Мен Тәуелсіз елдің ұланымын

Өздеріңдей өр намысты жас өркені бар елдің Ешқашан да еңкеюге тиісті емес жалауы!
М. Шаханов
Қазақстан – қазақ халқының ата-баба мекені, ежелгі қонысы. Еліміз өлшеусіз табиғат байлығымен ғана емес, ең алдымен сан түрлі ұлттардан құрылған халқымен ерекшеленеді. Тарихы сан ғасырдың тереңіне кететін халқымыздың қазақ аталған бертінгі дәуірінде ел бастаған көсемдер, сөз бастаған шешендер, «ертеден шапса, кеште озған, ылдидан шапса, төске озған» жүйрік ақындар, ердің құнын екі-ақ ауыз сөзбен шешкен дана билер, қалың жауға қарсы шапқан ержүрек батырлар, ел қамын жеген ардақты аналар аз болмаған. Олардың есімдері халық аузында да, жазба әдебиеттерде де өз орнын тапқан. ......
Шығармалар
Толық

Тәуелсіздік- тәу етер жалғыз кием

Біз, Қазақ елі-тарих пен тағдырдың бұралаңы көп жылдар мен ғасырларға созылған батпан қиыншылықтардың барлығын басымыздан өткерген елміз. Сол зұлым замандардың шеңгелінен арыстанша алысып, жолбарысша жұлысып өткеніміз ақиқат. Тәуелсіздік халқымыздың ғасырлар бойы күресіп келген ұлы мұраты еді. «Ұлтым» деп қан алаңда қасқайып тұрып алған кешегі асыл текті, асқақ рухты аға-апаларымыздың шеруінің межесі тәуелсіздік екенін жыл өткен сайын терең түсініп келеміз.......
Шығармалар
Толық

Тәуелсіздік белгілері-рәміздер!

Қазақстан әнұранымен айбатты, туымен тұғырлы, елтаңбасымен еңселі ел екендігі шындық. Қазақстанның рәміздеріне ту, елтаңба, әнұран жатады. Бұлар әрбір тәуелсіз мемлекет үшін ең маңызды қажеттіліктер. Рәміздеріне қарап олардың тарихын, мәдениетін, дінін, тілін, дәстүрін, барлық құндылықтарын білуге болады. Сол сияқты Қазақстан мемлекетінің де тәуелсіздігін алғаннан кейінгі ең маңызды міндет тұрды. Ол Қазақстан рәміздерін тағайындау еді. Сол кезден бастап еліміздің өз туы, елтаңбасы, әнұраны бар . Бұлар ел үшін, мемлекет үшін ең баға жетпес қазына, таусылмас байлық. Бұл байлықты әрбір «мен қазақпын» деген азамат ардақ тұту қажет. Рәміздер біртұтас Қазақстан Республикасының ажырамас бөлігі, айқын бейнесі. Рәміздердің әрқайсысының шығу тарихы бар. Бұл Қазақстанның қаншама ғасырлар бойы аңсап күткен тәуелсіздігін алғандығын паш ететін киелі қазына.......
Шығармалар
Толық

Тәуелсіздік тұғырым!

 Тәуелсіздік-елдің жүрегі,
Елбасы-оның тірегі.
Бәйдібек баба
Осы бір зердесі мен зейіні ерен, байыпты да байсалды, сұңғыла да сара парасатты, қасиетті Тәуелсіздік туралы жазу үшін қолыма қалам ұстағанда, көңілім біртүрлі қанатты құстай көкке көтеріліп кетті. Қаншама қиын-қыстау жолдардан, қаншама қиямет-қайым от кешулерді бастан кешкен қазақты ел ету Нұрсұлтан Назарбаев Әбішұлының маңдайына жазаылды. 1991жылы бірінші желтоқсанда
бүкіл халықтық сайлауда айқын жеңіске жетіп, ел тізгінін қолына алды. Сөйтіп, еліміздің тар жол, тайғақ кешулі қасиетті сапары , азаттықтың арпалысқа толы ақ жолы басталды. Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігін жариялап, тас бұғаудан босап, қайта түлегенін танытты. Төл тарихымыздың жаңа кезеңі-жаңғыру кезеңі басталды....... 

Шығармалар
Толық

Тәуелсіз елдің патриотымын!

«Пай, пай, пай!
Киелі неткен жер!
Батырлар дүрілдеп өткен жер,
Тұлпарлар дүбірлеп төккен тер!
Ғашықтар бір-бірін өпкен жер,
Сарылып сал – сері кеткен жер.
Бас иіп, иіскеп топырағын,
Тағзым жасамай өтпеңдер!»-деп, М.Мақатаев айтқандай, ең біріншіден, туған жеріміз Қазақстанға тағзым етіп, тәуелсіз елде өмір сүріп жатқанымды мақтан тұтамын. Ақиық ұлы ақынымыз:
«Ой-хой, қазақ даласы, не көрмедің?!
Қанша қурап, қаншама көгермедің?!
Қорқыт ата қобызымен боздаттың ғой,
Асанның шерге толы өлеңдерін!
Ой-хой, қазақ даласы, не көрмедің?!»-деп жырлағандай, халқымыз қазақ болып, ұлт болып қалыптасуы жолында да, одан кейінгі кезеңдерде де, талай қиямет-қайым күндерді де, талай қилы замандарды, кескілескен шапқыншылықтарды да бастан өткерді. Білектің күшімен, найзаның ұшымен, соңғы демі қалғанша туған жерімізді қорғап, бізге аманат етіп қалдырған ұлы даланың ұлы кемеңгерлерінің арқасында бақытты өмір кешудеміз.......
Шығармалар
Толық

Тәуелсіз елдің патриотымын

Тұлпар шапса тұяғы талатын,сұңқар ұшса қанаты талатын кең байтақ
Қазақстан деген отаным бар.Мен қазақпын-мен үшін осы сөздің өзі де үлкен бір қуаныш,үлкен бір бақыт.Мен өз Отанымды өте жақсы көремін.Ауыздықпен алысып,етегімен су кешкен ауыр күндерді ата-бабаларымыз бастарынан өткізді.Елімізді қасық қандары қалғанша ,сырт жаулардан азат етіп,келер ұрпаққа аманат етті. Еліміз талай қиындықты ,талай тарихи оқиғаларды басынан кешті.Болмыстың осы кейпін көріп, ұлы Абай «Қайран елім,қазағым,қайран жұртым» деп,күйзелсе,Жұбан ақын «Мен қазақпын,мың өліп,мың тірілген» деп күңіренеді.Ұлан-байтақ елімізге көз салушылар көп болды.......
Шығармалар
Толық

Қазақстанның мемлекеттік рәміздері - Тәуелсіздіктің қасиетті нышандары

Тәуелсіздік - ең алдымен қазақ халқының бостандыққа ұмтылған асқақ армандары мен қайсар рухтың жемісі. Сондықтан да біз үшін Тәуелсіздік күні ең қастерлі күн. Еліміз тәуелсіздігін жариялап, дербес мемлекет ретінде әлемге танылды.
Мемлекетіміз өзінің тәуелсіздігін алғаннан бері еліміз бейбітшілікте өмір сүруде. Осы күнге жету үшін қаншама тер төгілді десеңші!
Қайран, ата-бабаларымыз-ай, олардың көрген қасіреттері жер мен көктің арасындағы қара түтіндей лас, әрі қасіретке толы өмір еді. Бірақ, өмірге деген құлшыныс, ертеңге деген жарқын болашақ олардың үмітін тұтатқан көрінеді. Міне, еліміз тәуелсіз. Күлімдеген күн, көгілдір аспан да таза. Бүгінгі күні еліміздің бетке ұстар рәміздері де бар. Рәміздеріміздің шығу себебі тәуелсіздіктің қасиетті нышаны болып табылады. Тәуелсіздіктің - туы, егеменнің - елтаңбасы, әлем деңгейіндегі – гимніміз шырқалып тұр.......
Шығармалар
Толық

Тәуелсіз елдің патриотымын!

Білектің күшімен, найзаның ұшымен, соңғы демі қалғанша туған жерімізді қорғап, бізге аманат етіп қалдырған ұлы даланың ұлы кемеңгерлерінің арқасында бақытты өмір кешудеміз. Алайда, осы баға жетпес байлығымыз «Тәуелсіздігіміздің» құнын кейінгі ұрпақ қалай бағалайды? Компьютер, интернет тәрбиелеген «Жаңа заман адамы» Әнұранымыздың сөзін ұмытып, өз тілін жатсынып жатса, жұдырықтай жүрегім кеудеме сыймай кетеді. Алайда, арамызда ар мәселесін төменге ысырып, асқақ абыройын аяқасты ететіндер де осы қоғамнан табылады. Мен көпке топырақ шашпаймын. Тек осы шығармамды оқыған оқырманға ой салсам болғаны.......
Шығармалар
Толық

16 желтоқсан – Тәуелсіздік күні

Адам баласы , адамзат қоғамы қашанда алдағы болатын оқиғаны әрі аңсай, әрі абыржи тосқан ғой. Әсіресе, ғасыр, мыңжылдық сынды ,тарихта өшпес ізі қалатын межелі кезеңдер таянғанда қатты қобалжығаны рас. Үшінші мыңжылдыққа аяқ басу үшін де бір ғасыр бойы дұрыстап әзірленіп, әр қилы милленаристік қозғалыстарды бастапты . Сарыуайымшылдар қауымы: «Киелі кітапта айтылатын қиямет-қайым деген орнаса, осы жолы орнайды. Жасаған күнәміз,істеген жаман істеріміз шашымыздан да асып кетті. Ол үшін күллі адамзат болып жауап беретін кезіміз енді келді», – деп қорқыпты. Қиялшылдар қауымы: «Жаратқанның жердегі,ақ желкенді кемемен жақсылық жағасына асыққан үмбетін тегіс жарылқайтын заманы енді орнайды. Қой үстіне бозторғай жұмыртқалайтын заман орнауын талай күтсек, енді сол заманға аяқ бастық», – деп қуаныпты.......
Шығармалар
Толық

1 – желтоқсан Тұңғыш Президент күні және 16 – желтоқсан Тәуелсіздік күніне арналған

Тақырыбы: Бәйшешек пен Бәйтерек (ертегі)
Мақсаты: Жас жеткіншектерге Тәуелсіздік ұғымын үйрету, Елбасы туралы және мемлекеттік рәміздер жайлы алғашқы түсініктерді беру. Сонымен бірге отанды сүю сезіміне және ұлттық салт – дәстүрлерді білуіне, құрметтеуіне ықпал ету.
Керекті құрал – жабдықтар: Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері (Елтаңба, Жалау, Әнұран жазылған текст – қағаз және Елбасының суреттері) қойылған.

Мұғалім: Құрметті оқушылар мен оқытушылар, мектепке дейінгі сынып оқушылары әзірлеген «Ертегілер елінде» атты айдармен өтілетін «Бәйтерек пен Бәйшешек» ертегісі бойынша танымдық – тәрбиелік шараны назарларыңызға ұсынамыз. Ертегі негізінде дайындалған бұл көрініс жақындап келе жатқан былтыр бірінші рет ал биыл екінші рет тойланғалы отырған 1 – желтоқсан Тұңғыш Президент күні және 16 – желтоқсан Тәуелсіздік мерекесіне арналады. Бұл қастерлі мерекелерге әлі уақыт бар. бірақ ертегі тақырыбы осы мерекелерге сәйкес жазылған. Сонымен бірге Тәуелсіздіктің іргетасын қалаған, негізін салған – аса құнды құжат – Қазақстанның мемлекеттік егемендігі туралы Декларация 1990 жылы 25 қазанда қабылданған еді. Сонан бері бұл күн Республика күні деп аталып келеді. Енді мен сіздерге осы ертектің мазмұнын оқып берейін......
Мектепалды дайындық сабақ жоспары
Толық