Оқу бағдарламасына, білім беру жүйесіне енгізілген өзгерістер турасындағы менің пікірім

Биыл мен 10 сынып оқушысымын. Дамыған ХХІ ғасырда өмір сүріп жатқандықтан, әр адам жеке тұлға болып қалыптасуы үшін жан-жақты дамыған, бірнеше тілде еркін сөйлейтін, технологияны жетік меңгерген болуы тиіс.Осыған орай, заманға сай ұрпақ тәрбиелеу мақсатында біздің Елімізде, нақтырақ айтсақ білім жүйемізге көптеген өзгерістер енгізіліп, жаңа серпіліс толқыны бой көтерді. Бұрын соңды естімеген нәрселер оқу бағдарламасына енгізілді. Мен осы жаңа жүйемен оқып жүрген оқушы болғандықтан оның кейбір кемшіліктерін және пайдасыз тұстарын көріп жүрмін. Бұлай деуіме мысалдар келтіре аламын. Бұның барлығын ұлтымның болашағын ойлағандықтан айтып отырмын. Әйтпесе, көп оқушыларға керісінше сабақ өтпей алаңсыз жүрген ұнайды ғой...Бірақ мен бұған төзе алмаймын. Менің ойым алысқа, тереңге қарай тартады. Кейде өткенге, кейде болашаққа. Өзімнің емес, ұлтымның болашағына деген көбірек уайым мені мазалайды. Себебі, халқым жоғалса, елім жүдесе мен кіммін? Мен қазақ елінсіз ешкім де емеспін. Сол үшін, өзім еленуім үшін алдымен халқым асқақ болуы тиіс. Ал халықтың асқақтығы үшін мен де күресуім қажет.

Сонымен, мені толғандыратын ең бірінші мәселе-тіл мәселесі. Иә, ағылшын, орыс тілдерін білу заман талабы екені рас. Бірақ, таяқты әліп деп білмейтін 1 сынып оқушыларына ағылшын мен орыс тілдерін енгізу тым өрескел нәрсе. Ана тілімізді құрметтеу жайлы сөз қозғағанда ауыздан небір әсем сөздер төгіледі емес пе?! Ең алдымен өз тілімізді ардақтайық деп барлық жерде барлық жұрт айтады емес пе?! Енді ойлаңыз, әлі бойына патриоттық сезім дарымаған, ұлтын толық танымаған, ұлттық құндылықтарды меңгеріп үлгермеген, санасы толық жетілмеген мектеп табалдырығын тұңғыш аттап тұрған балаға ағылшын мен орыс тілін үйрете отырып, алғаш сауатын өзге мәдениеттің білімімен сусындатсаңыз ол баладан болашақта қандай ұлтжанды азамат күтесіз?! .....
Шығармалар
Толық

Табиғи ортаның тазалығын бақылау жүйесіне жалпы сипаттама


Табиғат – бұл бізді қоршаған орта. Ол адам баласының санасынан тыс, өздігінен пайда болған дүние. Демек, адам табиғатсыз өмір сүре алмайды. Табиғат өлі және тірі табиғат болып екіге бөлінеді.
Өлі табиғатқа – ауа, су, пайдалы қазбалар, топырақ құрайтын аналық жыныстар жатады.
Тірі табиғатқа - өсімдік дүниесі, майда ағзалар, насеком, құс, балық, аң мен біздер, адамдар жатамыз. Өлі табиғат тірі табиғаттың тірегі, ал тірі табиғат өзінің қалдықтарымен өлі табиғатты баытып отырады. Ал топырақ осының екеуіне де жатпайды. Табиғатта өте тамаша бір қасиет бар. Оның өзі бөліп шығарған қалдықтардан адамдардың көиегісіз-ақ өзін-өзі тазартып аала алады. Ал адам баласының бөліп шығарған көң-қоқсығынан ақыл-оймен өмірге келген халық шаруашылығының (ауыл, өнеркәсіп, транспорт, құрылыс) улы, зиянды қалдықтарынан өздігінен тазалануға табиғатта шама жоқ. Табиғаттың адам баласының қажетін тек уланбаған, былғанбаған тек таза қалпында ғана өтуге мүмкіндігі бар. Уланған, былғанған табиғат байлығын қажетіне пайдаланса, жазылмас ауруға ұшырайды, ондай табиғат адамзаттың сорына айналады. Қысқасы, таза табиғат – біздің ырыс – құтымыз, ал былғанаған табиғат – біздің ауруымыз, өліміміз. Ал табиғатты былғайтын тек адам ғана. Таза табиғат үшін күрес – адам үшін күрес, келешек үшін күрес. Табиғаттың тозуы – экологиялық кризис. Бұл үлкен ғаламат апат. Ал одан құтылудың бірден бір жолы – халықтың, түгелдей табиғаттың, адамның санасыз әрекетінен тозуына қарсы күрес жүргізу. Ел біріксе, алынбайтын қамал, жеңілмейтін қиындық жоқ. Ендігі мәселе-әр адамның саналы түрде табиғаттың тозуына қарсы күресуі. әрбір кісіге табиғатты қорғау өзінің өмір қажетіне керек. Пайдаланғанда оны быгғану мен уланудан, тозып кетуден қорғауды үйрету, бұл әрине, педагогикалық оқу мен тәрбиелеу проблемасы. Табиғат қоғауға әрбір кісіні тәрбиелеу педагогика ғылымының негізгі принципі болуы керек. Адам бойында табиғатқа дос қасиеттің қалыптасуы әркімнің отбасы, ошақ қасынан, үлкендердің өнегелі іс-әрекетінен басталады. Бұл бүкіл халықтың дәстүрлік мәселесі. Мысалы, халқымыз ғасырлар бойы көктемнің алшақты наурыз мейрамының басын өз ауласын тазалап, үйінің айналасына гүл, жасыл желектер егіп, су ағатын арыған жөнге келтіріп, ел болып бірігіп көшелермен алаңдарды тазалап, көң – қоқыстарды жинап, ағаш, егін егіп, тұрмыс, шаруашылық мейрамы деп өткізген. « бір тал кесең, он тал ек», «Бұлақ көрсең – көзін аш» тағы басқа өзін қоршаған ортадан игілік атаулының көзін ашуға шақырған. Табиғатты қорғауға байланысты халқымыздың салт-дәстүрге айналдырған іс – шараларына көптеп мысал келтіруге болады. «Жері байдың – елі бай» деп халқымыз тегін айтпаған.
Қазіргі әлемде экологиялық проблемалар өзінің қоғамдық мәні жағынан алдыңғы қатардағы мәселелердің біріне айналды, тіпті ядролық соғыс қауіпі де оның көлеңкесінде қалып қойды. Адамның шаруашылық іс-әрекетінің қауырт дамуы, айналадағы ортаға үдемелі көбіне бүлдірушілік сипатта әсер етуде. Адамның табиғатқа әсері мыңдаған жылдар бойында қалыптасқан табиғи жүйелерді өзгерту, сондай-ақ, топырақты, су көздерін ауаны ластау арқылы жүзеге асуда. Бұл табиғат ахуалының күрт төмендеуіне әкеліп соқты, көп жағдайларда орны толмас зардаптар қалдырды. Экологиялық дағдарыс шын мәнінде қуіп төндіріп отыр іс жүзінде тез өріс алып бара жатқан дағдарыстың жағдайларды тез кез-келген аймақтардан көруге болады.
Экологияның танымал сөзге айналғаны соншалық, оны не болса соған – тазарту ғимараттарын салуға, жерді пайдалануды аймақтық деңгейде жоспарлуға, қағазды қайта өңдеуге және көкеністерді тек органикалық тыңайтқыштарды пайдалана отырып өсіруге айдар етіп таға салатын болды. Осы іс - әрекеттердің бәрі аса қажет екендігіне қарамастан, мұның ар жағында көбіне ойыңды әдеттегі талай сыннан өткен ережелер бойынша жүргізбей, табиғат заңдарын сорақылықпен бұзғанымыз үшін табиғаттың өз үмітімен бізге берер соққысын жеңілдетумен лайықты жазаны аз да болса кемеуілдетуге тырысуымыз керек. ....
Рефераттар
Толық

Экономика | Банктерге және банк жүйесіне сипаттама

Банктерге және банк жүйесіне сипаттама.
Банктер туралы түрлі-түрлі пікірлер айтылып жүр. Кейбір мамандар банкті кәсіпорны, мекеме, дейді; екіншілері - экономикалық басқару орны, -дейді; үшіншілері - делдалдық үйым,- дейді. Төртіншілері — несиелік кәсіпорны деп сипаттайды. Ал, күнделікті тұрмыста банкті ақша қоймасы деп түсінеді. Бірақ осы келтірілген пікірлердің бәрі де банктің не істейтіндігін, оның қандай операциялар жүргізетіндігін ғана анықтайды. Негізінде, банктің мазмүнын түсіну үшін, алдымен оның халық шаруашылығының басқа бөлімшелерінен елеулі оқшауланушылығын көрсететін қандай қасиеттері бар деген сауалға жауап беру керек.
Жоғарыда келтірілген пікірлердің бәрін және банк жүйесінің атқаратын қызметтерін жан-жақты талдау негізінде, осы заманның белгілі экономисі, Ресей Академигі О.И. Лаврушин банк жөнінде былай деп жазыпты: "Банк ақшалай, несиелік жоне қолма-қол немесе қолма-қол ақшасыз, есеп айырысу операцияларының жиынтығын бір орталыққа шоғырландырған ақша шаруашылығының даму сатысы. Банк, басқа материалдық өндірістің өнімдерінен өзгеше өнім шығаратын айрықша кәсіпорын. Ол тек тауар емес, ерекше тауар - ақша және есеп айырысудың құралдарың шығарады".
Қорытындылай келіп О.И. Лаврушин: "Сонымен, банк — ақша, несие институты, барлық қолма-қол және қолма-қол ақшасыз нысанда жүзеге асырылатын төлем айналымының реттеушісі - дейді. Біз осы анықтамамен келісеміз.
Үлкейтілген ауқымда банктер - эмиссиялық және коммерциялық банктер болып бөлінеді. Ақшаны айналымға шығарып және оны қайтарып алуға дара қүқығы бар, елдің Орталық (Ұлттық) банкі эмиссиялық банк болып табылады. Басқа банктердің бөрі, Қазақстан жағдайыңда, екінші дәрежелі банктер болып есептеледі, негізінде олардың бәрі де коммерциялық банктер.
Өз кезегінде, екінші дәрежелі банктер мамандандырылған және әмбебап банктері болып бөлінеді.
Халық шаруашылығының тек белгілі бір саласының өкілдеріне, несме және есеп айырысу қызметтерін көрсететін банк мамандандырынған банк болады, ал егер банк, мүндай қызметтердің түрлі-түрлісін кез келген саланың өкілдеріне көрсете алатын болса, ондай банк әмбебап банкі деп аталады. ....
Рефераттар
Толық

Педагогика | Ұлыбритания мен Қазақстанның білім беру жүйесіне салыстырмалы талдау

Кіріспе бөлім
Зерттеу жұмысының мақсаты. Дамыған алып 7 елдердің бірі, тарихы бай парламентарлы монархия елі Британия корольдігі мен дамыған 30 елдің қатарына кіруді өзіне мақсат еткен Қазақстанның білім беру жүйелерін салыстырып, ұқсастығы мен айырмашылығын белгілей отырып, отандық білім беру реформамыздың бағытын бағалау.
Зерттеу жұмысының міндеті.Ұлыбритания мен Қазақстанның Халықаралық стандартқа сай білім беру сапасын көрсету. Екі елдің қазіргі таңғы білім беру жүйесі мен тәрбиесін анықтап, әр деңгей бойынша өзіндік талдау жасау.
Зерттеу нысаны.Ұлыбритания мен Қазақстандағы білім беру жүйесі. Зерттеудің мазмұны. Менің алып отырған жұмысымды тарихы мол алып, әлі де өз статусын жоғалтпаған, Тұманды Альбионда орналасқан кәрі құрлық өкілі Ұлыбритания Біріккен Корольдігі мен аз да болса, көптеген жемісті нәтижелерге қол жеткізген дамушы Қазақстанның білім беру деңгейін салыстыруға арнадым. Әрине, егемендігін алғанына енді ғана 24 жыл болған Қазақстанның білім беру жүйесін тәжірибесі мол Ұлыбританияның білім беру жүйесімен салыстыру жас бала мен сақалды атамен салыстырғандай көрінеті белгілі. Дегенменде, менің пікірімше, жас дамушы ел болғандықтан, дамыған 30 елдің қатарына қосылу үшін басқа елмен салыстыра отырып,өзіміздің реформамызды жаңартып, жаңғыртқанның еш зияны жоқ. “Үйрен де, жирен” демекші өзімізге, экономикамыз бен әлеуметімізге, қоғамызға сай бірнеше пайдалы жақтарын қарастырсақ артық болмас.....
Курстық жұмыстар
Толық

Кәсіпорын | Туркуаз - топ компаниясындағы персоналдарды басқару жүйесіне талдау

Кіріспе
Қазақстан Республикасы егемендік алған соң, тәуелсіз мемлекет қалыптасты.Қазіргі жағдайларда басқару шешімдер дайындау процесінде оның бастапқы стадияларында орындаушыларды кең максималды тарту принципісіз нақты нәтижелі болуы мүмкін емес. Ол өз еңбегі мен жеке идеялары салынған шешеімдір қарағанда үлкен белсенділік пен қызығушылықпен жүзеге асырылады.
Тақырыптың зерттелу дәрежесі. Осы мәселе бойынша түрлі көзқарастарды теориялық және әдіснамалық тұрғыдан көптеген ғалымдар өз еңбектерінде қарастырған. Қоғамдық жүйелердің циклдық дамуының теориялық сұрақтары еңбектерінде өз көрінісін тапты.
Персоналмен жұмыс секторы «Туркуаз» АҚ Алматы филиалы құрылымдық бөлімшеc болып табылады. Сектор өз қызметінде Қ.Р-ның қолданыстағы заңнамаларын, осы ережені, «Туркуаз» АҚ мен еңбек қатынастарын реттейтін басқа нормативтік құжаттарды басшылыққа алады. Сектор қызметіне басшылықты Алматы филиалының директоры қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын бастық жүзеге асырады. Сектордың қызметіне адам ресурстары басқармасының бастығы- директордың орынбасары жетекшілік етеді. Осы Ережемен Секторға жүктелген міндеттер мен функцияларды анықтау мақсаттарында, Сектор Алматы филиалы мен Туркия мемлекеттік байланыс басқармасы басқа құрылымдық бөлімшелерімен өзара қарым- қатынас пен ынтымақтастықты жүзеге асырады.....
Курстық жұмыстар
Толық

Дене шынықтыру | Семсерлесушінің кардиореспираторлық жүйесіне әйел ағзасы ерекшеліктерінің әсері

Әрбір Қазақстандық үшін ең басты құндылық оның денсаулығы. Ілеспелі түрде белсенді демалыстың дамуы мен дене тәрбиесіне, жаппай спортпен шұғылдануға жағдайлар жасалынуы керек. Білім беру мекемелерінде сабақтан тыс дене шынықтыру сабақтары мен дене шынықтыру секцияларын кеңейту қажет.
Н.Ә.Назарбаев
Зерттеутақырыбының өзектілігі.Қазіргі таңда шаңғы түрлері өзінің танымдылығы және жалпы көпшілікке қызығушылық жағынан алдыңғы орындарда.Әрине бұл тұрғыдан алғанда дамушы спорт түрлеріне жатады.
Еліміздегі шаңғы түрлерінің дамуына соның ішінде қысқы демалысты ұйымдастыруда шаңғышылардың көпшілік демалысын ұйымдастыруда көптеген жұмыстар жасалуда.Спорттың бұл түрі қысқы туризмге оң әсерін көрсетіп, көптеген дамыған елдерде және ол елдердің ұлттық экономикасын дамытуда өз үлесін қосуда.
Ертеректе елімізде шаңғы тебу дәл қазіргідей көпшілікті қызықтырмайтын, себебі тау туризмі орталықтарының жабдықталуы нашар еді. Ал қазіргі кезеңде спорттық туризм, әсіресе тау шаңғысы туризміне деген қызығушылық артып келеді.....
Дипломдық жұмыстар
Толық

Экономика | Банктерге және банк жүйесіне сипаттама

Кіріспе
Банктерге және банк жүйесіне сипаттама.
Банктер туралы түрлі-түрлі пікірлер айтылып жүр. Кейбір мамандар банкті кәсіпорны, мекеме, дейді; екіншілері - экономикалық басқару орны, -дейді; үшіншілері - делдалдық үйым,- дейді. Төртіншілері — несиелік кәсіпорны деп сипаттайды. Ал, күнделікті тұрмыста банкті ақша қоймасы деп түсінеді. Бірақ осы келтірілген пікірлердің бәрі де банктің не істейтіндігін, оның қандай операциялар жүргізетіндігін ғана анықтайды. Негізінде, банктің мазмүнын түсіну үшін, алдымен оның халық шаруашылығының басқа бөлімшелерінен елеулі оқшауланушылығын көрсететін қандай қасиеттері бар деген сауалға жауап беру керек.
Жоғарыда келтірілген пікірлердің бәрін және банк жүйесінің атқаратын қызметтерін жан-жақты талдау негізінде, осы заманның белгілі экономисі, Ресей Академигі О.И. Лаврушин банк жөнінде былай деп жазыпты: "Банк ақшалай, несиелік жоне қолма-қол немесе қолма-қол ақшасыз, есеп айырысу операцияларының жиынтығын бір орталыққа шоғырландырған ақша шаруашылығының даму сатысы. Банк, басқа материалдық өндірістің өнімдерінен өзгеше өнім шығаратын айрықша кәсіпорын. Ол тек тауар емес, ерекше тауар - ақша және есеп айырысудың құралдарың шығарады". ....
Курстық жұмыстар
Толық

12 жылдық білім беру жүйесіне көшу жағдайында дене тәрбиесі сабағында жаңа инновациялық технологиялардың тиімділігі.

Болашақта өркениетті дамыған елдер қатарына ену үшін заман талабына сай білім қажет. Қазақстанды дамыған, бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына жеткізетін білім. Сондықтан, қазіргі даму кезеңі білім беру жүйесінің алдында оқыту үрдісін технологияландыру мәселесін қойып отыр.
Жалпы білімнің жүйесі – қоғам дамуымен бірге дамып, әрдайым үнемі өзгеріп .Ол әр елдің экономикалық ерекшеліктеріне қарай қалыптасып, үнемі үздіксіз жетіле отырып, барынша.......
Баяндамалар
Толық

Кепкен жемістердің пайдалары

Салауатты, саулықты өмір сүру салтының символы ретінде белгілі кепкен жемістер де ауруларға тосқауыл болып табылады. Әсіресе дәрумендердің тапшы болатын қыс айларында бұл азық түрлерінің орны ерекше. Денсаулыққа пайдалы жұмсақ етінің құнарлығы кептірілген жемістерде көбірек екендігін......
Денсаулыққа пайдалы кеңестер
Толық

Үкімет оқушылардың жазғы демалысын қысқартатын болды

Бескүндік білім жүйесіне көшетін болсақ, оқу жылын жаздың ортасына дейін ұзартуға тура келеді. Бұл туралы бүгін Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев мәлім етті деп жазады Қазақпарат.
Жаңалықтар
Толық