Жұмбақтар жауабымен: Логикалық жұмбақтар

Жұмбақтар жауабымен: Логикалық жұмбақтар

Стол үстіне қағаз майлық (салфетка) қойып, оның үстіне стаканды төңкеріп қойыңыз. Стаканды құлатпастан және қолыңызды cтаканға тигізбестен қағаз майлықы ала аласыз ба?
Столды ақырын ұра бастаңыз! Стакан секірген сайын қағаз майлықты ақырындап суыра беріңіз!

Автокөлігіңіздің артқы орындарында балаңыз отыр. Қолында газ толы шар бар. Бала шардың жібін шар төбеге тимейтіндей етіп ұстап отыр. Бүкіл терезелер жабық. Солға бұрылып жатырсыз. Шар солға кете ме, оңға кете ме, әлде ортада қала ма, немесе басқа әрекет жасай ма?
Шар солға кетеді. Ауа шардың ішіндегі газдан ауыр. Сол себепті автокөлік солға бұрылған кезде ауа оңға қарай ығысады да, шарды солға қарай итереді.

Қолымызда екі жұмыртқа бар. Біреуі піскен, біреуі шикі. Қайсысының піскен екендігін, ал қайсысының шикі екендігін қалай анықтауға болады?
Жұмыртқаны стол үстіне қойып қолыңызбен айналдырыңыз. Шикі жұмыртқа айналмайды, яғни бір-екі айналып тоқтайды. Ал піскен жұмыртқа жылдам әрі ұзақ уақыт айналады.

Арқаңызбен толықтай дуалға сүйеніп түрегеп тұрыңыз. Аяқ ұшынан (бармақтардан) 15 см алдына сіріңке құтысын қойыңыз. Енді сол құтыны аяқтарыңызды (тізені) бүкпей еңкейіп алып көріңіз. Алайда ала алмайсыз. Мұның себебі неде?
Еңкейгенде ауырлық центрі алға жылжиды. Сондықтан тізені бүкпей сіріңкені көтеру мүмкін болмайды. Жалпы жерден ауыр зат көтеретін кезде тізені бүкпей көтеру белге салмақ түсіреді. Бұл зиянды болып табылады. Жерден ауыр зат көтеретін кезде тізені бүгіп барып көтеру керек.

Мұрат 100 км қашықтықтағы қалаға бару үшін машина жалға алады. Жарты жолға келгенде досы мінеді және қалған 50 км жолды екеулеп жүріп өтеді. Кешкісін кері қайтарда да бірге қайтып, досы мінген жерінен түседі. Мұрат өз қаласына жеткен соң машинаны өткізіп 24000 тг төлейді. Мұрат пен досы осы шығынды әділетті түрде бөлісіп төлеулері үшін қанша теңгеден шығаруы керек?
Мұрат 200 км, ал досы 100 км жүрген болды. Демек жалпылама 300 км жол, 24000 теңгеге түскен болады. 24000/300=80 тг/км
Мұраттың төлейтіні: 200х80=16000 тг
Досының төлейтіні: 100х80=8000 тг


Альберт пен Бернард Шерилмен достасты. Достастқаннан кейін олар Шерилдің туған күнін білгісі келіп, одан туған күнін сұрады. Шерил оларға 10 вариант ұсынды:
15-Мамыр, 16-Мамыр, 19-Мамыр,
17-Маусым, 18-Маусым,
14-Шілде, 16-Шілде,
14-Тамыз, 15-Тамыз, 17-Тамыз.
Сосын Альбертке қай ай екенін, Бернардқа қай күн екенін айтты. Осыдан кейін Альберт пен Бернард арасында мынадай диалог болды:
Альберт: Мен Шерилдің туған күнін білмеймін, бірақ Бернардтың да білмейтінін анық білемін.
Бернард: Мен Шерилдің туған күнін білмейтін едім, енді білемін.
Альберт: Енді мен де білемін.
Шерилдің туған күні қашан?
Берілгені 10 күн, күндер 14 пен 19 арасы. 18 және 19 тек бір ғана рет кездеседі. Егер, Шерилдің туған күні 18-і немесе 19-ы болғанда, Бернард қай ай екенін де сол мезет білуші еді.
Ал Альберт Бернардтың білмейтінін қайдан біледі?
Егер, Шерил Альбертке мамыр немесе маусым айында туылдым деп айтқан болса, оның туған күні 18-і немесе 19-ы болу ықтималдығы бар еді. Бұл жағдайда, Бернардтың білуі де мүмкін еді. Ал шын мәнісінде, Бернард білмеді, мұны бізге Альберт:
"Бернардтың білмейтінін нақты білемін" деп айғақтап тұр. Демек, Шерилдің туған айы мамыр және маусым айларында бола алмайды.
Бірінші Бернард Шерилдің туған күнін білмеді. Альберттің сөзінен кейін, ол қалай біле қойды?
Шілде мен тамыз айындағы берілген күндердің ішінде 14-і ғана екі рет кездеседі. Егер, Шерил Бернардқа оның туған күні 14-і деп айтқанында, Бернард Альберттің сөзінен кейін де қай ай екенін біле алмас еді.
Бернардтың, Альберттің сөзінен кейін туған айды дереу біле қоюы - 14-і емес екенін білдіреді. Демек, бізде 3 вариант қалады: 16-шілде, 15-Тамыз, 17-Тамыз.
Бернардтың сөзінен кейін Альберт те Шерилдің туған күнін біле қойды. Егер, Шерил Альбертке тамыз айында туылдым деп айтқанда,
Альберт біле алмаушы еді, өйткені 3 варианттың екеуі тамыз айына түседі.
Демек, жауап: 16-шілде.


Жеген сайын жылататын нәрсе?
Таяқ

Тарихта ең үлкен қалпақ киген кім?
Басы ең үлкен адам

Әлемдегі ең үлкен алма қайда өседі?
Алма ағашында

Бір патша уәзіріне зынданнан бір тұтқынды алғызыпты. Тұтқынға өлім жазасын таңдау құқығын өзіне береді, бір тауық беріп, “осы тауықты қалай өлтірсең, сені де солай өлтіреміз” депті. Тұтқын тауықты өлтіргеннен кейін патша оны босатыпты. Тұтқын тауықты қалай өлтіріпті?
Тұтқын тауықтың басын аузына салып, тістеп жұлып алады. Ал тұтқынның басы патшаның аузына симайтын болғандықтан патша тұтқынды босатып жібереді.

Бірінші төрт аяқты, кейін екі аяқты, одан кейін үш аяқты ол не?
Адам

Патша өте дәмді және мінсіз етіп сорпа пісіртеді. Бірақ патша бұл сорпада бір кемшілік бар дейді. Зындандағы тұтқынға бір кесе сорпа құйдырып бір ұрттатады да «Егер осы сорпаның несі кем екенін тапсаң сені бостамын» дейді. Тұтқын патшаға сорпаның несі кем екенін айтып бостандыққа шығады. Сұрақ: сорпаның несі кем еді?
Тұтқын сорпаны ұрттағанда бір ұрттамы кеміген еді. Соны айтып бостандыққа шығады.

Ұзарған сайын қысқаратын нәрсе не?
Өмір

Қай айда 28 күн бар?
Барлық айда

Біздікі болғанымен басқалар қолданатын нәрсе?
Есіміміз

Адам есектен неге құлайды?
Адам есектен жерге құлайды.

Бір адам құйып тұрған жаңбырдың астында қалыпты. Үйіне келгенде үсті-басы малмандай су, тек шашы су болмапты. Неліктен?
Шашы жоқ

Кешегі күн ертеңгі күн болғанда, бүгін сенбі болар еді, деген адам қай күні айтқан?
Дүйсенбі

Күні бойы бір сұрақ қойып, бірақ әр сұрағанда әртүрлі жауап алатын сұрағымыз қандай?
Сағат қанша болды?

Бір фабрикада 127 қызметкер жұмыс істейді. Әр жұмысшы басқа 3 жұмысшыны таниды. 1-қаңтар күні фабрикадағы жұмысшылардан біреуі қызықты бір хабар естиді. Бұл хабарды бір күннен кейін танитын 3 адамына айтады. Осылай әр жұмысшы бір күннен кейін өзі танитын 3 кісіге айтып отырады. Қай күні бұл хабарды бүкіл жұмысшылар естіп шығады.
6 қаңтарда
1-ші күн = 1 адам,
2-ші күн = 4 адам,
3-ші күн = 13 адам,
4-ші күн = 40 адам,
5-ші күн = 121 адам,
6-шы күн = 127 адам.


Бір дорбада 50 ақ, 40 сары, 30 қызыл, 20 көк, 10 қара, 5 жасыл нәски бар. Дорбаның ішіне қарамай, әр қол салғанда бір дана нәски алуға болады. Бірдей түстегі бір жұп нәскиді шығару үшін дорбаға ең көп қанша рет қол салу керек?
7 рет

100 алманың үштен бір бөлігі мен үштен бірінің жартысын қосқанда қанша алма болады.
50 алма

Бір микроб 1 минутта көбейіп 2 микробқа айналуда. Бір сағатта бір стаканды толтыра алатындығына қарағанда 2 микроб бір стаканды қанша минутта толтырады?
59 минутта.

Жағаға екі адам келді. Жағада жалғыз адамды ғана көтере алатын қайық тұр. Екі адам да қарсы жағаға өтті. Сұрақ: қалай?
Нұсқаңызды жазыңыз

Бір бөлмеде 3 лампа бар, ал бұлардың қосқышы басқа бөлмеде. Лампалардың барлығы сөнік тұр. Лампалар тұрған бөлмеге бір рет қана баруға болады. Қай қосқыш қай лампаға тиесілі екенін бір рет қана барып келіп қалай анықтауға болады?
Әуелі бір қосқышты басып, 5 минуттай күткеннен соң оны сөндіріп басқа қосқышты басамыз. Бөлмеге келгенде сөніп тұрған бірақ ыстық лампа әуелгі қосып өшірген бірінші қосқышқа тиесілі. Жанып тұрған лампа екінші қосқышқа, ал сөніп суық болып тұрған лампа еш тимеген үшінші қосқышқа тиесілі.

3 адамға екеуі қызыл, екеуі қара түсті болған 4 баскиімнен кездейсоқ үшеуін кигізеді. Баскиім киген кісілер өздерінің басындағы бас киімнің түсін көре алмайды. Алдындағы екі адамдікін көреді. Әркім өздерінің басындағы баскиімнің түсін табуы керек және бір рет қана айту мүмкіншіліктері бар. Басындағы баскиімнің түсін қалай таба алады?
Алдындағы екеуі бірдей түсті баскиім кигенін көрген адам өзінің басындағының басқа түс екенін түсініп айтады. Онан соң қалған екеуі де өзінің баскиімінің қай түс екенін біледі.

Бір күні әкесі ұлына бір кітап беріп, «Мына кітапты оқысаң, саған 2000 теңге беремін», депті. Баласы 1 аптадан кейін әкесіне келіп, «Әке кітапты оқыдым, 2000 теңгемді бересіз бе?» дейді. Сонда әкесі баласына «Кітапты оқымағансың» деп жауап беріпті. Баласының кітапты оқымағанын әкесі қайдан білген?
Өйткені 2000 теңге кітаптың ішінде болған.

Серік әкесінің бүгінгі жасына жеткен кезде, қарындасының жасы қазіргі жасынан 2 есе үлкейеді. Ал қарындасы әкесінің бүгінгі жасына жеткенде, Серіктің жасы бүгінгі жасынан 2 есе үлкейеді. Үшеуінің жастарының қосындысы 100 болса, әр бірінің жасы қаншада?
Серікпен қарындасы 25 жаста, әкелері 50 жаста.

Бір патша тұтқынға түскен дұшпан әскеріне былай дейді: «Маған бірдеңе айт, егер айтқан сөзің өтірік болса атып өлтірткіземін, егер шын болса дарға асып өлтіртемін.» Сонда әлгі тұтқын бір нәрсе айтып, аман қалыпты. Тұтқын не айтты екен?
Мені атып өлтірткізесің» депті. Егер оны атып өлтірсе, шындықты айтқан болатындықтан асып өлтірілуі қажет болады. Егер оны асып өлтіртсе өтірік айтқан болып, атып өлтірілуді қажет етер еді.

Сумен толтырылған шелек таразыда 10 кг болады. Шелектің ішіне, жіптің ұшына байланған темір шар батырылады. Шар шелектің түбіне тимейді, әрине шелектен белгілі мөлшерде су тасып шығады. Шелектің ауырлығы артады ма, азаяды ма, әлде өзгермейді ме?
Азаяды. Таразы, суға батырылған темір шарды тартпайды. Шардың көлемі қанша болса, шелектің ауырлығы сонша грамға азаяды.

Барлық жылқының үштен бірі және екеуі бөлініп алынды. Бұдан соң қалған жылқының жартысы айдалып кетті. Сонда өрісте 9 жылқы қалды. Басында неше жылқы болды?
30 жылқы

Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру