Мұқағали Мақатаев | Өзгермепті

...Оқытушы барлығын да білуі керек қой, әкем-ау, барлығын да

А.П. Чехов

Аңдып жүрген адамдай, дәл осы бір жайсыз көріністің үстінен шығармын ба...

Қалыңдығы бір елі көгілдір төртбұрышты әйнекке "Учительская" деп шебер жазылған есікті қағып тұрмын.

Есіктің ар жағында әлдекімнің дөрекілеу зекірген даусы естіледі.

— Сендер кім деп жүрсіңдер мені, хайуандар! Танытайын мен сендердің әк... — дей берді де, менің тықырымды естіген болуы керек, бір секунд кідіріп, үзіліс жасаған соң, сол арынымен: — Да! — деп қалып еді, құлағым шың ете түсті.

Есіктің кіреберіс оң жағында, кітаптар тұрған шкафқа арқасын бере екі оқушы тұр. Екеуі де маған жалт қарасып, қайтадан мойындары босап, салбырап қалды.

Иә еденге, иә омырауларындағы түймелеріне қарап тұрғаны белгісіз. Ал менің іздеп келген адамым осылардың қарсы алдында тұр екен. Піріне мініп алған. Ашулы реңін сәл-пәл өзгерткен боп, жымиғансып:

— О!.. Мұқыш! Келуіңмен! — деп, қолын беріп сәлемдесті. Оқушылармен оның оңаша отырғанын көріп, шыға тұрайын деген ишарат білдірдім.

— Отыр! Отыр! Мен қазір... Мыналармен... Бір минут... — деп, табуретканы ұсынды да:

— Түсір, ей, қолыңды! Мүләйімсуін қара малғұнның! — деп барып, саусақтарын уқалап тұрған оқушының қолын қағып жіберді. Жасықтау бала екен, көзін сығымдап- сығымдап қалып еді, көз жасы ытқып-ытқып кетті.

— Сабақта тыныш отырамысың енді?

— Отырамын, — деді оқушы кепкасымен көзін сүртіп.

— Бар, есіңде болсын! Ал сен тұр осылай бедірейіп. Өй, жалмауыз! — деп, екі жағынан тозаңы шыққан қайсар баланың иығынан бір жұлқып, бұрышқа тақаңқырап қойды. Қанша уақыт өткенін аңғармай да қалыппын. Әйтеуір, Әбен (оның аты осылай еді) қайсар оқушыға шүйіле бастағанда-ақ мен үстелдің үстінде тұрған глобусты әншейін айналдыра беріппін. Әбенім әлгі оқушының мойнының ұзындығын, мұрнының кішілігін, Мереке деп қойылған атының оған лайықсыз екенін, ақыры соңында әкесінің ауқаттылығын, соған Мерекенің мастанып жүргенін айта келіп: .....
Әңгімелер
Толық

Мұқағали Мақатаев | Марусяның тауы

Алматыдан ертеңгі сағат онда шыққан жолаушы таситын қарашы ГАЗ-51 машина Нарынқолға бет алып зулап келеді. "Көртоғайға кіре асфальт бітіп, тас жол басталды. Жүгінің жеңілдігінен бе, машина шоршақтай береді. Машинада бар болғаны төрт-ақ адамбыз. Екіқабат жап-жас орыс әйелі, екі студент, редакцияның шұғыл тапсырмасымен келе жатқан мен.

Қыс. Кегенге келсек, алай-дүлей боран екен. Асханаға біраз аялдап, сағат төрттің шамасында жүрмекші болдық.

— Баллоныңның бедері бітіпті, оның үстіне ебің де жоқ екен. Байқа, таксиші! Маруся бүгін ашулы, өшін алып жүрмесін. Аяғы ауыр әйел бар екен. Бірімізді біріміз сүйрелеп біз әзерге астық — деген шопырлардың ескертпесіне біздің шопырымыз құлақ аспады.

— Маруськамен бұрыннан таныспын, бірдеме ғып келісе жатармыз, — деп, ол жолға шықты.

Қар аралас боран ұйтқып тұр. Міне, "Марусяның тауы" деп аталатын жұмбақ асуға да жақындадық. Боран жолға қар үрлеп тастапты. Машина ышқына тартып, ыңырсып келеді. Шопыр бір жылдамдықтан бір жылдамдыққа ауыстырып тыным таппайды.

