қызмет-терге, сондай-ақ Қазақстан Республикасы аумағына импортталынатын тауарларға салынатын қосылған құн салығы; Импортталынатын тауарларға және газ конденсатын қоса алғанда шикі мұнайға салынатын акциздер; Жер койнауы пайдаланушылар төлейтін үстеме пайда салығы.
Қаржылық байланыстардың орасан зор әр алуандығыңда жеке ортақ ерекшеліктерімен көзге түсетін оқшауланған сфераларды бөліп көрсетуге болады. Мәселен, мемлекеттің шаруашылық жүргізуші субъектілермен және халықпен қалыптасатын қаржы қатынастары жалпы қоғамдық өнімді қүндық бөлудің ерекше саласын құрайды және қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандыруға арналған орталықтандырылған ақша қорын қалыптастырумен және пайдаланумен байланысты болады. Қаржы қатынастарының бұл жиынтығы "мемлекеттік бюджет " ұғымының экономикалық мазмұнын құрайды.
І Мемлекеттік бюджеттің теориялық негіздері
1.1 Мемлекеттік бюджеттің экономикалық ролі
Экономикалық қатынастардың жиынтығы ретіндегі мемлекеттік бюджеттің объективті сипаты бар. Бөлудің дербес сферасы ретіңдегі оның өмір сүруінің объективті қажетгігі ұлғаймалы ұдайы өңдірістің қажеттіліктерімен, мемлекеттің табиғатымен және функциясымен байланысты. Бұл тиісті орталықтандырьшған ресурстарды қажет етеді. Ақша қаражаттарын орталықтандыру бүкіл ұлттық шаруашылық ауқымында үздіксіз ауыспалы айналымды ұйымдастыру үшін, жалпы экономиканың жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін қажет.
Экономика дамуының қазіргі кезеңіңде орталықтандырьшған қаржы ресурстары мемлекетке қоғамдық өндірістің қажетті қарқыны мен үйлесімін қамтамасыз етуге, оның салалық және аумақтық құрылымын жетілдіруге жетуге, экономиканың салаларын дамытудың бірінші кезекті бағдарламасы үшін қажетті көлемде қаражаттарды қалыптастыруға, ірі әлеуметтік өзгерістерді жүргізуге мүмкіндік береді.
Қаржыны орталықтандырудың арқасында ақша қаражаттары, мемлекеттің экономикалық және әлеуметтік саясатын табысты іске асыру үшін жағдайларды дайындай отырып, экономикалық және әлеуметтік дамудың шешуші учаскелеріне шоғырландырылады.
Сөйтіп, объективті бөлгіштік қатынастардың экономикалық нысаны бола отырып, құндық бөліністің ерекше бөлігі ретінде мемлекеттік бюджет айрықшалықты қоғамдық арналымды орындайды — жалпымемлекеттік қажеттіліктерді қанағаттандыруға қызмет етеді, экономикалық категория ретінде көрінеді.
Қаржы қатынастарының белгілі бір жиынтығы ретіндегі мемлекеттік бюджетке ең алдымен жалпы қаржы категориясынан ажырататын өзгеше белгілер тән: бюджет қатынастарының бөлгіштік сипаты бар, әрқашан ақша нысанында жүзеге асырылады, мақсатты ақша қорларын қалыптастырумен және пайдаланумен қосарлана жүреді. Сонымен бірге, бюджет қатынастарына белгілі бір өзіңдік ерекшелік тән, алайда ол қаржымен ортақ өзгеше белгілердің шеңберінен шықпайды.
Құндық бөліністің айрықшалықты сферасы ретінде мемлекеттік бюджет мына езгеше белгілермен сипатталады:
1) мемлекеттен жалпы қоғамдық өнімнің бір бөлігін оқшау-ландырумен және оны қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандыруға пайдаланумен байланысты бөлгіштік қатынастардың айрықша экономикалық нысаны болып табылады;
2) құнды жасау және оны тұтыну процесін шарттастыратын материаддық өндіріс қаржысынан және құнды тұтынуға қызмет ететін өндірістік емес сфера қаржысынан мемлекеттік бюджеттің айырмашьшығы ол ұлттық шаруашылықтың салалары, аумақтар, экономиканың секторлары, қоғамдық қызметтің сфералары арасыңда құнды қайта бөлуге арналған;
3) қоғамдық өнімнің оның тауар нысанындағы қозғалысымен тікелей байланысты емес құндық бөліністің стадиясын біддіреді және одан белгілі үзілісте жүзеге асырылады, ал қаржы қатынастары материалдық өндірісте де, өндірістік емес сферада да тауар-ақша қатынастарымен тығыз тоқайласып жатады.
