Айлардың төресі - Рамазан

Айлардың төресі - Рамазан

Рамазан – 1 ай береке,4 апта толассыз тілектер, 30 кун кешірім, 720 сағат шынайы мүмкіндік, 43200 минут мейірім шуағы, 2592000 секунд тогілген нұр.Талайды көптен күттірген өзімен бірге мол сауап арқалап келе жатқан берекелі Рамазан айы жақындады.Осы жылғы Оразаның тиімділігі қыстың қақаған суығына не шілденің шіліңгір ыстығына емес мамырдың мамыржай күніне келіп тұр.Яғни қасиетті ай мамырдың 6-нан бастау алады.
Рамазан айы – Ұлы Алла Тағаланың ерекше ықыласы түскен,сауабы көп, айлардың ең қайырлысы.Жаратушы Алла адам баласына 5 парызды жүктеген.Солардың бірі Ораза ұстау. Құран Кәрiмде: «Рамазан – адамдарға тура жол нұсқаушы, ақ пен қараны айырушы, бекем тұтынатын жолбасшы ретiнде Құран түсiрiле бастаған ай. Сендерден кiм рамазан айында болса, ораза ұстасын. Кiмде-кiм науқас болып, әйтпесе, жолсапарда жүрсе, онда басқа күндерде өтесiн. Алла сендерге жеңiлдiк болуын қалайды, ауырлық түсiргiсi келмейдi» дейдi (Бақара сүресi, 2/185).Рамазан айы өте ерекше,зор мүмкіндік Аллаға жақындау,қайтарылмайтын дұға,мың айдан да қадірлі болған Қадір түні,ауызашар уақытындағы қуаныш секілді нығметтер бар.Егер сіз ораза тұтсаңыз Ұлы Алланың сізге керемет сыйы бар.Бұған дәлел «Ахзаб» сүресінің 35-аятында ораза ұстаушы ерлер мен ораза ұстаушы әйелдерге Алла Тағаланың жарылқау мен зор сыйлық әзірлегені айтылған.
Рамазанда оразаны шын ниетпен ықыласпен ұстаған адамның күнәлары кешіріледі.Алла Елшісі(оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) «Кімде-кім Рамазан айында Алланың сыйына деген иманмен және үмітпен ораза ұстаса,оның бұрынғы күнәлары кешіріледі»,деген.(Бұхари,Муслим) сонымен қатар тағы бір хадисіне үңілсек:«Бес парыз намазды орындау,алдыңғы жұма намазынан кейінгі келесі жұма намазына қатысу және әр Рамазан келген сайын ораза ұстау олардың арасында істелген күнәларды өтейді,тек егер олардың арасында ауыр күнәлар болмаған болса»,-деген.(Муслим).
Оразаның басқа құлшылықтармен салыстырғандағы құнын білгіңіз келсе, мына хадистерге көз жүгіртіңіз:Пайғамбарымыз(с.а.с) Алла Тағаланың былай дегенін жеткізген: «Адам баласының әр бір игі ісі еселенеді,ал игі іс үшін берілетін ең аз сый он есе болады,бірақ жеті жүз есеге дейін де көбеюі мүмкін.Оразадан басқасына.Өйткені,шынында,ораза Мен үшін ұсталады және оның сыйын Мен өзім беремін.Өйткені,адам өз қалауларын қанағаттандырудан және өз тамағын Мен үшін бас тартады!»(Бұхари,Муслим).Ауыз бекітушіні екі қуаныш күтіп тұр.Бірі-ауызашарда,екіншісі-өзінің Раббысымен кездескенде. Әрі Ораза тұтушының ауызынан шығатын иіс – Алла үшін мисктің яғни әтірдің хош иісінен де ұнамдырақ!» (Муслим).
Рамазан жақсылық айы.Әлемдегі бүкіл жаратылыс жақсылықтың шексіз мейірімнің құшағында болады.Хадисте «Рамазанның алғашқы түні орын алысымен Жәннаттың барлық қақпалары ашылады және осы ай аяқталғанға дейін оның бір де біреуі жабылмайды» делінген.Осы хадиске сүйіне отырып ғалымдар: «Жәннат қақпаларының бір ай бойы ашық тұруы бүкіл әлемге әсер етпей қоймайды.Рамазанда бүкіл әлем кереметтей мейірім құшағына бөленеді!» дейді.Хадисте Жаратушы Алланың өз мейірімін жүз бөлікке бөліп,оның тек бір бөлігін ғана жерге түсіргені айтылады.Демек біздің әлем Жаратушы Алланың бір ғана мейірімімен тіршілік етіп тұр.Ал Жәннатқа Ұлық Алла 99 мейірімінің бәрін төккен.
Рамазан айы үйіңізге екі дүниенің берекесін әкелетін ұлы қонақ,рамазанның күндізінде де, түнінде де ешқандай тілектер қайтарылмайды. «Кімнің соңғы амалы ораза болып жан тапсырса ол адам жәннаттық» делінген хадисте, ал қияметте ораза Алланың құлына шапағатшы болады.Ендеше осыншама мейірімі,сауабы көп ғажап ай Рамазанда ізгі амал жасау баршамызға нәсіп болғай.Ниет етіп тұтқан оразаңыз қабыл болсын!

Жаңылхан Рахымғалиева

Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру