Қалай сүйісу керек? Осы сұрақ көптеген жастарды алаңдататыны белгілі. Бүгін біз осы сұраққа жауап іздеп көреміз. Бүгін біз қалай дұрыс сүйісу керек деген сұраққа жауап береміз.
Алғашқы сүйісу қыз бен жігіт арасындағы қатынастың алға қарай болатынын немесе болмайтынын анықтайды десек.....
Рамазан – 1 ай береке,4 апта толассыз тілектер, 30 кун кешірім, 720 сағат шынайы мүмкіндік, 43200 минут мейірім шуағы, 2592000 секунд тогілген нұр.Талайды көптен күттірген өзімен бірге мол сауап арқалап келе жатқан берекелі Рамазан айы жақындады.Осы жылғы Оразаның тиімділігі қыстың қақаған суығына не шілденің шіліңгір ыстығына емес мамырдың мамыржай күніне келіп тұр.Яғни қасиетті ай мамырдың 6-нан бастау алады. Рамазан айы – Ұлы Алла Тағаланың ерекше ықыласы түскен,сауабы көп, айлардың ең қайырлысы.Жаратушы Алла адам баласына 5 парызды жүктеген.Солардың бірі Ораза ұстау. Құран Кәрiмде: «Рамазан – адамдарға тура жол нұсқаушы, ақ пен қараны айырушы, бекем тұтынатын жолбасшы ретiнде Құран түсiрiле бастаған ай. Сендерден ....
«Менің Қазақстаным — менің болашағым». Бүгін «Атамекен— «Қазақстан Картасы» этно-мемориалды кешенінде Конституция күніне арнап өткізілген республикалық бейне-конференция осылай аталды. Интерактивті сабақ түрінде болған шарада құқықтық және демократиялық мемлекет құрудағы Ата Заңның рөлі төңірегінде ғибратты әңгіме өрбіді. Интернет арқылы Маңғыстау, Алматы және Қарағанды облысы мен Астана қаласының сондай-ақ, өзге де өңірлердің студент, оқушылары тікелей байланысқа шықты. Олар заң саласының білгір мамандары мен «Нұр Отан» партиясы өкілдеріне өз сұрақтарын қоюға мүмкіндік алды. Сонымен қатар, бейне-конференцияға Әділет, сондай-ақ, Білім және ғылым министрлігі мен Ресей, Белоруссь елшіліктері интернет арқылы қатысты. Ұйымдастырушылар, «интерактивті сабақ жас буынның құқықтық санасын қалыптастыруға таптырмайтын шара» деп бағалап отыр. Ал Заң ғылымдарының докторы Марат Башимовтың сөзінше, көптеген елдер Конституция күнін патриоттар мейрамы ретінде атап өтеді. 1995 жылы референдумда қабылданған Ата заңымыз бүгінде еліміздің негізгі бағыттарын айқындап берді. Республика аумағында жыл сайын атап өтіп келе жатқан мереке қарсаңында биыл да түрлі мекемелер тарапынан іс-шаралар ұйымдастырылуда. Төтенше жағдайлар департаментінде де бірқатар іс-шаралар осы бағытта өрбуде. Солардың бірі Қазақстан Республикасы Конституциясы күні мерекесіне орай Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаментінің ұйымдастыруымен 2009 жылдың 7 тамызында Мемлекеттік өрт бақылау басқармасы ғимаратындағы саптық алаңда департаменттің және құрылымдық бөлімшелердің қызметкерлерінің балалары арасында «Менің Отаным ....
Қазіргі кезеңнің ерекшелігі, үлкен көлемдегі материалдық және шикізаттық қорларға негізделген индустриялы эканомикадан ақпараттың негізгі қоры болып есептелетін «ақпараттық экономикаға» ауысу болып отыр. Ақпарат саласының мамандары ақпараттың қоғамда алатын орнының өсіп, ұлғайғанын бір ауыздан мақұлдайды. Бұған Республика Парламентінің «Қазақстан Республикасын ақпараттандыру заңын» қабылдауы да дәлел бола алады. Соңға уақытта ақпараттың статусы өзгеріп, ол қоғамның қазіргі кездегі жақсы тұрмысын анықтайтан шешуші факторға және эканомиканың стратегиялық қорына айналды. Әлемдік бірлестіктегі, дәлірек айтқанда әлемдік нарықтағы Қазақстан Республикасының интеграциялау мәселелерінің жинағында қоғамды ақпаратпен жабдықтау басты мәселелердің біріне жатады. Қазақстан Республикасының жабдықтау бағдарламасы нарықтық мүдделерге және нарықтық қатынастарды мемлекеттік реттеулерге бағытталған. Ол жақын болашақта іске асырылатын шаралар жинағын және ақпараттың инфра –құрылымын тұрғызуға боғытталған. Ақпаратпен жабдықтау концепциясының басты идеясы қоғамның әлеуметтік –эканомикалық дамуына ақпараттың және ақпарат техналогиясының үдемелі әсер етуінін жете түсіндіру болып табылады. Осыған байланысты екі түсінікті –ақпаратты жетік білу мен компътерлендіру сауаттылықты анықтап айыру мәселесі туындайды. Бұл түсініктер бір –бірімен жиі ауыстырылады. Дегенмен, бірінші түсінік әлде қайда кеңірек. Ол тек ақпаратты қайда және қандай түрде сақталғанын біліп, тауып қана қоймай, одан да маңыздырақ түрде қандай ақпарат бар екендігін, оның қалай жіктеліп өңделгенін, әрі оны қалай пайдалануға болатынын және ең бастысы нақты жағдайдағы байлықты тұрғызуға оның қандай үлес қосуы мүмкін екендігі туралы айқын түсінікті қажет етеді. Ал бұл жалпы білімді ғана емес, арнаулы дайындақты да талап етіп болжайтын ақыл –ой жұмысы. Бір жағынан кез –келген қоғамның ақпараттандыру деңгейі ақпараттық қызметтің даму дәрежесімен және онымен айналысып қызмет көрсететін мамандардың санымен, біліктілігімен анықталады. Сондықтан, ғылымның әр саласындағы білімнің бүтіндей жиынтығын игере білетін және оған сәкес ақпараттық техналогиядан сауаттылығы бар мамандарды кеңірек және терең оқытып үйрететін шұғыл қажеттілік пісіп жетілді. ....
Біздің студенттер жыл сайын 14 ақпанда Елбасы Н.Ә.Назар¬баевтың “Болашақ” бағдарлама¬сы¬мен Ұлыбританияның Кар¬дифф университетінде білім алып, тәкаппар Англияны білімімен, ағылшын тілін шебер білгендігімен таңқалдырған, 2005 жылы әуе апа¬тынан қаза болған магистранттар – Болат Кәрентаев пен Айнұр Сүлей¬манованы еске алу күнін ұйым¬дас¬тырып келеді. Болат ізденуші ре¬тінде ғылыми жұмыс¬тар¬¬мен ай¬на¬лысып, кандидаттық диссертация¬сын қорғауға дайында¬лып жүрген еді. Айнұр Лондонда тележүр¬гізу¬шілер конкурсында жеңіп шығып, “Би-би-си” телеар¬на¬сының эфи¬рі¬не шығуға жан-жақты дайындық үстінде болған. Болаттың арманы Ақтауда Ұлы¬британияның мұнай ас¬танасы – Абердине қаласын¬да¬ғыдай халық¬ара¬лық порт салуға өз үлесін қосу, Ай-нұрдың арманы Астанада ағылшын тілінде мектеп ашып, ауыл бала¬ла¬рын оқыту еді... Біз Болаттың Кеңес Одағының Ба¬тыры Ағәділ Сухан¬баевтың ұрпағы, Айнұрдың Әлия Молдағұлованың жиені екендігінен хабардармыз. Үстіміздегі жылдан бастап, кол¬лед¬ж¬де Болат Кәрентаев пен Айнұр Сүлейманова атындағы екі атаулы стипендия тағайын¬далып, беріле бастады. “Нұр Отан” ХДП-ның “Жас Отан” жастар қанатының бірінші съе¬зінде күш-жігері тасыған жас¬тардың бас қосып, ұлы істерге ұмтылыс танытуын – аға ұрпақтың игі істерінің жалғасы деп білеміз. Ал осы съезге облысымыздағы 14 делегаттың бірі болып колледж оқытушысы, “Жасыл ел” аймақтық бағдарламасының аудан бойынша төрағасы М.Жарқынбековтің баруы атамыз атындағы колледждің мәртебесі мен мерейін тағы бір көтеріп тастағандай. Студенттерді мемлекеттік қыз¬мет¬ке жас кезінен бейімдеу үшін әр топта старосталар емес, топ әкімдері сайланып отырады. ....
Бүгінгі студент болашақ - ертеңгі маман. Техникалық жоғарғы оқу орнының білім беру үрдісінің болашағын жоспарлау- ло эканомикалық, әлуметтік, саяси, рухани жұмыстардың қоғамдағы дамуына байланысты шешілетін мәселе. Болжаудың ең басты мақсаты: ғылыми тұрғыдан болашақты көре білу. Соған байланысты студенттерді тұлғалық бағдарлы технология негізінде басқарудың негізінде басқарудың педагогикалық шарттарын орындау керек. Болашақты ғылыми негізде болжаудың бірнеше шарттары бар: олар мыналарға жіктеледі: 1) басқару негізінде; 2) қайта құру бағытында; 3) теориялық; 4) әдісманалық негізінде; 5) жүйелі турде өзгерілуі; 6) дұрыс қарым - қатынас орнату негізінде, т.б Басқарудағы болжау жасау жалпы ортаға байланысты. Басқарудағы болжам жасау орта мен сол мекеме басшысының ой өрісіне, сезімталдығына әкеліп тіреледі. Техникалық институтта оқыту үрдісін басқарудың мазмұны мұғалімнің құндылықтың, танымдық, шығармашылық және рухани дамуын қамтиды педагогикалық қатынастың дамуын өзгертеді, жаңа әдістемелерді қолдану арқылы студенттердің белсенділігін ұйымдастыру арқылы шешідеді. Білім беру студент қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталады, сондықтан оны басқарудың мазмұны студенттің ой өрісінің дамуы, өз өмірінің нысаны болу үшін жағдай туғызуға негізделеді. Басқару қызметінің негізгі бағыттары мыналар: құрметтеу, сенім, студент пен оқушының өзара жақсы қарым-қатынасы, білім беру үрдісіне қатысушыларды табысқа жерелейтін жағдайлар туғызу, басқару, бақылау жұмысының біртұтас жалпы жүйесі, оның жеке бөліктері үшін үйлесілімдік пен студенттің ынталылығын қамтамасыз ету, өзара қарым-қатынаста түрлі шешімдер қабылдау және т.б. Педагог ғалымдардың енбектеріиде В. Сластелин, М. Галагузова, Н. Шуркова, т.б. мұғалімнің психологиялық дайындығы, теориялық білімді меңгеру, жалпы мәдениеттілік деңгейі, студентпен жұмыс ісреуге мұғалімнің жаңа технологияны игеру, өзінің жауапкершілігі, коммунативтік қабілеті, эстетикалық талғамы, т.б. педагогикалық ділгірліктер талданады. Мұғалімнің жұмысқа дайындығын төмендегіше формуламен анықтауға болады; Г- мұғалімнің жұмысқа дайындылығы; Л-психологиялық дайындығы; Т- теориялық дайындылығы; Д- технологияны меңгеру бағытында. Педагогикалық әдебиеттерді талдау және өзат тәжірбиелермен танысу мынандай жағдайларды аңғартады. Техникалық институттағы білім берудің мониторингісі кешенді - жүйелік тұрғыдан үлгілеумен тығыс байланысты болады. ....
Отбасы – ерекше педогогикалық жүйе. Әлеуметтану ғылымы отбасын тұтас қоғамдық ағзаның бөлігі, әлеуметтік – тәрбие беретін ұжым ретінде қарастырады. Қоғамның әлеуметтік – экономикалық салада орын алған өзгерістері міндетті түрде отбасының өмірінен көрініс табады. Отбасы моральдық, психологиялық жаңаруы барысында созылмалы, оның үстіне қарама-қайшылықты, күрделі болып келеді. Сондықтан да, отбасында жаңа қатынастар, жаңа моральдық ұғымдар орнығуы экономикалық салаға қарағанда баяу қарқынмен іске асады. Өйткені отбасын болжамдаудың қиындығы қайта құруларға, негізгі әлеуметтік - экономикалық факторлармен бірге биологиялық, психологиялық және демографиялық факторларға байланысты. Отбасылық өмір байланыстары жан-жақтылығымен сипатталады. Олар әлеуметтік, биологиялық, шаруашылық – экономикалық адамгершілік және психологиялық қатынастар. Отбасы дамуының кезеңдері оның қызметінің сипаты және ауқымының өзгеруімен байланысты. Ол қоғамға және адамға қатысты маңызды қоғамдық қызметтер атқарады. Отбасының қоғамға қатысты негізгі қызметтері мыналар: - ұрпақтар алмасуын қамтамасыз ететін бала туу, өсіру қызметі; - білім, шеберлік рухани құндылықтарды кейінгі ұрпақтарға жеткізетін тәрбиелік қызмет; - өндірістік – шаруашылық қызмет; - жұмыстан, оқудан бос уақытын ұйымдастыру қызметі; Ата-ананың қызметі - отбасының үйлесімді өмірін, олардың зейнет жасындағы игілігін қамтамасыз етеді. Тұрмысты ұйымдастыру қызметі отбасы тұрмысы психологиялық тұрғыдан алғанда ең жайлы тұрмыс болып есептелінеді. Отбасының қызметін, оның көп түрлілігімен байланыстыратынын ескеріп, қазіргі отбасы қауымының бағыттарымен бір қатар ерекшеліктеріне тоқталған жөн. Оларды тани білу және ескеріп отыру мұғалімдер мен ата-аналардың отбасының тәрбиелік қызметін іске асыруына көмектеседі. Ауылдық және қалалық отбасы қауымындағы ерекшеліктер олардың әлеуметтік жағдайына байланысты болмақ. Мысалы: ауылды жердегі бала ауылдастарының қатаң бақылауында болады. Бұл бір жағынан жағымды құбылыс болғанымен, екінші жағынан мұндай әлеуметтік бақылау шектеушілік сипатымен тұлғаның еркін дамуына кедергі жасауы мүмкін. Ал қалаларда мұндай бақылауға шектеу көп кездесе бермейді. Ата –аналардың білім деңгейіне байланысты да отбасында ерекшеліктер орын алады. Мысалы, ата-аналардың білімі жағары болған сайын олардың балалары мектепте жақсы оқиды. Дегенмен, мұндай ата-аналар жұмыс басты болғандықтан бала тәрбиесі көбіне қадағалаусыз да болып жатады. ....
