Жеңіс туы желбіре

Ұлы Жеңіске 71 жыл Жеңіс! 1945жылдың 9 мамыры күні дәл осы шаттық хабарды естіп тұрып, бүкіл әлем теңселіп кетті. Жер жүзі халықтарының жүректері қуаныштан лүпіл қақты. Кеңес одағының тұрғындары бес жыл бойы күндей күркіреген соғыста 1418 күн мен түнде бүкіл жігерімен жеңіске ұмтылған... Миллиондаған адамдар мерт болды. Миллиондаған адамдар мүгедек болып қалды. Бірақ бәрібір Берлиндегі Рейхстаг үстінде жеңіс туы желбірей көтерілді. Осы жеңісте Қазақстаннан шыққан қаһарман мен жауынгерлердің қанымен, жанымен мына жарық өмір үшін аянбай ұмтылған зор үлестері бар еді. Ұлы Отан соғысы халық өмірімен, тағдырымен тығыз байланысты. Отан қорғауға ерлер мен әйелдердің құқығы тең болған еді. Сондықтан әйелдер де Отан үшін күресіп , жауға қарсы тұрды.Қазақстанның екі батыр қызы
М. Маметова мен Ә.Молдағұлова осы соғыстың батыр құрбандары болды. Ұлы Отан соғысы қазақ халқы үшін үлкен сынақ болды. Әйгілі қолбасшы, соғыс батыры Б.Момышұлы «Соғыс қазақ халқының тарихын күрт өзгерткен, бұрылыс әкелген, миллиондаған отандастарымыздың арасында өшпес із ,жазылмас жара қалдырды» деп өз ойын айтып еді. Атабабаларымыз майданға жан аямай арпалысты. Олар біз үшін, біздің болашағымыз үшін, туған жеріміз үшін, туған тіліміз үшін жауға қарсылық білдіріп, үлкен ерліктер көрсетті. Біз енді осы ата-бабаларымыздың үмітін ақтауымыз керек. Себебі, болашақ біздің қолымызда. Қазақ халқы Ұлы Отан соғысында болған оқиғаларды көре және біле отырып ,жайбарақат отыра алмайды. ......
Шығармалар
Толық

Желбіреген Жеңіс туы

Бұлт түнеріп аспаннан
Талай көзден жас тамды
Тұтқиылдан жау тиіп
Қырғын соғыс басталды.
«Жеңіс» деген сөзді естігенде, бірден есімізге Ұлы Отан соғысы түседі. Себебі, сол бір сұрапыл соғыс әр адамды қажытты. Бірі қызынан, бірі анасынан, бірі әкесінен, енді бірі тірегінен айырылды. Зар илеген ана мен баланың дауысы әрбір адамның жүрегіне қаяу салды. Миллиондаған адамдар мерт болып, мүгедек болып қалды. Бірақ бәрібір Берлиндегі рейхстаг үстінде жеңіс туы желбірей көтерілді. Осы жеңісте Қазақстаннан шыққан қаһарманмен жауынгерлердің қанымен, жанымен мына жарық өмір үшін аянбай ұмтылған зор үлестері бар еді. Соғыс салған зардап әлі күнге дейін толық жойылған жоқ. Олардың Отан үшін қан кешкен әрбір қадамы, жеңісті жақындата түскен әрбір күні ұмытылмайды. Біз соғыстан кейін туған ұрпақ кешегі Ұлы Отан соғысы жылдарындағы аға ұрпақтың – қазақтар мен қазақстандықтардың жанкешті ерлігі туралы тек оқулықтардан, көркем әдебиеттен және кинотуындылардан ғана білеміз. Бұл соғыста Кеңес Одағын мекендеген барлық халық бір жағадан қол, бір жағадан бас шығарып Отанын қорғады. «Ел үмітін ер ақтар, ер атағын ел сақтар» - дей келе Ұлы Отан соғысының 71 жылдығына орай ата-бабаларымыздың рухына тағзым ретінде олардың ерен ерліктерін, жер, Отан, біздердің жарқын болашағымыз үшін жасаған ерліктерін мәңгілікке есте сақтап, жадымызда ұстаймыз. Қанша жылдар өтсе де, бұл соғыста ерлікпен қаза тапқан әрбір батырларымыздың тарих төрінен орын алатыны және ұрпақтары мәңгі жеңіс алауын сөндірмей, Отан үшін от кешкендерді әрқашанда жүрек түпкірімізде ұстаймыз. ......
Шығармалар
Толық

Күркіреп өткен бір соғыс

Біздің жүрегіміз темір емес, Бірақ біздің кек отымыз қандай темірді болса да ерітіп ,күйдіріп жібере алады. Біздің үрейді жеңетін ең күшті қаруымыз бар,ол –Отанға деген сүйспеншілік. Бауыржан Момышұлы
Ешкім де,ешнәрсе де ұмытылмақ емес!Соғыс-күйретуші күш!Барды жоқ ететін,тауды жер ететін.Жер бетіндегі тіршілік атаулының бәрін жалмап жұтатын ажал.Соғыс-атауы құлаққа жағымсыз,тіршілікті қан жылататын,асты қайғы-қасіретке толы қаралы сөз.Осыдан 71-жыл бұрын жер бетін шарпыған сол сұрапыл Ұлы Отан соғысы еді.Неміс фашистерінің аңсап келген арманына батырларымыз 4 жыл ішінде қажымас ерліктерімен тосқауыл берді.Фашистер мақсаты жер бетін отарлап алу еді.Өзара одақ құрып бүкіл әлемді өздеріне қаратпақ болды.Тынышымен өмір кешкелі жүрген халықтың берекесін қашырды.Бұл соғысқа 61 мемлекет жан-жақтан атсалысты Р.Қошқарбаев атамыздың ерлігі тарихта өз ізін қалдырды. Әлия Молдағұлова,Мәншүк Мәметова,Талғат Бигельдинов секілді батырларымыздың ерлігі арқасында тату өмірімізге,бейбіт заманымызға, қуанышты күнімізге жеттік.Сол батырларымыздың тағы бірі Бауыржан Момышұлы. Кеңес одағының батыры,жазушы,Екінші дүниежүзілік соғыстың даңқты жауынгері.Ол 207 рет ұрысқа қатысты. «Қызыл Жұлдыз»орденімен марапатталды.
Мың құбылып тұрса-дағы бар маңы
Адамзатты алға бастар Ар заңы!
Мір оғындай Момышұлы Бауыржан
Туа біткен туралықтың тарланы. .....
Шығармалар
Толық

Біз бірге жеңдік!

