Жұмбақтар жауабымен: Табиғат туралы жұмбақтар (5)

Жұмбақтар жауабымен: Табиғат туралы жұмбақтар (5)

Айтқаныңды айнытпай,
Қайталайды өзiңе
Тiл қатқанмен қаймықпай,
Көрiнбейдi көзiңе.
Жаңғырық

Мұхиттардың ортасында
Аппақ тау бар, түк өспейдi
Жер шарының картасында,
Оған еш шың теңеспейдi.
Айсберг

Жалтырайды сайда,
Сынбайтын айна.
Мұзойнақ

Қыста шыны боп қатады,
Жылыда су боп жатады.
Мұз

Дауыл ақ дән ұшырып,
Шашып өттi аспаннан.
Шекемiздi iсiрiп,
Қаштық үйге сасқаннан.
Бұршақ

Аспанды от қамшы осады,
Ащы үнiн ышқынып қосады.
Найзағай

Жарқылдан соң жаңағы,
Суға бөктi бар алап.
Көкте түрлi жолақты,
Өрнек тұрды ғаламат!
Кемпiрқосақ

Аспаннан домалап,
Көп моншақ төгiлдi.
Бусанып жон-алап,
Терледi, керiлдi.
Жаңбыр

Ештеңеден қаймықпай,
Көздi арбаған өрнекпен.
Сурет салар айнытпай,
Шебер едi ол неткен?
Аяз

Терезеден есiледi,
Қараңғыны көшiредi.
Сәуле

Дұрыстап аңғарсаң,
Көктегi бағдаршам.
Үркер

Айсыз түнде қараңғы,
Түнекте де боранды.
Бiр орнынан жылжымай,
Бағыт берер бұлжымай,
Қандай жұлдыз шырағы,
Жол көрсетiп тұрады.
Темiрқазық

Ғаламның шырағы не?
Адамның шырағы не?
Күн мен білім

Әлемнiң бар екi күзетшiсi;
Бiрi – күндiз тынығады,
Бiрi – түнде тынығады.
Күн мен ай

Көкжиегi тұйық дөң,
Шатыр тiккен биiк кең.
Аспан

Қара батпақ, қара батпақ,
Жанады от ғып жақсақ.
Алады елдің бәрі
Қайғы улап жайды
Алтынға көп ғып сатсақ.
Мұнай

Шымылдық ішінде қап-қара
Ұйықтап жат, дала, жат, қала.
Түн

Төбесінде даланың
Төбесінде қаланың
Аяғы жоқ –
Жүреді,
Езуі жоқ –
Күледі.
Күн

Киіз үйімнің төбесі
Түбітке толы. О несі?
Бұлттар

Ақ көбелек қонды,
Құстар енді тонды.
Қар

Қозғалып жүрер жортақ шам,
Барлығымызға ортақ шам.
Күн

Сырылдатады шәйнегін,
Ұнатпаса да жұрт, мейлі.
Тереземіздің әйнегін
Жуады,
Бірақ сүртпейді.
Жаңбыр

Сатайын десем ауыр кілем,
Сатпайын десем тәуір кілем
Жер

Қараңғыда жымыңдайды, жанады,
Жарық түссе, бірден сөніп қалады.
Жұлдыз

Ат шаптырым аумағы,
Байқалмайды салмағы.
Мың кессең де ол мейлі,
Жүреді,ұшып өлмейді.
Бұлт

Өзі бел астында,
Көзі жер астында.
Бұлақ

Аты да көк,
Заты да көк.
Аспан

Қиналмай тауларды, орманды,
Теңізді, дария, жондарды,
Ауылды, қаланы, халықты...,
Ойлап тап, көтерген алыпты.
Жер

Шелек қалпақ басында,
Сәбіз екен танауы.
Қыста қардан туатын,
Тауып көрші, сен оны.
Аққала

Ақ түсті,
Көк түсті,
От түсті,
Тот түсті-
Төрт түсті жер үсті.
қыс, көктем, жаз, күз

Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру