Желбіре туы, Жеңістің!
Асылбек Ақерке
Ақмола облысы, Бурабай ауданы, Щучинск қаласы
педагогикалық колледжі, 3-курс студенті.
Жетекшісі: Темірова Ғалия Кенесқызы

Отан үшін, отқа түс-күймейсің.
қазақ мақалы
Жаз жайлаудың самалы есіп, өлең- жыры төгіліп, көкмайса көк үстінде ойнап күлген бала-шаға мен айлы түн астында алтыбақан тепкен бозбала мен бойжеткен, сүйікті немересіне бар мейірім шапағатын төгіп, еміренетін ақ жаулықты әже, еңбекпен көзін ашып, еңбекпен белдерін иілтіп адал нан тапқан әке мен аталар. Осындай қызу еңбек, асқақ мереке мен бейбітшілік бесігінде тербеліп тұрған қазақ даласына «Ұлы Отан соғысы» ұғымы 1941 жылғы шілденің үшінде Сталиннің радио арқылы сөйлеген сөзінен кейін пайда болды. Сталин өз сөзінде «Ұлы» және «Отан» деген сөздерді бөлекбөлек, бір-бірімен байланыстырмай қолданды.
Ұлы дала перзенттері Отан қорғаушылар қатарына өз еркімен жаппай жазылған болатын. Ер жүрек қазақ қыздарының бірі Алматы медицина институтының студенті болған Мәншүк Мәметова: "Отбасымыздан майданға жіберетін ешкім жоқ, ағам да, апам да жоқ, сондықтан өзімді жіберуді өтінемін»,— деп әскери комитетке өтініш беріп, өз еркімен қан майдан, соғыс алаңына өзі сұранып барады. Адам сенгісіз ерлік жасап, батылдықпен көзге де түседі. Қазақ қанына сіңген асқақ рух пен ақылды қатар ұстаған Мәншүк Мәметова бүгінгі жас ұрпаққа үлгі өнеге болар тұлғалардың бірі де бірігейі. Өз замандастарының алдыңғы қатарында, бас көтеріп жүрген еңбексүйгіш Мәншүк, майдан шебінде де ерен ерлік көрсетіп, қасық қаны қалғанша қан майдан даласында қыстың қысқан аязы мен дауылды боранына қарамай, қазақ қыздарының тек сұлулық пен әсемдіктің символы емес, патриоттық пен Отансүйгіштік қасиеттерге де ие екенін дәлелдеді. Ерлігі ескерусіз қалмады. Кеңестік Шығыс әйелдері арасынан бірінші болып Ленин ордені және Алтын жұлдыз медалімен марапатталғандар — шығыстың қос шынары: пулеметші Мәншүк Мәметова мен 54-атқыштар бригадасының мергені Әлия Молдағұлова болған.
Тыныш жатқан бейбіт елге бұл соғыс тұрпыдай тиді. Қойға шапқан қасқырдай бала мен ана көздерінен қанды жасты ағызып, ана мейірімі мен әке махаббатынан айырып, жас сәбилерді қара жұмысқа байлады. Күлген күлкісінің сыңғырымен айналасын нұрға бөлеп жүрген ару қыздар, қимастықпен сүйгендерін соғыс қатарына аттандырып, өздері соғыс ауыртпашылықтарын бастарынан өткізді. Соғыс жылдарында тылда еңбек еткен жұмысшылар ерлігі де аңызға айналды.
Кеңестер Одағының құрамдас бөлігі ретінде жаумен шайқаста қазақстандықтар үлкен ерлік көрсетіп, жеңіс күнін жақындатуға өз үлестерін қосты. Сұм соғыс қаншама жүректі мұзға айналдырып, шер мен мұң қалдырды. Ол жылдар қанша алыстап кеткенімен, сол соғысты өз көздерімен көрген ата-бабаларымыз үшін күні кеше ғана болғандай. Қаншама қиын қыстау заманды бастарынан өткізген біздің ержүрек атабабаларымыздың төккен тері мен аққан қаны, адам айтса сенгісіз ерліктерінің арқасында жеңіс туын желбіретті. Өздері көрмеген, көре алмай аңсап кеткен жеңіс күнін, бейбітшілік күнін ұрпақтарына аманат етті. Отанымыздың бостандығы мен тәуелсіздігі үшін батыр бабаларымыздың шайқастардағы теңдессіз ерлік пен табандылықтары ғасырлар бойы ел есінде мәңгі сақталады. Бұл сұрапыл соғыс көз алдыма елестегенде, жүректен мынандай жыр жолдары оралады.
