Жеңіс туы, мәңгілік сен желбіре
Сулейманова Диана
11 сынып, Бестөбе кентінің №1 орта мектебі
Ақмола облысы, Степногорсқ қаласы
Жетекшісі: Мұхаметжарова Алмагүл Байжановна

Соғыс. Үрейлі шақ,қара түнек, қорқыныш бойымызды барды үдеп.
Қираған қалалардың ортасында үйіліп бүр төбешік қалады тек.
Созылады соғыс ұзақ шақырымға, шегінді сұм фашистер батып мұңға.
Қос жаудың орындалмай ойлағаны, әділдік жеңіп шықты ақырында!
Соғыс. Қандай ызғарлы сөз едің. Бұл сөзді естігенде, «елім», «жерім» деп жер құшқан қаншама азаматтар еске түседі. Ел шетіне жау тиген кез қандай ауыр әрі кенеттен, тосын болған қайғылы, ауыр шақ еді. Бірақ рухы биік халық еңсесін түсірмеді. Сол кезде «мен қазақ, сен орыс» деп бөлінбейтін бейбіт, тату ел жұмыла бірігіп, фашистік Германияға бірлесе тұра білді. Осы ынтымақтың арқасында Кеңес өкіметі жеңе білді. Бұл бір ғана ұлттың, бір ғана халықтың жеңісі емес. Дүниені дүр сілкіндірген Ұлы Отан соғысын бұрынғы Кеңес өкіметінің тарихы деп санамыздан өшіру, ұмыту мүмкін емес.
Соғыстың қасіреті бейбітшілік сүйген адамзат тағдырына ұмытылмастай етіп,мәңгіге жара салды. Басқа ұлттармен қатар ел үшін, жер үшін қазақтың қаншама жігіттері мен қыздары қанды майданға аттанып жатты.
Ұлы Отан соғысы жайында айтылғанда, бірден Ұлы Отан соғысының аты аңызға айналған батыры, халық қаһарманы бауыржан Момышұлының «Біздің жүрегіміз темір емес, бірақ біздің кек отымыз қандай темірді болса да ерітіп, күйдіріп жібере алады. Біздің үрейді жеңетін ең күшті қаруымыз бар, ол- Отанға деген сүйіспеншілік» деп жазғаны есімізге түседі. Соғыстың алғашқы күнінен бастап-ақ мыңдаған қазақстандықтар барлық майдандарда басқыншыларға қарсы кескілескен ұрыс жүргізді.
Ұлы Отан соғысы жайында айтылғанда бірден Ұлы Отан соғысында Рейхстагқа Жеңістің туын желбіреткен қарапайым солдаттың бейнесі келеді. Жас офицер Р.Қошқарбаев өзінің досы Г.Булатовпен бірге Рейхстаг терезелерінің біріне алғашқы туын қадады. Біз, жастар, бұл ерлікті әрқашан мақтан тұтатын боламыз.
Сағадат Нұрмағанбетов Қазақстан Республикасы қарулы күштерінің бірінші министрі болды. Ол да соғысқа қатысып, Берлин операциясы үшін оған Кеңес Одағының батыры атағы берілді. 18 жасар
Елеусізов те Днепрден бірінші өткені үшін бірден Сталин оған қаһарман атағын берді. Балтабек Жетпісбаев Бауыржан Момышұлының полкінде болған. Қыста полкқа қарды тазалап, жол ашқан ұзын бойлы, еңселі азаматымызды да біз ешқашан ұмытпаймыз.
Ұлы Отан соғысында қазақстандықтардың ерлігі зор болды. Қазақстан- Сталинград майданының ең жақын тылы болды. 1942 жылдың күзінде ауқымы жағынан адамзат тарихында болып көрмеген Сталинград түбінде ұрыс жүріп жатты. Қазақстан Сталинград облысымен 500 шақырым бойына шекаралас еді. Сондықтан Сталинград майданына батыс Қазақстанның ресурстары кең ауқымда тартылды. Сталинград майданында шайқасқан 29-шы және Алматының 38 атқыштар дивизияларының даңқы шықты, екеуін кейін 72-ші, 73 гвардиялық дивизияны полковник Ғани Сафиуллин бастаған еді. Ерлігі үшін дивизия «Сталиградттық» деген құрметті атаққа ие болды. Дәл осы кезде Қарағандылық ұшқыш Нүркен Әбдіров ерлігін атап өтуге болады. Қарсыбай Сыпатаев та өшпес ерліктің үлгісін көрсетті.
Кеңестік Шығыс әйелдері арасынан Кеңес Одағының батыры атанған Қазақстанның батыр қызы, пулеметші Мәншүк пен қазақтың батыр қызы, мерген Әлия жасаған ерліктерін сәби бүлдіршіндердің өздері де біледі, мақатанады деп ойлаймын. Қазақ қыздарымыз дәл солардай болсын деген ниетпен қос ару, батыр қыздарымыздың есімімен қаншама аталған кыздар бар.
Ұлы Отан соғысы кезіндегі қыздар авияполкының жауынгерлеріне Ресейдің тұңғыш Президенті болған Б.Н.Ельцин «Ресей халқының қаһарманы» деген атақты берген еді. Осы авияполктың құрамында ерлік көрсеткен қазақ қызы, батыс қазақстандық Орал қызы Хиуаз Доспанова да болған еді. «У-2» ұшақпен ұшу тактикасын орыс ұшқыш қыздары осы жерлесімізден мол тәжірибе алған еді. Сол қызымызға жеңіс аяқталғанына көптеген жылдар өткеннен кейін барып Елбасы Н.Ә.Назарбаев еңбегін бағалап, «Халық қаһарманы» атағын берген еді. Сол атақты біраз күндер ғана медеу қылған апамыздың жайы қатты өкінішпен айтатындай болып отыр. Әр ардагер уақытымен бағаланса, олардың да мерейі, бізге де мақтаныш болар еді.
Брест қамалын қорғаушылар арасында Қазақстандық А.Наганов, В.Фрусов, Қ.Тұрдыйев және де басқа да ерлік көрсеткен қорғаушыларымыз болды. Біз бәрін де мақтан тұтамыз, өзімізге үлгі- өнеге етеміз.
Қазақстандықтар майдан шебінде ерлік көрсетіп қана қоймай, майданға және басқыншылықтан азат етілгендерге көмегін аямады. Шымкент теміржол торабының комсомолдары «Қазақстан комсомолы» танк колонасына қаржы жинап берді. Қазақстан жастары жойқын ұшақ эскадрилиясын жасақтауға жинап берген қаржы көлемі де ауқымды болды.
«Қазақстан комсомолы» деген жазуы бар 45 жауынгерлік машина Сталинград майданының жауынгерлеріне табыс етілді.
Соғыстан кейін де зардап шеккен 12 қала мен 45 ауданды Қазақстан тұрғындары қамқорлыққа алды. Сонымен қатар Қазақстанға көшірілген поляктар, немістер басқа да ұлт өкілдері мыңдап болды.
Жастарға үлгі ету, ешкім де , ештеңе де ұмытылмас үшін еліміздің білім ошақтарында ғана емес, көпшілік жиналатын орталықтарда , бұнымен қатар көше , Жеңіс майдангерлеріне арналған тақта бар Әр жасалған ерлік мәңгілік халық есінде. Сұрапыл соғыста жауынгер ерлік көрсетсе, тылда әйел-аналар масақ теріп, бала тәрбиелеп, соғыстағы ерлерін күтумен болды. Майданға азық жіберіп, жеңіске өз үлестерін қосты. Ендеше, бүгінгі әрбір жас осы ерлікті мақтан етіп, жадымызда сақтайық. Бойымызда елге деген құрмет зор болып, әр жас өз елінің нағыз патриоты бола білсін.

Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!
Қарап көріңіз 👇
kz | Шығармалар
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Ілмектер: шығарма Жеңіс туы мәңгілік сен желбіре туралы эссе шыгарма жеңіс женис 9 мамыр 9 май сочинение на казахском, эссе сочинение про Женис туы мангилик сен желбире на казахском языке скачать день победы 9 мая, эссе шығармалар жинағы жеңіс женис 9 мамыр 9 май жоспарымен, Жеңіс туы мәңгілік сен желбіре