Менің сүйікті ертегі кейіпкерім
Шымкент қаласы №3 жоббм
6 «д» сынып оқушысы Султанходжаева Шакира

Ғалам жайлы ғажап сырлар шертеді-
Ертегіні тәуір көрем мен тегі...
Жүрсін Ерман
Адамның қиялдан, ойдан шығарған барлық көне дүниелері мифтер, аңыздар және ертегілер болып үшке бөлінеді. «Ертегі» деген ат ертеде, ерте күндегі деген сөздерден туған. Ертегілердің тілі көркем, қарапайым, түсінікті, жеңіл келеді. Ертегі –жақсылық пен жамандықты жеңіп,соңы жақсылықпен аяқталатын ойдан шығарылған хикая.Ертегілер - тұнып тұрған қиял-ғажайыптар, жануарлар адамша сөйлеседі, батырлар жау әскерімен ғана емес, айдаһарлармен, жын-перілермен және басқа да халық қиялынан туындаған жалмауыз - құбыжықтармен шайқасады. Ертегілер бізді жалқау болмауға, үлкенді сыйлауға, жақсы мен жаманды ажырата білуге үйретеді.
Қазақ ертегілері сан алуан, оларды хайуанаттар туралы ертегілер, қиял – ғажайып ертегілер, тұрмыс - салтқа байланысты ертегілер, батырлық ертегілер, күлдіргі ертегілер деп бірнеше топқа бөлуге болады.
Мен алғаш әріптерді танығаннан бастап, қолыма ұстаған кітабым «Ертегілер елінде» еді. Таңғажайып сиқырға толы ертегілерді сүйсініп оқи бастадым. Ертегілер менің қиялыма қанат бітіріп, арманымды асқақтатты, қайратты істерге құлшындырды. Шешен сөйлеуге, ойды әдемі баяндауға үйретті.Ертегілер мені небір құпия сырлар әлеміне жетеледі,көзімді ашып, кереметтерді танытты. Ертегі мен үшін адал досым, әрі сырласым.Қолым қалт етсе, ертегілер оқып, сол кейіпкерлермен сырласып, жеке бір әлемде жүргендей сезінемін.Мен үшін барлық ертегілер қызықты, ондағы әрбір кейіпкер ұнамды.Бірақ солардың ішінде өзім ерекше сүйетін бір кейіпкерім бар.
Менің сүйікті кейіпкерім – Күлше қыз. «Не үшін ұнайды» деп ойлайтын шығарсыздар? Күлше қыз - өте жас, еңбекқор, үлкенді сыйлайтын, тәрбиелі қыз. Өгей анасы мен оның екі қызынан теперіш көріп,өз үйінде өзі күң болған мейірімді де сұлу қыз. Ол өзінің ұстамдылығымен, ақыл-парасаттылығымен, еңбекқорлығымен, мейірімділігімен ұнамды. Қандай болмасын, өгей анасынан қанша зәбір көрсе де, өзіне тән ерекшелігімен, кең жүрегімен ақыл тауып, өмірден баз кешіп түңілмей, керісінше, үйдегі бар тірлікті өз мойнына алып, әкесіне тіреніш болады.Міне, үй шаруасындағы нағыз пысық қыз.Менің жасымдағы әрбір қыз бала оған ұқсағысы келеді. Мен қазір 6-сыныпта оқимын.Өзімді үлкенмін деп санаймын. Мен де Күлше қыз сияқты мейірімді, сұлу, ақылды қыз болғым келеді.Ол сияқты бақытты болғым келеді. Ең бастысы, Күлше қыз сияқты ақ, адал болмысты, еңбекқор болғым келеді. Менің сүйікті кейіпкерім маған тек жақсы жағынан үлгі болды.Ендеше ертегі - ата-бабадан мұра болып қалған құнды шығарма.Оның қай- қайсысын алсақ та тәрбиелік мәні көп. Ертегі кейіпкерлері менің айнымас достарым, таусылмас ақылшыларым болып қала бермек.

Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Ілмектер: эссе сочинение про Менин суйикти ертеги кейипкерим на казахском языке скачать бесплатно, шығарма Менің сүйікті ертегі кейіпкерім туралы эссе шыгарма казакша сочинение на казахском, эссе шығармалар шыгармалар жинағы жоспарымен, Менің сүйікті ертегі кейіпкерім