Сұм соғыс-ай, шыныменен тас болдың,
Қан төгіс пен жауыздыққа бас болдың.
Тыныштықты қолдайтұғын халқыма,
Неге, мұнша тағдыр солай қас болдың.
Жер-Анамның балалары шабысты,
Сұр жыландай ысылдасты, шағысты.
Қызыл қанға шомылғандай түрлері,
Бір-біріне суық желін үрледі.
Өздігіңмен тұрмай бәрін аздырдың,
Ауыр жұмыс окопты да қаздырдың.
Аяушылық таныта алмай адамзат,
Бастарына қанша кінә жаздырдың.
Найзасына үкі ілген қазағым,
Сол жылдары болды талай азабың.
Қанша ауыр болсадағы тынбаймын,
Ата-бабам сен үшін деп жырлаймын.
Қандай болмасын күрестің басты мақсаты - жеңіске жету, жеңіске қарай қадам жасау болса, кешегі Ұлы Отан соғысында елін азат етіп, жеткен жеңістің орны мүлдем айрықша. Сол себепті «жеңіс» атауы қасиетті де, қастерлі ұғым. Тәуелсіз Қазақстанда төрткүл дүниемен тереземіз теңесіп, ешкімге есеміз кетпей, басқа мемлекеттерге бәсекелес бола алатындай дәрежеге жетуіміз осы Жеңістің арқасы. Ешқашан жауынгер ерлігі мен жеңісті еңбегімен жақындатқан еңбекшінің ерен ерліктері ұмытылмайды. Бүгінгі біздің азаматтық міндетіміз- болашақ ұрпақты Отанын сүюге, елінің, жерінің адал патриотты, достық пен бірлік туралы түсінік беріп, сол арқылы отансүйгіштікке тәрбиелеу. Кешегі Ұлы Жеңіс, бүгінгі бейбітшілік пен берекенің ұшқыны. Ендігі мақсат сол жылдары төгілген аналарымыздың көз жасы мен әкелеріміздің қаны, тыл азаматтарының маңдайынан аққан терінің есесін қайтару. Ол үшін елін сүйетін нағыз патриот азамат болу - әрбір ұрпақтың басты мақсаты. Әрбір жасөспірім -Қазақстанның болашағы. Тәуелсіз ұрпақ пен қазақ халқы-бай халық, олай дейтін себебім, оларда бәрі бар. Олар: үлгі-өнеге алар жаужүрек батырлары, тілінен бал тамған ақын-жазушылары, екі қолынан өнер тамған қас шеберлері, тегеуріні темір балқытқан ісмерлері, ақ халатты абзал жандар, өз өнерлерімен әлем елдерін мойындатып жүрген өнерпаздарымыз , бәсекеге қабілетті заманына қарай адамын дайындайтын ұлағатты ұстаздары,қаншама десеңізші?! Осыншама ұлылық ұйыған қасиетті мекенде қазақ басқаға үлгі бола алады. Сонау заманда найзаның ұшымен, білектің күшімен елін-жерін қорғаған ата-бабаларымыз салып кеткен сара жолын, Ұлы Жеңістің қас батырлары жалғаса, қазақтың қайтпас қыз-жігіттері жігерленіп желтоқсан оқиғасымен тарихқа еніп, бүгінгі таңда еліміз өз алдына егемендігін алып, тәуелсіз мемлекет атанды.Тәуелсіз елде ,Жеңістің туын желбіреткен мерекені ел болып тойлау, қандай бақыт десеңші?!
Жеңіс күні- аңсап өткен арман күн! Ешбір мерекемен теңдесі жоқ қасиетті мереке. Қаншалықты мерекелік көңіл-күй болғанымен, осы күннің елесі соғысты өз көздерімен көрген ардагерлеріміз үшін әрі мұңлы, әрі мерекелі күн. Себебі, олар ерен ерліктерінің нәтижесін көріп, аңсаған жеңістеріне, бейбітшілік заманға жетті. Қасиетті мереке, кұтты болсын, қазағым!
Еліміздің көк аспанында ақ көгершін қалықтап, сәби күлкісі естілсін!

Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!
Қарап көріңіз 👇
kz | Шығармалар
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Ілмектер: шығарма Желбіре туы Жеңістің! туралы эссе шыгарма жеңіс женис 9 мамыр 9 май сочинение на казахском, эссе сочинение про Желбире туы Женистин! на казахском языке скачать день победы 9 мая, эссе шығармалар жинағы жеңіс женис 9 мамыр 9 май жоспарымен, Желбіре туы Жеңістің!