Қазақ елі-мәңгілік ел!

Қандай бір халық болмасын - Отанын, елін, жерін сүймейтіні жоқ. Соның ішінде қазақ халқы да жалпы шығыс, оның ішінде түркі тілді халықтардай Отанын , жерін, суын, табиғатын сүюге жастарды тәрбиелеу көне заманнан өзімен бірге дамып келеді.
Мың өліп мың тірілген қазақ халқы осы бір Отан үшін не көрмеді, не істемеді. Елін, жерін қорғау үшін кескілескен соғыстар жүргізді, одан кейінгі ұрпақ, қорлық пен зорлықтың сан түрін көріп, «елім, Отаным» дегені үшін атылып, түрмеге қамалып, қуғын көрді. Тәуелсіздікті көру бір арман болып, ішқұсамен өмірден өткендері қаншама. Осының барлығы не үшін еді? Әрине Отан үшін.
Қазақстанды Отаным деп білетін әрбір Қазақстан азаматы, Қазақстанды сүйіп, соның азаматы болу, Қазақстанды қорғау, Қазақстанның дамуына, өркендеуіне өз үлесін қосу міндетті.......
Шығармалар
Толық

Қасиетті мекен,тарихым-елімнің нұрлы бағысың!

Бүтін ек біздер, бір едік –
Шаршысын көрген шалдардың.
Жүрекке әсем жыр егіп,
«Отан!» деп ойлы қалды әр күн
Жат өлке солай төрі боп,
Таққанбыз тағдыр жолға сын.
Бәрібір өстік Бөрі боп,
Бабамыз Көкжал болған соң...
Сабыр Адай.
Иә, бізге белгілі киелі ұғымдар көп-ақ .Солардың қатарына қастерлі байлығымыз-Отанымызды , еліміз бен тарихымызды жатқызамыз. Қасиеттілердің қасиеттісі- осы сөздерді мадақтай айтсақ, алдымен,тауының басын-жайлау, етегін-қыстау, ойын-егістік алған, өсіп-өнген, қыстаудан көктеуге, көктеуден жайлауға, жайлаудан күзеуге көшіп-қонған, адамзат баласының тарих көшіне ілескен халқымыздың тоқсан толғаулы тағдыры көз алдымызға келеді . Бүгінгідей ұлттық патриотизм турасында толғаулы ойларымды ортаға салар сәтте, алдымен,өзекті ойымды өткен тарихқа құрмет және бабалар рухына тағзым етуден бастаймын.......
Шығармалар
Толық

Еліміз артып отырған үлкен жауапкершілікке лайық болу – біздің тікелей міндетіміз

Тәуелсіздік... Осы сөзде қаншама мән, шаттық, бақыт жатыр десеңізші! Осы бір ғана сөз елдің тыныштығын,азаттығын, бостандығын, ынтымағын білдіреді. Осы тәуелсіздікке жету үшін қанша аға-апаларымыз тер төккен. Міне, сол бір ғана сөздің арқасында алтын күн аспанымызда нұрын шашып тұр. Біздің ел – азат ел! Тәуелсіздігінің жиырма жылдығын тұғырға байлаған асқақ ел. Осы жиырма жыл ішінде талай жетістікке, талай күйініш-сүйінішке бөленіп, талай өрлеудің жолында келе жатырмыз. Еліміздің кірпішін қалаған Елбасымыз бар. ......
Шығармалар
Толық

Қазақ елі осындай

Тарих. Ең ауыр үкім – тарих үкімі. Арпалысқа толы аласапыран заманда мұқым бір халық ізім-қайым өшіп, қанат-қолтығы кең жұртқа сіңіп, бұлдыр елеске айналған жағдайлар көп. Ол сол халықтың өзін-өзі қорғай білетін қуатының, амал табар айласы мен бірлігінің тұтастығына, рухының беріктігіне байланысты.
Тарих – халық зердесі. Әр халықтың ол үлкен болсын, кіші болсын, өзінің төл тарихы болады. Бірінің тарихы мыңдаған алып томдарға хатталып қалды да, бірінікі «Уақыт» деген қайырымсыз алыптың аяғының астында тапталып, ғасырлар тұңғиығына батып кетті. Мұндай қасіретті кезеңдер жайлы ақиық ақын Мұхтар Шаханов:
Және туған тарихы, еске алуға қаншама
Ауыр әрі қасіретті болса да,-деп жырлайды. Ұлттық тарихымызды құдіретті төрт ананың біріне теңейді. Көне түркі даласын мекен еткен қазақ халқының да сан ғасырлық өмір көшін басынан өткізген мол, құнарлы тарихы бар.......
Шығармалар
Толық

Экономика | Банктің несиелік саясаты

Несиелік саясат банктің несиелік қызыметінің міндеттерін,оларды іске асыру құралдары мен әдістерін,сондай-ақ несиелік процесті ұйымдастыру принциптері және тәртібін белгілейді. Несиелік саясат несиелік механизм көмегімен жүзеге асырылады.
Несиелік саяасат-баніктің несиелік жұмысын ұйымдастыру негізін және несиелеу процесіне қажеті құжаттар жүйесін жасау шартары.
Кең мағанасында, несиелік саясатты несие беруші банк пен қарыз алушылар тұрғысынан қарастыруға болады.
Тар мағанасында, несиелік саясат- бұл несиелік процесті ұйымдастыру барысындағы банктің стратегиясы мен тактикасын сипаттайды.
Несиелік саяасат банктің несиелік жұмысын, оның жалпы
стратегиаларына сай ұйымдастыру негізіне және несиелеу процесін қалыптастыруға қажетті құжаттар жүесін (ұйымдастыру) жасау шартын білдіреді .
Жалпы несиелік саясат мынандай сипатта болуы тиіс:

- нұсқаулық емес, яғни директивті нұсқауларды қамтиді;

- несиелеудің мақсаттарын нақты және мағаналы анықтауға мүмкіндік береді;

- нақты мақсаттарды іске асырудың бірнеше ережелерін қамтиды;

- оны іске асыруды қамтамасыз ететін стандарттар мен нұсқаулықтарды қамтитын құжаттардан тұрады.

