Сені әлі де сүйемін

Сен үшін - ді жан досымның кеңесімен оқи бастадым) Басында хикаялары онша ұнамады бірақ оқи берген соң ұнай бастады да сосын өзімнің хикаямды қосқым келді. Қазір басымнан қиын кездер өтуде.. Дәл осы күндері шынын айтсам менің сүйген жанымның орны ерекше білініп жатыр.. Оның қолдауынсыз қиналып жүрмін.. Арамызда қанша реніштер мен ұрыстар болса да оны ешқашанда бір сәтке де жадымнан шығармадым.. Ол туралы нақтырақ айта кетер болсам:
Бәрі 2012 жылдың жаз айында басталды... Оны ағамның тойында көрдім сол кезде ол менің есімде қалды.. Немен екенін де білмеймін бірақ оны көп ойладым.. Кейін екеуміз сөйлесіп жүрдік, кездестік. Алғашқы махаббатымнан кейінгі шын жүрегіммен сүйген адамым осы жан еді. Мен жаныма(екеуміз бір бірімізге әрқашан да "жан" деп сөйлейтінбіз)шексіз сендім. Алғаш кездескен күннен бастап менің жүрегім тек оған тәуелді екенін сездім)) Әлі күнге дейін солай.. Көп сөйлесіп, бір бірімізді жақсы тани бастадық. Сосын екеуміз жүре бастадық. барлығы да керемет болған. Туылған күніме ең қымбат сыйлық жасады)) мен оны қайтарып бердім.. қайтарғым келмесе де мәжбүр болдым.. Мұны ешқашан ұмытпаймын.. Әр туылған күнім жанымды еске алумен мұңды боп өтетіні анық.. Біз түк ұрыспайтынбыз. Біз тура 5 ай жүріппіз. Осы қысқа мерзімде ол менің өмірімнің мәні болды.Ол мені ешқашан алдамайды, мені ешқашан жалғыз қалдырып ренжітеді деген ойлар келмейтін тұғын.Бірақ ол мені ренжітті... Оның кез келген қателігін кешірер едім.. Тек бұны емес.. Жаңа жыл кешіндегі сөздері әлі күнге дейін журегімнің төрінде..Үндемей тұрс а да жүрегімнің төрінде қалатын сөзерді есіттім.. Бірақ сүйген адам соқыр дегенге енді сеніп отырмын.. Одан қандай ағаттық кетсе де жүрегім әрқашан оны ақтап ала берді.. Оны көп ойлаймын. Түсіме әр түні кіреді.
Санасам сөйлеспегенімізге 3 ай болыпты.. Оның даусын сағындым. Оған деген сағынышым бүкіл әлемді алардай. Ең өкініштісі оның орындай алмайтын уәделері. Оның уәделерін мен өзіме арман еткенмін, ол менің армандарымды өзімен қоса алып кетті. Есімде жоқ соңғы рет қашан күлгенім. Онсыз өткен күндерім тек қана мұңға, азапқа толы. Онсыз өмірімді жалғастыруға барынша тырысып жатырмын. Я ол мені ұмытсын бірақ ол менің жадымда болады.. Өйткені қателіктердің кейбіреуі менен де кетті.. Кеше түнде оған өзім хабарластым бірақ ол көтермеді... Сол кезде гі сезімді сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес......
Махаббат хикаялары
Толық

Мен оны шын сүйемін бе?