Асудың ортан беліне келгенде, машина қақалды да қалды. Біздер жерге түсіп, далбасалап, итеріп көмектескен болып едік, онымыздан нәтиже шығар болмады. Күн кешкіріп барады, боран әлі толастар емес. Әрі жақ бері жақта қылт еткен қара көрінбейді. Мысы құрыған шопыр амалсыздан кері қайтпақшы болып машинаны шегіндіріп еді, бір де бедері қалмаған жалаңаш баллон сырғанап барды да, жол шетіндегі омбыға түсіп, шоңқиып отырды да қалды. Оған да шүкір, әйтпегенде машина аударылып, сайға түсіп, быт-шыты шығатын еді.

Мәселе қиынға айналды. Осы боранда Кегенге қарай кері жаяу баруға мүмкін емес. Аяғы ауыр әйелді қайттік?! Ыза кернеген шопыр: "Тфу! Вот тебе... Маруська!" — деп, машинаны шыр айналып жүр. Істер айласы жоқ

.....
Әңгімелер
Толық

Нәсіреддин Сералиев | Мен баламын ба

1

— Қойшыжан, кешігіп қалмайсың ба?

— Кешікпеймін. — Мен жастығымның астындағы «штамповкі» сағатымды алып қарайым. Әлі ерте. Сағат екі жарым. Кенсе ашылатын уақытқа әлі аттай біржарым сағат бар.

— Сенің со сырқылдағың тұрып қалған шығар, үйдің іші жап-жарық қой, — дейді апам.

Тайдың тұяғындай дөңгелек қалта сағатымды жалма-жан құлағыма тосамын. Жоқ, натидың ескі моторынша тарс-тарс ұрып тұр. Жазда апам арқалап қауын сатқан ақшасына тамағынан жырып, «сабақ бергенде уақытты біліп отырасың» деп, сатып алып беріп еді. «Отқа салсаң күймейтін, суға салсаң батпайтын, тасқа ұрсаң сынбайтын, өмір бойы тұрмайтын ғажайып сағат! Алып қал! Алып қал! Алмасаң да көріп қал!» деп жылмаңдатқан бір ақсақ саудагерден алғанбыз. Қу саудагер бізді алдап соққан екен, «ғажайып сағат» базардан шыға бере сыр берді... Өмірімде түңғыш сағат ұстаған менің екі езуім екі құлағымда. Кеудем де сағатпен қосыла дүрсілдейтіндей. Қуанғанда мұп-мұздай шойында ысып кете ме дедім, біресе он уысыма, біресе сол уысыма қысып келе жатқан сағатым жаңа туған тауықтың жұмыртқасы секілді жып-жылы. Бір мезетте соғысын байқайыншы деп құлағыма тосып едім... түк дыбыс жоқ. Сағат тіліне қарасам, ол да қаңтарылған аттай сілейіп қалған. Дереу апам екеуміз ізімізше базарға жүгіріп, әлгі саудагерді іздеп шарқ ұрдық. Ізім қайым жоқ, суға батып кеткен қара тастай. Біздей ашық ауызды алдап соққан алааяқ тұратын ба еді. Сан соғып қалғанымызды көргендер мүсіркеп жұбатып жатыр. Бір шалғы мұртты қазақ: «Шырағым, бұл штамповкі деген сағат болады, мезгілсіз шақыратын тауық секілді» деп сағатымды сілкіп-сілкіп қолыма берді. Сағат «кеудесі» зырқылдап қайта соқты. Амал қанша, өкініштен ішіме шоқ түскендей кете барғанмын.:. Мынау сағат, сол штамповкі. Тоқсан бір сом төлеп сағатшыға жөндетіп алғанмын. Сөйтсем де қара басып тұрын қала береді. Талай-талай ұятқа қалдырғаны бар.

— Тоқтамап па?—дейді апам шыдамсызданып тағы да.

— Тоқтамапты, апа.

Мен анамды апа дейім. Жұрттың бәрінің анасы солай ма, әлде жалғыз менің ғана анам ба, әйтеуір оның менен тек шығарға жаны бөлек. Бір минут көз алдынан таса қылғысы келмейді. Көзінен тайсам адасып кететін құттай баладай көреді де тұрады. Маған мұрт шыққанында шаруасы жоқ. Әкемнің айтуынша, әлдеқашан отау иесі, сабаудай жігіт болдым. Апамның емшектегі нәресте құсатып өбектегенінен ұялам... Кейде кісі көзінше-ақ жүз айналып, мың толғанатынын қайтерсің. Ондайда шыным, жердің жарығы болса соған кіріп кеткім келеді. Бірақ, қанша қысылғанмен ішім жек көрмейді. .....
Әңгімелер
Толық

Нәсіреддин Сералиев | Қарақыз

1

Шынарды біздің ауылдың үлкен-кішісі түгелдей Қарақыз дейтін. Тек мен ғана Қарақыз демей, «апа», не Шынар деп атын атайтынмын.

Көрші едік. Менен он жастай үлкен еді. Мені ол туған бауырындай көретін. Мен де оған үйір едім. Шешем «ізіне ерген не інісі, не сіңлісі жоқ, сосын сені қара тұтады ғой, қайтсын» деп отыратын. Әкесі соғыста хабарсыз кеткен, бір үйде шешесі екеуі ғана. Соғыс кезінде мектепті тастап, майдандағы ер-азаматтар орнын басып, колхоз жұмысына араласып кеткен. Оқи алмай қалғанына өкініп, «жетіншіден әрі оқи алмадым ауылдан ұзап... ой, жағдай киын болды ғой, елдің қарны тойғаны осы ғана» деп, менің кітаптарымды бірге оқысып, «жақсы оқы, жақсы оқысаң адам боласың» деп ақылын да айтып қоятын. Дастан, қисса дегендерге құмар-ақ. Ауылдағы Ахмет деген жыраудан жазып алған бес-алты дәптердей қиссаларым бар. Көбіне маған соны оқытып, «даусың әдемі, нашына келтіріп оқисың» деп мақтап, ұзақ тыңдайды.

Шынар бүйрек бет, бітік көздеу қарақыз еді. Осы түсінің қаралығына қарап жұрт қарақыз атап кеткен-ау деймін. Он үштердегі кезім, көп нәрсені біле бермейім. Жиырма төрттегі Шынарды ауылдың әйел-еркегі. «Отырып қалды. Көк етікті табылмайды, көн етіктіге бармайды. Енді сүйтіп жүріп «кәріқыз» атанады» деп өсектейтін. Шынарды аяйтын менің шешем ғана. «Қайтсін енді, құрбыларының көбі соғыстан оралмай қалды. Шал-шауқанға қалай барсын. Майданнан бірен-сараң аман келген жігіт кімге жетсін» деп аяйды.

Мен де аяймын. Шынарды «кәрі қыз» деп мазақтағандармен төбелесуге бармын. Бірде әлде кім оның есігіне:.....
Әңгімелер
Толық

Шерхан Мұртаза | Сталинмен қоштасу


Көктемнің келе жатқанын ең алдымен кәдімгі майда құстар сезеді. Шымшықтар шықылықтап, секеңдей бастайды. Бірлі-жарым наурызкөк көрініп қалады. Жәудіреген көздері моншақтай мөлдіреп, адамдармен ықыластана амандасқандай, шымшықтар сияқты секеңдемей, шошаңдамай, жорғалай басып, жаныңа жақындап: — Көктем келді, көзайым болыңыз! — дегендей ишара білдіреді.

Оны көп адамдар түсіне бермейді. Адамдардан құстар тілін білген тек Сүлеймен пайғамбар ғана болған. Ал, бірақ өкінішке орай, адамдардың бәрі Сүлеймен пайғамбар емес.

Ал бүгін кәдімгі шошақай шымшықтар да шықылықтамайды. Наурызкөк те көрінбейді. Шымшықтар мамық жүнін жел қобыратып, бұтақтарда бүрісіп-бүрісіп отыр. Олар да қалың қайғыдан қабырғалары қайысып, қара жамылып қалғандай.

Бүгін Сталинмен қоштасу күні.

Борис Фардзинов екеуміз бірге баруға келістік. Әсіресе бүгін жалғыз-жарым жүру өте қиын. Баратын жеріміз — Колонна залы. Мәскеудің дәл төрінде. Кремльден алыс емес.

Бірақ бүгін метромен жүріп болмайды. Трамвай, троллейбустан қайыр жоқ. Такси жалдауға біз сияқты студенттің қалтасы көтермейді. Бүгін, сірә, такси де жүрмейді. .....
Әңгімелер
Толық

Мұқағали Мақатаевқа арнау

Ақиық ақынға арнау
Ақиығым, ақыным, мұзбалағым,
Қарға жүрді қасыңда, құзда да мың.
Шарасыздан шайтанның "у"-ын ішіп,
Ыза кернеп ішіңді, тұз жаладың.

