Баспаналы болуға көмектескен кәсіпкер

Жерде жетім жыласа, көкте періште күңірінеді. Қазіргі кезде ата-ана қамқорлығынан айырылған балаларға көмектесетін жомарт жандар көп. Олар республикамыздың түкпір-түкпірінде және әрдайым көмектесіп келеді. Сондай жомарт жүректі, мейірімді жандар деп Ибрагим Сәрсенбаев, Хамит Өтеуұлы мен Боран Ермахановты айтуымызға болады. Олар Ақтөбе облысы, Ырғыз ауданындағы жетім балаларды қамқорлығына алып, баспаналы болуына көмектескен ауыл....

Шығармалар
Толық

Табиғат

Қасқанасы қылтылдап, көз қарасы жылтылдап. Ұзын - ұзын ұз келер, ұзын бойлы қыз келер
Ағынды су

Орақ болып туады, табақ болып тынады
Ай

Бейнесі суда дірілдейді, қармаққа бірақ ілінбейді
Ай

Жұмбақтар жауабымен
Толық

Әртүрлі географиялық ендіктегі аспан шырақтарының көрнектілік қозғалысы, жергілікті, белдеулік және бүкіләлемдік уақыт (Физика, 9 сынып, I тоқсан)

Пән: Физика
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Астрономия негіздері
Сабақ тақырыбы: Әртүрлі географиялық ендіктегі аспан шырақтарының көрнектілік қозғалысы, жергілікті, белдеулік және бүкіләлемдік уақыт
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): Әртүрлі географиялық ендіктегі аспан шырақтарының көрнектілік қозғалысы,жергілікті,белдеулік және бүкіләлемдік уақыт
Сабақ мақсаттары: Оқушылар білуі тиіс:
• Шырақтардың шарықтауыдың не екеннін білу
• географиялық ендікті анықтау
• жергілікті,белдеулік және бүкіләлемдік уақытты білу........
ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ - Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар
Толық

Дұха (сәске) намазы

Бұл намаздың сауабы мол. Дұха қазақ тіліндегі сәске сөзімен мағыналас. Яғни сәске уақытында оқылатын намаз дегенді білдіреді. Сахих кітаптарында Әбу Һурайрадан (р.а.) мынадай хабар жеткен: «Сүйікті досым (Расулалла (с.а.с.) үш нәрсені өсиет етті: әрбір айда үш күннен ораза тұту, дұханын екі рәкаты, ұйықтауға үтірді оқып....
Кеңестер
Толық

Духа намазы қалай оқылады? Духа намазының маңыздылығы қандай?

Сұрақ: Духа намазының маңыздылығы қандай, қай кезде оқылады?

Жауап: Дінімізде күннің астыңғы шетінің сыртқы (көрінетін) горизонт сызығынан бір найза бойы көтерілген және күннің тұнық (таза, ашық) аспанда тікелей көзбен қарай алмайтындай дәрежеде жарқыраған кезі Духа уақыты немесе Ишрақ (сәске) уақыты деп аталады. Духа уақтында күннің центрінің шынайы горизонттан биіктігі....
Кеңестер
Толық

Тәуелсіздік-бұл жырдың алдаспаны

Тәуелсізбін! Бар ма мұң?
Тәйелі болсын талғамым!
Өркені өссін қазақтың –
Осы- менің арманым!
Н.Ә.Назарбаев
Қазақ елі, қазақ жері қашанда өз тарихын – өзі жазған көреген халықтардың бірі де, бірегейі. Тасқа қашап жазарлықтай тарих қазақ жерін ешқашан айналып өткен емес. Қазақтың басына бақ біткені, осыдан аттай 25 жыл бұрын еліміз өз алдына дербес ел атанып, өзге елдермен терезесі тең, керегесі кең болған күн еді. Осындай бақ исі қазақтың маңдайына біткен күні еңкейген қарт пен еңбектеген баланың да қуанышында шек болмаған. Бұл күні кеудеде «қазақ» деп соққан жүректердің бұлқынған күн, тамырдағы қан бойға сыймай тулаған күн. Елімізде бұл қуаныштың болғанын шет елдерде қуана құптаған. Еліміз егемендік алғаннан кейін өзінің тұңғыш Елбасын ақ киізге отырғызып хан сайлады. Сөйтіп, қазақ перзенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев қазақ елінің президенті болып сайланды. Қазақ елінің болашағын өз қолына алып, барша қазақ жерінің ертеңі үшін жанын құрбан ететін Нұрсұлтандай асыл тұлға бізге керек еді.Үш жүздің басын біріктірген Абылайдай болған Нұр аға күні бүгін ел бірлігінің мызғымас тірегіне айналды.Ол өзінің барлық өмірін осы елмен байланыстырды.Өзінің барлық күш-жігерін осы елді дамытуға сарп етті. Еліміз дербестік алғаннан кейін өзінің рәміздерін дүниеге әкелді. Төл теңгесі де дүниеге келіп, қолданысқа енді. Сол күндерден бастап Тәуелсіз еліміз қарыштап дамып, кеңге құлаш жайды......
Шығармалар
Толық

Бейбітшілік нұры тұнған көк аспан

Пай! ПАй! Пай! Киелі неткен жер!
Батырлар дүрілдеп өткен жер.
Тұлпарлар дүбірлеп төккен тер.
Ғашықтар бір-бірін өпкен жер.
Сарылып сал-сері кеткен жер.
Бас иіп, иіскеп топырағын,
Тағзым жасамай өтпеңдер!
М.Мақатаев
Қазақстан – Алтайдан Атырауға, Қаратаудан Көкшеге созылып жатқан қазақ халқының ата-баба мекені, ежелгі қонысы, ата-бабамыздың кіндігі кесілген кең байтақ жер.
Жазира жерді мекендеген ата-бабамыз басынан қиын-қыстау күндерді аз кешірген жоқ. Жаугершілік замандарда қаншама батыр ұлдарынан айырылып, ұлы –құл, қызы – күң болып кетпесін деп, елін, жерін сақтап қалу жолында қаншама тер төкті. Ер басына күн туса етегімен су кешуге даяр ерлер ұлтарақтай жері үшін қасықтай қаны қалғанша аянып қалмады. Соның барлығы да жері, елі, ұрпағы үшін күресіп, жер жастанғандар. «Ер ел үшін туып, ел үшін өледі» деген мақал осыдан қалса керек. Тәуелсіздік жолында шейіт болған батырларын еліміз ұмытпай, тағзым етеміз.
Айдынды көлдер, асқарлы таулар, күні от шашқан шөлдер, арналы өзендер, ну ормандар, сылдырлаған бұлақтар Қазақстан жерінде. Даласы дархан, топырағы қасиетті, қойнауы қазыналы еліміз жерінің кеңдігімен, байлығымен мақтана алады.
Міне, ежелден еркіндік аңсаған қазақ халқы тәуелсіздігінің жиырма бес жылдығына табалдырық басты......
Шығармалар
Толық