Жеңіс туы желбіресін мәңгілік!

«Екінші дүниежүзілік, Ұлы Отан соғысының аяқталғанына жарты ғасырдан астам уақыт өтті... Осы соғыста ата-бабаларымыз ерлік көрсетіп, Отанымызды жау қолынан қорғап қалды. Әлемді оқ пен отқа ораған бұл соғыс адамзат жүрегіне жазылмас жара салды. Бұл шайқаста ажалдан тайсалмай жауға ұмтылған ерлер есімі тарих беттерінде мәңгіге жазылып қалды. Бұл жеңіс осы күнге жетпей қыршынынан қиылған сан мыңдаған боздақтардың аманаты еді. Бес жылға созылған соғыстың аяқталуын зарыға күткен халық арманының орындалғанын, қанды қырғыннын аяқталғанын білдіретін соңғы нүкте ол – Жеңіс еді.
Ұлы Отан соғысы жылдарында ел басына төнген қаһарлы қатер миллиондаған кеңес адамдарын басқыншыларға қарсы күреске жұмылдырды. Қазақстан өзінің барлық мүмкіндіктерін – адамдар, өндірістік қуаттар, табиғат байлығы мен рухани қорын майдан талабына бағындырды. Майданға Қазақстанның әрбір төртінші азаматы аттанды. Фашистик Германиямен соғыста 55 миллион боздақ құрбан болды. Әсіресе, Кеңестер Одағы халықтары орны толмас адам шығынын тартты. Майдан даласында 8668,4 мың офицер мен жауынгерлерден айырылдық, уақытша басып алынған аумақтарда, концлагерлер мен каторгалықжұмыстарда 18 миллион бейбіт тұрғындар жау қолында қаза тапты. Біздің Республикамыздың да адам шығыны зор болды. Бұл соғыста Қазақстан 602 939 адамнан айырылды. Әрбір екінші қазақстандық майдан даласынан қайтып оралмады.....
Шығармалар
Толық

Жеңіс жалауын желбірет

1941 жылы 22 маусым күні таң ата фашистік Германия Совет Одағына тұтқылдан шабуыл жасады. Бейбіт өмір сүріп жатқан ел үшін бұл күтпеген оқиға болды. Соғыс кенеттен басталғандықтан, барлық еразаматтар алғашқы күннен бастап бір кісідей жұмылды. Олардың арасында бозбалалар мен бойжеткендер де болды. Олар өз еріктерімен майдан даласына сұранды.
Тылда да қызу жұмыстар жүріп жатты «Бәрі де майдан үшін , бәрі де Жеңіс үшін» деген ұранмен аянбай, баладан еңкейген қартқа дейін еңбек етіп , өз үлестерін қосты. Майдан даласындағы жауынгерлерді азықтүлікпен, киіммен , техникамен қамтамасыз етті. Біздің жерлестеріміз майдан даласында ерлікпен шайқасты. Ағаапаларымыз қазақтың қанға сіңген қасиеті-қайсарлық, батылдық , отансүйгіштігімен көзге түсті. Кеңес Одағының Батырларының қатарында қазақтың екі қызы - мерген Әлия Молдағұлова мен пулеметші Мәншүк Маметова болды. Қазақтың қайсар қыздары жан аямай, ерлермен қатар соғысты.Жеңістің жалауын желбіретіп Рейхстагқа ту тіккендердің бірі- Рақымжан Қошқарбаев. Ал екі мәрте Кеңес Одағы батыры Талгат Бигелдинов - біздің мақтанышымыз. Жаудың тылында , партизандардың қатарында қазақстандықтар да шайқасты. Солардың бірі партизан, әрі жазушы Қасым Қайсенов. Ал танымал қолбасшы, әскери жазушы Бауыржан Момышұлын, 28 панфиловшылардың ерлігін, табандылығын білмейтін қазақ жоқ шығар.Елдік пен ерлікті паш еткен қазақстандық батыр аға-апаларымыздың ерлігі - біз үшін әрі үлгі, әрі мақтаныш.......
Шығармалар
Толық

Жеңіс туы желбірейді мәңгілік!

