Қаптағай Бауыржан Есқожаұлы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері. 1954 жылы Алматы облысы Нарынқол ауданы Жамбыл селосында дүниеге келген. 1971 ж. орта мектепті бітірген соң колхозда әртүрлі жұмыс істеді. 1972-1974 жж. әскери борышын өтеп оралған соң, туған ауылында еңбек етті. 1976-1980 жж. Қазақ Мемлекеттік Т. Жүргенов атындағы Театр және кино институтын (қазіргі Өнер академиясы) профессор Асқар Тоқпановтың шеберханасында оқып-бітірді. Сол жылдан бастап М. Әуезов театрында қызмет етеді....
Құман Нұрмағанұлы Тастанбеков (10 наурызда 1945 жылы, Қазақ КСР Алматы облысы Сарқант ауданы, Екіаша ауылы - 17 желтоқсанда 2017 жылы Қазақстан Алматы) — кино және театр актері. Қазақстанның халық әртісі (1993). Қазақстан Ленин комсомолы сыйлығының лауреаты (1976). Парасат және Құрмет ордендерінің иегері. Өмірбаяны 1969 жылы Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының актерлік факультетін (педагогы – профессор Х.Бөкеева) бітірген. Қазақ академиялық драма театрының құрамына қабылданды. Оның алғаш ойнаған рөлі – “Қыз Жібек” фильміндегі Төлеген (1970). Бұдан кейін “Қыс – мазасыз маусым” “Ағам менің” “Ерекше күн” “Аққулар ұшып келеді” “Махаббат жаңғырығы” “Ағама арналған қалыңдық” “Қараша қаздар қайтқанда”....
Зируза Тасмағамбетова 1997 жылы Қостанай облысында дүниеге келген. Ол Астанадағы Қазақ ұлттық өнер университетінің колледжін «Қобыз» класы бойынша бітірген. Ал қазір Алматыдағы П.Чайковский атындағы музыкалық колледже білім алып жүр. Зируза – небәрі бір жылдың ішінде тыңдарманға тез танылып үлгерген жас талант. Алғашында Алматыға арман қуып келген балауса қыз «Juz Entertainment» продюсерлік орталығында тәжірибеден өтті. Ол жерде Ерболат Беделхан ашпақшы болған girlz-band құрамында ән салуға дайындалған болатын. Алайда, кейін продюсердің бұл ойы жүзеге аспай қалған соң, Зируза продюсерлік орталықтан кетті. Сол сәтсіздіктен кейін қаладағы кафелердің бірінде ән салып жүрген Зирузаға «Инстаграм» желісінде продюсер Ерлан Әлімов бірге жұмыс жасауға ұсыныс жасайды. Жас әнші көп ойланбастан келісімшартқа қол қояды.....
Сағатова Әсел (5 мамыр 1985 жылда) – қазақстандық актриса.
Өмірбаян Семей қаласында туған. Алматыдағы орыс хореографиалық мектепті бітірген. Ол 14 жастан модель болып істеген. 9 сыныпта Әсел жарнамаларға түскен. Гонконгта және Таиландта жұмыс істеді. Әл-Фараби атындағы Қазақстан ұлттық университетін бітірген. Халықаралық қатынастың факультетін қызыл дипломмен бітірді. Оқудың барысында магистратурада музыкалық бағдарламаның қазақ телеарнада жұмыс істеген, және концерттердің ұйымының продюсерлік орталығында жұмыс жасаған. Қазір кинода түсіріледі және "халық лотерея" деген бағдарламаны жүргізеду. "РТРК АО "Қазақстан" фирмасында менеджер болып жұмыс істейді. Өз жолын қырғыз жазушының Шыңғыс Айтматов кітабының жазылғанына кинода түсірілген "Ананың маккуратыра тұралы жылағаны" деген фильмде түскен. Әсел бір неше қазақстандық және ресейлік-қазақстандық фильмдерде түсірілді. Басты рөлдерді "Кекесін көңіл" деген фильмдердеойнады, Рэкетир. 2012 жылдың соңында Әсел Сағатова атындағы модельдік мектеп ашылған.....
Тайжан Қалмағамбетов (1878, Қарағанды облысы Ұлытау ауданы - 1938, сонда) - ақын. Жезқазған, Қарағанды, Қарсақбай сияқты өндіріс ошақтарына арнау өлең-жыр шығарған.
1916 жыл ы ұлт - азаттық козғалысқа үн қосып , Амангелді сарбаздарын жырлады. Қазан төңкерісінен кейін жаңа кұрылысқа , Жезқазған , Қарағаңды , Қарсақбай сияқты өңдіріс ошақтарына өлең, жыр арнады. 1926 жылы Шеген, 1930 - 36 жылдары Болман, Иманжан тәрізді Арқаның белгілі ақындарымен айтысқа түскен. А.В. Затаевичке бірнеше ән жаздырған. 1934 - 36 жылдары халық өнерпаздарының республикалық слеттеріне, 1936 жылы Мәскеудегі қазақ әдебиетімен өнерінің алғашқы онкүндігіне қатысқан. "Тайжан әні", "Ыбырайға" сияқты ән-термелері күйтабаққа жазылған. Қалмағамбетовтың көптеген әндері кезінде жазылып алынбаған. Кейбір шығармалары ақындардың жалпы жинақтарында, газет-журналдарда ("Қазақтың 1000 әні", 1925; "Пернедегі термелер", 1965) жарияланған. "Ой ағысы" өлеңдер мен айтыстарының жинағы 1984 жылы жарық көрген.....
Өмірбаяны Мағауия Абайұлы Абайдың бәйбішесі Ділдәдан туған кенже баласы. Жасында молдадан оқытқаннан кейін, Семейдегі Городское училищесіне орысша мектепке оқуға түсіреді, бірақ Мағауия екі-үш жыл оқығаннан кейін науқасқа шалдығып, ауылға қайтады. Осыдан кейін де әкесінің қасында жүріп, өздігінен ізденіп білімін толықтыра береді. Әкесінің ақындық қасиетін қадірлеп, өзі де ақындыққа беріледі. Мағауия әдебиет тарихында Абайлық дәстүрді бойына мол сіңірген ақын болып қалыптасты, нәзік лирикалық өлеңдер шығару, сюжетті поэмалар жазуды әкесі Абай ақынның өнегесінен алды.
Өмірінің соңы Небәрі 34 жыл жасаған Мағауия шағын ғұмырында қазақ әдебиетіне мұра боларлық тамаша туындылар тастап кетті. 1904 жылы 14 мамырда қайтыс болған Мағауия Ақшоқы мекеніндегі Құнанбай бейітіне жерленді.....
Жеңіс Ермағанбетқызы Ысқақова (1966 жылы 9 мамырда Қызылорда облысы Сырдария ауданы Тереңөзекте туған) — эстрада әншісі. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері (2005).
Жеңіс Ермағанбетқызы 1966 жылы 9 мамырда Қызылорда облысы Сырдария ауданы Тереңөзекте дүниеге келген. 1982 жылы Сырдария ауданындағы орта мектепті бітірген. Мектептің іс-шараларына ол белсенді түрде қатысып отырған. Облыстық, аудандық әншілер байқауларына қатысқан. 1984 жылы Сырдария ауданыдық мәдениет үйінің автоклуб меңгерушісі әрі композитор Рамазан Тайманов құрған ансамбль солисті болып алғашқы еңбек жолын бастаған. 1985 - 1987 жылдары (бұрынғы Алматы эстрада-цирк училишесі) қазіргі Ж.Елібеков атындағы Республикалық эстрда-цирк колледжінің "эстрада" мамандығы бойынша Қазақ КСР халық артисі, мемлекеттік сыйлық иегері, профессор Лаки Константинович Кесоглудың классын бітірген. 1987 жылдан Гүлдер ансамбльінде өнер көрсетті. Қазақстан Республикасы Қорғаныс Министрлігінің Орталық Ансамблінің солисті. Нұрғиса Тілендиев атындағы Академиялық фольклорлы-этнографиялық "Отырар сазы" оркестрінің солисті. Құрманғазы атындағы Қазақтың мемлекеттік академиялық халық аспаптар оркестрінің солисті.....
Күнделікті балаларымызға ұсынып жүрген тамақтарымыз оның ағзасына пайдасыз, тіпті, зиянды болуы мүмкін. Сондықтан диетолог мамандар ата-аналарға баланың ас мәзіріне абай болуды, жіті қадағалауды ұсынады. Дүкен сөрелеріндегі көз сүрінетін картоп қытырлақтарының, газды сусындардың, фри т.б. зиян екенін барлық аналар біледі. Бірақ біз білмейтін зиянды астар саны мұнымен шектелмейді екен. Мамандар 3 жасқа толмаған сәбиге қажетсіз он тағамның тізімін қаперге салады.
*Еттен, балықтан дайындалған сорпа. Қайнау кезіндегі олардан бөлінген түрлі элементтер.......
Кейбір жағдайда ата-ананың сабырға келіп, сабасына түсіп, өзінен: «маған баламның өзіне сенімді, мықты болып өскені, тығырықтан жол тауып кетер шешімтал болғаны, ұрыс-керісте өзін лайықты ұстай білуі, жасаған ісі туралы ойлана алуы, өз ақылымен өмір сүргені, өз өмірін өзі дұрыс жолға салғаны, ізгілікті тани алғаны керек пе, әлде, тек мені тыңдап, тілалғыш бала болғаны, оған өз билігімді жүргізгеніме мәз болғаным керек пе?» деп сұрауы тиіс.
Әкелерге (папа) пайдалы кеңестер | Аналарға және әйелдерге кеңестер