Жылдың негізгі ерекшеліктерін тіпті балалар да біледі. Қыста суық және қар бар, ағаштар көктемде гүлдейді және алғашқы жапырақтары пайда болады, жазда жылы және табиғаты жасыл, күзде жапырақтары сарғайып, құлап кетеді. Жыл мезгілдері туралы әдемі суреттерді ұсынамыз.
Ұлт болып ұйысып, ел болып еңсемізді көтерген кезеңде қолға алар ең басты ісіміз ол-ұлт өмірін өркендетуші саналы да салауатты, ұлтжанды, рухы биік парасатты ұрпақты, зияткер элитаны тәрбиелеу. Əлемдегі дамыған, алпауыт 30елдің қатарына қосылуды мақсат тұтқан, ширек ғасырда ширап, аз ғана уақытта алдыға қарыштап дамыған мемлекетіміздің болашағы-білімді, алғыр, бəсекеге қабілетті білімді жастардың болуында. Себебі, болашақта ел тізгінің....
Ислам ғұламалары: «Қадір түні – тағдыр түні. Оның бұлай аталуының себебі, Алла Тағала бұл түні келесі жылғы Қадір түніне дейін кімнің өмірге келетінін, кімнің ажалы жететінін, кімге қанша ризық-несібе бөлінетінін белгілейді. Содан соң барлығын төрт періштеге: Жәбірәйіл, Исрафил, Микәйіл және Өлім періштесіне тапсырады», ‒ деген.
Ал, атақты сахаба Абдулла Ибн Аббас (Алла әкесі екеуінен разы болсын): «Сол түні кітаптың анасынан, яғни Ләухул Махфуздан (тағдыр жазылған кітап) бір жылдың ішінде кімге қанша ризық (байлық, табыс) бөлінетіні, жер бетіне қашан, қанша жаңбыр жауатыны, кімнің дүниеге келетіні, кімнің дүние салатыны, кімнің қажылыққа баратыны да жазылады», ‒ деген.
Яғни, бұл – тілектер қабыл болатын түн. Әрине, әр адамның жүрек төрінде орындалмай жүрген арманы, қажеттіліктері бар. Алла Тағала тілектерді әр адамның өз тілінде де естиді. Дегенмен, Құран мен Сүннетте келетін дұғалардың қабыл болу мүмкіндігі жоғары болғандықтан ең таңдаулы дұғаларды топтастырдық. Қағазға шығарып, Рамазанның аспаннан періштелер жауатын соңғы түндерін дұға жасаумен өткізіңіз.
Айналайын, құлындарым! Алла Тағала Құранда ерлі-зайыптыларды: «Олар – сендер үшін киім, сендер де – олар үшін киімсіңдер» , - деп сипаттаған. Демек, адамның киімге, киімнің адамға қарым-қатынасы қандай болса, әйелдің еріне, ерінің әйеліне деген қарым-қатынасы да тура сол секілді болуы керек. Киім адамды безендіреді, ажарландырады, көркін ашады! Дәл сол секілді бір-біріңе жарасымды, жағымды жұп болыңдар! Киім - ыстықта пана, суықта қорған болатыны секілді сендер де жақын қарым-қатынаста болып, қиындықта, сынақта, ауыртпашылықта біріңе-бірің қорған болыңдар.