Мемлекеттік бюджет, кез келген басқа экономикалық категория сияқты, өндірістік қатынастарды біддіреді және оларға сәйкес келетін нақты материалдық-заттық түрінде болады: бюджет қатынастары мемлекеттің орталықтандырылған ақша қорында — бюджеттік қорында затталынады. Мұның нәтижесінде қоғамда болып жатқан нақты экономикалық (бөлгіштік) процестер мемлекеттің жұмылдыратын және пайдаланатын ақша қаражаттарының ағымында өзінің көрінісін табады. Бюджеттік қор — бұл қоғамдық өнім мен ұлттық табыстың құндық бөліністің белгілі стадияларын өткен және ұлғаймалы ұдайы өндіріс, халыққа әлеуметтік-мәдени қызмет көрсету, қорғаныс және басқару жөніндегі қажеттіліктерді қанағаттаңдыру үшін мемлекетке түсетін бөлігі қозғалысының объективті шарттасылған экономикалық нысаны. Бюджеттік қордың қалыптасуы мен пайдаланылуы құнды бөлу және қайта бөлумен байланысты оның қозғалыс процесін білдіреді.
Экономикалық категория ретінде мемлекеттік бюджет мемлекеттің орталықтандырылган ақша қорын жасау және оны удайы өндіріс пен қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандыру мақсаттарына пайдалану жолымен қогамдық өнімнің қүнын бту және қайта бөлу процесінде мемлекет пен қоғамдық өндірістің басқа қатысушылары арасында пайда болатын ақша қатынастарын білдіреді. Мемлекеттік бюджет экономикалық категория ретінде жалпы қаржы категориясына сай келетін бөлу және бақылау функцияла-рын орындайды. Бұл функциялардың іс-қимылы, мазмүны, мәні мен маңызы бюджет қатынастарының қаралған айрықшалығымен айқыңдалады. Сонымен бірге мемлекет қаржысының негізгі буыны ретінде мемлекеттік бюджет бөлгіштік функция шеңберінде қосалқы функцияларды, атап айтқанда: ұлттық табыс пен жалпы ішкі өнімді қайта бөлу; экономиканы мемлекеттік реттеу және ынталандыру; әлеуметгіксаясатты қаржымен қамтамасыз ету; ақша қаражаттарының орталықтандырылған қорын жасау және пайдалануға бақылау жасау сияқты сипатты функцияларды орьшдайды. Мемлекеттік бюджетте қоғамдағы барлық экономикалық процестер бейнеленетіндіктен, сондай-ақ барлық негізгі қаржы ин-ституттары салықтар, мемлекетгің шығыстары, мемлекетгік кредит, мемлекеттік қарыздар және т.т. өзінің шоғырланған көрінісін табатындықтан бюджет мемлекеттің негізгі қаржы жоспары ретінде сипатталады. Ол нақты кезеңге, әдетте, бір жылға жасалынады, бюджетгің кірістерін, шығыстарын, орталықтандырылған қаржы ресурстарыньщ шешуші бөлігінің қозғалысын аньгқтайды. Бюджетгі негізгі қаржы жоспары деп мойындау оның ұлттық табысты қайта бөлудегі маңызды орнын, қаржы жоспарларының жүйесіңдегі басымдық жағдайын, сондай-ақ қоғамдық ұдайы ендірістегі айрықша рөлін айқындайды.
Негізгі қаржы жоспары мемлекеттің қаржылық қызметінің жемісі болып табылады. Елдің негізгі қаржы жоспарының көрсеткіштері республика Парламентінің жыл сайын қабылдайтын Республикалық бюджет туралы заңына сәйкес сөзсіз орындауға жатады. Мемлекетгік бюджет ұлттық экономиканы басқарудың басты механизмдерінің бірі. Ол экономикаға мемлекетгің орталықтаңдырылған ақша қорын жасау мен пайдаланудың нысандары мен әдістерінің жиынтығы болып табылатын бюджеттік механизм арқылы ықпал етеді. Жалпы экономикаға ықпал етудің құралы ретіңдегі бюджеттің рөлі осыңда көрінеді. Экономиканы реттеу орталықтандырылған ақша қорыньщ сандық көлемін анықтау, оны жасау мен бөлудің нысандары мен әдістерін реттеу, бюджеттің ат-қарылу процесіңце қаржы ресурстарын қайта бөлу жолымен жүзеге асырылады.
Ақырында, мемлекеттік бюджет мемлекет заңдарының бірі болып табылады (мысалы, келесі қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заң).
Сөйтіп, бюджеттің сан қырлы маңызын ескере отырып, оны осы жоғарыда айтылғандардың жиынтығы ретінде қараған жен Мемлекеттік бюджет — ұлттық табыс пен жалпы ішкі өнімді қайта бөлудің негізгі қүралы. Мемлекеттік бюджеттің (шығыс бөлігінің) көмегімен ұлттық табыстың 30%, жалпы ішкі өнімнің 20%, жалпы қоғамдық өнімнің 10% бөлінеді және қайта бөлінеді. Бюджет Қазақстанның бүкіл аумағыңда өндірістік күштерді неғұрлым ұтымды орналастырудың, экономика мен мәдениетті көтерудің талаптарын ескере отырып салааралық және аумақтық қайта бөлу үшін пайдаланылады. Нарықтық механизмге көшу жағдайында мемлекеттік бюджетгің қаражаттары ең алдымен экономиканың қүрылымын қайта қүруды, кешенді мақсатты бюджетгік бағдарламаларды қаржылан-дыруға, ғылыми-техникалық әлуетті арттыруға, әлеуметгік дамуды тездетуге және халықтың ең аз қамтылған жігін әлеуметтік қорғауға бағытталуы тиіс.
Шығыстар мен салықтар арқылы бюджет экономика мен ин-вестицияларды реттеудің және ынталандырудың, өндіріс тиімділігін арттырудың маңызды құралы болып табылады.
Бюджет қаражаттарының әлеуметтік багыттылыгының зор маңызы бар. Әлеуметтік саясаттағы басымдықтар — халықтың табысы аз жіктерін (зейнеткерлерді, мүгедектерді, аз қамтылған от бастарын) қолдау, сондай-ақ денсаулық сақтау, білім беру және мәдениет мекемелерінің жұмыс істеп түруы.
Қаржылық жоспарлау процесіңде бюджет ұлттық шаруашылықтың салаларына және өндірістік емес сфераның мекемелеріне айтарлықтай ықпал етеді. Мемлекеттің ақша қорын жасау және пайдаланудың негізгі қаржы жоспары бола отырып, бюджет барлық кәсіпорындармен және үжымдармен етене байланысқан.
Бюджеттік жоспарлау мен бюджеттің атқарылуы процесіңде ұлттық шаруашылықтың қаржы-шаруашылық қызметіне бақылау жасалынады. Нарықтық қатынастарға көшу жағдайында ресурстарды жұмылдыру және оларды пайдалану процесінде бюджеттік бақы-лаудың маңызы күшейе түсуде.
Мемлекеттік бюджеттің экономикалық ролінің артуы
1.2 Мемлекеттік бюджеттің кірістері мен шығыстарының құрамы
Мемлекеттің шығыстары бұл мемлекеттің жұмыс істеуімен байланысты ақша шығындары. Экономикалық категория ретінде олар қоғамдық өндірісті дамытып, жетілдіру, қоғамның сан алуан қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында жалпы ішкі өнімнің бір бөлігін болумен және тұтынумен байланысты экономикалық қатынастарды білдіреді.
Мемлекеттің шығыстары — мемлекеттің қаржы саясатының маңызды құралы, оның орталықтандырылған және орталықтандырылмаған кірістерін пайдалануға байланысты болатын қаржы қатынастарының бір бөлігі. Мемлекет шығыстарының өзгешелігі сол, ол қызметтің тек мемлекеттік сферасының қажеттіліктерін қамтамасыз етеді. Сондықтан мемлекет шығыстарының мазмүны мен сипаты мемлекеттің экономикалық, әлеуметгік, басқару, қорғаныс жөне т.т. функцияларымен тікелей байланысты.
Шығыстардың диалектикасы "кірістер" үғымында қаралғанға ұқсас болып келеді (11-тарауды қараңыз). Бүдан басқа, "шығыстар" үғымының қос мағынасы бар:
1. Ақша қаражаттарын олардың мақсатты арналымы бойынша
пайдалану, яғни ақша қаражаттарын айырбас процесіңде тікелей
рәсуалау. Бұл жағдайда шығыстардың құрамына түпкілікгі табыстардың есебінен жүзеге асырылатын өңдірістік және оңдірістік емес сфера кәсіпорындары мен үйымдарының, халықтың шығыстары кіреді, ал жалпы қоғамдық өнім үш қорға: орын толтыру қорына, қорлану қорына, түтыну қорына ыдырайды.
2. Айырбас процесінде қаражаттарды нақтылы жұмсаудан
белгіштік сипаттағы шығыстарды ажырата білген жөн, бұл шы-
ғыстар қаржы арқылы қалыптасады: жалпымемлекеттік қорларды
пайдаланған және кәсіпорындардың қорларын мақсатты арналым
бойынша болген кезде: ақша шығыстары барлық шаруашылық
жүргізуші субъектілердің түпкілікті табыстарын қалыптастырудың
негізі болып табылады.
Бұл екі аспект "шығыстар" ұғымының оның "шығындар" ұғымына түрленген кездегі қарама-қайшылық пен күрделілікті қамтып көрсетеді: егер "шығыстар" түпкілікті рәсуаны, тұтынуды ("табыстарға" қарама-қарсы) қажет ететін болса, "шығындар" "есепке жатқызылатын" алдымен, келешектегі табысты немесе пайданы күтудегі шығындарды біддіреді.
.....
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру