«Түскі асыңа жұмса» деп ақша беру «есепсіз ақша беру» тәрізді пайдасыз. Екі жағдайда да бала ақшаны өздігінен жұмсай алмайды. Бірінші жағдайда «самсадан басқа ештеңеге жетпейді» деген....
Әкелерге (папа) пайдалы кеңестер | Аналарға және әйелдерге кеңестер
Қожанасыр өте қиял әпенді кісі болған екен. Қожанасыр бір күні үйде жатса, патша шақырыпты. – Менің тісім ауырып қалды, Қожанасыр келіп, тісіме ем қылсын, – депті. Жігіттер келіп: – Қожеке, жүр, сізді патша шақырады, – депті. Қожа айтыпты: – Бармаймын, патша өзі келсін және маған керосин май беріп жіберсін, – деп, жігіттерге айтыпты. Жігіттер барып, патшаға айтқан екен Қожа келмеймін дейді, маған май берсін деп, айтып жібереді, – деді. Патша айтты: – Бір бөтелкеге сиіп, толтырып, Қожаға алып бара беріңдер. Оның май емес екенін білген соң Қожа ашуланып, өзі келеді, онан соң тісімді қаратып алайын, – деді. Жігіттер бөтелкеге сиіп, Қожаға алып барып, беріпті. Алып барған жерінен танып, Қожа біліп, сыр бермей, қала беріпті. Екінші күн: – Қожаны шақырып кел, келмеді ғой, келмесе, байлап алып келіңдер, – деп, патша жігіт жұмсады. Қожа адамның кепкен бір тезегін бір шүберекке таңып алып, дайын болып отыр екен. Жігіттер келіп, Қожаны ертіп, патшаға барыпты. Патша қол қусырып: – Қожеке, неге кеше келмедіңіз? Кешелі бері тісім ауырып, көрмеген қорлық көрдім. Маған бір дәрі-барыңыз болса, берсеңіз екен. Не дүние болса, мен сізге берер едім, – деді......
Тіпті, бұрынғы заманда бір дуана Қожанасыр деген болыпты. Әйтеуір, бір адам, не ақылды емес, не ақымақ емес, не тентек емес, не момын емес. Оған таныс болған емесдүр қайғы да, машақат та, өш алу да, һәм күншілдік те. Ол өзі Құдай деген кісі еді, һәм әрқашан өзінде не бар болса, соныменен қанағат қылар еді, ілгергі уақытта қайтемін деп, қам жемейінше. Ол турада айтылған қазақ арасында көп сөздер бар. Бұларды санауға мүмкін емес. Біз бұлардың ішінен бағзы біреулерін алып, жазуға жаһат етеміз. Бір күні Қожанасыр көк есегіне мініп алып, отын алғалы ағаш ішіне барды. Ағаш ішіне келіп, бір ағаштың бұтағына шығып алып, бұтақты түбінен кесе бастады. Дәл со уақытта бір жолаушы адам қасынан өте беріп, бұған айғайлап айтады: – Ағаш құласа, астында калып өлесің ғой, – деп. Дуана айтады: – Ей, әулие, тоқта, сен маған айт, мен қашан, қалайша өлсем керек? – дейді. Жолаушы тоқтамастан жүре беріп, бірақ оған айтты: – Сен ақымақ екенсің, – деп. Сонда Қожанасыр жіберместен сұрайды: «Қашан өлетұғынымды айт», – деп. Жолаушы әбден мазасын ала берген соң ашуланып:.....
«Қу да қу түстен кейін жолдас-ты» деген емес пе? Бір күні түс ауа берген мезгілде табиғаттың гүлденіп, нұр беріп тұрған шақта оңаша ат шаптырғандай ашық даласында таз, жалақ, сулы көз – үшеуі кездесіпті. Біраз отырып, басынан өткен қызықты әңгімелерін қыздыра отырып, таз жолдастарымен: «бір нәрсе ойлап отырмын», – деді. – Айт, айт! Біз үшеуміз жолымыз түсіп, қосыла қалған екенбіз. Күнде мұндай бас қосылып, көңіл көтеру табыла бермес. Сондықтан қыз күнімізге дейін ескерткіш болу үшін мен ойлағанымды орталарыңа салайын. Менің жолым алыс, сендерді білмеймін, егер де мақұл көрсеңдер, маған біраз жерге серік болыңдар, бұл – бір. Екінші, сонау мұнарланған төбеге жеткенше мен басымды қасымаймын, сулы көз көзін сүртпесін, жалақ ернін жаламасын. Міні, осыны орындаған күнде біздердің қай жерде жүргенде де қулығымыз тірі жаннан кем болмайды, – деді. Сулы көз жалақ екеуі ақылдасады. «Мұның да айтқанын істеп көрейік. Осы бізден бұрын өткендер «өнерді үйрен де жирен» деп, неге айтты дейсің? О да осындай жастарына үйрене бер деген ақыл ғой, екеуміз де болады дейік, – деп, тазға келді. Таз: – Не ойладыңдар, мырзалар!......
Өткен алып қашты, жұлып кетті заманда екі қарақшы болыпты. Бұл екеуінің істейтін «кәсібі» момын шаруалардың малын ұрлап, сонымен күн көрген. Ауыл арасының мазасын алып бітеді. Біле қалғандай болса, бұларға өздерінше жазаның ауырын беріп, тырнақтап жинағанды етектеп төгетін болды. Дереу сезсе болғаны, қырдағы малын талап алады, қойшы, алғанда атап-атап алатын болды. «Айып» дейді, «шығуым» дейді, «сойысымызға» дейді, осы сияқты етіп, барлық мал да жүдә болды. Бір күні бұл екеуі кеңесіп: – Бұдан бұлай мұндай ауыл арасын ұрламайық. Қууды көбейтпейік, кесіп алып қалған соң қосу да қиын ғой. Мұның орнына алыстан ұрлайық. Көз көрмес, құлақ естімес жерден, – деді екі қарақшы. – Оған ағайындар да қарсы болмас, өздері аман болған соң олар басқаны ұрлап жатса да, үндемейді, – деп, осы ақылды қорытып, қолдағы бар қалған бір-екі қараны оншақты ешкіге сатты. Ұзақ сапарға шықты. Ауыл бұл екеуінен құтылдық деп, қуанысып, олар қалыпты. Оншақты ешкі бұл екеуінің жол азығы еді, ауылдан бір күндік жерге шыққан соң бір ешкі сойды, біразын жеп, қалған ешкілердің үстіне таңып қояды, өздері бес ешкінің маңымен жүріп отырады. Өздері елсізбен жүріп отырып, бір жарым ай жол жүреді. Ешкі де таусылды. Әйтеуір, ел шетіне келіп қалды. Жапан далада қалмай, осы елді көргеніне өздері де қуанысты. Бұл екеуі аздап кеңеседі, осы елден түсіп, мал-дүние алып қайталық, солай болған соң бірімізге біріміз дыбыстау үшін бұрынғы атымызды атамайық, жаңадан ат қойып алайық, – дейді.......
Ертеде бір молда есегімен келе жатып, ескі қыстауға кез болыпты. Келсе, ешбір қыбырлаған жан жоқ. Тек ұшып-қонып, шықылық қаққан құстарды көреді. Жағалай қораның ара-арасымен өтіп, көгалдау жерге келіп, түседі. Түсіп, есегінің ауыздығын алады. Есегі оттап жатады, өзі судың басына келіп, дәрет алып отырады. Бұл молданың бет алысы Топар бойында біреу шақырған екен, шақырған себебі – шақырған кісінің бір баласының сұлу әйелі болады, ол баласын менсінбейді екен. Содан молдаға: – Дуа оқып, басын айналдырып бер, – деп, шақырған екен. Сонымен молда шақыруын қабыл етіп, жол шегіп, келе жатқан екен. Дәретін алып болып, молда бесін оқуға кіріседі. Есегі оттап тұрады, содан төскейге қарай бетін түзеп, намазын оқуға кіріседі, әуелі азан айтып алады, екі құлағын ұстап, азанын айтып болған соң «Аллау әкбар», – [деп], қолын жайып, бата қылады. Сәждеге басын қойып, бір-екі еңкейе бергенде, артынан біреу келіп, түртіп қалады. Бірақ молла пісмілләсін айтумен намазын оқып, тұра береді. Әлгі түрткі қайта-қайта молданың арқасынан жыбырлата түседі. Молда қарайын десе, намазы бұзылатын, қарамайын десе, тиыштық бермей барады. Бір мезгілде: – Аһ-һ, бісміллә, – деп секіріп, анадай жерге түседі. Қараса, шашы дудыраған, жалаңаш бір адамзат пиғылы бар біреу екен. Молда жиырма шақты қадамдай жерге барып, ақырады:......
Баяғы заманда қанша уақыт өткенін білмейміз, қазақ жерінде апалы-сіңлілі екі қыз болыпты. Үлкенінің есімі − Рас, Кішісінің есімі – Қисық. Бұл қыздар бек кедей екен. Күн көруге қаражаты болмай, бір ауылдан бір ауылға қайыр сұрап жүріпті. Қазақтар шамасы келгенше бұларға қайыр беруші еді. Рас көркем, салмақты еді һәм адал жүріп, тыныш жүруші еді. Сонысына қарай қазақтар мұны жақсы көруші еді. Растың сіңлісі Қисық тынышсыз, ұрысқақ, қу болыпты. Һәм оңай жатқан нәрсе болса, ұрлап әкетуші еді. Мұндай мінезіне қарай қазақтар мұны жек көруші еді. Бұл екеуі көп зәрушілік көрісті. Ғұмырларында шаттық етіп, бақ көре алмады. Ғұмырлары мұндайменен өтті, арты қандай болары белгісіз. Күндерде бір күн бұл екеуі ауылдан алысырақ барып, кеңес құрысты. Ақырында, ойласып-ойласып, өзге тарапқа барысып, бағын сынаспақшы болды. Әр ауылдан ірімшік, құрт жиып алып, екеуі де ақырындап, жолға түсті. Бұлар дамыл алмай, көп жүрді. Жел жоқ, салқын соқпай, ауа айналып, жерге түскендей ыстық болды. Жан-жаққа қараған, ешнәрсе көрінбеді. Мұндай ыстық уақытта жан-жануар қамысқа қорғалаушы еді. Осыған қарағанда бұл екі міскіннің сапары бек қиын болды. Күн батып бара жатқанда, бұл жолаушылар Түркістан жерінде Темір деген өзеннің жағасына келді......