Менің туған жерім - егеменді Қазақстан

Айтмолданова Аружан
4 сынып, Жанұзақов Т. орта мектебі
Райымбек ауданы, Нарынқол ауылы

Менің туып өскен жерім көк аспанда бұлты жоқ көк жалауы биіктен желбіреген егеменді Қазақстан. Қазақстанның байлығы өте көп және қазынаға бай ел. Мен Аружан Жайдарқызы Айтмолданова ( Алматы обылысы, Райымбек ауданы, Нарынқол ауылы Тельман Жанұзақов атындағы орта мектептің 4-сынып оқушысы) : - Нағашы атамның қолында оқимын. Өз үйіміз Алматыда . Өзім оқу озатымын. Ән салып, тақпақ айтамын. Мұқағали Мақатаев атамның 40 өлеңін жатқа біліемін. Арманым........
Шығармалар
Толық

Аяулы Отаным - Қазақстан

Абзал Еркежан
8 сынып, № 3 орта мектебі
Іле ауданы, Жетіген ауылы
Жетекшісі: Бақтиярова Ғ.Ю.

Кез келген адам баласын өзінің Отанына, туған жеріне, еліне деген сүйіспеншілігі, ыстық махаббаты кішкентай ғана жүректі кернеп, лүпілдетіп тұрады. Әрбір адамның туған жеріне деген сүйіспеншілігі соншалық, алысқа кетсе, Отанын сағынып, қайтқысы келеді. Туған жеріңде бір түйір құм да ыстық. Отан десе әрбір адам........
Шығармалар
Толық

8 Наурыз - Халықаралық әйелдер күні (Ана – гүл, ана – өмір шуағы)

Тәрбие сағаты: «Ана – гүл, ана – өмір шуағы"
Тақырыбы: «Ана – гүл, ана – өмір шуағы»
Мақсаты: Оқушыларға әлемнің жарығын сыйлаған аналар мерекесі туралы түсінік беру. Мейірімділікке, сый - құрметке тәрбиелеу, ұлтқа тән жақсы қасиеттерді қалыптастыру.
Көрнекілік: Сынып бөлмесі мерекеге лайық безендіру, даналық сөздер жазылған плакаттар. Интерактивтік тақта. Презентация.
Мұғалімнің сөзі: - Қош, келдіңіздер! Ана, Ана, Ана! Не деген мейірлі, не деген шапағатты сөз еді. Осынау үш әріптен құралған қасиетті сөздің түбінде ұлы сезім жатыр десеңізші! Сезім мен қасиетті, бар махаббат пен шапағатты сыйдырып тұрған ұлы ана сезімін қадірлейтін жан бар ма екен өмірде?! Жақсылық атаулының барлығы да ананың сүтімен жаралған.
Тәрбие сағаттар
Толық

Менің Отаным

Менiң Қазақстаным - ел ыстық қалаулы сонымен аяулы, маңызды, асыл. Ғасырлар көп оның жауларынан қоныстандырып, меңгерiп, қорғал қалылу және бүгiн өмiршең бiзге мұраға тапсырылу үшiн бабаларымыздарға керек болды. Еңбек, тер және қандар, қуаныш және бейнеттер неше өткен ұрпақтар үлесiне тидi. Бiздiң халық ақындық мұра туған жердi әдемiлiктiң бiраз таң қалатын суреттерi, оның шексiз жерлерi, қардай ақ зәңгiрлер қалалық болады, көкшiл айдын.......
Шығармалар
Толық

Менің Отаным – Қазақстан

Қазақстан – кең-байтақ ел. Төбесі көкке тірелген таулары бар, көк-жасыл орман-тоғайлары бар, асу-асу белдері бар, қойнауы алтын астық пен малға толған кең жазира даласы бар Қазақстан - әлемге әйгілі өте бай ел. Табиғаты әр алуан жан -жануарларға толы, аққулы көлдері бар, тулаған толқынды теңіздері бар, әсем ......

Шығармалар
Толық

Аурухана ашқан қазақ

Бір күні қазақ аурухана ашыпты. Ол ашқаннан кейін айтады:
- Мен барлық ауруды емдеймін, бағасы 5000 теңге, егер емдей алмасам мен саған 10 000 теңге беремін дейді. Ертеңіне орыс үйінде отырып ойлайды, мен бос жатпай ақша табайын дейді де......
Анекдоттар мен әзілдер
Толық

Иманғали Тасмағамбетов Нұрғалиұлы (1956 жылы)

Иманғали Нұрғалиұлы Тасмағамбетов – мемлекет және қоғам қайраткері, белгілі саясаткер. Қазақстан Республикасының бесінші премьер-министрі болған және бірнеше министрлік пен облыс, қаланы басқарған адам. 1956 жылы қазіргі Атырау облысы, Махамбет ауданы, Новобогат ауылында туған.
Мұғалім Иманғалиден…
Иманғали Тасмағамбетовтің балалық шағы, оқыған мектебі туралы ақпарат ашық дереккөздерде аз кездеседі. Дегенмен, оның жиырма жасынан бергі өмірі көптің назарында.
Иманғали Нұрғалиұлы 1979 жылы Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінен түлеп ұшқан. Мамандығы – география және биология пәнінің мұғалімі. Ең бірінші жұмыс орны – өзінің ауылындағы балалар мен жасөспірімдерге арналған спорт мектебі. Кейін сол Махамбет ауылындағы орта мектепте география және биология пәнінің мұғалімі болып жұмыс істеген.
Арада он жыл өте, 1989 жылы Иманғали Тасмағамбетов ұстаздығымен қатар, қоғамдық қызметте бас көрсете бастайды. Ең алдымен «лениншіл» жастардың жанынан табылады (Қазақстанның Лениншіл коммунистік одағы орталық аппаратының бірінші хатшысы қызметі). 1991 жылы тәуелсіз Қазақстанның жастар ісі жөніндегі мемлекеттік комитетінің төрағасы болады.....
Өмірбаяндар (биография)
Толық

Сағадат Нұрмағамбетов (1924 жылы)

Батырдың балалық шағы
Сағадат Нұрмағамбетов 1924 жылы қазіргі Ақмола облысы Ақкөл ауданы Қосым ауылында туған, үйдің кенжесі. Әкесі – Қожахмет, анасы – Айса, ағасы Сағит. Сағадат дүние есігін ашуға бір ай қалғанда әкесі Қожахмет өмірден озады. Айса жалғыз қалып, екі ұлын асырау үшін бар күшін салады. Алайда елiмiздi ашаршылық жайлаған 1932 жылы Сағит пен Сағадат отбасының тірегі болған аналарынан айырылып, тұл жетім қалады. Ол кезде Сағадат бар-жоғы 7 жаста еді.
Сағадат үшін жалғыз ағасы Сағит әке де, шеше де болады. Бірақ сұм соғыс ағасын да көп ұзатпай майдан даласына алып кетеді. Ол ағасын жанындай жақсы көрген екен.
"Ағам шымыр денелі, жұдырығы тоқпақтай, қой көзді, анама ұқсайтын еді", - дейді Сағадат Нұрмағамбетов.
Алайда Ұлы Отан соғысына аттанған оның жалғыз ағасы Новгород түбiндегі шайқаста қаза табады.
Отбасынан айырылған Сағадат Нұрмағамбетов ерте есейіп, жастайынан алғыр, өжет болып өседі. Туыс атасы Әлжан айтқан Қобыланды батыр, Алпамыс батыр туралы жыр-дастандарды сүйсіне тыңдайды....
Өмірбаяндар (биография)
Толық

Жұмағали Маханов Паринбекұлы (1962 жылы)

Маханов Жұмағали Паринбекұлы - Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Қазақстан Жастар одағы сыйлығының лауреаты, Мәдениет қайраткері.
1962 ж. Оңтүстік Қазақстан облысы Созақ ауданы Шолаққорған ауылында дүниеге келген.
1979-1983 жж. Алматы Мемлекеттік Театр және көркемсурет өнері институтының «Театр және кино» факультетін оқып-бітірді.
1983 жылы Әуезов атындағы академиялық драма театрына жұмысқа қабылданды.
Сахнадағы негізгі рольдері:
Ұлттық классика мен заманауи драматургияда: М.Әуезовтің «Айман-Шолпанында» Қортық шал (реж. Е.Обаев), М.Әуезовтің «Қилы заманында» түрме бастығы (сахналық нұсқасы Н.Оразалин, реж. Ә.Рахимов), «Еңлік-Кебегінде» Кенбай (реж. Х.Әмір-Темір), Ә.Рахимовтің «Қылмыскерге куәлігінде» Боян (реж. Ә.Рахимов), Б.Соқпақбаевтың «Менің атым Қожасында» Қожа (реж. Ә.Рахимов), И.Ғайыптың «Мен ішпеген у бар ма?» қойылымында Ақылбай (реж. А.Әшімов), Е.Домбаевтың «Желіккен жеңгейлерінде» Мақай, Д.Исабековтің «Кішкентай ауылында» Мүтән (реж. С.Асылханов), М.Әуезовтің «Дос – бедел досында» Махмуд (реж. Қ.Жетпісбаев), Т.Нұрмағанбетовтің «Бес бойдаққа бір тойында» Жарбол, «Сан-Францискодан келген бұлтында» Еркін, А.Сүлейменовтің «Төрт тақта – жайнамазында» Черчение....
Өмірбаяндар (биография)
Толық

Айжан Нұрмағамбетова (1956 жылы 7 маусым)

Айжан Нұрмағамбетова Қостанай облысы Саркөл ауданында 7.6.1956 жылы дүниеге келген өте ширақ, шалқыған ақ көңілді жан. Оның әкесі Қабдуғали Нұрмағамбетов жоғары білімді ауылшаруашылық институтында алған. Кейінірек Алматының жоғарғы партия мектебін бітірген соң, автомобильдер жолдары министрлігінде, білім қоғамында қызмет істеді. Алматы қаласының Октябрь аудандық атқару комитетінің социалдық қамтамасыз ету бөлімін басқарды. Айжанның анасы Сапаева Сара Мұхаммедқызы екі қыз, екі ұлды тәрбиелеп өсірді. Ол Алматының Темір жол институтының есеп факультетін тәмамдап, Мемлекеттік баспа комитетінде бас экономист, есепші қызметін атқарғанды. Нұрмағанбетовтердің тұңғышы — Айжан Нұрмағамбетова. Ол екі жоғары оқу орнын бітірді (филолог және заңгер). Айжан бірде қыраттан жүгіріп төмен түскен кезде қалың қарға иегіне дейін батып, одан әрең дегенде шығып, өкпесіне салқын тигізіп алады. Осы оқиғамен қатар оның есінде өзі ауыз суды қыс күндері өзеннің мұзын ойып алып, үйге қапшыққа салып алып келіп, қазан астына от жағып ерітетіндігі қалыпты. Ол кезде газ жоқ-тұғын.....
Өмірбаяндар (биография)
Толық