Шерлі жылдардың шежіресінен сыр шерткен,
Шыққан жоқ әлі ызғарлы жылдар өрті естен.
Ұмытылмайды ерлердің ісі мәңгілік,
Ұлы Жеңісті тойлайды елім құрметпен
Адамзат баласының осы дәуірге дейін өмір сүріп келген күндерінің ішіндегі ең қатыгезі, ең сұрапылы екінші дүниежүзілік майдан-Ұлы Отан соғысы екені бәрімізге мәлім. Тыныш жатқан елге тажалдай тап беріп, төтесінен төнген сұрапыл соғыс сонау мың тоғыз жүз қырық бірінші жылы басталып еді. Ал сол сұрапыл соғысқа елін сүйген батыр қаһармандар еш қорқынышсыз аттанып кете барды. Олардың соңынын аңырап ата-ана, есінен танып жары, ботадай боздап балалары қайғының қара бұлтына оранып қала берді.
Ұлы Отан соғысына 35 миллиондай адам қатысып, 20 миллионнан астамы сол соғыста ерлікпен мерт болды. Сұрапыл соғыста қазақтың мәрт ұлдары мен қыздары ерекше ерлік көрсетті. Отқа оранған соғысқа кезінде қан майданға өздері сұранып барған қос батыр қыз - Әлия мен Мәншүк , теңдесі жоқ ерлік бейнесі болған қаһарман қолбасшы Бауыржан Момышұлы , батырлық пен қайсарлықтың үлгісін көрсете білген Сұлтан Баймағанбетов пен Төлеген Тоқтаров сынды рухты тұлғалардың ерлік істерін ешқашан естен шығаруға болмайды.
Қан құйлы соғысқа ер-азаматтармен қоса , көптеген қыздар да қатысып, асқан ерліктерімен мейірімсіз жаудың бетін қайтарып, жер жастандырды. Зеңбірек оқтаушы Алтын Уәлиева, 300-ден аса аспанға көтеріліп, көк жүзінен жауына қырғиша шүйліккен Хиуаз Доспанова, Польша жерінде ерлікпен қаза тапқан лейтенант, Кеңес Одағының Батыры атағына ұсынылған Алтыншаш Нұрғожинова, барлаушы Рахила Ералина сынды қазақ қыздарының ұлы ерліктері туған халқының жүрегінен мәңгілік орын тепкені тарихи шындық.
Соғыс жылдары отанын қорғау үшін ерлік пен қаһармандықтың өшпес бейнесін көрсеткен қазақ батырларының ерлігі ешқашан да ұмытылмақ емес. Ұлылардың ерлігі келешек ұрпақ жадында мәңгі сақталады. Бұл қаһарлы күндер тарихта «шерлі жылдар шежіресі» атылып қала беретін болады. ......
Шығармалар
Толық

Желбіре жеңіс жалауы!

9 мамыр – сол бір қанды қырғыннан қайтпай қалған қыршын боздақтардың асқақ рухтарының аспандайтын күні. Бұл күн-әділеттің әділетсіздікті жеңген күні. Бұл күн-бүгінгі ұрпақтың сіздер сыйлаған бейбіт даму жолын одан әрі жалғастырып жатқан күні. Н.Назарбаев
Ұлы Жеңіс Тәуелсіз Мемлекеттер достастығы елдері үшін ғана емес, сонымен қатар әлем халықтары үшін де үлкен оқиға. Соғыс миллиондаған адамдардың өмірін қиып, жүздеген қала мен елді мекендерді тып-типыл етті. Сөйтіп, соғыс әр үйге, әр отбасының өміріне жазылмас жараның ізін қалдырды. Ұлы Отан соғысы Кеңес Одағы халықтарының тарихындағы қасіретті бет қана емес, сонымен қатар ол халықтарымыздың теңдесі жоқ ерлігі мен қажыр-қайратының, бірлігінін дәлелі.Соғыста қазақстандықтардан жасақталған әскери бөлімде ата-бабаның ежелгі қаһармандық дәстүріне адал бола білді. Сол бір сұрапыл да отты жылдарда «Бәрі де майдан үшін, бәрі де жеңіс үшін!» деген ұранмен еңбек еткен тыл қаһармандарының ерлік істері де ешқашан ұмтылмақ емес. Осынау күн-бейбітшілік сүйгіш адамдар асыға күтетін қасиетті күн. Біз майдангерлер алдында және соғыстың ауыр жылдарында тылда жан аямай еңбек етіп, зауыт-фабрикаларды, ұжымдық шаруашылықтарды жеңісті жақындатуға үлес қосқан қажырлы жандар алдында басымызды иеміз. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаев «Біз жеңімпаздар ұрпағымен мақтанамыз. Бүгінгі Отан қорғаушылары, біздер үшін олардың соғыс жылдарында көрсеткен жан қиярлық ерлігі-Отанға қызмет ету ісінде мәңгілік өнеге»,-деп айтқан болатын. Уақыт өткен сайын сонау сұрапыл қырқыншы жылдар оқиғасы тарих қойнауына еніп, оған қатысушылар қатары азайып келеді. Ендігі біздің парызымыз-ардагерлерді қамқорлыққа бөлеу........
Шығармалар
Толық

Тәуелсіздіктің көк туы желбіресін

1941 жылы 22 маусымда тып-тыныш жатқан бейбіт елге тұтқиылдан фашистік Германия шабуыл жасады.Бұл елімізге төнген үлкен қауіп, әрі сын еді.Отанымызды қорғауға бұғанасы қатпаған жап-жас қыздар мен жігіттер де, еңкейген кәрі де аттанады. Ал, тылда қалған әйелдер мен әжелер, жас балалар тыным таппай еңбек етіп, бүкіл ауыртпалықты көтерді.Жас келіншектер мен қыздар қолдары қалт еткенде қалың киімдер тігіп, жылы кеудеше, қолғап, шұлық тоқып майданға, жауынгерлерге жіберіп көмек жасаған екен. Халықтың қабырғасын қаусатқан осы қаһарлы соғыс 4 жылға созылды. Қаншама адамдар осы сұм соғыста қаза тапты. Балалар әкелерінен, аналар балаларынан, қарындас ағасынан, жас әйелдер асыл жарларынан айырылды. Осындай қиын қыстау күндерде еліне деген сүйіспеншілік талай қазақ азаматын танымал батыр етті.
Солардың кейбіреулерін мақтаныш сезімімен атап өтетін болсам, олар – шығыстың қос шынары- Әлия Молдағұлова мен Мәншүк Мәметова,Талғат Бигелдинов, Рақымжан Қошқарбаев, Төлеген Тоқтаров, Бауыржан Момышұлы сынды батырларымыз. Міне осындай талай батыр аға-әпкелеріміз аянбай елі үшін күресті.Рейхстагқа ту тіккен қазақ халқының ержүрек батыр баласы- Рақымжан Қошқарбаев еді. Олардың елі үшін жанын қиған ерлігі бүкіл КСРО халқын тамсандырды. Олар Отанын қорғау жолында жасаған ерлігі үшін«Кеңес Одағының Батыры» деген үлкен атаққа ие болды......
Шығармалар
Толық

Жеңіс туы желбіре

Ұлы Жеңіске 71 жыл Жеңіс! 1945жылдың 9 мамыры күні дәл осы шаттық хабарды естіп тұрып, бүкіл әлем теңселіп кетті. Жер жүзі халықтарының жүректері қуаныштан лүпіл қақты. Кеңес одағының тұрғындары бес жыл бойы күндей күркіреген соғыста 1418 күн мен түнде бүкіл жігерімен жеңіске ұмтылған... Миллиондаған адамдар мерт болды. Миллиондаған адамдар мүгедек болып қалды. Бірақ бәрібір Берлиндегі Рейхстаг үстінде жеңіс туы желбірей көтерілді. Осы жеңісте Қазақстаннан шыққан қаһарман мен жауынгерлердің қанымен, жанымен мына жарық өмір үшін аянбай ұмтылған зор үлестері бар еді. Ұлы Отан соғысы халық өмірімен, тағдырымен тығыз байланысты. Отан қорғауға ерлер мен әйелдердің құқығы тең болған еді. Сондықтан әйелдер де Отан үшін күресіп , жауға қарсы тұрды.Қазақстанның екі батыр қызы
М. Маметова мен Ә.Молдағұлова осы соғыстың батыр құрбандары болды. Ұлы Отан соғысы қазақ халқы үшін үлкен сынақ болды. Әйгілі қолбасшы, соғыс батыры Б.Момышұлы «Соғыс қазақ халқының тарихын күрт өзгерткен, бұрылыс әкелген, миллиондаған отандастарымыздың арасында өшпес із ,жазылмас жара қалдырды» деп өз ойын айтып еді. Атабабаларымыз майданға жан аямай арпалысты. Олар біз үшін, біздің болашағымыз үшін, туған жеріміз үшін, туған тіліміз үшін жауға қарсылық білдіріп, үлкен ерліктер көрсетті. Біз енді осы ата-бабаларымыздың үмітін ақтауымыз керек. Себебі, болашақ біздің қолымызда. Қазақ халқы Ұлы Отан соғысында болған оқиғаларды көре және біле отырып ,жайбарақат отыра алмайды. ......
Шығармалар
Толық

Желбіреген Жеңіс туы

Бұлт түнеріп аспаннан
Талай көзден жас тамды
Тұтқиылдан жау тиіп
Қырғын соғыс басталды.
«Жеңіс» деген сөзді естігенде, бірден есімізге Ұлы Отан соғысы түседі. Себебі, сол бір сұрапыл соғыс әр адамды қажытты. Бірі қызынан, бірі анасынан, бірі әкесінен, енді бірі тірегінен айырылды. Зар илеген ана мен баланың дауысы әрбір адамның жүрегіне қаяу салды. Миллиондаған адамдар мерт болып, мүгедек болып қалды. Бірақ бәрібір Берлиндегі рейхстаг үстінде жеңіс туы желбірей көтерілді. Осы жеңісте Қазақстаннан шыққан қаһарманмен жауынгерлердің қанымен, жанымен мына жарық өмір үшін аянбай ұмтылған зор үлестері бар еді. Соғыс салған зардап әлі күнге дейін толық жойылған жоқ. Олардың Отан үшін қан кешкен әрбір қадамы, жеңісті жақындата түскен әрбір күні ұмытылмайды. Біз соғыстан кейін туған ұрпақ кешегі Ұлы Отан соғысы жылдарындағы аға ұрпақтың – қазақтар мен қазақстандықтардың жанкешті ерлігі туралы тек оқулықтардан, көркем әдебиеттен және кинотуындылардан ғана білеміз. Бұл соғыста Кеңес Одағын мекендеген барлық халық бір жағадан қол, бір жағадан бас шығарып Отанын қорғады. «Ел үмітін ер ақтар, ер атағын ел сақтар» - дей келе Ұлы Отан соғысының 71 жылдығына орай ата-бабаларымыздың рухына тағзым ретінде олардың ерен ерліктерін, жер, Отан, біздердің жарқын болашағымыз үшін жасаған ерліктерін мәңгілікке есте сақтап, жадымызда ұстаймыз. Қанша жылдар өтсе де, бұл соғыста ерлікпен қаза тапқан әрбір батырларымыздың тарих төрінен орын алатыны және ұрпақтары мәңгі жеңіс алауын сөндірмей, Отан үшін от кешкендерді әрқашанда жүрек түпкірімізде ұстаймыз. ......
Шығармалар
Толық

Жеңіс туы, мәңгілік сен желбіре

Соғыс. Үрейлі шақ,қара түнек, қорқыныш бойымызды барды үдеп.
Қираған қалалардың ортасында үйіліп бүр төбешік қалады тек.
Созылады соғыс ұзақ шақырымға, шегінді сұм фашистер батып мұңға.
Қос жаудың орындалмай ойлағаны, әділдік жеңіп шықты ақырында!
Соғыс. Қандай ызғарлы сөз едің. Бұл сөзді естігенде, «елім», «жерім» деп жер құшқан қаншама азаматтар еске түседі. Ел шетіне жау тиген кез қандай ауыр әрі кенеттен, тосын болған қайғылы, ауыр шақ еді. Бірақ рухы биік халық еңсесін түсірмеді. Сол кезде «мен қазақ, сен орыс» деп бөлінбейтін бейбіт, тату ел жұмыла бірігіп, фашистік Германияға бірлесе тұра білді. Осы ынтымақтың арқасында Кеңес өкіметі жеңе білді. Бұл бір ғана ұлттың, бір ғана халықтың жеңісі емес. Дүниені дүр сілкіндірген Ұлы Отан соғысын бұрынғы Кеңес өкіметінің тарихы деп санамыздан өшіру, ұмыту мүмкін емес.
Соғыстың қасіреті бейбітшілік сүйген адамзат тағдырына ұмытылмастай етіп,мәңгіге жара салды. Басқа ұлттармен қатар ел үшін, жер үшін қазақтың қаншама жігіттері мен қыздары қанды майданға аттанып жатты.
Ұлы Отан соғысы жайында айтылғанда, бірден Ұлы Отан соғысының аты аңызға айналған батыры, халық қаһарманы бауыржан Момышұлының «Біздің жүрегіміз темір емес, бірақ біздің кек отымыз қандай темірді болса да ерітіп, күйдіріп жібере алады. Біздің үрейді жеңетін ең күшті қаруымыз бар, ол- Отанға деген сүйіспеншілік» деп жазғаны есімізге түседі. Соғыстың алғашқы күнінен бастап-ақ мыңдаған қазақстандықтар барлық майдандарда басқыншыларға қарсы кескілескен ұрыс жүргізді.
Ұлы Отан соғысы жайында айтылғанда бірден Ұлы Отан соғысында Рейхстагқа Жеңістің туын желбіреткен қарапайым солдаттың бейнесі келеді. Жас офицер Р.Қошқарбаев өзінің досы Г.Булатовпен бірге Рейхстаг терезелерінің біріне алғашқы туын қадады. Біз, жастар, бұл ерлікті әрқашан мақтан тұтатын боламыз. ......
Шығармалар
Толық

