Мен оны шын сүйемін бе?

 Мен оны шын сүйемін бе?

Мен сүйіктіммен апайымнын туған күнінде таныстым. Аты - Қуат. Бір көргеннен бір-бірімізді ұнаттық. Ол кезде мен бұрынғы жігітіммен айырылысқанмын. Бірақ, ол хабарласып, кешірім сұрап жүрді. Ал, оның жүріп жүрген қызы болды. Сол кеште бір-бірімізді ұнатқанымызды білдірте бастадық. Мен оны жиі ойлайтынмын. Бұрынғы жігітімді мүлдем ұмыттым. 2-3 күннен кейін Қуат звондап, СМС жаза бастады. Үй телефонына да хабарласып жүрді. 1 аптадан кейін жүрейік деп сөз айтты. Мен ойланбастан, бірден келістім. Басында барлығы жақсы болатын. Екеуміз мүлдем бі р-бірімізді ренжітпейтінбіз, бірімізді-біріміз бірден түсінетінбіз.Достарымыздың бәрі бізге қызыға қарайтын. Ол екеуміз жүре бестағанда ол бұрынғы қызымен де сөйлесіп, жүріп жүрді. Екеуі 3 жарым жылдай жүрген. Бір-бірін ұмыта алмай, қыз да Қуатқа қайта-қайта звондап жүрді. Ол өзі Астанада оқиды.Жазда Семейге келді. (Біз Семейде тұрамыз). Мені бірнеше рет Қуаттан бас тарт, әйтпесе жаман болады деп қорқытты. Бірақ, мен оны тыңдамадым.

Маған ол не істесе де бәрібір болатын. Себебі, мен Қуатты шын сүйдім. Ол да маған бірнеше рет ата-анаңмен танысқым келеді деп айтып жүрді. Мен барлығына шыдайтынмын. Қуат не айтса да істейтінмін. Ол көп қиналды. Бұрынғы қызы бірнеше рет оның көзіне шөп чсалды. Соның барлығын Қуат маған айтатын. Мен не болса да дос ретінде Қуаттың қасынан табылатынмын. Ақырғы кезде менің сезімдерім өзгерді. Мен оны бұрынғыдай жақсы көрмеймін. Ал, ол болса мені одан да бетер жақсы көреді. Бұрынғы қызымен қазір сөйлеспейді. Екеуі қас жау сияқты. Екеуміз ақырғы кезде бір-бірімізді түсінбейміз. Көп ұрсысамыз. Мен де жынданып айқайлап жіберем, ол да өзін-өзі солай ұс тай бастады. Мен оны көп іздемеймін, звондаса телефонды өшіре саламын, дұрыс сөйлеспеймін, біраз ренжіссек болды маган звондама, шаршадым дегенге көштім. Өзім де неге екенін білмедім. Мүмкін болған оқиғалардан шынымен де шаршадым ба екен? Ол мені өзін бұрынғыдай жақсы көрмейтініміді біліп, ренжіді.

Қазір сені қатты жақсы көрем, сенің көзіңді жеткізу үшін маған күйеуге шықшы, сенен бала болғанын қалаймын дейді. Мен үндемедім. Бірақ, мен оны сүйемін. Онсыз бір күнімді де өткізгім келмейді. Осы жылы мектепті бітірдім. Басқа қалаға кетемін деп едім, оны сүйгендіктен осында қалдым, оның жанында. Ол егер сен мені бұрынғыдай жақсы көрмесең жүрмей-ақ қояйық, мен енді барлығы жақсы бола бастады ма десем қателесіппін деді. Бірақ, мен оны жбермедім. Маған тағы да бір мүмкіндік беруін сұрадым. Бір жағынан мен оған бауыр басып қалдым ба деп ойлаймын. Не істерімді білмеймін. онымен бірге болғым келеді. Шынымды айтсам, бүкіл өмірімді онымен өткізгім келеді. Оны қатты сүйетініме оның көзін қалай жеткіземін? Мен оны шынымен де сүйемін бе? Бұл не өзі?

Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру