Тәуелсіз елдің патриотымын

 Тәуелсіз елдің патриотымын

Унгарова Ширин
7 сынып,№ 20 орта мектеп
Петропавл қаласы
Жетекшісі: Әбішева Ж. А.

Тұлпар шапса тұяғы талатын,сұңқар ұшса қанаты талатын кең байтақ
Қазақстан деген отаным бар.Мен қазақпын-мен үшін осы сөздің өзі де үлкен бір қуаныш,үлкен бір бақыт.Мен өз Отанымды өте жақсы көремін.Ауыздықпен алысып,етегімен су кешкен ауыр күндерді ата-бабаларымыз бастарынан өткізді.Елімізді қасық қандары қалғанша ,сырт жаулардан азат етіп,келер ұрпаққа аманат етті. Еліміз талай қиындықты ,талай тарихи оқиғаларды басынан кешті.Болмыстың осы кейпін көріп, ұлы Абай «Қайран елім,қазағым,қайран жұртым» деп,күйзелсе,Жұбан ақын «Мен қазақпын,мың өліп,мың тірілген» деп күңіренеді.Ұлан-байтақ елімізге көз салушылар көп болды.Қаннан қаперсіз жатқан елімізге жоңғар қалмақтары тұтқиылдан шабыл жасап,қалың жұртты қан жылатты.ХVғасырдың басында дүрілдеткен ел шұбыра қашып, «ақтабан шұбырынды» болды.Жұрт Алқакөлге аялдап,қасиетті Қаратауға бас сауғалады.ХVІІ- ХІХ ғасырларда халқымыз еркіндік пен тәуелсіздігінен айырылды.Ұланғайыр даламыз империя меншігіне айналды.Төзімді серік етіп, «үнсіздерге күн болған» лениндік саясат салмағын,сталиндік ақтандық азабын,брежневтік тоқырау заманын ,горбачевтің қайта құруын бастан кешкен халқымыз ауыртпашылықтың бәрінен арымай өтіп,аңсары күнге де жетті.Бодандықтың бұғауын бұзған егемендік сағаты сыртылдай соғып,Тәуелсіздіктің нұрлы таңы келіп жетті.
Қазақстан 1991 жылдың 16 желтоқсанында «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Заңын қабылдау арқылы рәсімдеді. Сол нұрлы таңмен арайланып,байтақ еліміздің алтынмен апталған Ата Заңы өмірге келді.Туған еліміздің мемлекеттік тәуелсіздігінің қасиетті нышандары аспан түстес зеңгір көк Туымыз,айшықты Елтаңбамыз бен асқақ Әнұранымыз бар.Ана тіл-қазақ тілі мемлекеттік тіл болып жарияланды.Қазақстанның астанасы-Астана қаласы.Астана дегенде, жанымызға бір нұрлы сезім,ұялайды.Себебі,Астана –жастықтың ,үкілі үміттің ,албырт сезімнің ,асқақ арманның жайлауы.Астана бүкіл исі қазақ жұртының мейірін қандырып,мәртебесін асқақтататын қалаға айналуда.Астанаға барып, оның көшелерімен алшаң басып жүргенде,оң өзгерістердің нақышты сипаттарына қарап тұрып сүйсінесіз. Жаратқан Елордамыздың бағын ашып,қас-қабағынан шуақ шашып,елдігімізді,ерлігімізді әлемге паш етіп отыратын өркениет орталығына айналдырады деп ойлаймын.
Меніңше, ешбір елде,ешбір мемлекетте дәл осылай тез өркендеген қала бұрын соңды болған емес сияқты.Еуропаның сәні мен Шығыстың нәзік нақышы қатар өріліп, Астана ұлтымыздың мақтанышына айналмақ.
Мен бұл мемлекеттің жай ғана тұрғыны емеспін, алып елдің кішкентай бөлшегімін. Менің өз еліме туған жеріме деген сүйіспеншілігім күн сайын артуда . Мен есейген сайын Қазақстан күннен-күнге құлпырып,гүлдене түсуде дамуда.Ал қазіргі бұл игі істер Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың арқасында екендігін түсінемін. «Елімнің ұлы болсаң, намысың болса,еліңе жаның ашыса,Азаматтық ұлттық жалғыз мемлекетіңнің нығайып-көркеюі жолында жан теріңді сығып жүріп еңбек ет.Жердің де,елдің де иесі өзің екеніңді ұмытпа!» деген сөзін өмірлік ұран санаймын .Қазақстанның болашағы – жастар.Олардың денсаулықтары мықты,рухани бай,білімді,тәрбиелі болып өсуімізге елімізде толыққанды жағдай жасалған.Қазір ынтымағы жарсақан көптеген ұлттың өкілдері тұрады.Олар:орыс,татар,өзбек,неміс,түрік т.б көп ұлттар тұрып,тату-тәтті өмір сүруде .Солардың бақытты өмір сүруіне барлық жағдайлар жасалған. Олар өздерінің тілдерінде еркін сөйлеп,мәдениетін,салт-дәстүрін дамытуға мүмкіндік бар.Халықтар достығының арқасында бейбіт күн кешудеміз.Әрқашан аспанымызды бұлт шалмасын,көңілімізді кіршік шалмасын деп тілер едім. «Біз алыс сапарға бел буып,кемемізді тәуекел дариясына түсірген елміз,үмітті емес,ерлік пен елдік мұратын кемеміздің тұғырына ту етіп байлаған елміз» -деп Елбасымыз айтқандай елімізде әрқашан тыныштық болып, көк туымыз биіктен көріне берсін.Біз еліміздің ертеңіміз,ұлтқа жанашыр мемлекеттің тұтқасын ұстар азаматымыз.Біз қазақ елінің болашағымыз.


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру