Студент болашақ басшы мемлекет қайраткері

Студент болашақ басшы мемлекет қайраткері

Студент болашақ басшы мемлекет қайраткері

Біздің студенттер жыл сайын 14 ақпанда Елбасы Н.Ә.Назар¬баевтың “Болашақ” бағдарлама¬сы¬мен Ұлыбританияның Кар¬дифф университетінде білім алып, тәкаппар Англияны білімімен, ағылшын тілін шебер білгендігімен таңқалдырған, 2005 жылы әуе апа¬тынан қаза болған магистранттар – Болат Кәрентаев пен Айнұр Сүлей¬манованы еске алу күнін ұйым¬дас¬тырып келеді. Болат ізденуші ре¬тінде ғылыми жұмыс¬тар¬¬мен ай¬на¬лысып, кандидаттық диссертация¬сын қорғауға дайында¬лып жүрген еді. Айнұр Лондонда тележүр¬гізу¬шілер конкурсында жеңіп шығып, “Би-би-си” телеар¬на¬сының эфи¬рі¬не шығуға жан-жақты дайындық үстінде болған. Болаттың арманы Ақтауда Ұлы¬британияның мұнай ас¬танасы – Абердине қаласын¬да¬ғыдай халық¬ара¬лық порт салуға өз үлесін қосу, Ай-нұрдың арманы Астанада ағылшын тілінде мектеп ашып, ауыл бала¬ла¬рын оқыту еді... Біз Болаттың Кеңес Одағының Ба¬тыры Ағәділ Сухан¬баевтың ұрпағы, Айнұрдың Әлия Молдағұлованың жиені екендігінен хабардармыз. Үстіміздегі жылдан бастап, кол¬лед¬ж¬де Болат Кәрентаев пен Айнұр Сүлейманова атындағы екі атаулы стипендия тағайын¬далып, беріле бастады.
“Нұр Отан” ХДП-ның “Жас Отан” жастар қанатының бірінші съе¬зінде күш-жігері тасыған жас¬тардың бас қосып, ұлы істерге ұмтылыс танытуын – аға ұрпақтың игі істерінің жалғасы деп білеміз. Ал осы съезге облысымыздағы 14 делегаттың бірі болып колледж оқытушысы, “Жасыл ел” аймақтық бағдарламасының аудан бойынша төрағасы М.Жарқынбековтің баруы атамыз атындағы колледждің мәртебесі мен мерейін тағы бір көтеріп тастағандай.
Студенттерді мемлекеттік қыз¬мет¬ке жас кезінен бейімдеу үшін әр топта старосталар емес, топ әкімдері сайланып отырады.
Колледжде жастардың өзін-өзі басқаруда, қоғамдық жұмыстар мен мәдени шараларға қатысуда бел¬сенділіктерінің айғағы – “Жас Отан” партиясының “Жастар кеңесі” құрылған. Біздің бастауыш партия ұйымы өткен жылы “Нұр Отан” ХДП-ның облыстық филиалы ұйымдастырған байқауда жүлделі 1 орынды жеңіп алды.
Оқу орнында 2005 жылдан бас¬тап Отанға деген мақтаныш сезім¬дерін арттыру мақсатында “Астана – арман қала” тақырыбында бай¬қау ұйымдастырылып, жеңімпаз мұғалімдер мен студенттер ару қа¬ла¬мызға тегін жолдамамен барып тұрды. Биылғы байқаудың басты шарты – Астана қаласының 10 жылдығына өлең арнау, шығарма жазу болды. Жүзден жүйрік шық¬қан колледждің 10 студенті мен 4 үздік оқытушысы Парламент Се¬наты мен Мәжіліс депутаттарының қабылдауында болып, елордамен танысты. Жастарымыз “Нұр Астана” мешітіне соғып, аруақтарға арнап құран бағыштап, мешіт имамының батасын алып қайтты.
Оқу орнында білім алып жатқан жүзі басқа, жүрегі бір, тілі басқа, тілегі бір 18 ұлт өкілдерінің ара¬сын¬да ұлтаралық татулық пен достық¬ты нығайта беру мақсатында Талғар аудандық Ассамблеясының келі¬сі¬мімен Қазақстан халқы кіші Ассам¬блеясы құрылды. Үстіміздегі жылы осы Ассамблеяның мүшелері – “ЗОЖ” командасы Алматы қаласы және облысы бойынша өткен кол¬леджаралық “Қазақстан-Түркия достық және бауырластық ныша¬ны” атты тақырыптағы сайысқа қа¬ты¬сып, жүлделі үшінші орынды жеңіп алды.
Біздің оқу орнында өзге ұлт өкіл¬дері арасында мемлекеттік тілді дәріптеу жұмыстары да жолға қой¬ылған. 2007 жылы өткен “Мақ¬сұ¬тым – тіл ұстартып, өнер шаш¬пақ...” атты облыстық байқауда кол¬ледж оқушысы Инес¬са Шашкова жүл¬делі 2-ші дәрежелі орынды иеленді.
Елімізде экономикалық даму¬дың нәтижелері анық байқалған сайын кәсіби мамандардың жетіс¬пеу¬шілігінен шетелдік жұмыс¬шы¬лар¬ға деген сұраныстың артуын күн¬делікті сезіп отырмыз. Сон¬дықтан, нарық талабын меңгере отырып, колледж базасында қыс¬қа мерзімді 25 әртүрлі жұмысшы курстары ашылды.
Үстіміздегі оқу жылында кол¬леджімізге мемлекет тарапынан бөлінген 360 миллион теңгеге жүр¬гізілген күрделі жөндеу жұ¬мыстары да ұжым мен студент¬тер¬дің көңіліне қуаныш нұрын септі.
Кәсіби мамандарды даярлай¬тын оқу орнында білім беруді ақпарат-тан¬дыру үрдісі жүріп жа¬тыр. Кол¬леджде 2 лингафонды, Pentіum компьютерлерімен жаб¬дықталған 8 ком¬пьютер клас¬та¬ры, жалпы 160 ком-пьютер (9 балаға – 1 ком¬пью¬¬тер), оның ішінде екі сынып әлемдік Интер¬нет желі¬¬¬сінде жұмыс істеуге мүмкін¬¬діктері бар. Ұстаздар “элек¬тронды үкіметті” жүзеге асы¬ру мақсатында аудан тұрғын¬дары үшін де қосымша білім беру сабақтарын жүргізуде. ....


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру