Мен тәуелсіз Қазақстанның қыранымын, өз елімнің аман -сау алып қалу үшін өз өмірлерін қиған ағаларымыздың үкілген үмітін ақтап, туған халқымызға адал қызмет етуге уәде беремін.«Тамшы телегей теңізге айналады» деген сөзді қазақ атам тауып айтқан сияқты. Сонау XV ғасырдағы жер көлемі алақандай ғана қазақ елі бүгінде телегей теңізге, әлем мойындаған патшалыққа айналды. Ел басып ,еңсемізді көтеріп, ұлттық құндылықтарымызды ұлықтап, өркениетке қанат жаю үшін әлемдік табыстарға қол созып , дамыған елдер қатарына көріндік, тәуелсіздік жалауын жалтаң өмірдің атжал айдынында асқақ биікке көтеріп , айбынымызды жаһанға таныттық.......
Бір ел» – бұл барлығымыз үшін ортақ Отан. Н.Назарбаев «Отансыз адам болмас, ормансыз бұлбұл болмас» деген халық нақылы тегін айтылмаса керек. Өйткені, Отан деген киелі ұғымды түсіну әр адамның туған жеріне, өз еліне деген сүйіспеншілігінен бастау алады. Бүгінде біздің санамызда Отансүйгіштік пен патриотизм бір-бірімен егіз ұғымдар болып қалыптасты. Менің ойымша, әрбір қазақстандық өзінің жетістіктерін туған Отанына, еліне арнауы керек деп есептеймін. Сонда әлгі адамның да, елдің де мерейі тасып, әлемдік деңгейдегі беделі өседі.......
«Мен қазақпын, мың өліп, мың тірілген», - деп ақиық ақын Қадыр Мырза-Әлі жырлағандай сан соқтырған 70жыл бойы Кеңес үкіметінің қол астында болып, байлығы мен базарын иемденіп , болашағы мен бақытын болжай алмаған қазақ деген қарапайым халық едік. Желтоқсанның желбіреген желі есіп, қазаққа «қазақ» екенін танытқан жылдарда ел есін жиып, етегін жинап, бесігін түзеді. Қазақ елінде тәуелсіздікті тәу етіп, болашаққа жөн сілтеп, тізгінінен тарта ұстаған дана да дана жан алға суырылып шықты.......
Адам көркі – шүберек. Бұл талай жылғы тәжірибеден өтіп, әбден екшеліп айтылған тобықтай түйінді сөз. Халқымыз атам заманнан бері осы бір қағиданы берік ұстанып , мың бір сырлы әсем киім үлгілерін жасап киініп келген. Киім жай ғана бір жапырақ мата емес. Ол белгілі бір ұлттың, мәдениеттің бет бейнесін көрсетіп тұратын ғажайып дүние. Оның эстетикалық, этно-мәдени, қоғамдық мәні де орасан. Сондықтан әр қазақ мақтан тұтатын мол мәдениетіміздің елеулі бір саласына киім кию ғұрыптарымызды жатқызсақ болады. Шындығында да, әлемдегі озық өнер түрлерін сарапқа салар болсақ, қазақ өнері алдыңғы қатардан көрінері даусыз.......
«Отаным» деген жас жүрегімнен шыққан асыл сөзді мақтанышпен, асқақтықпен айта аламын. Ата-бабамыздың азаттық жолындағы ерен ерлігінің арқасында осынау арман еткен заманға тер төге, көп күш жұмсай жеткен елімді мақтаныш етемін. Талай жылғы ұлы дүбір, дүрбелеңнен кейін жарқын болашақтың таңы атып, еркіндік пен теңдік есігін айқара ашты. Еліміздің күні оңынан туып, жарық жұлдыздар шоғыры ұлттық намыс пен арымызды тудай желбіретті. Әрине, бұл күн оңайлықпен келмегені белгілі.......
Мен-патриотпын ! Мен елімді, жерімді, ұлтымды сүйемін! Мен отанымды , отбасымды сүйемін! Мен - тілімді, дінімді, ділімді сүйемін! Мен Қазақстан Республикасының Туын, Гимнді, Елтаңбаны құрметтеймін. Мен үшін аса қымбат осы құндылықтарға деген махаббатыммен мақтана аламын, және сол махаббатымды дәлелдей аламын. Мен өзімді шын патриот санаймын. Кез-келген адамды отансүйгіштікке тәрбиелейтін ең бірінші - ата-ана тәрбиесі, екінші - ұстаздардың тәлімі. Ал өзіңді-өзің отансүйгіштікке тәрбиелегендегі тірегің ол - кітап.......
Туған жер – адам өмірінде киелі орын алады Мен туған өлкем Маңғыстау туралы толғасам алдымен 362 әулие мекендеген киелі аймақ екенін айтамын. Менің Маңғыстауымда Қазақстанның жеті кереметінің бірі - Бекет Ата жерасты мешіті Оғыланды шоқысына қашалған, үш - төрт қанат киіз үйдің көлеміндей үш бөлмесі бар, тарихи-сәулет ескерткіш орналасқан.Бекет ата 1750 жылы туылып , емші, көріпкел ғана емес, физика, математика, астрономия заңдылықтарын жақсы білген ғұлама ретінде аты танылған. Бұхарада оқып, ілім жинаған соң, өз өңіріне қайта келіп, бес мешіт салдырады. Жергілікті дін ғұламаларының арасында атақ-даңқы өсіп, Пір атанады. Жерасты ғимараты маңында Бекет ата пайдаланған бұлақтар, құдықтар бар.......
Қылышымен қорғап байтақ даласын, Бір жаратқан артық еткен бағасын Мен қазақпын мекен еткен осынау, Алтай менен Атыраудың арасын. Р. Зайытов Ғасырлардың сан мыңдаған көшіндегі қазақ халқының даму тарихы өзгеше. Азаттықтың ауыр жолында тағдырлары өлшеусіз күреспен өткен қазақ ұлтының жанының тек еркіндікті аңсауы да осыдан болар. Ұшы қиыры жоқ кең далада көсілген, емін-еркін өмір сүріп сол даланың тарланына айналған қазақ үшін......
Туған жер, атамекен әр адамның тағдырын құрайды. Тек одан барлық алғаныңды көңіл сүзгісінен өткізіп, бал жинаған арадай,жүрегіңе құя білуің шарт. Туған жерді сүю дегеніміз өмір бақи өз жеріңде байланып қалу емес. Әлемге назар аудармай,табандап отырып алсақ,ақпайтын көл секідді, өз-өзімізбен тұйықталып,әлемдік даму мен өркениеттен құр алақан қалар едік.Десе де, жер шарының қай ендігі,эквадордың қай белдеуінде жүрсең де,қайта саған, сағынышыңды басар темірқазығың-туған жер атты ұлы ұғым біреу.......
Ұйымдастырылған оқу іс - әрекеті: сөйлеуді дамыту Тақырыбы: Ертегілер еліндегі шалқан Мақсаты: Балаларды ертегі мазмұнымен таныстыру, сұрақтар арқылы бекіту. Кейіпкерлерді мәнерлеп салуға үйрету. Ойындар арқылы есте сақтау қабілеттерін дамыту, сөздік қорын молайту. Еңбек сүйгіштікке, ұйымшылдыққа тәрбиелеу. Әдіс - тәсілдер: Сөздік әдіс, көрнекілік көрсету. Көрнекіліктер: Ертегі суреттері, ертегі кейіпкерлерінің бетпердесі, сиқырлы қорапша, табиғи гүлдер, ағаштар, шалқан суреті. Бингвилизм: қыс - зима, шалқан - репка
Жылулық шеңбері: «Қайырлы таң» ҰОІӘ барысы: Музыка ырғағымен балалар кіріп орындықтарының жанына келіп тұрады. - Балалар, қараңдаршы, біз ғажайып ертегілер еліне келіп қалдық, бізден бұрын апайлар келген екен, кәне қонақтармен амандасайық. Қайырлы таң, көк аспан, Қайырлы таң, жер ана. Қайырлы таң, алтын күн. Сәлеметсізбе! Здравствуйте! - Балалар, ертегілер елінде қандай әдемі, мұнда бәрі бар. Мен ертегілер елінен келген ертегішімін. Қазір біз ертегілер еліне саяхатқа шығамыз. Менің соңымнан жүріңдер. - Балалар қараңдаршы бұл не? (Бірінші ертегі ол Шұбар ала тауық.) - Ол ертегі не туралы? Жарайсыңдар? Саяхатымызды ары қарай жалғастырайық. - Мұнда не отыр? Бауырсақ кімнен қашып кетті? Оны не жеп қойды? - Жарайсыңдар! Мына жерде не тұр? (үйшік). Бұл ертегіде қандай кейіпкерлер бар? (аңдарды атайды) - Дұрыс айтасыңдар. Балалар қараңдаршы, мында сиқырлы сандық жатыр. Оны ашып көрейік. Бұл не? (Шалқан). Енді осы ертегімен танысайық. .....