Сатиралық ертегі: Қожанасырдан сөз
Қожанасыр өте қиял әпенді кісі болған екен. Қожанасыр бір күні үйде жатса, патша шақырыпты.
– Менің тісім ауырып қалды, Қожанасыр келіп, тісіме ем қылсын, – депті. Жігіттер келіп:
– Қожеке, жүр, сізді патша шақырады, – депті. Қожа айтыпты:
– Бармаймын, патша өзі келсін және маған керосин май беріп жіберсін, – деп, жігіттерге айтыпты. Жігіттер барып, патшаға айтқан екен Қожа келмеймін дейді, маған май берсін деп, айтып жібереді, – деді. Патша айтты:
– Бір бөтелкеге сиіп, толтырып, Қожаға алып бара беріңдер. Оның май емес
екенін білген соң Қожа ашуланып, өзі келеді, онан соң тісімді қаратып алайын, – деді. Жігіттер бөтелкеге сиіп, Қожаға алып барып, беріпті. Алып барған жерінен танып, Қожа біліп, сыр бермей, қала беріпті. Екінші күн:
– Қожаны шақырып кел, келмеді ғой, келмесе, байлап алып келіңдер, – деп,
патша жігіт жұмсады. Қожа адамның кепкен бір тезегін бір шүберекке таңып алып, дайын болып отыр екен. Жігіттер келіп, Қожаны ертіп, патшаға барыпты. Патша қол қусырып:
– Қожеке, неге кеше келмедіңіз? Кешелі бері тісім ауырып, көрмеген қорлық көрдім. Маған бір дәрі-барыңыз болса, берсеңіз екен. Не дүние болса, мен сізге берер едім, – деді.
Қожа сонда бағанағы тезекті бір шүберекке орап, патшаға береді.
– Мынаны аузыңызға салып, әрі жұтпай, тісіңізге басыңыз, – деді. Патша тісіне басып:
– Иә, Қожа, бұл не деген сасық дәрі, мұны қайдан алдыңыз? – деп, Қожа жауап береді:
– Патша кеше маған бір бөтелке май беріпсіз ғой, сол майдың күнжарысы ғой, – деді.
Патша орнынан қарғып тұрып, ауыздарын шайып:
– Қожа саған амал жоқ, бірақ жұртқа жайып, мені масқара қылма. Мен саған бір кебіс берейін, – деп, артық бағалы бір кебіс Қожаға беріп, үйден шығарыпты. Кебісті аяғына киіп алып, көшеде келе жатса, алдынан екі қарақшы шығып, екеуі ақылдасып, «Қожаның аяғындағы кебісті қолға қайтіп түсіреміз? Біздің қолға тисе, бірталай дүниеге сатып, қарық болып қалар едік-ау», – деп, бұлар арман қылды. Қожаның артына түсіп, бірнеше күн әуре болды. Кебісті ыңғайын тауып, ала алмады. Ақыры, шаршап, екі жігіт бір биік ағаштың түбіне Қожаны алып, ертіп келіп, Қожаны алдамақ болып:
– Қожеке, сіз мына бақтың басындағы құстың балапанын алып түссеңіз, біз сізге ақша берер едік, – деп алдап, кебісті тастап, баққа шыққанда кебісті алып қашалық, – деген ақылмен мұны ойлапты.
Қожа сонда:
– Мақұл, құстың балапанын алып берейін, – деп, баққа жармасты. Кебісті тастамады.
– Қожеке, кебісті тастап, қайта түскенде киесіз ғой, тастаңыз, – деді.
Қожа жауап беріп:
– Неге тастаймын, осы жерге келіп жүремін бе? Бұл шықса, содан әрі кете бермеймін бе? – деді. Жігіттер дымы құрып: –Мұны қалай қыламыз, бұл кебісті кәйтіп қолға түсіреміз, – деп, бұлар көп кеңесіп, ақырында, «Мұның үйіне түнде ұрлыққа баралық. Ұйықтап жатқан жерінен мұның кебісін және үй дүниесін алып кетейік», – деп ақылдасып, түнде Қожа ұйықтап жатқан жерінен екі жігіт ұрлыққа кірді. Қожа сезіп, тыныш жатты. Кебісті және үй дүниесін алып, екі жігіт жүріп кетті.
Артынан Қожа өзінің төсек-орнын, қазан-ошағын алып, жігіттердің артынан жүріп береді. Жігіттер бір үйге келіп, кіріп, жаңа отырғанда Қожа да кіріп келді. Жігіттер есі шығып:
– Қожеке, бұл қалай? – депті. Қожа жауап беріп:
– Біз осында көшіп келмедік пе? – деді. Жігіттер сасып, не қыларын біле алмай:
– Қожеке, бізден айып өтті, кеш. Дүниеңізді үйіңізге алып барып берейік, – деді. Қайта көшіп, үйіне алып келіп, қойды.
***
Қожа бір күні базардан екі келі ет алып, қолына ұстап келе жатса, бір қарақұс құйылып келіп, Қожаның қолындағы етті іліп, алып кетіпті. Қожа не қыларын білмей сасып, бір қалқа жерге барып отырыпты. Және басқа адам ет алып келе жатса, Қожа бағанағы құс құсап, әлгі адамның қолындағы етті жұлып алып, қаша береді. Кісі артынан қуып:
– Қожеке, бұл қалай, мұныңыз зорлық па? Етті беріңіз, – десе, Қожа:
– Бұл жердің ырымы осындай екен. Қарақұстан менің етімді алып бер, мен де саған беремін, болмаса, жолыңнан қалма, – дейді.
***
Қожа бір күн мешітте намаз оқып, көп кісілермен қатарға тұрып, еңкейе бергенде, Қожаның артындағы бір жігіт қалжың қылып, құйрығына түртіп қойыпты. Қожа мұны көріп, алдындағы имамның Қожа құйрығына түртіп жіберіпті. Қожа қайратты кісі болса керек, молда сүрініп-жығылып, намаз бұзылып, Қожаға қарап:
– Мұның қалай? Мұныңыз кісілік пе? – депті.
Қожа жауап беріп:
– Молдеке, маған айтпаңыз, менің артымдағы жігіттен сұраңыз, мені бұл түрткен соң мен де сізді түртіп едім. Бұл жердің рәсімі осындай екен деп ойлап қалдым, – деп Қожа жауап берді.
***
Қожа бір күні бір мешітке кіріп келіп:
– Жасаған Құдай маған мың алтын беріп, мың алтыннан бір алтын кем болса, алмаймын. Беретін болсаң, мың алтын бер, – деп, мінәжат қылып, зарлай береді.
Бір үлкен бай мұның зарлап тұрғанын көріп:
– Анық әулие ме екен, жоқ, кәйтер екен, бұған мың алтыннан үш алтынын кем қылып, сынап көрейін, есіктен шығарда қайтып алармын, мұны бір сынайын, – деп, тоғыз дүз тоқсан жеті алтынды тастап жіберіп, қарап тұрды. Қожа жан-жағына қарап, ешкім көрінбеген соң дереу алтынды алып, санап тұрып еді, қараса, үш алтын кем. Қожа алтынды жерге қойып:
– Ай, Құдай, мен саған мың алтын деп едім ғой, енді не, үш алтынға ақшаң жетпей қалды ма, алмаймын мұныңды, берсең, түгел бер, – деп өкпелеп отырды, әрі-бері отырыпты, үш алтын келетін болмады, сонда Қожа:
– Ойбай, мен есімнен жаңылған екенмін, мен мұны ойламаппын ғой, Құдай мұның үш алтынды кем қылмақ себебін мына сыртындағы дорбаны үш алтынға бағалаған екен ғой, бұл дұрыс екен, мұны алайын, – деп, жанқалтаға салып алып, жүріп кетті. Есіктен шыға бергенде бай жармасып:
– Қожа, алтынды тастаңыз, бұл – алтын менікі, сізді сынамаққа сіз жылап жатқасын, сынайын деп тастап едім. Алтынды беріп кетіңіз, – деді.
Қожа қайырылып қарап:
– Неткен ақымақсың, мен сенен бұл алғаным жоқ. Мен Құдайдан сұрап едім, – деді. Бай артынан қалмай, жабыса берді. Байды итеріп тастап, жүріп кетті. Қараса, байға теңдік беретін емес. Жағаласайын десе, әлі келетін емес. Бай сасқанынан қазыға барып, арыз қылды.
– Менің мың алтынымды Қожа алып кетті. Қалжың қылып, ойнап тастап едім. Ол Құдайдан алдым деп, маған теңдік беретін емес. Сол пұлды сіз бірдеме қылып, өндірмесеңіз, болмас болды, – деді.
Қазы айтты:
– Қожаны шабар жібергенмен келмейді, ол бір тентек кісі, өзің амалдап, Қожаны ертіп кел, онан соң сұрармыз, – деді. Бай сонда Қожаға келді.
– Қожа, сіз қазының алдына барып, жауап беріңіз, екеуміздің дауымызды қазы шешеді. Соған жүріңіз, – деді. Қожа жауап беріп:
– Мақұл, қазыға барайын, бірақ менің киімім жыртық, астымда ат жоқ. Қазыға барғанда маған ұят болады, бір ат, бір тон тап, соны киіп барайын. Дауымыз біткен соң ат, киіміңді аларсың. Уақытша маған аусын, – деді. Бай сонда жүретін болмаған соң Қожаға бір ат мінгізіп, бір тон кигізіп, алдап, қазыға ертіп барды. Барған соң қазы жауап сұрап:
– Қожеке, сіз мына кісінің алтынына зорлық қылмаңыз, алтын мұныкі екен, қайтарып беріңіз, – деді.
Қожа жауап беріп:
– Тақсыр, қазы, мен мұның қолынан алтын алғаным жоқ. Бұл бір жалагөр адам екен. Бұл бай әуелі аздан соң астыңдағы ат та, үстіңдегі тон да мендік деп жала қылар. Бұл зорлықшы адам екен, – деді.
Бай ойбай салып, астыңдағы ат пен үстіңдегі тон мендік емей, кімдік? Нағылған Қожасың? – дейді. Қожа сонда қазыға қарап:
– Көрдің бе, мынаның жалақорын, тон мен атты мендік деп отырғанын қарашы, – деп, орнынан қарғып тұрып, есіктен шығып, жүре берді. Қазы сонда байға қарап:
– Ақымақ адам екенсің, алдыңғы бұлыңды алмай жатып, оған ат-тон бермегің де бар екен алтынменен.
Қожадан кеткен дүниең болды.
– Бұл дүние түгіл ақыретте де саған Қожа теңдік бермейді, – деді.
***
Бір күні Қожа бір мешіттің мұнарасына шығып отырыпты. Мешіт алдында бес-алты молда шариғат сөйлеп отырып, бір адам бір молдадан сұрапты.
– Тақсыр, бұл арықтағы суды біреу былғаса, аяқ жағындағы ел ішуге бола ма? – депті.
Молда жауап беріп:
– Басында біреу былғаса, ол су жеті домаласа, шариғат үкімі де адал болады, – депті.
Қожа мұнараның басында отырып, төмен молдаларға қарай шаптырып жіберіпті. Қараса, бір адам мұнараның басында тұр, көк жауды ма деп қараса, ашық.
– Мына қызталақ шаптырып жіберген екен, – деп, мұнарадан қуып, жерге түсіріпті. Қожаны молдалар танымайды. Қожаға қарап:
– Қызталақ, жындымысың? Біз сенің қол-аяғыңды байлап, өзіңе таяқ береміз, – деп қуып, Қожаны жабылып, ұстап алады.
– Атың кім? Сен қайдан келдің? – деп, Қожаны ортаға алып, ұрып, «Атың кім?» – деп сұрапты. Қожа молдаларға айтыпты:
– Атым – Құдай, – депті. Молдалар бұл сөзге шамданып: – Бұл анық дінсіз екен, мұны ұрыңдар, қол-аяғын байлаңдар, – деп, қол-аяғын байлап алып, патшасының алдына алып барып:
– Тақсыр, патша, мына қызталақ біздің кітабымызға сиіп жіберді. Оның бер жағында «Атым – Құдай», – дейді. Бұл шариғат үкімінде мұндай адамды шауып, өлтіріп тастау керек, – дейді.
Патша сұрап: – Неге бүйттің, неге кітабына сиесің, неге «атым – Құдай» дейсің, неткен адамсың, жауап бер, – деді.
Сонда Қожа:
– Тақсыр, тоқтаңыз. Мен мұнараның басында отырғаным рас. Бірақ молдалар су арам болса, жеті домаласа, адал болады десті. Өздерінің айтуы жалған болмаса, мен сиіп жібердім, сигім келіп, бірақ менің сідігім жеті түгіл, жетпіс домалап түсті ғой. Шариғат дұрыс болса, менің сідігім адал болғаны ғой.
Екінші, бұл молдалардың бәрі бұзық екен. Мені ұстап алып, жан-жағымнан талаған иттей есімді шығарды. «Атым менің Құдайберген», – деп, «Құдайын» айтып, «бергенін» айтқанша қол-аяғымды байлап, сіздің алдыңызға алып келді, – деді.
Патша күліп, молдалардан босатып жіберді.
***
Қожанасыр бір күні базарға келсе, бір үлкен адам бойы айна тұр екен. Қасына келсе, айнаның ішінен өзі көрініпті. Дереу әйеліне келіп:
– Ай, жолдасым, Қожанасыр біреу емес екен, екеу екен. Кәдімгі мен сияқты тағы біреу бар екен. Мен бір жаққа кеткенде, мұнда сен қойныңа мен екен деп, алып қойма, – депті.
Әйел айтыпты:
– Не сөйлеп тұрсың? Менің көзім жоқ па? – депті. Қожанасыр айтыпты:
– Ойбай, жүрші, екеумізді салыстырып көр, – деп, әйелін ертіп келсе, әйел айтыпты ғой:
– Бұл айна ғой. Міне, мен де тұрмын ар жағында, – депті.
Қожа ойлапты:
– Ойбай, ананы мен сияқты екен десем, сен сияқты оның да әйелі бар екен ғой, ол сені құртса, оның әйелін мен құртармын, – депті.
Қожанасыр бір күні жас баласын алдына алып отырса, Қожанасырдың алдына сиіп қойыпты. Дереу Қожанасыр баласын жерге отырғызып, баланың алдына Қожанасыр сиіп жіберіпті. Әйелі айтыпты:
– Қожанасыр, мұның қалай? Бұл – бала, сіздікі не, ұят емес пе? – десе, Қожанасыр айтыпты.
– Бұл маған сигенде, мен осыдан жеңілемін бе, мен де сидім. Бұл неге ұялмайды, мен неге ұяламын? – депті.
***
Қожанасыр бір күні есекке мініп, қоржын артып келе жатса, есек бүлдіріпті. Дереу есектен түсіп, киім-кешегін шешіп, есектің үстіндегі қоржын жібін алып, барлығын бір тең қылып, өзі жотасына көтеріліп, есектің үстіне мініп алыпты.
Есек тағы жүрмепті.
– Қызталақ, киім-кешек, қоржын – барлық ауыр жүкті мен көтергенде, мені сен көтере алмайсың ба? – депті.
***
Қожанасыр бір күні базарға барса, ел мал сатып жатыр. Сатқан малдарын өте мақтап жатқанын көріп, ойлапты.
Қожаның үш қызы бар екен, үшеуі де бойжеткен екен. Ешкім Қожадан батып, қызын айттырмаған екен. Қожа «менің қызымды ешкім алмады. Мұнысы несі?» – деп жүреді екен. Жаңағы базарда сатқан малдарды көріп, әр нәрсені мақтамаса, алатын емес екен ғой деп, Қожанасыр жиылған елге қарап:
– Ай, жұрт, мен де үш қыз бар, үшеуі де сұлу, үшеуі де семіз, өздері сүтті, кең қолтық әдемі қыздар алатындарың болса, алыңдар, – депті. Жұрт батпай жүр екен, үшеуін үш адам алыпты да қойыпты.
***
Бір күні Қожанасырға әйелі базардан бір сиыр сатып алып кел десе, базардан бір бұқа сатып алып келіпті. Әйелі айтыпты:
– Мұныңыз бұқа ғой, – десе,
– Бұқа болса да, балаға сүт болсын, – депті.

Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Ілмектер: ертегі Қожанасырдан сөз туралы сатиралық ертегілер, сатиралық ертегілер текст, ертеги Кожанасырдан соз туралы сатиралык ертегилер, Қожанасырдан сөз