file loc phone login_m arrow_left arrow_right author ca cat compl coms del down fav fav_del fav_m fav_m_del fb gp left like login mail od reply right search sort sort_down sort_m sort_up tw up view vk ya

Үкімет оқушылардың жазғы демалысын қысқартатын болды

Үкімет оқушылардың жазғы демалысын қысқартатын болды

Бескүндік білім жүйесіне көшетін болсақ, оқу жылын жаздың ортасына дейін ұзартуға тура келеді. Бұл туралы бүгін Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев мәлім етті деп жазады Қазақпарат.

«Бұл бізге өте қажет, себебі біз бескүндік оқу жүйесіне көшетін болсақ, оқушылар тағы 36 күн демалады. Осы 36 күннің орнын толтыру керек. Сол себепті біз мектепте оқу уақытын жазда ұзартуға тура келеді», - деді министр тілшілерге берген сұxбатында.

«Бүгінгі уақытта бірінші сынып оқушылары 1 маусымда оқуларын аяқтайды деп жоспарлануда. Жыл сайын бұл мерзім ұзара түседі және маусымның ортасына дейін жетуі ықтимал», - деді Сағадиев.

Оның айтуынша, оқу уақытының ұзаруы жаңа білім беру бағдарламасының қабылдануына да байланысты болып отыр.

Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру