Сатиралық ертегі: Екі суайт

Баяғы заманда заманы бір замандас, қатары бір құрбылас үш адам болыпты. Бұлардың екеуі өтірікші болыпты да, біреуі оларға үнемі төреші болыпты. Төреші дегеніміз әділі мен расын, өнері мен өтірігін көзбе-көз, бетпе-бет айтып беретін адам екен.
Сол екі өтірікші мен бір төреші қартайып, тұғырдан түсіп, тоқсанға келіп, тоқтасып қалған шағында бір үйде бастары қосыла қалыпты. Осы екі өтірікшінің екеуінің де құрыққа сырық жалғап, бір сөзге екі сөзді қосақтап, көпіртіп, лепіртіп сөйлеуді өздеріне үлкен өнер санайды екен.
Бұлардың ол сырына ежелден қанық, өзінің үзеңгілес жолдасы төреші Тайжан:
– Үшеуіміз де кәрі буын, көпті көрген көне екенбіз. Келешектің гүлі – жас буын, мынау отырған балбөбек балалар да ести отырсын. Мал сойылып, ас түскенше сары қымызды сіміре отырып, әңгіме дүкенін құрайық. Кәне, Түсіпбек пен Бейсенбек, өткен-кеткеннен әңгіме шертіңдер, – депті, оларды тым қолтықтай түсіп.
– Жөн айтасың, Тайжан! Мұндай бас қосыла бермейді, бас қосылғанда көңілді отырған бір ғанибет. Бірақ төрешіміз өзің бол, кәне, қайсымыз бұрын сөйлейік, – депті Түсіпбек, желпіне отырып.......
Ертегілер
Толық

Сатиралық ертегі: Екі қарақшының бас қосуы

Өткен алып қашты, жұлып кетті заманда екі қарақшы болыпты. Бұл екеуінің істейтін «кәсібі» момын шаруалардың малын ұрлап, сонымен күн көрген. Ауыл арасының мазасын алып бітеді. Біле қалғандай болса, бұларға өздерінше жазаның ауырын беріп, тырнақтап жинағанды етектеп төгетін болды. Дереу сезсе болғаны, қырдағы малын талап алады, қойшы, алғанда атап-атап алатын болды. «Айып» дейді, «шығуым» дейді, «сойысымызға» дейді, осы сияқты етіп, барлық мал да жүдә болды.
Бір күні бұл екеуі кеңесіп:
– Бұдан бұлай мұндай ауыл арасын ұрламайық. Қууды көбейтпейік, кесіп алып қалған соң қосу да қиын ғой. Мұның орнына алыстан ұрлайық. Көз көрмес, құлақ естімес жерден, – деді екі қарақшы.
– Оған ағайындар да қарсы болмас, өздері аман болған соң олар басқаны ұрлап жатса да, үндемейді, – деп, осы ақылды қорытып, қолдағы бар қалған бір-екі қараны оншақты ешкіге сатты. Ұзақ сапарға шықты. Ауыл бұл екеуінен құтылдық деп, қуанысып, олар қалыпты.
Оншақты ешкі бұл екеуінің жол азығы еді, ауылдан бір күндік жерге шыққан соң бір ешкі сойды, біразын жеп, қалған ешкілердің үстіне таңып қояды, өздері бес ешкінің маңымен жүріп отырады. Өздері елсізбен жүріп отырып, бір жарым ай жол жүреді. Ешкі де таусылды. Әйтеуір, ел шетіне келіп қалды. Жапан далада қалмай, осы елді көргеніне өздері де қуанысты. Бұл екеуі аздап кеңеседі, осы елден түсіп, мал-дүние алып қайталық, солай болған соң бірімізге біріміз дыбыстау үшін бұрынғы атымызды атамайық, жаңадан ат қойып алайық, – дейді.......
Ертегілер
Толық

Сатиралық ертегі: Екі еріншек

Бір уақытта Итаяқ деген кәрі шал болған екен һәм мұның Шүйке деген кемпірі болыпты. Бұлардың бір жалғыз сиыры бар екен. Бұл сиырдың кәрілігі иелерінің кәрілігіндей екен.
Қаңтардың шақырлап тұрған аяз күні:
– Сиырға шөп сал, – деп, шал кемпіріне бұйрық қылды. Кемпір бұған бұлайша деп жауап берді:
– Кет арман, егер де тілесең, өзің бер. Мұндай суық күні шөптің үстінен қар күреп, сиырға шөп салып, азаптанбаймын, сен білмейсің бе. Сенің бұйрығыңды орнына бажай келтіруге үлпілдеп тұрған жас емеспін ғой, – дейді. Шал айтты:
– Сен бармағанда, мен барам ба? Алла тағала менен Мұхамед пайғамбарымның бұйырғаны бойынша өле-өлгеніңше мен неге бұйырсам, соған көнсең керек, – дейді. Шығуға аяздан қорқып, екеуі көп таласты. Ақырында, екеуі бұлайша деп, уағда қылды:
– Егерде қай бұрын сөйлегеніміз сиырға шөп салайық, – дейді. Кемпір шалды амалменен сөйлетуге ойлады. Бұл себептен кемпір бір күлдіргіш қу адамға барып:.....
Ертегілер
Толық