Несиелік саяасат банктің стратегиасын, оның тәуелділік басқару облысындағы саясатарын ескерте отырып жасалады.
Несиелік саясат несиелік қызыметін төмендегідей негізгі бағыттарын анықтауға мүмкіндік береді.

* несиенің берілуіне және несиелік поротфельді басқаруға жауап беретін банк қызыметкерлері жетекшілікке алатын объективті стандарттар мен критерийлерін;....
Рефераттар
Толық

Мамандықтар еліне саяхат

Мақсаты:
- Балалардың әртүрлі мамандықтар туралы білімдерін толықтыру.
- Сурет бойынша қойылған сұрақтарға толық жауап беруге дағдыландыру арқылы зейіндерін дамыту.
- Үлкендерді еңбегін бағалауға тәрбиелеу және мамандық таңдауға қызығушылықтарын тудыру.
Көрнекілігі: түрлі мамандық иелері туралы суреттер, интерактивті тақта.

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру.
Бір - екі - үш...
Сынып іші тып - тыныш.
Жалқаулықты тастаймыз,
Сабақты біз бастаймыз. .....
Мектепалды дайындық сабақ жоспары
Толық

Қазақстандық патриотизм – еліміздің тұрақты дамуы мен гүлденуінің негізгі

Ортақ Отан – Қазақстан!
Отан – адамның туып өскен жері, туған – туысқандарымен, жақындарымен бірге тұратын атамекені, алтын бесігі, алтын ұясы. Қазақ жерінде тұратын адамдардың алтын бесігі, Отаны – Қазақстан Республикасы. Қазақстан – бір шетінен екінші шетіне дейін құс қанаты талатын ұлан– ғайыр кең мемлекет.
Егеменді еліміз – Туы, Елтаңбасы, Әнұраны бар тәуелсіз мемлекет. Егеменді ел болып, тілімізді, дінімізді, ділімізді иемдендік. Осы
тәуелсіздікке, егемендікке қол жеткізу үшін талай ер жүректі отандастарымыздың алаулаған жастық шақтары азапқа айналып, өмірлері қиылды. Олар ел тәуелсіздігі, ел бірлігі үшін жауға қарсы тұрды. Талай жастар туған жері Қазақстан үшін Ұлы Отан соғысында, ызғарлы Желтоқсан оқиғасында қазаға ұшырады.......
Шығармалар
Толық

Ұлы түркі елінің қара шаңырағы – бүгінгі ұрпақ қолында

«Ел боламын десең, бесігіңді түзе!» - деп дана халқымыз айтқандай, керегесі кең, шаңырағы көк күмбезді аспанмен жарасқан, келешегі кемел ел болу үшін, алдымен, тәрбие керек. Ел болдық, бірақ бесігімізді әлі де түзей алмай жүргеніміз ащы да болса шындық. Тал бесіктен басталатын тәрбиенің бұлағынан сусындаған әр жеткіншек ұлтжандылық деген ұғымды бойына сіңіріп өсуі қажет. Ұлттық құндылықтарды құрметтеп, елінің ертеңіне алаңдап, өркендеуіне үлес қосатын азаматты ұлтжанды азамат деу орынды. Бірақ Абайлар мен Мағжандардың толқынынан туған толқындар саусақпен санарлық. Бүгін біз кез келген келеңсіз жайттарға «Е-е, заман солай болғасын...» немесе «Бұған біз емес , заман кінәлы» деген сияқты сөздермен өзімізді жұбататын болдық. Ал шын мәнісінде бұған кінәлы заман емес, адам. Өйткені заманды адам құрайды.......
Шығармалар
Толық

Елім деп соғар жүрегім

Мен өз халқымды сүйемін.
Оның мені бала кезімнен сабыр мен
парасатқа баулығанын мақтан
тұтамын. Басымды иемін!
Назарбаев Н. Ә.
Еуразияның кіндік тұсында ұлан-байтақ жеріміз бар қазақ даласының келбеті бағзы бір ежелгі атам замандардан өзінің ұлы рухын жоғалтпай, күні бүгінгі үшінші мыңжылдықта да асқақтығын танытып отыр. Атыраудан Алтайға дейін созылған ұлан-ғайыр кең өлке, тарихы шексіз, дәстүрі шетсіз ата-жұрт. Әні мен күйі шалқыған, сыры мен жыры толқыған ғажайып сұлу сахара!
Жұмыр жердің бетіндегі қаншама елдің даму тарихы өз алдына бөлек әңгіме.......
Шығармалар
Толық

Мен өз елімнің патриотымын!

Өзімді таныстырып өтейін. Менің атым Айбек. Мен 8 жастамын. Осы күнге дейін кен байтақ Отанымның барлық жерімен таныспасамда , теледидар арқылы және анамның әңгімелері арқылы білемін. Отан үйден басталады демекші , мен өз үйімді, мектебімді, туған өлкемді қатты жақсы көремін. Нағашы жұртыма қонаққа барғанда да, үйімдегі күшігім, мысығым не болды екен деп, достарым не істеп жүр екен деп ойлап жүремін. Әкем секілді болашақта балуан ер жігіт болып, әскер қатарында қызмет атқарғым келеді. ......
Шығармалар
Толық