Мен – патриотпын! Ал «патриот» дегеніміз не? «Патриот» - дегеніміз кең мағыналы, көп сатылы ұғым. Патриоттық сезімді бір сөзбен немесе бір оймен жеткізе алмаймын. Еліме деген сүйіспеншілік, адалдық, тіліме, дініме деген сүйіспеншілік. Бұлардың бәрін сөзбен жеткізу мүмкін емес. «Патриотизм»- көне грек тілінен «патрис» сөзінен шыққан. Қазақ тіліне аударғанда «Отан», «Атамекен» - деген мағынаны білдіреді. Патриот болу - өзіңнің тіліңмен, еліңмен, туған жеріңмен мақтансаң міне сол патриоттық сезім. Патриот – болу тек қана ұлттық киім киіп, халық әнін тыңдаумен ғана шектелмейді, сонымен қатар халық дәстүрін дәріптеп, оны құрметтей білумен жалғасады. Қазақтың тұңғыш ғалымдарының бірі Ш.Уәлиханов өзінің патриоттық сезімін былай жеткізген – « Менің патриоттық сезімім ірбіт сандығындай, мен ең алдымен өз отбасымды, туған-туыстарымды қадірлеймін, одан соң ауыл-аймақ, ел-жұртым, руластарымды, одан соң халқымды, одан соң Сібір орыстарын, Ресей жұртын қадірлеймін », - деп өз патриоттық сезімін білдірген. Бұл сөзден - патриотизм отбасынан бастау алып, әулетіне, туыстарына деген сүйіспеншіліктен барып халқына одан кейін сол кездегі алдыңғы қатарлы ел Ресейді атап айтуыда патриотизмнің халқыаралық мәдени қатынастардығ негізі екенін көрсетіп тұр. Қазақтың барлық ақындары десекте болады, өздерінің алғашқы өлеңшумақтарын өз еліне арнайды. Өздерінің «еліне, жеріне - деген сүйіспеншіліктерін»- өлең шумақтарымен жеткізген. Менде өзімнің еліме, туған жеріме деген махаббатымды өлең шумақтарымен білдіргім келеді:
Отаным бар менің ол – Қазақстан!
Ата-бабам жан беріп, жан алысқан.
Дамытамын, қорғаймын Отанымды.
Кетпес үшін бабамның қаны босқа!
Мен өткенге көз жүгіртіп ата-бабамыздың осы кең байтақ жерін қалай қорғағанын айтқым келеді. Ұлы Отан соғысының басталуынан бастасам – бұл соғыс халқына, барша жұртқа үлкен, алапат жаңалық ашты: Германияда өкімет басына фашистердің келуі және олардың Еуропадағы агрессияшылдық іс-әрекеттері Кеңес Одағы мен гитлерлік Гермнияның арасында соғыстың болмай қоймайтындығын айқын көрсетті. 1941жылы 22маусымда фашистік Германия өзара шабуыл жасаспау жөніндегі кеңесгерман шартын бұзып, неміс армиясы соғыс жарияламастан КСРО аумағына баса-көктеп кірді. ......
Шығармалар
Толық

Күркіреп өткен бір соғыс

Бiздiң жүрегiмiз темiр емес.
Бiрақ бiздiң кек отымыз қандай темiрдi болса да ерiтiп, күйдiрiп жiбере алады.
Бiздiң үрейдi жеңетiн ең күштi қаруымыз бар,ол – Отанға деген сүйiспеншiлiк
Бауыржан Момышұлы
Соғыс... Қандай қорқынышты сөз! Қазақ даласында соғыс отының шарпуын көрмеген, қайғысын тартпаған шаңырақ жоқ шығар. Бұл оқиға адам баласы үшін ауыр, азапты күндерге айналды. 2015 жылы Ұлы Отан соғысының аяқталғанына 70 жыл толды. 1941 жылдың 22 маусымында фашистік Германияның Кеңес Одағына опасыздықпен басып кіргеніне биылғы жылы 75 жыл толмақ. Бұл сол кездегі кеңес халқының ержүректілігі мен төзімділіктерін паш ететін, тарихта мәңгілік қалатын күн. Бұл күнді соғыстың алғы шептерінде қайсарлықпен шайқас жүргізіп, ерліктің сан үлгісін көрсеткен ардагерлер тойлайды. Ұлы Жеңіс күні елі мен жері үшін жанын пида еткен, туған - туысқандарына, жақын - жарандарына, туған жеріне, ауылына оралмай қалған қаһарман ерлерді бүкіл елі болып еске түсіреді. 1418 күн мен түнге созылған сұрапыл соғыста біздің сан мыңдаған бауырларымыз Отан үшін отқа түсіп, қаншама боздақтарымыз сұм соғыстың құрбаны болғаны – ащы шындық.
Қазақ ел басына күн туғанда жалғыз жанын қу шүберекке түйген жауынгер халық болған. Өзім соғыс туралы ойласам, көз алдыма баласы, жарын жоқтап жылаған аналар, әке мейірімін көрмеген балалар, Отан үшін майданда ерлікпен қаза болған жас азаматтар келеді. Сол бір қиын заманда өзiнiң қайсар ерлiгiмен, қайратты мiнезiмен жауынгерлерге жiгер берген бабаларға мың алғыс. «Өз халқын құрметтеп, сүймеген адам – опасыз, оңбаған адам»,- деп Бауыржан Момышұлы айтқандай, Отан үшін өз басын өлімге байлап, ажалмен алысып, өз ұрпақтарының, өз халқының намысын қорғағаны өз халқын шын сүйетіндігінен болса керек.Сондай қиыншылық жағдайда дұшпанның қаптаған қарақұрым күшіне төтеп беріп, олармен табан тіресе шайқасқан аталарымыздың ерлігі біздің көкірегімізге мақтаныш сезімін ұялатады.
Бауыржан Момышұлының тұлғасы маған қашанда мұзарт шыңның басында, мұнартып қалықтаған ақиық, мұзбалақ қыран болып елестейді. 1941 жылы Мәскеу түбiндегi қанды шайқастарда теңдесi жоқ ерлiгiмен әлемдi дүр сiлкiндiрген қазақстандық 316-атқыштар дивизиясының батальон командирi ретiнде қапияда ой тауып, қараңғыда жол тауып, ерен ерлiгiмен аты әлемге аңыз болып, батыр қолбасшы атанды. Мәскеу қаласынан ұлан - ғайыр, ұзын көше, зәулiм мектепке батыр атамыздың есiмi берілдi. Бұл Бауыржан ерлiгiн мойындау және бүкiл қазақ халқына деген үлкен құрмет! .......
Шығармалар
Толық

Жеңіс туы, мәңгілік сен желбіре

Соғыс. Үрейлі шақ,қара түнек, қорқыныш бойымызды барды үдеп.
Қираған қалалардың ортасында үйіліп бүр төбешік қалады тек.
Созылады соғыс ұзақ шақырымға, шегінді сұм фашистер батып мұңға.
Қос жаудың орындалмай ойлағаны, әділдік жеңіп шықты ақырында!
Соғыс. Қандай ызғарлы сөз едің. Бұл сөзді естігенде, «елім», «жерім» деп жер құшқан қаншама азаматтар еске түседі. Ел шетіне жау тиген кез қандай ауыр әрі кенеттен, тосын болған қайғылы, ауыр шақ еді. Бірақ рухы биік халық еңсесін түсірмеді. Сол кезде «мен қазақ, сен орыс» деп бөлінбейтін бейбіт, тату ел жұмыла бірігіп, фашистік Германияға бірлесе тұра білді. Осы ынтымақтың арқасында Кеңес өкіметі жеңе білді. Бұл бір ғана ұлттың, бір ғана халықтың жеңісі емес. Дүниені дүр сілкіндірген Ұлы Отан соғысын бұрынғы Кеңес өкіметінің тарихы деп санамыздан өшіру, ұмыту мүмкін емес.
Соғыстың қасіреті бейбітшілік сүйген адамзат тағдырына ұмытылмастай етіп,мәңгіге жара салды. Басқа ұлттармен қатар ел үшін, жер үшін қазақтың қаншама жігіттері мен қыздары қанды майданға аттанып жатты.
Ұлы Отан соғысы жайында айтылғанда, бірден Ұлы Отан соғысының аты аңызға айналған батыры, халық қаһарманы бауыржан Момышұлының «Біздің жүрегіміз темір емес, бірақ біздің кек отымыз қандай темірді болса да ерітіп, күйдіріп жібере алады. Біздің үрейді жеңетін ең күшті қаруымыз бар, ол- Отанға деген сүйіспеншілік» деп жазғаны есімізге түседі. Соғыстың алғашқы күнінен бастап-ақ мыңдаған қазақстандықтар барлық майдандарда басқыншыларға қарсы кескілескен ұрыс жүргізді.
Ұлы Отан соғысы жайында айтылғанда бірден Ұлы Отан соғысында Рейхстагқа Жеңістің туын желбіреткен қарапайым солдаттың бейнесі келеді. Жас офицер Р.Қошқарбаев өзінің досы Г.Булатовпен бірге Рейхстаг терезелерінің біріне алғашқы туын қадады. Біз, жастар, бұл ерлікті әрқашан мақтан тұтатын боламыз. ......
Шығармалар
Толық

Желбіре туы, Жеңістің!