Желбіре туы, Жеңістің!

Отан үшін, отқа түс-күймейсің.
қазақ мақалы
Жаз жайлаудың самалы есіп, өлең- жыры төгіліп, көкмайса көк үстінде ойнап күлген бала-шаға мен айлы түн астында алтыбақан тепкен бозбала мен бойжеткен, сүйікті немересіне бар мейірім шапағатын төгіп, еміренетін ақ жаулықты әже, еңбекпен көзін ашып, еңбекпен белдерін иілтіп адал нан тапқан әке мен аталар. Осындай қызу еңбек, асқақ мереке мен бейбітшілік бесігінде тербеліп тұрған қазақ даласына «Ұлы Отан соғысы» ұғымы 1941 жылғы шілденің үшінде Сталиннің радио арқылы сөйлеген сөзінен кейін пайда болды. Сталин өз сөзінде «Ұлы» және «Отан» деген сөздерді бөлекбөлек, бір-бірімен байланыстырмай қолданды.
Ұлы дала перзенттері Отан қорғаушылар қатарына өз еркімен жаппай жазылған болатын. Ер жүрек қазақ қыздарының бірі Алматы медицина институтының студенті болған Мәншүк Мәметова: "Отбасымыздан майданға жіберетін ешкім жоқ, ағам да, апам да жоқ, сондықтан өзімді жіберуді өтінемін»,— деп әскери комитетке өтініш беріп, өз еркімен қан майдан, соғыс алаңына өзі сұранып барады. Адам сенгісіз ерлік жасап, батылдықпен көзге де түседі. Қазақ қанына сіңген асқақ рух пен ақылды қатар ұстаған Мәншүк Мәметова бүгінгі жас ұрпаққа үлгі өнеге болар тұлғалардың бірі де бірігейі. Өз замандастарының алдыңғы қатарында, бас көтеріп жүрген еңбексүйгіш Мәншүк, майдан шебінде де ерен ерлік көрсетіп, қасық қаны қалғанша қан майдан даласында қыстың қысқан аязы мен дауылды боранына қарамай, қазақ қыздарының тек сұлулық пен әсемдіктің символы емес, патриоттық пен Отансүйгіштік қасиеттерге де ие екенін дәлелдеді. Ерлігі ескерусіз қалмады. Кеңестік Шығыс әйелдері арасынан бірінші болып Ленин ордені және Алтын жұлдыз медалімен марапатталғандар — шығыстың қос шынары: пулеметші Мәншүк Мәметова мен 54-атқыштар бригадасының мергені Әлия Молдағұлова болған.
Тыныш жатқан бейбіт елге бұл соғыс тұрпыдай тиді. Қойға шапқан қасқырдай бала мен ана көздерінен қанды жасты ағызып, ана мейірімі мен әке махаббатынан айырып, жас сәбилерді қара жұмысқа байлады. Күлген күлкісінің сыңғырымен айналасын нұрға бөлеп жүрген ару қыздар, қимастықпен сүйгендерін соғыс қатарына аттандырып, өздері соғыс ауыртпашылықтарын бастарынан өткізді. Соғыс жылдарында тылда еңбек еткен жұмысшылар ерлігі де аңызға айналды.......
Шығармалар
Толық

1986 жылғы Желтоқсан оқиғасы

Тақырыбы: 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасы
Мақсаты:1.1986жылғы желтоқсан оқиғасының тарихи
маңызын ашып, оқушыларға жеткізу.
2.Оқушылардың қосымша құжаттарды меңгере отырып, өздігінен
ізденіп, білімдерін толықтыру.
3.Жасақшылардан қайтпаған, қаймықпаған желтоқсаншылардың ерлігін үйрете отырып, жас ұрпақты ерлікке, отансүйгіштікке тәрбиелеу.
Ашық сабақтар
Толық