Журналистика | Атырау газетіндегі патриоттық тәрбие мәселесі

Диплом жұмысының жалпы сипаттамасы: Бүгінгі БАҚ-да әсіресе, мерзімді баспасөзде патриоттық тәрбиенің алар орны ерекше. Тәуелсіздік алғаннан кейінгі аса маңызды мемлекеттік істердің ең бастысы - халықтың өз Отанына деген патриоттық сезімін оятатын тетіктерді іске қосу болса, біздің міндетіміз қазақстандық патриотизмді орнықтыруға, әрі қарай дамыта түсуге, яғни жастардың осындай сезімін күшейтіп, сол арқылы кез-келген азамат пен азаматшаны өз ұлтын, тілін, ділін, дінін сүюге бағыттау. Оларға патриоттық тәрбиені насихаттап, сол жолмен жүруге итермелеу. Бұл азаттыққа қол жеткізгеннен кейін елдің ел болуының, дербес мемлекеттің мемлекет болуының ең негізгі қозғаушы күші болуға тиісті мәселе. Яғни, қазақстандық патриотизмді орнықтыруды мемлекет тарапынан қапысыз қадағалау, түптеп келгенде, дербестікті нығайта түсудің және кемел қоғамдық қатынастар қалыптастырудың бірден-бір кепілі болып табылады. Мұның ақиқат шындық екеніне ешкім шәк келтірмеуге тиіс.
Сондай-ақ, оларды тәрбиелеудегі маңызды рөл атқаратын нәрсе - ол өз еліміздегі патриоттық, яғни қазақстандық патриотизмнің өркендеу, даму тұсы. «Атырау» облыстық қоғамдық-саяси газеті де өз кезегінде жастарды отансүйгіштікке тәрбилеу, тарихи тұлғалар арқылы үлгі-өнеге насихат жүргізу бағытындағы шығармашылық ізденістері көңілге қонымды. Расын айту керек, «Атырау» газетінің көтеретін жүгі салмақты, тақырыптары сан алуан. Әсіресе, «Заң және заман», «Атамекен», «Талбесік», «Ғибрат», «Бірінші байлық», «Ақжаулық», «Сымбат», «Күміс қоңырау», «Сыр қайнар», «Сұраңыз, жауап береміз» сияқты арнаулы беттер оқырмандарын бей- жай қалдырмайды. Әр оқырман ең алдымен өзіне, қызметіне қатысты мақалаларды іздейтіні даусыз. Осы ретте газетте оқырман сұраныстарының барлығы да қамтылады десек артық айтпаған болармыз. ....
Дипломдық жұмыстар
Толық

Экономика | АЛТЫН ЖІП АҚ НЫҢ ШАРУАШЫЛЫҚ ҚЫЗЫМЕТІ МЕН БАНКРОТТЫҚ МҮМКІНДІГІНЕ АНАЛИЗ

Қазақстан Республикасы кәсіпорындарында соңғы жылдары еліміздің экономикалық нарықтық қатынастарға өтуіне байланысты түбегейлі өзгерістер орын алуда.Нарықтық экономикаға өту біздің қаржы саясаты үшін кәспорынның банкроттығы ұғымының пайда болуына екелді. Тұрақсыз экономикалық даму, жоғарғы инфляция, салық саясатының тұрақсыздығы, саяси тұрақсыздық, кәсіпорын менеджерлері біліктілігінің жеткіліксіздігі жағдайында банкроттықтың мәні артады. Банкроттық банкроттықтық жағдай және оны жою үшін қаржылық басқарудың арнайы әдістері қажет.
Қазіргі уақытта кез келген кәсіпорынның шаруашылық субъектісі ретінде құқық жағдайларын едәуір нығайтып, олардың көптеген өндірістік және қаржылық мәселелерді өз бетінше шешуіне мол мүмкіншілік ашты. Атап айтқанда, ішкі және сыртқы рынокта билікті серіктерін таңдауға қол жетті, өйткені болашақтағы бірлескен іс-әрекеттің тиімділігі көбінесе осыған байланысты болды.....
Курстық жұмыстар
Толық

Қазақ әдебиеті | Қ. Жұмалиев және Махамбеттану мәселелері

Кіріспе
Диплом жұмысының өзектілігі:
Қазақ әдебиетінің көрнекті өкілдерінің бірі, академик-жазушы, алыптар тобының сардары Ғ.Мүсіреповтің «Ұлпан» романы жарық көрген тұста оқырман қауымның ыстық ықыласына ие болып, әдеби сында да жоғары бағаланды. «Ұлпан» романының ерекшелігі оның басты кейіпкерлерінің тарихта болған тұлғалар екендігінде. Жазушының «40 жыл бойына» көңілінде пісіп-жетіліп, толыққан бейне − Ұлпан бейнесі. Бұл шығарма идеялық-көркемдік тұрғысынан ерекшеленетін туынды. Біз жұмысты жазу барысында шығарманың осындай ерекшеліктерін қарастырумен қатар оның жазылу тарихын, басты тұлғалар мен олардың түптұлғаларының тарихтағы орнын сараладық.
Диплом жұмысының мақсаты мен міндеттері:
1.Ғ.Мүсіреповтің шығармашылығына жалпы шолу жасау;
2."Ұлпан" романының жазылу тарихына тоқталу;
3.Кейіпкерлер мен түптұлғалардың арақатынасы, өмір шындығы мен көркемдік шындықтың байланысы;
4.Автордың тұлғасын сомдауы мен характерін ашудағы шеберлігін пайымдау;
5."Ұлпан" романы туралы бұрын-соңды жазылған сыни мақалалар мен еңбектерге сүйене отырып, өзіндік ой-пікір қорытындысын шығару, пікір қалыптастыруға тырысу;
Жұмыстың теориялық және әдістемелік негіздері:
Диплом жұмысын жазу барысында қазақ әдебиеттану ғылымындағы орныққан теориялық тұжырымдар мен қағидалар негізімен басшылыққа алынды. Сонымен бірге талдау, жинақтау және салыстыру әдістері қолданылды. Жұмыстың негізгі теориялық тұжырымдары мен түйіндерін қорытуда қазақ ғалымдары С.Мұқанов, З.Қабдолов, Т.Кәкішұлы, Ж.Ысмағұлов, Ш.Беркімбаева, М.Бекбергенов, Ә.Нарымбетов сынды
әдебиеттанушыларының теориялық зерттеу еңбектері, сын-мақалалары мен пікірлері басшылыққа алынды. Бұларға қоса әр жылдарда баспасөз бетінде жарияланған Ғ.Мүсірепов туралы түрлі мақалалар да пайдаланылды.
Диплом жұмысының құрылымы:
Жалпы жұмыс кіріспеден, негізгі бөлім мен қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
Белгілі қаламгер, көркем сөздің зергері Ғабит Махмұтұлы Мүсіреповтің қазақ әдебиеті тарихында алатын орны ерекше. Оның шығармашылығы келелі де мазмұнды әдеби қорымызды байыта түскен әдебиетіміздің қазынасына қосылды. Шеберлік шыңына Ғ.Мүсірепов бүкіл қазақ әдебиетінің өрге ұмтылған үлкен керуенімен бірге адымдай отырып, көптеген жетістіктерге жетті. Туған әдебиетімен бірге түлеген жазушы шығармалары өмір шындығымен, замандастың даңқты істерімен тыныстаған. Ол бүкіл қазақ әдебиетімен бірге қанаттанып, қияға бірге құлаш ұрды. Шағын әңгіме, новелладан бастап, салалы роман мен кесек драмаға дейін жазушы жүріп өткен үлкен жол − алғашқы шағын әңгімелерден көп томдық эпопеяға, фольклорлық эпостан XX ғасырдың биік өнеріне шырқап шыққан қазақ әдебиеті дамуының бір дерегі мен дәлелі. Ғ.Мүсірепов шығармашылығы қазақ әдебиетінің профессионалдық биік дәрежесіне, кең құлашына, философиялық тереңдігіне, байтақ өрісіне, қоғамдық зор маңызына айқын айғақ. Туған әдебиетіміздің осынау гүлдену, өсу жолында, оның әрбір кезең, белестерінде Ғ.Мүсіреповтің сіңірген еңбегі айрықша.
Ұлттық жаңа әдебиеттің қалыптасуында белгілі роль атқарған Ғ.Мүсірепов әңгімелері мен пъесалары, романдары мен повестері халық өмірінің елеулі кезеңдерін қазақ қоғамындағы әлеуметтік өзектерді, қазақ кедейлерінің мінез-құлқындағы құбылыстарды, ұлт болып қайта туу, жаңғырып, жасару жолымызды бейнелейді.Оның шығармалары белгілі бір оқиғаның жалаң суреті ғана емес, ірі дарын иесінің халық тағдыры, адам жайлы толғаныстары деп білеміз....
Дипломдық жұмыстар
Толық

Қазақ тілі | Паралингвистика саласының вербалды және бейвербалды қарым-қатынас

КІРІСПЕ
Сөйлеу- адам баласына тән ерекше құбылыс екендігі белгілі. Ал осы сөйлеу тілін, яғни вербалды амалдарды толықтырып, өзінше нәр беріп тұратын, қарым – қатынас кезінде өте көп ақпарат беретін бейвербалды амалдар болады. Осы бейвербалды қатынас амалдарын зерттейтін лингвистиканың жаңа саласы паралингвистика болып табылады. Пралингвистика гректің «para» -«қасындағы», «маңындағы» деген мағынаны білдіреді. Паралингвистика коммуникацияның бейвербалды құралдарының жиынтығы. Ол айтылған хабарға ілесе информацияның белгілі көлемін, ауқымын білдіреді /1,162/. Қазіргі қазақ тіл білімінде тілдік емес қарым-қатынасты зерттейтін паралингвистиканың қалыптасып, дамуы-арнайы сөз етуді қажет ететін маңызды мәселе. Тіл ғылымының бұл саласы адамдар арасындағы қарым- қатынастың бейвербалды түрін қамтиды.
Қарым- қатынастың бір түрі- бейвербалды амалдарды ғылыми тұрғыдан қарастыру соңғы жылдары қолға алынды. Бұл бағыттағы ғылыми еңбектер тілдік емес қарым- қатынастың әр түрлі қырларын сипаттайды.
Бейвербалды амалдардың қолданылу ерекшеліктері, білдіретін мағыналары, олардың ұлт мәдениетімен, салт-дәстүрімен, әдет-ғұрпымен, ұлттық-мәдени ерекшеліктерімен байланысы қазақ тіл білімінде жан-жақты талданып, жүйеленген деп айту қиын. Қарым-қатынастың бейвербалды түрін, оның жасалу жолдары мен қарым-қатынастағы табиғатын ашып көрсету, көркем әдебиеттегі көрінісі мен алатын орнын талдап, жүйелеу жаңа ғылыми бағыттарды терең түсінуге ықпал етеді.
Бейвербалды амалдарды өз орнымен қолдану, шығарманың танымдық мәнін күшейтіп, әсерлілігін арттыра түсетіндіктен, бұл мәселені зерттеу тілдік және тілдік емес қатынастарды түсінуге, меңгеруге мүмкіндік береді. Сондықтан, бүгінгі таңда тіл білімі саласында қарым-қатынас барысында қолданылатын бейвербалды амалдардың өзіндік ерекшеліктерін қарастыру, оның көркем әдебиеттегі мәні мен мазмұнын ғылыми тұрғыдан зерттеу өзекті мәселелердің бірі болып отыр.
Диплом жұмысының теориялық маңызы. Диплом жұмысы паралингвистика саласының вербалды және бейвербалды қарым-қатынас мәселесінің теориялық негіздерін дамытуға септігін тигізеді.
Диплом жұмысының практикалың мәні. Диплом жұмысының материалдары мен нәтижелерін паралингвистика саласына қатысты сөздік құрастыруда пайдалануға болады.
Диплом жұмысының жаңалығы. Зерттеу нысаны бойынша келесі мәселелер шешімін тапты:
- бейвербалды амалдар қазақ халқының салт-дәстүрі, әдет-ғұрпының ажырамас бөлігі екендігі көрсетіліп, жазушылар шығармаларындағы қарым-қатынастың бейвербалды түрінің халықтың рухани мәдениетімен (салт-дәстүрі, әдет-ғұрпы) байланысы дәлелденді;
- жазушылыр шығармаларындағы ым –ишараттар қолданылу ерекшеліктеріне қарай топтастырылды;
- шығармалардағы синоним мәнді, омоним мәнді ым-ишараттар қатары анықталып, білдіретін мән-мағынасы көрсетілді.
Диплом жұмысының дерекнамалары. Диплом жұмысының дерекнамалары ретінде қазақ жазушыларының шығармаларынан кинемалар жинақталды, сөздіктер, анкета материалдары пайдаланылды.....
Дипломдық жұмыстар
Толық

Қазақ әдебиеті | Серік Қалиевтің шығармашылығы

Кіріспе
Тақырыптың өзектілігі: Жамбыл облысы қай кездерден – ақ өнерге бай өлке. Арыға бармағанның өзінде кешегі жыр алыбы Жамбылдың кіндік қаны тамған, кең алқабын Кенендер әнмен тербеткен, Қылышбай қылыш тілмен өлең өрген, Сауытбек Ақбөпесін «аңсап» өткен өңірде жырдың бесігі тербелмей қалған күн болған емес. Өнердің жасаушысы халық болғандықтан елдің іші қашан да кемел дарындардан кенде емес. Әр кезең өз тұлғасын тудырады, әр өнер иесі өз заманының жемісі.
Бүгінде тамырын тереңге жайған текті Тараздың өнер өлкесіндегі тегеуірінді дарындардың бірі – ақын Серік Мақұлбекұлы Қалиев. Есімі Республика жұртшылығына кеңінен таралып үлгерген осы жерлесіміздің шығармашылығы бүгінде құнарлы топыраққа түскен дәндей тереңнен нәр алып, жапырағын кеңге жайып жайқалған бәйтеректей кемелденіп, жыл санап толыға, молыға түсті. Ақын осы күндері ірілі – ұсақты жеті – сегізге тарта кітаптардың авторы. “Шын мәніндегі өлең қандай болу керек?” деген сұраққа Серіктің жырлары толықтай жауап бере алады. Қазіргі күн поэзиясында өзіндік орны бар, қолтаңбасы қалыптасқан, ешкімге еліктемейтін, көкейінде тұрған, санасына тұнған ойды өзінше қорытып, өзіне ғана нақышты өрнектерімен оюлап бере алатын дара дарын. Ақынның мұндай дәрежеге жетуіне ізденімпаздықпен өткен ұзақ жылдар, шақша басты шарадай етердей жанға тыныштық бермеген шабытты шақтар, күрсінулер, қуанулар, жадыраулар, мұңайулар, бәрі – бәрі тиісті мөлшерде өз ықпалын тигізіп өткен еді. «Өлең деген тумайды жайшылықта, өлең деген тумайды қайшылықта» - деп Мұқағали ақын айтып кеткендей - өлең өмірдегі құбылыстардың сөзбен өрілген көркем суреті. Бүгінгі кезеңнің көркем әдебиетінің дамуына елеулі ықпал етіп, әдебиетке өз ерекшелігімен келген Серік шығармашылығы еленуге тұрарлық. Ешкім де тектен – текке еңбек етпесе керек. Қандай да бір бейнеттің түптің – түбінде берер зейнеті бар. Сол сияқты халық үшін атқарылған игі іс, халық үшін жазылған текті жыр ел алдынан ерте ме, кеш пе, әйтеуір бір бағасын алу керек. Басқа емес, арнайы Серік Қалиев шығармашылығын таңдауымыздың негізгі осыда жатыр.
Тақырыптың мақсаты мен міндеті: Тақырыптың мақсаты - наным – сенім жағынан «қырық пышақ» болып жатқан қазіргі қоғамдық ахуалға Серік ақынның шығармашылығын негізге ала отырып, сол арқылы жауап беру, шешімін таппай жатқан түрлі рухани мәселелерге қатысты ақын жүрегінің күйн сезіну. Өз ұғым – түсінігіміздің деңгейін ақынның көзқарасымен салыстыру. Діни тақырыптардан өзге де өлеңдеріне жаңа қырларынан талдаулар жасау.
Тақырыптың міндеті – жергілікті қаламгерлердің арасында да шашасына шаң жұқырмас жыр жүйріктері бар екенін, оның бірі диплом жұмысына арқау болғалы отырған Серік ақын екенін дәлелдеп беру. Сол арқылы ақынның әдебиеттегі өзіндік болмыс – тұлғасын даралау. Сан қатпардан құралған «шығармашылық еңбек» атты әлемнің көзге көріне бермейтін елеусіздеу тұстарын аттап өтіп кетпей, оның ой – қырына тиянақты түрде үңілу.
Шындығында поэзия қалай көрсең сол қалпында ғана қалып, астарлылық дегеннен ада сипатта көзге ұрып тұратын бір қалыпты дүние емес. Бұл туралы Үнді халқының даналығы: «Поэзия туралы пікір айту үш соқырдың піл туралы әңгімелесуі сияқты» - дейді. Сондықтан өлең атты ұлылықты тек өзіміз көрген, өзіміз түсінген тұстарынан ғана қарай салмай, ол туралы танымымызды тереңдете түсудің мәні зор. Өлең – тірі организм, онда да мінез болады. Оның да шама – шарқына қарай ғұмыр кешу кезеңі болады. Сүйегі нашар, бітімі жаман өлеңдер ұзақ жасай алмайды. Ал, поэзияның бар талабына жауп беруге лайқты, ойлы да терең, мәнді де мағыналы өлеңдер өмір барда адамзат баласымен мәңгі бірге жасаса береді.....
Дипломдық жұмыстар
Толық

Әліппе

 Қолыңдағы Әліппе,
Тола алтын әріпке
Ою, өрнек, гүл, нақыш,
Ұқсайды сән, көрікке..... 

Тақпақтар
Толық

Мұқағали атама арнау

Туылдың да тоғызында ақпанның.
Хан Тәңіріне жан сырыңды ақтардың.
Сұлулығы, суықтығы ақ қардың.
Ұқсайды ғой күлкісіне баланың.....
Тақпақтар
Толық

Ғабиден Қожахмет | Мұғалиманың ізі

Не болды, жаным?! Тағы да түсіңнен шошыдың ба?! Тағы да сол түсіңе қыздарың кірді ме?! Кішкене демалшы, жаным!

- Ұйықтай алмаймын, Берден! Ұйықтай алмаймын! Осы бір он үш қызды уайымдап ұйықтай алмаймын енді! Жүрші, аулаға шығып келейік! Жүрегім бір түрлі болып тұр, Берден!

***

- Міне, көрдің бе, жаным? Көше деген тым-тырыс қой.

- Сонда да көшені бір жағалап қайтайықшы, Берден!

- Жаным-ау, осылай күн сайын ұйықтамай көше жағалаймыз да жүреміз бе?!

- Ренжімеші енді, Берден!

- Жаным-ау, ол қыздарды несіне уайымдай бересің?! Жанында мамалары бар емес пе?
.....
Әңгімелер
Толық

Мұқағали Мақатаев шығармашылығындағы теңеулердің жасалу тәсілдерін оқытудың жолдары

Мұқағали поэзиясы- махаббат пен сенімнен тұрады.

Ол адамның ішкі рухы, тозбас қуаты.

Махаббат пен сенімге ерлік, жүректілік керек.

Мұқағалиды құдіретті ақын ететін де сол - ерлік.

(Ә.Тәжібаев)

Сөз патшасы – «өлеңнің» - өмір туралы сурет пен ой кестелеу мүмкіндігі шексіз. Кешегі Абайлар мен Қасымдардың жолын жалғастырған, болмысы бөлек, табиғаты терең, Мұқағали шығармашылығына оқырманның ықыласы қай кезде де ерекше. Ол құдіретті, ғажайып, ақиық, сыршыл ғасыр ақыны.Өз халқын жүрегімен қалтқысыз қалай сүйсе, халқы да оны шексіз сүйді, сүйеді. Мұқағали – лирик ақын. Адам жанының, табиғат жүрегінің жаршысы. .....
Әңгімелер
Толық

Құмарбек Қалиев | Айтайын дегенім

Күршім ауданы жұртшылығы үшін бүгінде үлкен мерекеге айналған айтулы шара –өмірден ерте озған дарынды сазгер жерлесіміз Оралхан Көшеровтің творчествосына арналған, екі жылда бір өтіп келе жатқан «Оралхан көктемі» атты ән конкурсы. Бастабында аудандық деңгейде өткенімен, келе-келе ұйымдастырушылар мен меценаттардың үлкен еңбектерінің арқасында алдымен облыстық, соңынан республикалық масштабтағы ән байқауларының біріне айнала бастаған «Оралхан көктеміне» биыл «фестиваль» мәртебесі беріліп, өз еліміздің әншілерінен басқа, Қытай, Ресей, Моңғолия үміткерлері қызығушылық танытып отырған сыңайлы.Артына елу шақты ән қалдырған, бергенінен берері көп шағында бақилық болған Оралхан марқұмның ән-ғұмыры осылай жалғасып келе жатқаны-оның тыңдармандары үшін көңілге медеу,қуаныш әкелсе, екінші жағынан талай әншінің бағын ашқан дүбірлі додаболғаны күршімдіктердің көңілінде орынды мақтаныш туғызады.Біздің көп ретте осындай игілікті іс қалай дүниеге келді, оның бастауына ықпал еткен кім, оны кімдер жүзеге асырды деген сұрақтарға енжар қарайтынымыз бар. Ал, шындығында, кешегі шаруа-бүгінгі тарих. Сонанда, ерен еңбектерімен ел есінде қалатын біртуар азаматтар жайлы кейінгі буынға жеткізіп отыру-ұрпақтар сабақтастығының бір парасы болар. Осы мақсатта «Оралхан көктеміне» қатысты өзім куә болған бір жәйтті әңгімелеп беруді жөн көрдім. .....
Әңгімелер
Толық