Мен сүйіктіммен апайымнын туған күнінде таныстым. Аты - Қуат. Бір көргеннен бір-бірімізді ұнаттық. Ол кезде мен бұрынғы жігітіммен айырылысқанмын. Бірақ, ол хабарласып, кешірім сұрап жүрді. Ал, оның жүріп жүрген қызы болды. Сол кеште бір-бірімізді ұнатқанымызды білдірте бастадық. Мен оны жиі ойлайтынмын. Бұрынғы жігітімді мүлдем ұмыттым. 2-3 күннен кейін Қуат звондап, СМС жаза бастады. Үй телефонына да хабарласып жүрді. 1 аптадан кейін жүрейік деп сөз айтты. Мен ойланбастан, бірден келістім. Басында барлығы жақсы болатын. Екеуміз мүлдем бі р-бірімізді ренжітпейтінбіз, бірімізді-біріміз бірден түсінетінбіз.Достарымыздың бәрі бізге қызыға қарайтын. Ол екеуміз жүре бестағанда ол бұрынғы қызымен де сөйлесіп, жүріп жүрді. Екеуі 3 жарым жылдай жүрген. Бір-бірін ұмыта алмай, қыз да Қуатқа қайта-қайта звондап жүрді. Ол өзі Астанада оқиды.Жазда Семейге келді. (Біз Семейде тұрамыз). Мені бірнеше рет Қуаттан бас тарт, әйтпесе жаман болады деп қорқытты. Бірақ, мен оны тыңдамадым.

Маған ол не істесе де бәрібір болатын. Себебі, мен Қуатты шын сүйдім. Ол да маған бірнеше рет ата-анаңмен танысқым келеді деп айтып жүрді. Мен барлығына шыдайтынмын. Қуат не айтса да істейтінмін. Ол көп қиналды. Бұрынғы қызы бірнеше рет оның көзіне шөп чсалды. Соның барлығын Қуат маған айтатын. Мен не болса да дос ретінде Қуаттың қасынан табылатынмын. Ақырғы кезде менің сезімдерім өзгерді. Мен оны бұрынғыдай жақсы көрмеймін. Ал, ол болса мені одан да бетер жақсы көреді. Бұрынғы қызымен қазір сөйлеспейді. Екеуі қас жау сияқты. Екеуміз ақырғы кезде бір-бірімізді түсінбейміз. Көп ұрсысамыз. .....
Махаббат хикаялары
Толық

Сүйген жан!

Мен өмірімнің 7 жылын тек бір адамға ғана арнадым.Суйіспеншілігіміз студенттік өмірден басталды, басында адамгершілігі үшін ұнататынмын.Достық пейілі мен адамдық қасиетіне ғашық болдым десем болар.Уақыт өте келе сезімін білдіргесін достығымыз үлкен махаббатқа ұласты. Қасымдағы жаннын өзімді қаншалықты сүйетініне көзім жетті. Қолынан келгенше қолдап, мені биік шыңдардан көруге бар көмегін аямады. Бақытты сәттердің,пәк сезімнің айнасына сызат түсті. Алғашқыда артық мінезін көрмеп едім кейіннен қызғаныш деген қызыл иттің арбауына түстіме, бәлкім ойына не бір жаман нәрселер келдіме қатты қызғанатынды шығарды. Алғашқыда мән бермедім, тіпті ұнайтында мені солай қызғанғаны.

Кейіннен бұл дерттің тереңге кетіп бара жатқанын түсіндім. Тағы бір оқу оқыдым. Ондағы топтастарымнан қызғанып, кей кездері құрбыларыммен бір отырыс былай тұрсын кездесуден қалдым. Қыдыру жайына қалды аяғыма мүлдем тұсау түсті. Аяғымды аттап бастым бітті біз үшін сол күн не қатты айқай шумен бітеді, не менім жүрегімді жаралайтын ауыр сөздермен болмаса істермен бітетін......
Махаббат хикаялары
Толық

Менің сүйікті кітабым!

Заман ағымы алға жылжыған сайын бәсекелестік пен сапа арта түседі. Таңдау көп болғандықтан бірі қымбат дүниелерге үйір болса,бірі арзанға үйір. Арзанның сорпасы татымас. Десек те халық арасында тараған бұл сөз кітапқа ешқандай қатысты емес. Әлемдегі адамдар сияқты кітап та тым көп. Жаның нені қаласа соны оқы. Арзан не қымбат,әдебиет немесе бизнес,бестселлер болады ма маңызды емес. Кітап оқудағы басты мақсат-рухани баю. Қай жағынан ақсап тұрсың?Сол жөнінде кітап оқы. Кітап оқуым керек екен деп тақырыбы ұнағанның барлығын көз майыңды құртып оқи берме. Нағыз саған арналған кітапты табу қиын,оны қанша жасыңда табарың да белгісіз.

Мен оқығаным үшін мүлде өкінбеген кітап-(Көшпенділер)Жас патриот болуға талпынған 13 жасар қыз Ілияс Есенберлиннің 800 беттік романын оқуға кірісті. Әр бетін терең ұғына оқыған соң ,мен тарихтың қаншалықты құнды екендігін ұқтым. Әр ханның қажырлы қайраты,халықтың еңбекқорлығы мені тәнті етті. Қаншама қысымды оқи отыра жәй ғана отыра алмадым. Тарих пәнін бар ынта шынтаммен оқи бастадым. Көркем шығарма оқысам да тарихи кітапты таңдадым. Барша жылдарды,соғыс,жорық,бекіністі жатқа білмесем де тарихшы деп атап кетті. Өйткені мен расымен де тарихты түсінуші едім. Бір оқпен екі қоян атқандай болдым. Тіл байлық,ой өрісімді ересекше жетілдірдім және тарихтан хабардар болдым. Фантастикалық бағыттағы кітаптарды оқи бермей,тарихқа басым күш салу арқылы өзімнің патриоттық сезімдерімді оята алдым. Тарихтан жетістікке жетсем Ілияс атамды еске аламын. Алғысымды білдіремін. 16 бірдей тарихи кітап жазу мен деген жазушының қолынан келе бермейтін іс. Бұрмаланған қазақ тарихын зерттеп,көзі тірісінде оқырман ризалығына бөлене қоймаса да,қазір қазақ халқы атаммен мақтанады......
Эсселер
Толық

Менің сүйікті ұстазым

Кіріспе:
Ұстаз-ұлы есім. Атауының өзі ерекше. Әр үйдің баласын өз баласындай көретін асыл тұлға жайлы қазақ батыры Бауыржан Момышұлының өзі бас иіп:

«Ұстаздық – ұлы құрмет. Себебі, ұрпақтарды ұстаз тәрбиелейді. Болашақтың басшысын да, данасын да, ғалымын да, еңбекқор егіншісін де, кеншісін де ұстаз өсіреді... Өмірге ұрпақ берген аналарды қандай ардақтасақ, сол ұрпақты тәрбиелейтін ұстаздарды да ардақтауға міндеттіміз» деген-ді.
Шыныменде, бізге ата-анадан кейінгі тәрбие беруші ұстаз.Ұстаздардың қадірлі екені «Ұстазыңды атаңнан да әзіз тұт» деген ата-бабаларымыздың мақалының өзінен айқын көруге болады.

Менің де мектеп табалдырығын аттаған сәттен сүйікті ұстазым пайда болған-ды. Оның әр балаға тараған жылы сезімі мені де баурап алған ғой.
Менің бойымдағы ерекше дарынды байқап, мені шыңдаған алғашқы бастауыш мұғалімім Ергенқызы Гүлбану.Ол кісінің арқасында қазір мен дарындылар ортасы "Дарын" мектеп-лицейінің оқушысы атандым.

Негізгі бөлім:

Әр бала Күзгі серпінмен Қыркүйектің алғашқы жұлдызынан бастап мектеп әлеміне аттанады. Осы уақыттан бастап олардың алғашқы және сүйікті ұстаздары пайда болады. Ұстаздар балалардың жүрегін жылы лебіздерімен бірден нұр секілді жаулап алып, бір баланың сүйікті ұстаздарына айналады... Әлі оң солын тани алмайтын жас сәбилер сондағы ұстаз дегеннің кім екенін біліп, менің жақсы көретін ұстазым осы деп көрсеткенде, ұстаздардың жылы күлкісінің өзі жас сәбидің жүрегіне жылу болғанын қарашы деп ойлайсың. .....
Шығармалар
Толық

Менің сүйікті жазушым

Бердібек Соқпақбаев-белгілі балалар əдебиетінің көрнекті жазушысы.Оның шығармалары бүкіл елге əйгілі,көп тілдерге аударылған.Ол біздің жақсы көретін "Балдырған" журналында қызмет атқарған.Оның балалар өміріне арналған қызықты шығармаларын оқи отырып, əр кезде өзімнің таңданысымды жасыра алмаймын. Жазушының балалық шағы өте қиын жағдайда өткен. Ата-анасынан ерте айырылып, кісілердің қолында жүрген. Сондықтан болар,ол шығармаларында өзі сезіне алмаған балалықтың бал дəмін өте шебер бейнелейді.

Ол Отан соғысы жылдарында Ф30 мектебінде оқыған, Кеңес армиясы қатарында еңбек еткен,содан кейін ауылда мұғалім болған, Қазақ педагогика институтының филология факультетін бітірген.Жазушының "Балалық шаққа саяхат" деген повесі - өмірбаяндық туынды.Ол балалық шақта басынан кешкендерін Бектас бейнесі арқылы елестетеді.

Шығарманың кейіпкерлері жетімдік пен жоқшылық қасіретін көп көрсе де, онысына мойымайтын, қажырлы да өжет. .....
Эсселер
Толық

Туған жерін сүйе алмаған, сүйе алар ма туған елін

Туған ел.... Туған жер... Осы екі сөзде ғана қаншама ой,мағына жатыр десеңізші? Туған жердің қадірін әркім әрқалай түсінетін шығар. Туған жерге деген сүйіспеншілік өз үйіңді,өз шаңырағыңды қадірлеуден басталады. Отбасыңда бойыңа дарыған жақсы қасиеттер өсе келе туған жерге деген сүйіспеншілікке айналады. Ақындар жырға қосып жырлағандай,туған жер маған күш-қуат беріп,өз өлкемнің жанашыры болуына шақырады.

Мен өз балалық шағымды өткізген аяулы мекенім туған жерімді ыстық сезіммен,шын жүрегіммен сүйемін. Мен үшін туған жер дүниедегі ең ұлы деген нәрселермен пара-пар.Себебі-мені жылытып әлпештеп өсірген анам,аялап өсірген әкем,аға-әпкелерім,туған-туыстарым,достарым,маған білім беріп,білім жолына жетелеген ұстаздарым,дүниеге келген жерім. Менің отаным-аса үлкен болмаса да,мен үшін аса қымбат,әрі киелі жер-Орал қаласы.

Осы мекенде мен өзімнің бейкүнә,көңілді де шаттыққа толы,уайымсыз балалық шағымды өткіздім. Туған өлкем-Оралымның ауасы,алғаш балабақшаға келген күндерім,мектеп табалдырығын алғаш қадам басқан сәттерім,сыныптастарым мен достарыммен өткізген әр уақытым,таныстығым.. Бәрі де әлі есімде. Туған жердің ауасы да,суы,жайлаған жасыл желегі,күні мен түні,даласы ыстық болып келеді. Туған жерімізден жыраққа,алысқа кетсең туған жерімізді,үйімізді сағынып отырамыз......
Эсселер
Толық

Менің сүйікті ертегі кейіпкерім

Ғалам жайлы ғажап сырлар шертеді-
Ертегіні тәуір көрем мен тегі...
Жүрсін Ерман

Адамның қиялдан, ойдан шығарған барлық көне дүниелері мифтер, аңыздар және ертегілер болып үшке бөлінеді. «Ертегі» деген ат ертеде, ерте күндегі деген сөздерден туған. Ертегілердің тілі көркем, қарапайым, түсінікті, жеңіл келеді. Ертегі –жақсылық пен жамандықты жеңіп,соңы жақсылықпен аяқталатын ойдан шығарылған хикая.Ертегілер - тұнып тұрған қиял-ғажайыптар, жануарлар адамша сөйлеседі, батырлар жау әскерімен ғана емес, айдаһарлармен, жын-перілермен және басқа да халық қиялынан туындаған жалмауыз - құбыжықтармен шайқасады. Ертегілер бізді жалқау болмауға, үлкенді сыйлауға, жақсы мен жаманды ажырата білуге үйретеді.

Қазақ ертегілері сан алуан, оларды хайуанаттар туралы ертегілер, қиял – ғажайып ертегілер, тұрмыс - салтқа байланысты ертегілер, батырлық ертегілер, күлдіргі ертегілер деп бірнеше топқа бөлуге болады.......
Эсселер
Толық

Халқын сүйген Абай

Жүрегіңнің түбіне терең бойла,
Мен бір жұмбақ адаммын, оны да ойла.
Соқтықпалы, соқпақсыз жерде өстім,
Мыңмен жалғыз алыстым кінә қойма!


Шынында да Абай ақын қазақ үшін жаратылған ерекше тұлға. Ол өз заманының талай надан, бәлеқор, пайдақор адамдарымен жалғыз өзі күресті, қарсы тұра білді.Оларға өмірдің қайнар көзі – білімде, өнерде екенін ұқтырды және де болашақ ұрпақтары біздерге өшпес мәңгі мол мұралар: өлеңдері, қара сөздері, поэмалары,түрлі тақырыптағы шығармаларын қалдырып кетті. Абай- мәңгі ғасырлық тарихи тұлға. Ұлы Абай өз қоғамындағы адамдармен күресіп жүріп, ішкі ой-толғаныстарын қағаз бетіне түсіріп жүрді. Ұлы Абайдың шығармашылық мұрасы халқымыздың ғасырлар бойы маңызын жоймайтын рухани қазынасы болып қалды. Бұл күнде Абай сөзі әр қазақтың ағзасына ана сүтімен бірге дарып, әр балаға рухани азық сыйлап келеді.......
Эсселер
Толық

Туған жерін сүйе алмаған, сүйе алар ма туған елін

Туған жерін сүйе алмауы дегеніміз, меніңше адам баласы дүниеге шыр етіп түскен жерінен бастап, өсіп- өнген, жүрген ортасын ұмытып, туған елін, өзі жетіліп толғандай болған адами қасиеттен жұрдай адамдарды айтуымызға болады. Нақтырақ айтсақ, өз елін ұмытып қана қоймай, тілін, дінін, салт- дәстүрімен әдет- ғұрпын, халықтық дәстүрге сай ырым- жоралғыларын білмейді.Сондай адамдардан өз Отанына жаны ашымай, ұлтараздықты қоздырып , іріткі салатын ойларды айту –адамдық іс емес екенін айта аламыз. «Елінен безіп, елсізде өлгеннің, екі көзін қарға шұқиды» - демекші, белгісіз бір себептермен адасып, елін сатқан адамдар өзге елдерде де өмір сүре алмай ,өз қателіктерінен опық жеп жатқандар қаншама? Екі көзін қарға шұқуы , қарғаның қара ниеті құс екені, опасыз адамдарды бірден білетіні байқалады. Сонымен адамгершілік қасиеттен ада, яки өзінің ұлтын айтуға ұялатын, тіпті өзі туған ата- анасынан жеріп, тани алмауы, адамды есалаң, мәңгүрт етеді.

Әрбір адам баласы, туған жерін, туған ауылдың ауасын, туған өлке табиғатын, туған тілін сағынбайтын адам кемде- кем шығар. Мен туған жер, ақ төбенің баурайында орналасқан Ақтөбе қаласында тудым. Ақтөбе қаласы өзге өңірлерден өзгешелігі Елек өзенінің үстінде орналасқан. Қысы ақ түтек боран болса, күзі ақ жауынды нөсерелете жауатын, көктемі күн ылғалды, жазы қоңыр салқын болатын қала, мен үшін ең ыстық, ең қымбат атамекен болып келеді.Осы қалада мектеп қабырғасында болып, кейін өзім қалаған тілдің шебері болуы арманыммен оқу бітіріп, қазіргі балаларға жылылық мейірім төгетін ұстаздық қызметімді жалғастырудамын. Ең алдымен Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К.Тоқаев жолдаған «Сындарлы қоғамдық диалог- Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты тақырыптағы Жолдауында көрсетілген «Қазақ тілінің мемлекеттік тіл ретінде рөлі күшейіп, ұлтаралық қатынас тіліне айналатын кезеңі келді» айтқандай, қазақ тілінің мәртебесін арттыруына кішкене болса да ықпал етіп, іскерлік кездесу тілі ретінде қолданылуына болашақ өскелең ұрпақты үйретуге атсалысудамын......
Шығармалар
Толық