Егер жер бетіндегі барлық құрлықтың тек оннан бір бөлігін ғана алып, оған күннен түсетін-жылу энергиясын тек 10% пайдалы әсер коэффицентпен, яғни оның оннан бір бөлігін ғана пайдаланса, онда 4,18 • 1021 Дж энергия алынған болар еді. Ол қазіргі уақытта жер шарында пайдаланып отырған барлық энергиядан 100 еседей көп. Осыған байланысты күн энергиясын пайдалану мәселелерімен шұғылданатын ғылымның жаңа саласы — гелиоэнергетика (күн энергетикасы) пайда болды. Күннің жылу энергиясын адам игілігіне жарату бүгінгі күннің кезек күттірмес маңызды мәселелерінің бірі болып отыр. Күн аса таза-әрі тегін энергия көзі болып табылады. Күнді энергия көзі ретінде пайдалануды адамзат ежелден армандап келеді. Әйгілі грек ғалымы Архимед екінші Пуничек соғысында Сиракузах қаласында үлкен айнаның көмегімен Рим кемелерін жандырып жіберген деген аңыз бар. Ал Циолковскийдің өзі ғарыш сапарында жермен байланыс жасау үшін айнаны пайдалануды ұсынған. 1923 жылы Москвада өткен алғашқы ауыл шаруашылық көрмесінде Циолковскийдің жобасы негізінде жасалған күн қозғалтқышы көрсетілді. Мұндай мысалдарды тарихтан көптеп келтіруге болады. Дегенмен қол жеткен жетістіктер мен табыстарға қарамастан, күн энергиясын күнделікті тіршілікке, тұрмысқа тікелей пайдалану мәселесі әлі де тиянақты шешімін тапқан жоқ. Оның көптеген объективті және субъективті себептері бар. Мәселен, күн сәулесі жер бетіне шашыраңқы түрде түседі. Әрбір шаршы метр жер бетінен тек жүз елу вольт шамасында энергия жинауға болады. Қазір күн энергиясын пайдаланудың негізгі 4 бағыты белгіленіп отыр. Олар — жылу-техникалык, фото-электрлік, биологиялық және химиялық бағыттар. ....
Мемлекеттік бюджет жаңа қоғамдық қатынастарда және жаңа экономикалық қатарды құруда маңызды роль атқарады. Ол жас мемлекеттің тек өмір сүруінің материалдық негізі ғана бола қоймай, сонымен қатар қоғамдық өндірітің пропорциясының өзгерісіне және оның масштабының ұлғаюына ықпалын тигізеді. Мемлекеттің ұлғаймалы өндіріс процесіне тікелей араласу формаларының бірі, ол мемлекеттік бюджеттің инвестициялық шығыны. Мемлекеттік бюджеттің көмегімен мемлекет меншік структурасының өзгеруіне себеп болда алады. (Ирак мемлекетінде меншік: жеке және мемле-кеттік меншік түрінде көрсетіледі) Әлеуметтік және мәдени салаларда мемлекеттік саясатты жүзеге асыруда, денсаулық сақтауда, ғылым және мәдениет, еңбек етуші қауымның өмір сүру деігейін жоғарлату қызметінде мемле-кеттік бюджет маңызды роль атқарады ....
Әлемдегі көптеген елдерде осы секілді мегаполистер бар. Мысалы: Австралияда - Сидней, Қытайда – Шанхай, ал Түркияда – Стамбул. Бұл мемлекеттердің елеулі экономикалық және саяси процестерінің бәріде осы қалалармен байланысты. Алматы да сол қатарда. Бас жоспарға сәйкес, қала халық аралық қаржы және инновациялық, мәдени және туристік орталық ретінде дамып келеді. Қала басшылығы қазіргі және болашақ Алматылықтардың жақсы өмір сүруі үшін, экологиялық жағымды және әлеуметтік ынғайлы жағдай жасау жолында, небір қилы шешімдер ізденуге мәжбүр. Алматы қаласы дамуының бас жоспарына сәйкес, саяси орталықтандыру принципі енгізілуде, яғни мегаполистің түрлі бөліктерінде көп функцияналды орталықтар құрылып жатыр. Бүгінгі әлемдік дамудың заман-ой тұстары, көлік инфрақұрылымын құруға кешенді түрде қарауға міндеттеп отыр. Республикада алғаш рет көліктің барлық, яғни жер асты, жер үсті және әуе түрін өзара әрекеттестірудің ерекше жүйесі жасалып енгізілуде.....