Сағыныштың исі аңқып хаттарыңнан,
Ішіңдегі бар сырың....
Өлеңдер
Толық

Рабиндранат | Тагор Далия


Тас-талқан болып жеңілген Шуджа шах Аурензебтен қорқып қаша берді, ақыр соңында Аракан раджасына келіп паналады. Шахтың үш қызы өзімен еріп келген еді. Аракан раджасы Шуджа қыздарын өз балаларына айттырмақ болды, соны естіген шахтың ашу-ызасы қайнады.

Осыдан кейін раджаның пәрмені бойынша шахты алдап қайыққа мінгізді де өзеннің ортасына алып шықты, сол жерде қыздарымен қоса қабат суға батырып жібермек болды.

Қатер төнген алғашқы сәтте жан ұшырған әке ең кенже қызы Әминаны оз қолымен суға лақтырды. Үлкен қызы өзін-өзі буындырып өлтірді. Ортаншы қызы Зылиханы шахтың ең адал қызметшісінің бірі Рахмат Әли құтқарып алды. Ал шахтың өзі болса осы арпалыс үстінде опат болды.

Тағдырдың жазуымен өзен бетінде қалқып кеткен Әмина бір балықшының ауына барып оралды. Балықшы қарт оны судан шығарып алды да өзінің жер кепесіне әкелді. Жас қыз күн санап өсе берді.

Бұл мезгілде Араканның қарт раджасы дүние салды да таққа оның баласы келіп отырды.

Бір күні ертемен балықшы шал Әминаға келді де: .....
Әңгімелер
Толық

Биология | Диарея немесе алиментарлы диспепсия

Диарея немесе алиментарлы диспепсия.



Алиментарлы диспепсия шамадан артықтамақтандырудан, тәртіпсізтамақтандыруданболады. Алиментарлы диспепсияданөзгешелігі, ішек – асқазанауруларыүлкен дәреттіңжиілеп (тәулігіне 10 рет не одан да көп), су сияқты болатындығымен, патологиялыққоспалармен, денеқызуының көтерілуімен, токсикоз бен сусыздануға дейінбаратын интоксикация пайдаболуыменсипатталады.



Қарапайым диспепсия синдромындабаланыүйдеемдеугеболады, тамақтандырудақысқаүзілісжасап (6 – 8 сағатқа), негізделгенсұйықрежимімен, редукциялаған (жеңілдетілгентамақберіледі). Қажеттамақмөлшерінің ½ -1/3 –інқолданып, 1- 2 тәуліктеанасүті не қышқыл – сүтқоспаларытағайындалады. Сұйықтапшылығынденесалмағыныңәр кг-мына 150 мл есебінентәттішаймен, Рингер – Локк ерітіндісімен не оралитпентолтырады. Симптоматикалық ем – ішкеқұрғақжылытукомпресі, адсорбент ретінде карболен мен ферментер, пепсин, хлорлысутегіқышқыл. Шіріктідиспепсияларда - панкреатин, панзинорм, фесталқолданылады.

.....
Рефераттар
Толық

Биология | Акромегалия

Акромегалия (гр. akromegalia; гр. akron — аяқ, қол; гр. megas — үлкен) — гипофиз аденомасы (аденогипофиздің ісігі) кезінде өсу гормоны — соматотропиннің шамадан тыс көп мөлшерде бөлінуіне байланысты адам мен жануарлар бас сүйектерінің (жақ, қабақ сүйектерінің) және аяқтар мен қол сүйектерінің, сондай-ақ, ішкі мүшелердің шектен тыс өсуі. Акромегалия, әдетте, организмнің өсуі толық аяқталғаннан соң дамиды, ол ішкі секреция бездерінің ауруларына (эндокринді ауруларға) жатады .....
Рефераттар
Толық

Биология | Анализаторлар немесе талдағыштар

Анализаторлар немесе талдағыштар (анализаторы); (көне грекше: ἀνάλυσις - жіктелу, талдау) — шеткі қабылдағыш бөлімдерден басталып, ми орталықтарында аяқталатын күрделі жүйке механизмі, яғни ол дененің сыртқы және ішкі ортасын жүйке жүйесінің орталық бөлігімен байланыстырып түрған рефлекторлық доганың сезімтал бөлігі. Талдағыштар үш бөлімнен түрады: 1) тітіркеністі қабылдайтын шеткі бөлім (рецепторлар); 2) жүйкелік қозуды өткізетін аралық бөлім; 3) қабылданған сезімге талдау жасалынатын ми жабынындағы және қыртыс астындағы сезімтал орталық бөлім. .....
Рефераттар
Толық