Елімнің рәміздері мақтанышым!

Жұмыр жер бетіндегі мемлекет атаулының қай-қайсында да шет елге өзіндік бет-бейнесін танытатын белгілері-ел нышандары ( туы, елтаңбасы, әнұраны ) болатындығы белгілі. «Мың өліп, мың тірілген» қазақ халқының да ондай белгі-нышандары болған. Рәміз адамның санасы мен ойлау қабілетімен тығыз байланысты. Заттың тілдік белгісі сол заттың ақпараты, хабары ретінде түсініледі. Белгі мен мағына арасында тығыз қатынастық байланыс болуында . Халық өзін қоршаған ортадағы заттар мен құбылыстарға мән,......
Шығармалар
Толық

Киелі менің Созағым!

Менің бүгінгі таңдап отырған тақырыбым- өзімнің қазіргі өмір сүріп жүрген сан ғасырлық тарихы бар сырлы Созағым жайлы болмақшы. Бұл өлкені қай жағынан алып қарасам да, қалай жырлап жазсам да сөз жетпесін білемін. Созақ жері Қазақстанның Оңтүстігінде, Теріскейде орналасқан .Тарихи мұра мен қазба байлықтарына бай бұл өлке кезінде «Теріскей» деп те аталған екен. Халық арасында айтылып жүрген аңыз әңгімелерге сенер болсақ, «Суы зәк» деген сөз тіркесінің қазіргі кезде «Созақ» атауына айналған деп те естиміз.......
Шығармалар
Толық

Мен - ұлттық бояуы сіңген елімнің перзентімін

Қызық... Бұл жолы жан дүниемді белгісіз ойлар арбап, жүрегімнің дүрсілі әлденені сезгендей ме? Бұрындары ойыма келген әр нәрсені ақ қағазға түсірудің өзі мен үшін бір ләззат болса, ал бүгінгі сезім одан да күштірек, одан да беймәлім болады- ау. Кеудемдегі жүрек дүрсіліне құлақ салсам «жаза түс және тағы жаз» дегендей үн қататын секілді. Осы үнмен жалғасқан ойды мына параққа түсірмесем сірә, мұным тағы әбестікке жатар.
Сайын даланың атырабында, ақша бұлттың арманында, жазиралы асқар ала таудың бауырында, тұғыры биік , талғамы таза, тарихы тереңде жатқан дархан халқымның даласы қашанда әр перзентіне аналық рух берері хақ.......
Шығармалар
Толық

Отаным –Қазақ елі

«Отан! Отан!
Сен болмасаң не етер ем?
Мәңгілікке бақытсыз боп өтер ем!
Өмірден бұл өксуменен кетер ем!»
М. Мақатаев
Қазақ... Бұл халық –әлемдегі ұлы халықтардың бірі. Қазақтың ұлылығы –бауырмашылдығында, бейбіт өмірге құштарлығында, сабырлылығында және даналығында.
сочинений среди школьников на патриотическую тему – 2014 г. Южно-Казахстанская область
Қазақ –сөзге тоқтаған халық, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсеткен , ел бастаған көсемдері мен шешендері ақыл айтса, ақылына ұйыған халық. Сонау Алтайдан Атырауға дейінгі созылып жатқан кең байтақ , ғажайып өлке– бұл Қазақ елі.
Біздің жеріміз кең. Оның айдын шалқар көлдері мен мөлдір бастау қайнарларын, сарқырай аққан тасқынды өзендерін, гүлденген жазираларын, тамаша жайылымдар мен шалғынды таулы даланы көргенде мен тамсанамын.......
Шығармалар
Толық

Менің атамекенім – Қазақ елі

Атамекен – қазақтың қара топырағы, менің ата - бабамның асылы,
ұрпағына қалдырған баға жетпес мұрасы, ең аяулы дұғасы,ең асылы. Атамекен сөзінде үлкен мән бар. Алдымен көз алдымызға «Қазақ елі» елестейді . Кезінде осы Қазақ жері үшін қаншама ата - бабаларымыз найзаның ұшымен, білектің күшімен, қасық қаны тамғанша тер төкті емес пе?! Міне , осы құндылықтарды дәріптеуіміз керек. Оны іске асыратын біз, мына –жастар. Ол үшін қазағымыздың тарихын, рухани мәдениетін,материалдық мәдениетін білуіміз керек.
Алдымен тәуелсіздігімізге көз жүгіртейік.Биыл,міне,қазақ жеріне егемендігіміздің қадам басқанына 23 жыл болып отыр. Осы уақыт аралығында көптеген жетістіктерге жеттік.......
Шығармалар
Толық

Мен-елімнің ертеңімін

Су түбінде жатқан тас,
Жел толқытса шығады.
Ой түбінде жатқан сөз,
Шер толқытса шығады.
Асан Қайғы
Мен қазақ, қазақпын деп мақтанамын, - деп ақын ағамыз Сұлтанмахмұт Торайғыров жырлағанындай мен өзімнің қазақ екендігіме қуанамын. Қазақ деген ұлтымды дархан пейілді, адал ниетті, ақ көңіл, ер жүректі халық деп танимын....
Шығармалар
Толық

Еліміздің әнұраны- азаматтық асқақ рухтың жаршысы

Ән де адам секілді өз тағдырымен туады, өмірде өз орнын табады. Әр адамның өз ғұмыры сияқты әннің де өз тарихы бар. Ән – көңілдің ажары, адам жанының тәрбиешісі. Әннің адам сезімін әлдилеп,асқақтар құдіретін тек жүрегімен сезінер адам ғана бағалайды.
Халықтың елдігін танытып,даланың жырын жырлаған әннің ұранға айналуы тарихта талай кездескені шындық.Ел басына қиындық туып, «ақтабан шұбырынды,алқакөл сұламаның» сұмдығын көрген ел «Елім-айлап» толғанып,тебіренеді. «Елім-ай» әні екі ғасыр елжандылық пен азаматтықтың ұранына айналды. Міне, нағыз өмір, өміршең өлең тек тарих пен бірге жасайды.......
Шығармалар
Толық

Жетелі елдің жеті белгісі

Қазақ халқы жеті санын киелі деп санаған. Жеті санына байланысты ұғымдар да жетерлік. Солардың бірі жетелі елдің жеті белгісі ретінде: Ту, Елтаңба, Әнұран, Тіл, Елбасы, Ата Заң, Дін деп саралап отырмыз. Бүгінгі күні егемендікке қол жеткізіп, Тәуелсіз ел атанып, өзіміздің мемлекеттік рәміздерімізді бекіттік. Біздің еліміздің Әнұраны щалықтап, көк туымыз талай рет әлем көгінде желбіреді. Ол кешегі өткен спорттық олимпиада кездері еді. Біз ол күндерді бүкіл отбасымызбен ерекше еске аламыз.......
Шығармалар
Толық

Мен елімнің ертеңімін

Алыстағы атыраптан мұнарлана көз тартатын асқар таулары мен белдері, сылдырап аққан өзен-көлдері, жусаны мен изені тербеле өскен сахарадай сары даласы бар, қойнауы толған кең қазынаға толы кең байтақ Қазақстан кез келген адам баласын тебірентпей қоймас. Бұл менің Отаным! Менің Тәуелсіз Қазақстаным! Әрине, бүгінгі жас ұрпақ , біз бақыттымыз!
Ата-бабаларымыз сан ғасыр арман еткен еркіндікке қол жеткізген, тәуелсіздік үшін күрескен асыр ерлеріміз бен аналарымызға мәңгілік қарыздармыз. Тәуелсіздік бізге оңайлықпен келген жоқ.........
Шығармалар
Толық

Дархан елім- Қазақстан !

Мен бақыттымын! Себебі, мен ынтымағы жарасқан, бірлігі ұласқан елде тұрамын. Бақыт бірлігі мен ынтымағы бар елге қонады екен. Демек, мен бақытты жерде туған елімнің бақытты перзентімін. Достығы дархан елімнің аты – Қазақстан!
Отан...Бұл сөз - әр адамның жанына жақын, жүрегіне жылы тиер сөз. Құс ұясыз болмайтындай, адам Отансыз болмайды. Ал менің Отаным -......
Шығармалар
Толық