«Жаңашыл мұғалім – 2020» республикалық байқауының жүлде қоры 2 000 000 теңге құрады

«Жаңашыл мұғалім» республикалық байқауы Bilim Land цифрлық білім беру платформасының ұйымдастыруымен 2015 жылдан бері өткізіліп келеді. Байқауға бастауыш, орта, арнайы орта және инклюзивті білім беру мекемелерінің 4000-нан аса педагогі қатысып үлгерді. Байқаудың негізгі мақсаты – мұғалімнің тәжірбиесінде цифрлық ресурстарды қолданудың озық үлгісін қалыптастыру.

Жаңалықтар
Толық

Жаңа тұрпатты мұғалім - шығармашыл тұлға

Жаңа тұрпатты мұғалім - шығармашыл тұлға

Қолына уақыт пен кеңістіктің байланысын ұстап, кіршіксіз балалық әлеміндегі күш- қуат пен ақылды, талантты ашып, барлық күрделі нәрсені қарапайым тілмен жеткізе білетін, дүниенің жанды сұлулығын көрсетіп, жан дүниесінің бар болмысын көре білетін адам- жаңа тұрпатты мұғалім. ХХІ ғасырдың жан- жақты біліммен қаруланған, алған білім білік дағдыларын кез-келген жағдайда тиімді пайдалана алатын жеке тұлғасын қалыптастыру үшін жаңашыл мұғалім ролі зор. Жалпы адамзатты толғандырып, әлемнің басты проблемасына айналған «Мұғалімдер оқушыларды ХХІ ғасырға қалай дайындайды?» деген сұрақтың аясында  мен де ойлана келе, өз тәжірибемді барынша жаңашылдыққа бағыттау қажет деп қарастырдым. 

Эсселер
Толық

Әдебиет | АЗАТТЫҚ ЖЫРЫНЫҢ АҚТАҢГЕРІ (Дулат Бабатайұлы шығармашылығындағы дәстүр мен жаңашылдық хақында)

Қазақтың ұлттық Ренессансының басы Абай Құнанбаев, оны дамытқан әрі қалыптастырған ХХ ғасыр басындағы Алаш қайраткерлері дейтін болсақ [1,5], оның пайда болу процесіне ХІХ ғасырдың алғашқы жартысында ғұмыр кешкен кемел ақын Дулат Бабатайұлы бастаған «Зар заман» дәуірі әдебиеті өкілдерінің әсері бар екенін жоққа шығара алмаймыз. Дулат ақынның Абайға дейінгі поэзияда көркем ойлау жүйесінің жаңаша үлгісін тудырып, ұлттың әлеуметтік үнін, халқының азаттығын жырлауда замандастарынан даралық танытқаны туралы Қ.Жұмалиев, Х.Сүйіншәлиев, Р.Сыздықова, Қ.Өмірәлиев т.б. сияқты көрнекті әдебиет зерттеушілері Кеңестік идеологияның екпіні басылмай тұрған кездің өзінде толымды пікірлерін жазды. Өткен заманның озығынан үйреніп, тозығынан жиренген, тарихтың тұнығынан қанып ішкен талғампаз Алаш қайраткерлері Семей жеріне туларын тіге отырып, сол өлкеде ұлы Абайдың алдындағы бүтіндей бір әдеби дәстүрдің бастауы болған, азаттықты аңсаған саф алтындай бағалы жырлар тудырған Дулат Бабатайұлының шығармашылығын мүлде білген жоқ десек қателескен болар едік. Оның кестелі көркем жырлары сол кезеңдегі азаттықты аңсаған көзі ашық зиялы қауымның айнымас темірқазығы болғандығы анық. Пікіріміздің дәлелі ретінде Дулат ақынның шығармашылығындағы идеялық жаңалықтар мен көркемдік ерекшеліктер турасында азырақ сөз қозғамақпыз.
Дулат ақын шығармашылығы біз «Зар заман әдебиеті» деп бөліп қарастырып жүрген әдеби ағымның көш басында тұр. Ол жасы жағынан да, әдебиетке келуі жағынан да осы ағымның өкілдері Шортанбай Қанайұлы, Мұрат Мөңкеұлы, Әбубәкір Кердері, Албан Асан, Нарманбет Орманбетұлы сияқты марғасқалардың алдында болып есептеледі. Сондықтан оны ең бірінші ХІХ ғасырдағы қазақ қоғамын өз билігінен айырған Ресей патшалығының отарлаушыларына қарсы, қазақ даласындағы әлі де болса дербес хандық биліктің жойылуына қарсы алғаш үн көтерген, патша билеушілерінің шылауындағы аға сұлтан, ұлықтарды оңдырмай сынаған, сол дәстүрді қалыптастырушы жаңашыл ақын ретінде тануымыз қажет.
Әдебиеттегі дәстүрдің қалыптасуының бір парасы мазмұн мен пішінге байланысты. Кейде дәстүрді өлеңнің сыртқы пішініне сәйкестендіріп жалғастыратындар болса, көбіне ішкі мазмұнға байланысты да дәстүр жалғастығы жаңғырып жатады. Ал екеуі бірдей тонның ішкі бауындай үйлессе онда әдебиетте жаңа бір арна пайда болады. ХІХ ғасырдағы қазақ поэзиясының ішкі мазмұнына алғаш реформа жасаушылардың бірі ретінде Дулат ақынның қазақ поэзиясына енгізген жаңалығы зерттеушілер тарапынан биік бағасын алып үлгерді. ....
Рефераттар
Толық

Тарих | Тарихты оқытудың жаңашыл әдісі – модульдік технология

Кіріспе
Тақырыптың өзектілігі.
Білім деңгейі мен технологияның барған сайын дамуы, жаңа идеялармен оқыту әдістерінің шығуына түрткі болады. Білім деңгейінің жоғары болуы, оқушылардың білім көрсеткіші осы жаңа оқу әдістерін оқып үйренуімен сипатталады.
Тақырыптың мақсаты:
Тақырыптың мақсаты оқытушылардың жаңа идеяларымен танысу, жас педагог әдіскер идеяларымен танысу, жас педагог әдіскерлердің тәсілдерімен танысу болып табылады. Шаталов, Шевченко, Жанпейісова, Д.Құтымбекова сынды әдіскерлер тәсілін оқып үйрену.
Тақырыптың міндеттері.
Тақырыпта төмендегідей міндеттер қойылды:
- Жаңашыл идеялар ұсынған педагог әдіскерлер тәсілдерімен жалпы танысу.
- ХХІ ғасырдағы жаңа оқыту идеяларының қажеттілігін атап көрсету.
- Шаталовтың В.Ф.Тірек конспекті әдісімен толық түрде баяндау.
- Оқытудың жаңа әдісі әрі көпшілік қолдау білдірген модульдік технологиямен танысу.....
Курстық жұмыстар
Толық

Педагогика | Жаңашыл мұғалімдер идеясы және олардың тәжірибесі

І.Кіріспе бөлім.
Жалпы білім беретін орта мектепті қайта құру жағдайындағы ынтымақтастық педагогика.
ІІ.Негізгі бөлім.
А.) Жаңашыл мұғалімдер идеясы және олардың тәжірибесі.
Ә.) Озат педагогикалық тәжірибені пайдалану.
Б.) Оқыту технологиялардың түрлері және қолданудың тиімділігі.
В.) В.Т.Кабум технологиясы. Тәрбиелеуді ізгілендіру жүйесі.
ІІІ.Практикалық бөлім.
Сабақ жоспары: «Тік белдемше, шығу тарихы»
Тәрбие сағатының жоспары: «ХХІ –ғасыр көшбасшысы»
Қорытынды.
Пайдаланылған әдебиетте .....
Ғылыми жобалар
Толық

Еліміздің жаңғыруына жаңашыл ұстаздар себепкер

Елбасы Н.Назарбаев өз жолдауында «Ұлттық бәсекелестік қабілетті
бірінші кезекте оның білімділік деңгейімен айқындалады» дей келіп, білім
саласында түбірлі өзгерістерге әзірліктің қажет екенін баса айтты.
Қазіргі таңдағы білім саласында жүргізіліп жатқан реформаның басты
мақсаты – ой-өрісі жаңашыл шығармашылық.......
Баяндамалар
Толық

Жаңашыл ұстаз болу - заман талабы

Педагогика-ақиқат ғылыми көзқарас болып есептелетін және
объективтік дүниені танытудың, білудің және ғылыми білімнің дамуының
бірден бір әдісі болып табылатын философия негізінде дамиды. Мысалы,
диалектикалық материализм табиғаттың, қоғамның және адам баласы
дамуының заңдылықтарын.......
Баяндамалар
Толық

Жаңашылдық шыңға жетелейді

Мұғалім оқушыға жоғары сапалы білім беруі үшін үлкен ізденісте болып, өзінің біліктілігін арттырып отыратыны секілді мен де біліктілігімді арттыру үшін Кембридж бағдарламасы бойынша білім алуға оқуға келдім. Бағдарлама курсының І бетпе бет кезеңінде үстел басына отырғаннан, тренеріміз Бадигүл апаймен, кураторымыз Ләззат апаймен таныстық. Тренеріміз ортаға түрлі - түсті қағаз, фламастер, түрлі - түсті бояулар, ақ бет парақтар, қайшы, скотч таратып бергенде бұл оқудың жай бұрыңғыдай оқу емес, ерекше екеніне көз жеткіздім. Бадигүл апай «Таныстыру» тренингінің түр - түрін өткізіп, бір - бірімізге шапалақ.......
Баяндамалар
Толық

Қазіргі заман мұғалімі

Өмірдегі көп мамандықтардың ішінде жан-жақты білімділікті, икемділікті, шеберлікті, ерекше шәкіртжандылықты, мейірімділікті қажет ететін мамандық- ұстаздық мамандық. Олай дейтінім, ұстаз жүгі – ауыр жүк. Ұстаздардың әсерлі үнімен, асықпай мәнерлеп сөйлеген сөзінен әрбір оқушыға деген қамқорлықтың, аналық, әкелік сезімнің дана ойдың ыстық лебі есіп тұрғандай. Иә, адамның жан дүниесін түсініп, ренжітпей, қателігін сездіре білу – бұл нағыз шеберлік емес пе?! Мұғалім еңбегі біріншіден, адамзат қоғамы тарихында жинақталған ғылым негіздерінен білім беруге тиіс болса, екіншіден, үнемі шәкірттерімен қарым-қатынаста болып, білсем, үйренсем деген бала арманы мен оның сырлы тағдырына .....
Шығармалар
Толық

Жаңашыл ұстаз

Ұстаз болу – жүректің батырлығы,
Ұстаз болу – сезімнің ақылдығы.
Ұстаз болу – мінездің күн шуағы,
Ұстаз болу – адамның асылдығы,-

деген Ғафу Кайырбековтың өлең жолдарын оқығанда, мен өзімді бақытты сезінемін. Ұстаз болғаныма мақтанамын. Өйткені ұстаз – мақтан тұтар мамандық. Киелі әрі өте көне мамандық. Адам Ата Хауа Анадан бері жұмыр басты пендені ойландырып,толғандырып келе жатқан, қоғам өзгерсе де қажеттігін жоймайтын үлкен мәселе – шыр етіп дүниеге келген нәрестені өмір сүруге дайындау. Бұл – қиынның қиыны. Себебі әр адам – қайталанбас тұлға. Оның жан дүниесі - өзінше бір әлем. Ал ұстаз сол әлемді шар-тарапқа жетелеуші. Ұстаз - бала болмысына өзгеріс .....
Шығармалар
Толық