Бауыржан Қаптағай (1954 жылы)
Қаптағай Бауыржан Есқожаұлы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері.
1954 жылы Алматы облысы Нарынқол ауданы Жамбыл селосында дүниеге келген. 1971 ж. орта мектепті бітірген соң колхозда әртүрлі жұмыс істеді.
1972-1974 жж. әскери борышын өтеп оралған соң, туған ауылында еңбек етті.
1976-1980 жж. Қазақ Мемлекеттік Т. Жүргенов атындағы Театр және кино институтын (қазіргі Өнер академиясы) профессор Асқар Тоқпановтың шеберханасында оқып-бітірді. Сол жылдан бастап М. Әуезов театрында қызмет етеді.
Сахнадағы негізгі рольдері:
Ұлттық классика мен заманауи драматургияда: Р. Сейсенбаевтың «Түнгі диалогында» Қодар, Қ. Шаңғытбаев пен Қ. Байсейітовтің «Беу, қыздар-ай» комедиясында Хасен, М. Әуезовтің «Қарагөзінде» Нарша, Жабай, «Қара қыпшақ Қобыландысында» Қазан, «Абайында» Айдар, Нарымбет, Мес, «Еңлік-Кебегінде» Есен, Ә. Нұрпейісовтің «Қан мен терінде» Әбейсін, Б. Римованың «Абай-Әйгерімінде» Манас, М. Мақатаевтың «Қош, махаббатында» Асан, Ғ. Мүсіреповтің «Қозы Көрпеш-Баян сұлуында» Қодар, С. Мұқановтың «Мөлдір махаббатында» Бәтестің әкесі, С. Торайғыровтың «Қамар сұлуында» Қалтан қажы, Шахимарденнің «Томирисінде» Март, Б. Мұқайдың «Сергелдең болған серілерінде» Жан, И. Вовнянконың «Апатында» Жұма, Т. Нұрмағанбетовтің «Бес бойдаққа бір тойында» Барбол, Қ. Ысқақ пен Шахимарденнің «Қазақтарында» Би, Иран-Ғайыптың «Естайдың Қорланында» Әкім, Т. Әбдіковтің «Ұлы мен Ұры» қойлымында Ардагер (реж. Е. Обаев, Е. Нұрсұлтан), Қолғанат Мұраттың «Бақыт кілті» драмасында Казаков (реж. Е.Обаев), Мәдина Омарованың «Көмбе нанның дәмінде» Диуана шал (реж. А.Кәкішева) т.б
Әлемдік классика мен заманауи драматургияда: Б.Томастың «Мен сіздің әпкеңізбін» комедиясында Брассет, Ибсеннің «Қуыршақ үйінде» Торвальд, К. Аширдің «Қабыл – Адам Ата перзентінде» Адам, Гогольдің «Парасында» Аммос Феодорович, Т. Муродтың «Ат жылаған түнінде» аудан басшысы, Г. Гориннің «Атың шықпасасында…» Клион, Е. Уахитовтің «Құдаларында» Әбдісалам, М. Кәрімнің «Ай тұтылған түнінде» Жалшығұл, Н. Хикметтің «Фархад-Шырынында» Уәзір, Д. Кобурнның «Жынойнағында» Веллер Мартин т.б.
Театрдың дәстүрлі «Театр көктемі» фестивалінің бірнеше мәрте жүлдегері.
Кинорольдері:
«Соңғы асу», «Махамбет», «Әміре Қашаубаев» фильмдерінде үлкен ұл, Жүсіп, Әміре рольдерін орындады. Сонымен қатар «Хабар» арнасының бағдарламаларына қатысып, жарнамаларға түсіп жүр.

Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Ілмектер: өмірбаян Бауыржан Қаптағай туралы омирбаян биография ақпарат мәлімет, тұлға Бауыржан Қаптағай өмірі мен шығармашылығы, Бауыржан Каптагай биография омирбаяны акпарат малимет, Бауыржан Каптагай биография на казахском языке, Бауыржан Қаптағай