Сатиралық ертегі: Екі дос соқырдың жайынан

Бұрынғы замандарда екі соқыр жолдас болып, бір-бірінен айрылмай, күннен күн екеуі дос болыпты. Һәр адам тең теңімен, тезек қабымен, екеуміз бір-бірімізге теңдеспіз ғой деп. Сол бейшаралардың достығы біреуісіз бірі тамақ жеместей болып, жанын да, тәнін де ортаға салып, қол ұстасып, ауқат қылып жүріпті. Біздің бұрынғы ең үлкен атамыз Адамға дұшпан болған бір шайтан атты біреу бар дейді ғой, сол осы екі соқырдың ұйымдасып, ауқат қылғанын да күндеп, екеуін ажыратудың шарасына кірісіпті. Бұған ажырату айласын таба алмай, не қыларын білмей тұрғанда бір адам:

– Нағып тұрсың сілейіп? – деп сұрапты.

– Ойбай, мен жетісіп тұрғам жоқ. Осы екі соқырдың достығын бұзудың кепілін алып едім. Енді сорым құрып, соны бұзудың ақылын таба алмай тұрмын, – дейді.

– Ой, сол ма? Мен оны боқтан оңай ажыратып берем, – деп, екі соқырдың біреуін «Мә, жолдасыңа!» – деп, бір ұрады.

– Мә, Құдай, уф, – деп, бір ұрды......
Ертегілер
Толық

Ньютонның екінші заңы (Физика, 10 сынып, I тоқсан)

Пән: Физика
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Динамика негіздері
Сабақ тақырыбы: Ньютонның екінші заңы
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 9.2.2.2 Ньютонның екінші заңын тұжырымдау және оны есептер шығаруда қолдану
Сабақ мақсаты: Барлық оқушылар:
Есептер шығаруда Ньютонның бірінші және екінші заңын қолдану
Оқушылардың көбісі:
Бірқалыпты және үдемелі қозғалған денелерге әсер ететін күшті сипаттау
Кейбір оқушылар:
Векторларды қосу қасиеттерін есептер шығруда қолдану ........
ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ - Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар
Толық

Қаза намаз - қаза болмасын

Өткізіп алған парыз намаздардың қазасы еске түскен мезетте өтеледі. Ал намаз оқымайтын үш уақытқа тура келіп қалса, өткізіп барып өтейді. Анас ибн Малик Алла елшісінің ﷺ: «Кім намазды ұмытып не ұйықтап қалса, оның кәфараты - есіне түсіргенде оқумен жүзеге асады»,- деген.

Ұйықтап қалу, ұмыту, немесе себепсіз өткізіп...

Кеңестер
Толық

ДНҚ молекуласының құрылысы және қызметі. ДНҚ құрылымы(бірінші және екінші реттік құрылым). (Биология, 10 сынып, I тоқсан)

Пән: Биология
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Молекулалық биология және биохимия
Сабақ тақырыбы: ДНҚ молекуласының құрылысы және қызметі. ДНҚ құрылымы(бірінші және екінші реттік құрылым).
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: ДНҚ құрылысы мен оның қызметі арасындағы байланысты орнату
Сабақ мақсаттары: Оқушы біледі:
- ДНҚ негізгі құрылымын
Оқушы түсінеді:
- ДНҚ құрылысының оның қызметімен байланысын
Оқушы жасай алады:
- ДНҚ моделін жасайды......
ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ - Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар
Толық

Экологиялық сукцессиялар: бастапқы және екіншілік сукцессия. Өзін өзі реттеу. Экожүйелердің ауысуы. (Биология, 7 сынып, I тоқсан)

Пән: Биология
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Биосфера және экожүйелер
Сабақ тақырыбы: Экологиялық сукцессиялар: бастапқы және екіншілік сукцессия. Өзін өзі реттеу. Экожүйелердің ауысуы.
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 7.3.1.4 экологиялық сукцессиялардың үрдісін сипаттау
Сабақ мақсаттары: Оқушылар
1. табиғаттағы тұрақты экожүйелердің құрылу заңдылықтарын біледі; терминнің мағынасын түсінеді
2. «бастапқыэкологиялық сукцессия»;
3. Биогеоценоздың ауысы нәтижесінен табиғатта болып жатқан себеп-салдар байланысы бойынша өз бітінше ақпарат көздеріне талдау жүргізіп,жұмыс жасай алады;
4. Толеранттығын және тез тіл табыса алу қабілетін дамыта отырып, экологиялық мәдениет қалыптастырады....
ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ - Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар
Толық

Екінші ретті туынды 1-сабақ (Алгебра, 10 сынып, IV тоқсан)

Пән: Алгебра
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 10.4А Туындының қолданылуы
Сабақтың тақырыбы: Екінші ретті туынды 1-сабақ
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 10.4.1.30 функцияның екінші ретті туындысын табу.
Сабақ мақсаттары: Екінші ретті туындыны табу ережесін білу, екінші ретті туындыны таба алу......
ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ - Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар
Толық