Отан үшін, отқа түс-күймейсің.
қазақ мақалы
Жаз жайлаудың самалы есіп, өлең- жыры төгіліп, көкмайса көк үстінде ойнап күлген бала-шаға мен айлы түн астында алтыбақан тепкен бозбала мен бойжеткен, сүйікті немересіне бар мейірім шапағатын төгіп, еміренетін ақ жаулықты әже, еңбекпен көзін ашып, еңбекпен белдерін иілтіп адал нан тапқан әке мен аталар. Осындай қызу еңбек, асқақ мереке мен бейбітшілік бесігінде тербеліп тұрған қазақ даласына «Ұлы Отан соғысы» ұғымы 1941 жылғы шілденің үшінде Сталиннің радио арқылы сөйлеген сөзінен кейін пайда болды. Сталин өз сөзінде «Ұлы» және «Отан» деген сөздерді бөлекбөлек, бір-бірімен байланыстырмай қолданды.
Ұлы дала перзенттері Отан қорғаушылар қатарына өз еркімен жаппай жазылған болатын. Ер жүрек қазақ қыздарының бірі Алматы медицина институтының студенті болған Мәншүк Мәметова: "Отбасымыздан майданға жіберетін ешкім жоқ, ағам да, апам да жоқ, сондықтан өзімді жіберуді өтінемін»,— деп әскери комитетке өтініш беріп, өз еркімен қан майдан, соғыс алаңына өзі сұранып барады. Адам сенгісіз ерлік жасап, батылдықпен көзге де түседі. Қазақ қанына сіңген асқақ рух пен ақылды қатар ұстаған Мәншүк Мәметова бүгінгі жас ұрпаққа үлгі өнеге болар тұлғалардың бірі де бірігейі. Өз замандастарының алдыңғы қатарында, бас көтеріп жүрген еңбексүйгіш Мәншүк, майдан шебінде де ерен ерлік көрсетіп, қасық қаны қалғанша қан майдан даласында қыстың қысқан аязы мен дауылды боранына қарамай, қазақ қыздарының тек сұлулық пен әсемдіктің символы емес, патриоттық пен Отансүйгіштік қасиеттерге де ие екенін дәлелдеді. Ерлігі ескерусіз қалмады. Кеңестік Шығыс әйелдері арасынан бірінші болып Ленин ордені және Алтын жұлдыз медалімен марапатталғандар — шығыстың қос шынары: пулеметші Мәншүк Мәметова мен 54-атқыштар бригадасының мергені Әлия Молдағұлова болған.
Тыныш жатқан бейбіт елге бұл соғыс тұрпыдай тиді. Қойға шапқан қасқырдай бала мен ана көздерінен қанды жасты ағызып, ана мейірімі мен әке махаббатынан айырып, жас сәбилерді қара жұмысқа байлады. Күлген күлкісінің сыңғырымен айналасын нұрға бөлеп жүрген ару қыздар, қимастықпен сүйгендерін соғыс қатарына аттандырып, өздері соғыс ауыртпашылықтарын бастарынан өткізді. Соғыс жылдарында тылда еңбек еткен жұмысшылар ерлігі де аңызға айналды.......
Шығармалар
Толық

Қайын атаcынан таяқ жеген келіншек көпшіліктен кеңес сұрады

Қайын атасымен бірге тұратын келіншек одан таяқ жеген себепті үстінен арыз жазбақ болғанын сөз етті. Алайда әйел адамның күйеуі оны бопсалап, әкесіне күйе жақпауын айтқан. Жұбайынан қолдау көре алмаған келіншек көпшіліктен кеңес сұрады деп хабарлайды nur.kz.
Жаңалықтар
Толық