Стол үстіне қағаз майлық (салфетка) қойып, оның үстіне стаканды төңкеріп қойыңыз. Стаканды құлатпастан және қолыңызды cтаканға тигізбестен қағаз майлықы ала аласыз ба? Столды ақырын ұра бастаңыз! Стакан секірген сайын қағаз майлықты ақырындап суыра беріңіз!
Автокөлігіңіздің артқы орындарында балаңыз отыр. Қолында газ толы шар бар. Бала шардың жібін шар төбеге тимейтіндей етіп ұстап отыр. Бүкіл терезелер жабық. Солға бұрылып жатырсыз. Шар солға кете ме, оңға кете ме, әлде ортада қала ма, немесе басқа әрекет жасай ма? Шар солға кетеді. Ауа шардың ішіндегі газдан ауыр. Сол себепті автокөлік солға бұрылған кезде ауа оңға қарай ығысады да, шарды солға қарай итереді.
Қолымызда екі жұмыртқа бар. Біреуі піскен, біреуі шикі. Қайсысының піскен екендігін, ал қайсысының шикі екендігін қалай анықтауға болады? Жұмыртқаны стол үстіне қойып қолыңызбен айналдырыңыз. Шикі жұмыртқа айналмайды, яғни бір-екі айналып тоқтайды. Ал піскен жұмыртқа жылдам әрі ұзақ уақыт айналады.
Қолымда сақинам бар алшығарай, Қойды қасқыр жейді екен қан шығармай. Бұл жұмбақты қайсы жігіт табады, Сол жігітке тиемін мал шығармай. Қарбыздың тіліктері, қарбыз, пышақ
Ара-арасы ақпа тіл, Арасынан тастап тіл. Ала қарбыз
Жерде жатып желіндейді, Күзге дейін желінбейді. Үндеместен төлдеп жатыр, Су бермесең шөлдеп жатыр. Қарбыз